«2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы»
Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 1228 Қаулысы
(2006.20.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2006 ж. 28 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 2006.15.03. № 166 (бұр.ред.қара); 2006.17.04. № 295 (бұр.ред.қара); 2006.24.05. № 446 (бұр. ред. қара); 2006.20.06. № 559 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді
1. 2006 жылға арналған республикалық бюджет 1-қосымшаға сәйкес мынадай көлемде атқарылуға қабылдансын:
1) кірістер - 1545186253 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 1379831174 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 37692594 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 8185895 мың теңге;
ресми трансферттердің түсімдері - 119476590 мың теңге;
2) шығындар - 1565732144 мың теңге;
3) операциялық сальдо - - 20545891 мың теңге;
4) таза бюджеттік кредит беру - 16578146 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 38193533 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 21615387 мың теңге;
5) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 76640187 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 91200554 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 14560367 мың теңге;
6) тапшылық - 113764224 мың теңге немесе елдің жалпы ішкі өніміне 1,4 пайыз;
7) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 113764224 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімдері - 215265062 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 101500838 мың теңге.
2. 2-қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталған 2006 жылға арналған республикалық бюджеттік даму бағдарламаларының тізбесі бекітілсін.
3. Қоса беріліп отырған:
1) 3-қосымшаға сәйкес көші-қон полициясының штат санын ұлғайтуға облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің;
2) 4-қосымшаға сәйкес 2006 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған субсидияларға:
тұқым шаруашылығын дамытуды қолдауға;
асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға;
өндірілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығы мен сапасын арттыруды қолдауға;
көктемгі егіс және жиын-терін жұмыстарын жүргізу үшін қажетті тауар-материалдық құндылықтарды субсидиялауға;
ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге су жеткізу жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялауға;
мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялауға көзделген ағымдағы нысаналы трансферттердің;
3) 5-қосымшаға сәйкес ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзі болып табылатын сумен жабдықтаудың аса маңызды топтық жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялауға облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің;
4) 6-қосымшаға сәйкес әлеуметтік маңызы бар ауданаралық (қалааралық) және ішкі қатынастарда темір жол жолаушылар тасымалдарын субсидиялауға облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің;
5) 7-қосымшаға сәйкес шағын қалаларды, оның ішінде экономикасы күйзеліске ұшыраған қалаларды дамытуға облыстық бюджеттерге дамуға берілетін нысаналы трансферттердің;
6) 8-қосымшаға сәйкес мұқтаж мүгедектерді арнайы гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге және мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес ымдау тілі мамандарының, жеке көмекшілердің қызметтер көрсетуіне облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің;
7) 9-қосымшаға сәйкес мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үй құрылысына облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне дамуға берілетін нысаналы трансферттердің;
8) 10-қосымшаға сәйкес қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттері болып табылатын, әлеуметтік жағынан қорғалатын азаматтардың телефон үшін абоненттік төлем тарифінің көтерілуін өтеуге облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің;
9) 11-қосымшаға сәйкес 2006 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға:
жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелердің бірүлгі штаттарын ұстауды қамтамасыз етуге;
жаңадан іске қосылатын білім беру объектілерін ұстауға;
балалардың тамақтануын, тұруын және тестілеу пункттеріне жеткізілуін ұйымдастыруға;
жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелерді Интернетке қосуға және олардың трафигін төлеуге;
жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелердің кітапхана қорларын жаңарту үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер сатып алуға және жеткізуге;
жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелерде лингафондық және мультимедиялық кабинеттер жасауға;
бастауыш кәсіптік білім беретін мемлекеттік мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға;
облыстық (қалалық) педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институттарында педагог қызметкерлерді қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға;
облыстық (қалалық) педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институттарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға;
арнаулы (түзету) білім беру ұйымдарын арнайы техникалық және орнын толтырушы құралдармен қамтамасыз етуге көзделген ағымдағы нысаналы трансферттердің;
10) 12-қосымшаға сәйкес жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік тапсырысы негізінде кәсіптік орта оқу орындарында оқитын студенттерге стипендия төлеуді қамтамасыз етуге облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің;
11) 13-қосымшаға сәйкес жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік тапсырысы негізінде кәсіптік орта оқу орындарында оқитындарға жол жүруге өтемақы төлеуге облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің;
12) 14-қосымшаға сәйкес мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату шеңберінде берілетін әкімшілік функцияларға облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомаларын бөлу бекітілсін.
4. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі 2006 жылғы 10 қаңтарға дейінгі мерзімде заңнамада белгіленген тәртіппен "Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006-2008 жылдарға арналған (екінші кезең) орта мерзімді жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 тамыздағы № 884 қаулысының 4 және 5-бөлімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешімнің жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.
5. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетімен (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Республикалық ұланымен (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасымен (келісім бойынша) бірлесіп, 2006 жылғы 1 ақпанға дейінгі мерзімде әскери қызметшілерге 1997-1998 жылдар үшін сыйлықақы төлемдерін төлеу тәртібін бекіту туралы шешімнің жобасын әзірлесін және заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.
6. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі 2006 жылғы 16 қаңтарға дейінгі мерзімде:
1) өндірісті және ауыл шаруашылығы өнімдері нарығын басқару жүйелерін дамытуды және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін кәсіпорындарға олардың айналым қаражатын толықтыруға екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялау;
2) осы қаулының 3-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану;
3) осы қаулының 3-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібі туралы шешімдердің жобаларын әзірлесін және заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.
7. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы, Білім және ғылым, Денсаулық сақтау министрліктері Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігімен келісім бойынша 2006 жылғы 1 ақпанға дейінгі мерзімде 2-қосымшаға сәйкес ауыз сумен жабдықтау, гидротехникалық құрылыстар, білім беру, денсаулық сақтау және мектепке дейінгі ұйымдар объектілерін салуға және қайта жаңартуға бағытталған инвестициялық жобалар бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттаманы бекітіп беру туралы шешімдерді бекітсін.
8. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2006 жылғы 16 қаңтарға дейінгі мерзімде:
1) Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен, төтенше және ең жоғары радиациялық қауіп аймақтарында тұрып жатқан және 1949-1990 жылдар аралығында тұрған жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін халыққа, зейнеткерлерге және мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар алушыларға біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу;
2) мұқтаж мүгедектерді арнайы гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге және мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес ымдау тілі мамандарының, жеке көмекшілердің қызметтер көрсетуіне 2006 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне көзделген ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібі туралы шешімдердің жобаларын әзірлесін және заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.
9. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі:
1) 2006 жылғы 1 ақпанға дейінгі мерзімде 008 "Мемлекеттік органдар үшін автомашиналар паркін жаңарту" бюджеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында мемлекеттік органдардың тізбесі мен сатып алынатын техника саны жөнінде заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізсін;
2) 2006 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімде "2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабына сәйкес ұйымдардың тізбесін және берешектер көлемін айқындау туралы шешімнің жобасын әзірлесін және заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін;
3) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, 2006 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімде "Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры" акционерлік қоғамына Қазақстан Республикасының Үкіметі қойған "2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 41-бабына сәйкес берешек көлемін айқындай отырып, 2006 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша таратылған қарыз алушы заңды тұлғаларға берілген орталықтандырылған (директивалық) кредиттер жөніндегі талаптардың тоқтатылатыны туралы шешімнің жобасын заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін;
4) ай сайын, есептіден кейінгі айдың 25-күніне дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне инвестициялық жобалар бөлінісінде 2-қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттік даму бағдарламаларының атқарылуы туралы ақпарат берсін.
10. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2006 жылғы 10 қаңтарға дейінгі мерзімде осы қаулының 3-тармағының 9) тармақшасында көрсетілген облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібі туралы шешімнің жобасын әзірлесін және заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.
11. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі 2006 жылғы 10 қаңтарға дейінгі мерзімде 2006 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне:
1) жаңадан іске қосылатын денсаулық сақтау объектілерін ұстауға;
2) дәрілік заттарды, вакциналарды және басқа иммунды биологиялық препараттарды сатып алуға;
3) жергілікті деңгейдегі қан орталықтарын материалдық-техникалық жарақтандыруға;
4) мемлекеттік тапсырыс шеңберінде кәсіптік орта білім беру ұйымдарында оқыту және қосымша қабылдау құнының ұлғаюы жөніндегі шығыстарды өтеуге;
5) медицина кадрларының, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы менеджерлердің біліктілігін арттыруға және оларды қайта даярлауға;
6) созылмалы ауруларды амбулаториялық емдеу кезінде диспансерлік есепте тұрған балалар мен жасөспірімдерді дәрілік заттармен қамтамасыз етуге;
7) амбулаториялық емдеу деңгейінде азаматтардың жекелеген санаттарын жеңілдікті жағдайларда дәрілік заттармен қамтамасыз етуге;
8) облыстық санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталықтарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға;
9) бастапқы медициналық-санитарлық көмектің медициналық ұйымдарын штаттық нормативтерге сәйкес медицина кадрларымен жасақтауға және жалпы практикалық дәрігерлік жүйені дамытуға;
10) құрылатын ақпараттық-талдамалық орталықтардың қызметін қамтамасыз етуге;
11) шолғыншы эпидемиологиялық қадағалау жүргізу үшін тест-жүйелерді сатып алуға;
12) амбулаториялық емдеу деңгейінде 5 жасқа дейінгі балаларды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге;
13) жүкті әйелдерді құрамында темір және йоды бар препараттармен қамтамасыз етуге;
14) азаматтардың жекелеген санаттарын медициналық профилактикалық тексеруді жүзеге асыруға;
15) онкологиялық ұйымдарды сәулелі терапияның қазіргі заманғы аппараттарымен және рентген-диагностикалық жабдықтармен жарақтандыруды қоса алғанда, жергілікті деңгейде медициналық денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді бөлу және пайдалану тәртібі туралы шешімдердің жобаларын әзірлесін және заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.
12. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі 2006 жылғы 1 ақпанға дейінгі мерзімде:
1) облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және абаттандыруға дамуға берілетін нысаналы трансферттерді бөлу және оларды пайдалану тәртібі туралы;
2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен бірлесіп, Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес тұрғын үй құрылысы үшін нөлдік сыйақы (мүдде) ставкасы бойынша тұрғын үй салуға облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне берілетін бюджеттік кредиттерді бөлу туралы шешімдердің жобаларын әзірлесін және заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.
13. Жергілікті атқарушы органдар 2006 жылғы 15 қаңтарға дейінгі мерзімде 2-қосымшада көзделген ауыз сумен жабдықтау, білім беру, денсаулық сақтау және мектепке дейінгі ұйымдар объектілерін салуға және қайта жаңартуға арналған конкурстық рәсімдерді заңнамада белгіленген тәртіппен жариялауды қамтамасыз етсін.
14. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым, Денсаулық сақтау министрліктері Алматы облысының және Алматы қаласының әкімдіктерімен келісім бойынша 2006 жылғы 1 ақпанға дейінгі мерзімде осы қаулыға 2006 жылға арналған республикалық бюджетте Алматы облысының облыстық бюджеті мен Алматы қаласының бюджетіне денсаулық сақтау және білім беру объектілерінің сейсмотұрақтылығын күшейту үшін көзделген дамуға берілетін нысаналы трансферттерді бөлу бөлігінде өзгерістер енгізу туралы шешімдердің жобаларын әзірлесін және заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.
15. Орталық атқарушы органдар Қазақстан Республикасының Үкіметіне 2006 жылғы 1 ақпанға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Үкіметінің бұрын қабылданған шешімдерін осы қаулыға сәйкес келтіру туралы ұсыныстар енгізсін.
16. Құпия.
17. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 1228 қаулысына
1-Қосымша
ҚР Үкіметінің 2006.15.03. № 166 (бұр.ред.қара); 2006.17.04. № 295 (бұр.ред.қара); 2006.24.05. № 446 (бұр. ред. қара); 2006.20.06. № 559 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 1-қосымша өзгертілді
2006 жылға арналған республикалық бюджет
___________________________________________________________________
Санаты Атауы Сомасы,
Сыныбы мың теңге
Ішкі сыныбы
Ерекшелігi
___________________________________________________________________
1 2 3
___________________________________________________________________
І. Кірістер 1545186253
1 Салықтық түсімдер 1379831174
01 Табыс салығы 647577618
1 Корпорациялық табыс салығы 647577618
01 Резидент заңды тұлғалардан алынатын
корпорациялық табыс салығы 459376300
02 Резидент емес заңды тұлғалардан алынатын 23324000
корпорациялық табыс салығы
03 Резидент заңды тұлғалардан алынатын, төлем 6586700
көзінен ұсталатын корпорациялық табыс салығы
04 Резидент емес заңды тұлғалардан алынатын, 35890400
төлем көзінен ұсталатын корпорациялық табыс
салығы
05 Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген 100931373
тізбе бойынша шикізат секторы ұйымдары - заңды
тұлғалардан алынатын корпорациялық табыс
салығы
06 Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген 4960810
тізбе бойынша шикізат секторы ұйымдарының
төлем көзінен ұсталатын, резидент заңды
тұлғалардан алынатын корпорациялық табыс
салығы
07 Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген 16508035
тізбе бойынша шикізат секторы ұйымдарының
төлем көзінен ұсталатын, резидент емес заңды
тұлғалардан алынатын корпорациялық табыс
салығы
05 Тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге 637450798
салынатын ішкі салықтар
1 Қосылған құн салығы 371099948
01 Қазақстан Республикасының аумағында 61844843
өндірілген тауарларға, орындалған
жұмыстарға және көрсетілген қызметтерге
салынатын қосылған құн салығы
02 Ресей Федерациясының аумағынан шығарылатын 181787701
және импортталатын тауарларға салынатын
қосылған құн салығынан басқа, Қазақстан
Республикасының аумағына импортталатын
тауарларға салынатын қосылған құн салығы
04 Резидент емес үшін қосылған құн салығы 21024805
05 Ресей Федерациясының аумағынан шығарылатын 106442599
және импортталатын тауарларға салынатын
қосылған құн салығы
2 Акциздер 11994383
29 Қазақстан Республикасының аумағына өндірілген
шикі мұнай, газ конденсаты 545340
41 Қазақстан Республикасының аумағына 50181
импортталатын спирттің барлық түрi
42 Қазақстан Республикасының аумағына 599118
импортталатын арақ
43 Қазақстан Республикасының аумағына 112389
импортталатын күшті ликер-арақ өнімдері және
басқа да күшті алкогольді сусындар
44 Қазақстан Республикасының аумағына импортта- 111459
латын шараптар
45 Қазақстан Республикасының аумағына импортта- 66463
латын коньяк
46 Қазақстан Республикасының аумағына импортта- 4832
латын шампан шараптары
47 Қазақстан Республикасының аумағына импортта- 2493224
латын сыра
48 Қазақстан Республикасының аумағына импортта- 8453
латын, градусы аз ликер-арақ бұйымдары және
этил спиртінің көлемдік үлесі 12-ден 30
процентке дейінгі басқа да әлсіз алкогольді
ішімдіктер
50 Қазақстан Республикасының аумағына импортта- 333408
латын темекі бұйымдары
55 Қазақстан Республикасының аумағына импортта- 3422239
латын жеңіл автомобильдер (мүгедектерге
арнайы арналған, қолмен басқарылатын
автомобильдерден басқа)
60 Қазақстан Республикасының аумағына импортта- 4247277
латын бензин (авиациялықты қоспағанда)
3 Табиғи және басқа ресурстарды пайдаланғаны 253802630
үшін түсетін түсімдер
01 Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон 3777048
байланысын көрсеткені үшін төлем
02 Үстеме пайда салығы 63543435