7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже:
кем дегенде 1746 спектакльдер, концерттер өткізу;
республикалық театр-концерт ұйымдарына кем дегенде 44 652 көрерменнің келуін қамтамасыз ету;
15 республикалық театр-концерт ұйымдарының негізгі құралдарын сатып алуға күрделі трансферттер;
Ғ.Мүсірепов атындағы мемлекеттік балалар мен жасөспірімдерге арналған қазақ академиялық театрының, М. Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының күрделі жөндеуін аяқтау;
M. Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры күрделі жөндеуінің 2 кезеңін жүргізу;
Келесі бағыттар бойынша негізгі құралдарды сатып алу: дыбыстық, жарықтық, музыкалық қондырғылар; компьютерлік техника; костюмдер, сахна киімдерін тігу; автотранспорт, жиhаз, музыкалық аспаптар, техникалық қондырғылар, тұрмыс техникаларын сатып алу.
Соңғы нәтиже: республика халқын мәдени қызмет көрсетумен толық қамту репертуарды жанрлық-тақырыптық жаңа шығармалармен толықтыру, 2 театрдың күрделі жөндеуін жүргізуді 100% қамтамасыз ету, 1 театрдың күрделі жөндеуін 61,2% орындау.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: спектакль, концерт, опера өткізудің орташа құны - 10 000 мың теңге.
Уақыттылығы: Репертуарлық жоспарға сәйкес жоспарланған театр-концерт іс-шараларын өткізу, белгіленген кестеге сәйкес материалдық-техникалық жабдықтау және жөндеу жұмыстарын жүргізу.
Сапа: халықтың мәдени деңгейін арттыру, драмалық, опералық және балет спектакльдері қойылымдарын, концерттер сапасын арттыру; гастроль сапарларының бағыттарын кеңейту, өткізілетін спектакльдер мен концерттердің көркемдік сапасын арттыру, Қазақстан Республикасы кейбір аумақтарының халқына театр-концерт ұйымдары қызметіне қол жетуі; көрермендердің қазіргі талаптарына қойылымды жабдықтаудың толық сәйкестігі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2008 жылғы 28 маусымдағы
№ 470a қаулысына 25-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
№ 72-25 қосымша
206 - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Алматы қаласының бюджетіне 2006 жылы республикалық бюджеттен берілген
мәдениет ұйымдарының жұмыс істеуіне арналған ағымдағы нысаналы трансферттер»
деген 013 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 96 685 мың теңге (тоқсан алты миллион алты жүз сексен бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 24 желтоқсандағы «Мәдениет туралы» Заңының 33-бабы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы № 81 «Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екінші түріне беру ережесін бекіту туралы» қаулысы; Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың Тізбесі туралы» қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәселелері» қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: халықтың рухани және мәдени қажеттілігін қанағаттандыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Алматы қаласы әкімдігінің коммуналдық меншігіне берілген мәдениет ұйымдары қызметін үйлестіру және тиімді басқару.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар-лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 013 | | Алматы қаласының бюджетіне 2006 жылы республи- калық бюджеттен берілген мәдениет ұйымдары- ның жұмыс істеуіне арналған ағымдағы нысаналы транс- ферттер | Ағымдағы мақсатты трансферттерді аудару. Алматы қаласы әкімді- гінің коммуналдық меншігіне берілген 5 мәдениет ұйымының қызметін қамтамасыз ету: Жастардың рухани және мәдени қажеттілікте- рін өтеуге, жас ұрпақтың әлеуметтік бейімделуі мен маман- дыққа икемделуіне көмек көрсетуге бағытталған мәдени-ағартушылық жұмыстарды жүргізуге Жамбыл атындағы жас- өспірімдер кітапхана- сын; Негізгі құралдар сатып алу; Балалар мен жасөспі- рімдер арасында білім таратуға, балаларға кітапханалық-библиог- рафиялық қызмет көр- сетуге, олардың бойы- на моральдық-этикалық дағдыларды, оқу мәде- ниетін, ұлтжандылық пен ұлтаралық қаты- настар мәдениетін сіңіруге С.Бегалин атындағы балалар кітапханасын; Негізгі құралдар сатып алу; Әдебиеттің біртуар қайраткерлері Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мүсіреповтің шығарма- шылық мұрасын анық- тау, сақтау, зерттеу және насихаттауға байланысты шараларды жүзеге асыруға бағыт- талған С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің Әдеби мемориалдық мұражай кешенін; Халықтық саз аспапта- рын зерттеу және насихаттау, анықтау, жинау, комплектілеу, сақтаумен байланысты шараларды жүзеге асыруға Ықылас атын- дағы халық музыкалық аспаптар музейін; Қуыршақ театрына активтер сатып алу және театр өнері саласындағы мемлекет- тік мәдениет саясатын жүзеге асыруға бағыт- талған сахналық іс-шараларды ұйымдас- тыру мен өткізуге | қаңтар- желтоқ- сан | Қазақстан Республи- касы Мәдениет және ақпарат министр- лігі Алматы қаласы әкімі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: 5 мәдениет ұйымын жергілікті бюджетке беру: Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасы; С.Бегалин атындағы балалар кітапханасы; С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің Әдеби мемориалдық музей кешені; Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі; Қуыршақ театры.
Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасының кітап қорын толтыру үшін - 3000 дана кітап, 2 жинақталым компьютер, ксерокс сатып алу.
С.Бегалин атындағы балалар кітапханасының кітап қорын толтыру үшін - 2000 дана кітап, ксерокс сатып алу.
Қуыршақ театрына жиhаздар сатып алу.
Соңғы нәтиже: Мемлекеттік қызмет көрсету деңгейінің оны алушыларға жақындауы.
Қаржылық-экономикалық тиімділігі: Алматы қаласының халқын мәдени қызмет көрсетумен толығымен қамту.
Уақыттылығы: 5 мәдениет ұйымын ағымдағы мақсатты трансферттермен уақтылы қамтамасыз ету.
Сапасы: Мәдениет мекемелерін басқару әдістерін жетілдіру және мәдениет инфрақұрылымын жергілікті деңгейде оңтайландыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 28 маусымдағы
№ 470а қаулысына 26-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
№ 72-26 қосымша
206 - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Ақпараттың жалпыға қол жетімділігін қамтамасыз ету»
деген 014 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 965531 мың теңге (тоғыз жүз алпыс бес миллион бес жүз отыз бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: 1992 жылғы 2 шілдедегі «Тарихи-мәдени мұраларды қорғау мен пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы, 1996 жылғы 24 желтоқсандағы «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы, 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы, 2005 жылғы 24 қарашадағы № 1161 «2006-2008 жылдарға арналған мәдениет саласын дамыту Бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ақпараттық-коммуникативтік технологиялар басымдықтарын енгізу арқылы қоғамның интеллектуалдық деңгейін және дәстүрлі кітапханалық сервисін дамыту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: кітапхананың жұмысын динамикалық, материалдық-техникалық, технологиялық жағынан дамуына ықпал ету, түрлі әдебиет таратқыштар арқылы сақтау және тұрғындарға жеткізу, ақпараттық ортаны қалыптастыру және Қазақстанның ақпараттық кеңістігін нығайту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар-лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 014 | | Ақпарат- тың жалпыға қол жетімді- лігін қамтама- сыз ету | Қазақстан Республика- сының Ұлттық кітап- ханасының қызметкер- лері мен оқырмандар жұмысы үшін тұтынушы- лардың ауқымды ком- пьютерлік ресурстарға қол жетімділігін қамтамасыз ету, олар- ға тиімді жағдайлар жасау, оқырмандарды библиографиялық- анықтамалық, кітап- ханалық, ақпараттар- мен қамтамасыз етуді жүзеге асыру. Негізгі қаражат, материалдық емес ак- тивтер мен техниканы алу. Мемлекеттік сараптама қорытындысы мен жобалық-сметалық құжат негізінде күр- делі жөндеу жүргізу. Қытай Ұлттық кітап- ханасында мәдениет Орталығын құру. Зағиптарға және олар- дың отбасы мүшелері- не, мектептегі нашар көретін оқушыларға қызмет көрсетуді жүзеге асыру, Республикалық кітап- ханада зағип және нашар көретін азамат- тардың жалпы білім беретін, кәсіби және мәдени деңгейін көтеру. Негізгі активтер мен техниканы сатып алу. Астана қаласындағы Ұлттық академиялық кітапхананың қызмет- керлері мен пайдала- нушылары үшін, сондай-ақ зағип және нашар көретін азамат- тарға тиімді жағдай- лар жасау, оқырман- дардың интеллектуал- дық және мәдени, рухани қажеттілігін өтеуге бағытталған қажеттіліктерін арт- тыру, мәдени және ағартушылық қызметін жүзеге асыру. Негізгі активтер мен техниканы алу. | жыл бойы | Қазақстан Республи- касы Мәдениет және ақпарат министр- лігі Қазақстан Республи- касының Ұлттық кітапха- насы Көзі нашар және көрмей- тіндерге арналған республи- калық кітапха- насы Қазақстан Республи- касының Астана қаласын- дағы Ұлттық академия- лық кітапха- насы |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже:
- 3 номинация бойынша деректемелік ескерткіштердің тізімін дайындау;
- 3180 беттік көлемдегі жазба, мұрағат құжаттарын қалпына келтіру және консервациялау;
- 9300 беттік көлемдегі жазба, мұрағат құжаттарына электронды сандық нөмірлеу жүргізу;
- 170 кітап көрмесін және 12 тұсаукесер өткізу;
- 25 түрлі шаралар өткізу (ақын, жазушылар мен мәдениет басқа да өкілдерінің қатысуымен оқыту конференциялары, дөңгелек үстелдер және шығармашылық кештер);
- халықаралық кітапханалық ұйымдардың мүшелігімен халықаралық кітапхана ынтымақтастығы бойынша 8 іс-шараға қатысу;
- 40 кітапханалық, ғылыми және ақпараттық басылымдар әзірлеу;
- 2 реабилитациялық байқау өткізу;
- қазақ және орыс тілдеріндегі әдебиеттерді сөйлету - 400 сағат.
Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасына сатып алатындар:
- тұтынушыларға толық ақпараттар жеткізу мен толықтыру үшін түрлі білім саласындағы әдебиеттер;
- оқырмандардың жұмыс орындарын жабдықтау үшін 500 дана орындық, 500 дана стол;
- әдебиеттерді экспонаттау үшін көрме шкафтары - 20 дана;
- сирек кездесетін басылымдарды сақтау үшін сейфтер - 5 дана;
- комфортабельды жұмыс орнын құру үшін кеңсе жиһаздары - 9 комплект;
- температура және ылғалдылығын реттейтін кондиционер - 3 дана;
- компьютер - 21 комплект, сканер - 17 дана, принтер - 9 дана, жүйелі қондырғыларды техникамен жабдықтау үшін қажетті бөлімшелер - 2 дана;
- басылымдық қызметке арналған қондырғылар (резак, термобиндер) - 2 дана;
- құжаттарды ғылыми консервациялау үшін қажетті қондырғылар.
Көздері нашар көретін және көрмейтін азаматтарға арналған республикалық кітапханаға:
- қорды толықтыруға арналған әдебиеттер, оның ішінде арнайы әдебиет;
- екі процессорлық серверлік компьютер - 2 дана техникамен жабдықтау үшін;
- оқырмандар мен жұмыс орындарын жабдықтайтын жиһаздар - 2 комплект;
- зағиптарға арналған графикалық-бедерлі комплекті материалдар мен қондырғыларды шығару үшін әдістеліктер;
- аудиокассеттерге арналған грампластинкаларды көшіру аппараты.
Қазақстан Республикасының Астана қаласындағы Ұлттық академиялық кітапханасына:
- қазақстандық және шетелдік баспалардың білімнің түрлі саласы бойынша әдебиеттер;
- оқырмандар мен жұмыс орындарын жабдықтау үшін жиһаздар;
- компьютерлер - 53 дана, сканер (барабанды), жұмыс орындарын жабдықтау үшін оргтехникалар;
- сурдокомпьютерлер - 2 дана, көздері нашар көретін және көрмейтін азаматтар үшін, мүмкіндіктері шектелген адамдардың жағдайын жақсарту мақсатындағы жолда қолданылатын тифломагнитофондар, оқитын машиналар.
Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасына күрделі жөндеу жүргізудің 1 кезеңі.
Соңғы нәтиже: оқырмандар сұраныстарын орындау сапасын арттыру, өзекті, тақырыптық, нақты электрондық база деректемелер қатарын құру, кітапханалар ісін дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру.
Қаржы-экономикалық нәтиже: бір кітапты сақтаудың орташа құны - 2205 теңге.
Уақыттылығы: көрсетілген мерзімде жоспарланған іс-шараларды орындау.
Сапасы: Қазақстан Республикасы азаматтарының білім алу, интеллектуалдық, рухани қажеттіліктерін жоғарылату.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 28 маусымдағы
№ 470а қаулысына 27-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
№ 72-27 қосымша
206 - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Баспа мұрағатының сақталуын қамтамасыз ету»
деген 015 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 26361 мың теңге (жиырма алты миллион үш жүз алпыс бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Заңы, 1999 жылғы 23 шілдедегі «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 6 сәуірдегі № 270 «Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы туралы» қаулысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәселелері» қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының аумағында шығатын, сондай-ақ тапсырыс құпия емес басылымдардың бақылау даналарының негізінде баспасөз мұрағатының сақталуын қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Қазақстан Республикасындағы барлық тілде шығатын жарияланымдардың негізгі түрлеріне библиографиялық өңдеуді жүзеге асыру; республика аумағында шығатын барлық баспасөз шығармаларын есепке алуды, бақылауды және оған ғылыми өңдеуді ұйымдастыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар-лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 015 | | Баспа мұраға- тының сақталуын қамтама- сыз ету | Баспа мұрағатының жасақтауын қамтамасыз ету, бақылау данала- рының сақталуы, ката- лог, картотекаларды жүргізу, Мемлекеттік ұлттық кітап палата- сында басып шығарушы ұйымдардың Мемлекет- тік негізгі стандарт- тар (МНС) талаптарын сақтауына бақылау және статистикалық анықтамалықтар шығару. Материалды емес активтерді сатып алу. | қаңтар- желтоқ- сан | Қазақстан Республи- касы Мәдениет және ақпарат министр- лігінің Ақпарат және мұрағат комитеті |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: бақылау экземпляр баспаларын 72 079 экземплярда шығару, сонымен қатар:
кітаптар, брошюралар, автореферат - 4138 баспа бірлігі;
журналдар - 3 763 баспа бірлігі;
газеттер - 56 200 баспа бірлігі;
ноталар - 150 баспа бірлігі;
ұсақ баспа - 7828 баспа бірлігі;
жырлар шығару - 48 номер 11 атпен;
материалды емес активтердің 2 комплект санын сатып алу.
Соңғы нәтиже: барлық баспалардың баспасөздерін 5 103 451 дана бойынша бақылауды және оған ғылыми өңдеуді көтеру, Қазақстан Республикасындағы баспасөздің дамуы туралы статистикалық жинақтар дайындау.
Қаржы-экономикалық нәтиже: бір баспасөзді сақтап қамтамасыз етудің орташа шығыны - 5 мың теңге.
Уақыттылығы: елдің баспа өнімдері туралы ақпаратпен көрсетілген мерзімде қамтамасыз ету, каталог, картотекалар жүйесін енгізу, анықтау және есепке алу, сондай-ақ барлық баспа жарияланымдарына статистикалық есеп жүргізу.
Сапасы: азаматтарды мұрағат құжаттарымен қамтамасыз ету арқылы олардың ақпараттық деңгейін көтеру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 28 маусымдағы
№ 470а қаулысына 28-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
№ 72-28 қосымша
206 - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу»
деген 016 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 10480419 мың теңге (он миллиард төрт жүз сексен миллион төрт жүз он тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясы; 2001 жылғы 21 маусымдағы «Салық және басқа міндетті түрдегі бюджетке төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық Кодексі); 1997 жылғы 11 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; 1998 жылғы 24 наурызындағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; 1999 жылғы 23 шілдедегі «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 11 маусымдағы № 1388 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекетаралық «Мир» телерадиокомпаниясының қызметін тәуелсіз және кедергісіз жүргізудің халықаралық-құқықтық кепілдігі туралы Келісімінің ратификациясы туралы» 1995 жылғы 4 қыркүйектегі № 2452 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2001 жылғы 7 ақпандағы № 550 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған Стратегиясы туралы» 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясын жүзеге асырудың алдағы шаралары туралы» 2003 жылғы 15 тамыздағы № 1165 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің «2004-2006 жылдарға арналған «Мәдени-мұра» мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 13 қаңтардағы № 1277 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында денсаулық сақтауды реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 1438 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында «электронды үкіметті» қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2004 жылғы 10 қарашадағы № 1471 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан халықтары Ассамблеясы институтын нығайту туралы» 2005 жылғы 23 сәуірдегі № 1561 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Телерадио хабарлары мен мәліметтерді таратудың ұлттық спутниктік жүйесі туралы» 1996 жылғы 4 қазандағы № 1234 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасындағы көші-қон саясатының 2001-2010 жылдарға арналған салааралық бағдарламасын бекіту туралы» 2001 жылғы 29 қазандағы № 1371 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша 2005-2007 жылдарға арналған іс-шараларды бекіту туралы» 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1180 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының халқын жұмыспен қамтудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» 2005 жылғы 27 қаңтардағы № 68 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Тұтыну нарығындағы бағаны тұрақтандыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» 2005 жылғы 5 мамырдағы № 430 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Экономиканың басымды секторларында пилоттық кластерлерді қалыптастыру мен дамыту жөніндегі жоспарды бекіту туралы» 2005 жылғы 25 маусымдағы № 633 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының агроөндірістік кешенін қарқынды дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы» 2005 жылғы 30 маусымдағы № 654 қаулысы; «Мемлекетаралық «Мир» телерадиокомпаниясын құру туралы» 1992 жылғы 9 қазандағы Тәуелсіз Мемлекет Достастығының мемлекет-қатысушы басшыларының шешімі; «Мемлекетаралық «Мир» телерадиокомпаниясының сұрақтары туралы» 1993 жылғы 22 қаңтардағы Тәуелсіз Мемлекет Достастығының Үкімет мемлекет-қатысушы басшыларының шешімі; «Мемлекетаралық «Мир» телерадиокомпаниясының қызметін тәуелсіз және кедергісіз жүргізудің халықаралық-құқықтық кепілдігі туралы» 1993 жылғы 24 желтоқсандағы мемлекет-қатысушы басшыларының келісімі.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: елдегі экономикалық, қоғамдық-саяси маңызды оқиғаларды және мемлекеттік саясаттың негізгі бағыт бағдарларын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы кеңінен жариялау және ақпараттық-насихаттауды қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: мына бағыттарға бағытталған теледидар және радио бағдарламаларды, жарияланымдарды әзірлеу және тарату;
елдегі болып жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси реформаларға ақпараттық-насихаттық белсенді қолдау көрсету;
"Қазақстан-2030" даму Стратегиясын жүзеге асыруда халықты мемлекеттің қызметі туралы ақпараттандыруды қамтамасыз ету;
конфессияаралық қатынастарда қоғамдық әріптестік принциптерді, ұлтаралық бейбітшілік пен келісімді насихаттау және қолдау;
қазақстандық патриотизмді қалыптастыру;
Мемлекет басшысының "2006 жылға арналған ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы" және "Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси модернизациялауды тездетудің жолында" Жолдауын жүзеге асыру шараларына ақпараттық-насихаттық қолдауды қамтамасыз ету;
мемлекеттің ішкі және сыртқы негізгі оқиғалары жөнінде республиканың тұрғындарына нақты, шұғыл ақпараттар беру;
кіші және орта кәсіпкерлікті дамытуды ақпараттық-насихаттық қамтамасыз ету;
білім, мәдениет, денсаулық сақтау, спорт және әлеуметтік қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатқа ақпараттық қолдау көрсету;
елдегі азық-түлік бөлігіндегі сұрақтарды жариялау;
тұрғын үй, "электронды үкімет" және басқа мемлекеттік бағдарламаларды жариялау;
мемлекеттік тілді дамыту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар-лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 016 | | Мемлекет- тік ақпа- раттық саясатты жүргізу | | | |
2 | | 100 | Газеттер мен журналдар арқылы мемлекет- тік ақпа- раттық саясатты жүргізу | Мына тақырыптық бағыттар бойынша материалдар дайындау мен жариялау: Қазақстан Республика- сының нормативтік құқықтық кесімдерін ресми жариялау; еліміздің әлеуметтік- экономикалық, қоғам- дық саяси өмірін жариялау; Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясының іске асу барысын жариялау; Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын жариялау; Елдің агроөнім сала- сындағы мәселелері бойынша материалдар жариялау; Қазақстанның жағымды инвестициялық бейне- сін қалыптастыруға бағытталған материал- дарды жариялау; мемлекеттік экономи- калық саясатты ақпа- раттық қолдау; қылмыспен және сыбай- лас жемқорлықпен күресудің негізгі мәселелерін жариялау, құқық қорғау орган- дарының жағымды бей- несін қалыптастыру; білім, мәдениет, спорт, әлеуметтік қамтамасыз ету және тұрғын үй-коммуналдық қатынастар саласында- ғы мемлекеттік саясатты жариялау; "Мәдени мұра" мемле- кеттік бағдарламасын, "Сирек және жоғалып бара жатқан жабайы тұяқты түрдегі аңдар мен ақбөкендер сақтау және қалпына келтіру- дің 2005-2007 жыл- дарға арналған сала- лық бағдарламасын, Қазақстан Республика- сындағы тұрғын үй құрылысының 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын, Қазақстан "Желтоқсан оқиғасына»20 жыл толуы аясында қазақ мемлекеттігінің құрылу тарихы, атаулы және мерекелік даталы күндер туралы матери- алдар жариялау; мемлекеттік жастар саясаты мәселелерін жариялау; қазақстандық патрио- тизмге тәрбиелеуге бағытталған әдеби- көркем шығармаларды орналастыру; мемлекеттік тіл сая- сатын жүзеге асыру жөніндегі материал- дарды орналастыру; мемлекеттік ұлттық саясатты, Қазақстан халықтары Ассамблея- сының, ұлттық-мәдени орталықтардың қызме- тін жариялау; нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күресті, нашақорлыққа қарсы насихатты жариялау; мемлекеттің терроризм және экстремизмге қарсы күрес, қоғамда діни экстремизм және радикализм идеяларын қабылдамауды қалып- тастыру жөніндегі қызметін жариялау; АҚТҚ/ЖҚТБ-мен күрес, халықты індеттің алдын-алу мәселелері- мен таныстыру жұмыс- тарын жариялау; елдің көші-қон саяса- тын ақпараттық-наси- хаттық қолдау, шетел- дегі отандастар мен қазақ диаспоралары- ның өмірін жариялау; шетелдегі қазақ диас- пораларын Қазақстан- ның әлеуметтік-эконо- микалық, қоғамдық- саяси өмірі туралы хабардар ету; Қарулы Күштер және әскери қызметтің жағымды имиджін қалыптастыру мен нығайтуға бағытталған материалдарды жариялау; мемлекеттің қоғамдық- саяси және әлеумет- тік-экономикалық дамуы туралы әдеби- көркем материалдарды орналастыру; салауатты өмір салтын насихаттау; құқықтық насихаттың басты мәселелерін жариялау; кіші және орта кәсіп- керлікті ақпараттық- насихаттық қолдау; отандық кітап шығару- ды насихаттау аясында әдеби-керкем матери- алдарды орналастыру; қазіргі заманның басты мәселелерін, ТМД аумағындағы интеграциялық процес- терді, ынтымақтастық елдерінің мәдени және тарихи байланыстарын жариялау; балалар және жасөспі- рімдердің патриоттық, интернационалдық, адамгершілік және рухани тәрбиесі мен өсуі туралы материал- дар орналастыру; отандық телекоммуни- кацияларды дамытуды жариялау, жаңа ақпа- раттық технологиялар- ды насихаттау; мемлекеттік ақпарат- тық саясат және БАҚ дамуының басты мәсе- лелерін жариялау; әйел мәселесі, әйел- дің қоғамдағы рөлін көтеру, гендерлік теңдік мәселелерін жариялау; қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты жариялау; қоғам дамуының өзекті мәселелері жөнінде әлеуметтік сатиралық материалдарды жариялау; республикалық бұқара- лық ақпарат құралда- рында мемлекеттік қызметшілердің және судьялардың әкімшілік бос лауазым орындары- на орналасуға конкур- стар туралы хабарла- малар жариялау. Президент пен Үкіметтің қызметі мен мемлекеттік ресми шетел сапарларының барысын жариялау үшін бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің елден тыс жерлерге қызметтік іссапарла- ры. Қазақстан Республика- сы Үкіметінің веб-сайтын (www.government.kz) ақпараттық жүргізу | жыл бойы | Қазақстан Республи- касы Мәдениет және ақпарат министр- лігінің Ақпарат және мұрағат комитеті |
3 | | 101 | Телерадио хабарла- рын тара- ту арқылы мемлекет- тік ақпа- раттық саясат жүргізу | Мынадай негізгі тақы- рыптық бағыттар бойынша телерадио хабарларын тарату арқылы мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізу, теледидар және радио бағдарла- маларын шығару және трансляциялау: ақпараттық бағдарла- маларда мемлекеттік билік пен басқарудың жоғары органдарының қызметін көрсету; талдау бағдарламала- рында Президенттің, Үкіметтің, Парламент- тің қызметтерін көрсету; "Қазақстан-2030" Стратегиясын іске асыру барысын және оң нәтижелерін көрсету; халықты еліміздің заңнама базасымен, Президенттің Жарлық- тары, Үкіметтің қау- лылары, өкімдері, өзге де нормативтік құқықтық кесімдер туралы хабардар ету; Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауын жариялау; елдің агроөнімдер саласындағы мәселе- лерді көрсету; ҚР ішкі және сыртқы саясатын түсіндіру және насихаттау; мемлекеттік экономи- калық және әлеуметтік саясатты ақпараттық қолдау; "Жаңа экономикалық саясат" теледидар бағдарламаларының циклін шығару; мемлекеттік ұлттық саясатты, Қазақстан халықтары ассамблея- сының, ұлттық мәдени бірлестіктердің қыз- метін, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді ақпараттық қолдау; үкіметтік емес ұйым- дардың қызметін ақпа- раттық қолдау; қазақстандық патрио- тизмді тәрбиелеу; тілдер туралы Заңның іске асуын ақпараттық қолдау; мемлекеттік жастар саясатын ақпараттық қолдау; балалар мен жастарды мәдени-адамгершілікке тәрбиелеу; халықты қылмыстық және сыбайлас жемқор- лықпен күрес барысы туралы хабардар ету; құқық қорғау орган- дарының, сот корпусы- ның жағымды имиджін қалыптастыру; құқықтық насихат; сайлаушылар және сайлауды ұйымдастыру- шыларды құқықтық оқыту; мемлекеттің терроризм және экстремизммен күресі жөніндегі қызметін жариялау, қоғамда радикализм, діни экстремизм және терроризм идеяларын қабылдамауды қалып- тастыру; Қарулы Күштер және әскери кәсіптің жағымды имиджін қалыптастыру және нығайту; есірткі бизнесі және нашақорлықпен күрес барысын көрсету, есірткіге қарсы насихат; АҚТҚ/ЖҚТБ қаупі және індеттің алдын алу жолдары туралы халықты хабардар ету; шағын және орта бизнесті, отандық тауар өндірушілерді және тауарларды, импорт алмасу бағдар- ламасын ақпараттық қолдау; мемлекеттік көші-кон саясатын ақпараттық қамтамасыз ету, шетелдегі отандастар, қазақ диаспорасының өмірін көрсету; әдеби-публицистикалық бағдарламалар; білім беру-танымдық бағдарламалар; музыкалық-көңіл көтеру; отандық дене тәрбиесі мен спортты ақпарат- тық қолдау; білім беру, мәдениет, спорт, әлеуметтік қамтамасыз ету және тұрғын үй-коммуналдық қатынастар саласында- ғы мемлекеттік сая- сатты жариялау; "Мәдени мұра" мемле- кеттік бағдарламасын ақпараттық қолдау; "Сирек және жоғалып бара жатқан жабайы тұяқты түрдегі аңдар мен ақбөкендер сақтау және қалпына келтіру- дің 2005-2007 жылдарға арналған са- лалық бағдарламасын; Қазақстан Республика- сындағы тұрғын үй құрылысының 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын; атаулы және мерекелік даталы күндерге ақпа- раттық қолдау; халықты төтенше жағ- дайларда өзін өзі ұстауы мен қорғану тәсілдеріне үйрету; әйел мәселесін, қоғамдағы әйел рөлін арттыру, гендерлік теңдік мәселелерін жариялау; қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты жариялау; халыққа денсаулықты нығайту мәселелері және салауатты өмір салтын насихаттау жөнінде жариялау; көркем, деректі фильмдер, сериалдар, мультипликациялық сериалдар; қазақстан театрлары- ның спектакльдері; әлеуметтік роликтер; шет елдердің саяси, экономикалық, мәдени өмірін жариялау; "KazSat" және "Intelsat" транспон- дерін жалдау; "Мир" халықаралық телерадиокомпаниясын- да Қазақстанның эко- номикалық, саяси, мәдени өмірі туралы бағдарламаларды шығару және орналас- тыру. Қазақстан Республика- сы мен ТМД елдерінде жүргізіліп жатқан реформалардың әлеуметтік-экономика- лық және саяси бағыт- тары туралы Қазақстан мен ТМД елдерінің халықтарын хабардар ету. ТМД қатысушы елдері- нің біртұтас экономи- калық және мәдени кеңістік құрудағы Қазақстанның интегра- циялық бастамасын жариялау. Электронды БАҚ мемлекеттік тілде мынадай тақырыптық және жанрлық бағыт- тарда теледидар және радио бағдарламала- рын, деректі фильм- дерді шығару: "Қазақстан-2030" Стратегиясын іске асыру барысы туралы; құқықтық тақырыпта; жеке адам, қоғам, мемлекет қауіпсіздігі қылмыспен, сыбайлас жемқорлықпен күрес барысы, мемлекеттің терроризм және экстремизмге қарсы күресі тақырыбында; ақпараттық бағдарла- малар; экономикалық және қаржылық тақырыптар- дағы бағдарламалар; ҚР Қарулы Күштері туралы; қылмыстылық және сыбайлас жемқорлықпен күрес барысы туралы; қазақстандық патрио- тизмді тәрбиелеу; жастар; балалар; спорттық, соның ішін- де қазақстандық спортшылардың жоғары дәрежелерін; қоғамдық өмірдегі әйелдің рөлі, гендер- лік саясат туралы; білім беру; мемлекеттік тілді үйрету; музыкалық-көңіл көтеру; ауыл шаруашылығы, Ауыл жылын қолдау туралы; мемлекеттік ұлттық саясат және Қазақстан халықтары ассамблея- сы, ұлттық-мәдени орталықтар қызметі туралы; әдеби-көркем, мәде- ниеттану сипаттағы бағдарламалар; салауатты өмір салты туралы; шағын және орташа бизнес туралы; конфессияаралық келі- сім туралы; нашақорлық, темекі шегу және алкоголизм- нің зияны туралы; әзіл-ысқақ; АҚТҚ/ЖҚТБ-ның алдын алу туралы; экологияның жағдайы және қоршаған ортаны қорғау туралы; ток-шоу жанрындағы бағдарламалар; кино, театр, әдебиет және өнер туралы мемлекеттік бағдарла- маның іске асуы туралы; Қазақстан Республика- сы Астанасының құрылуы мен құрылысы туралы жариялау; көші-кон саласында тақырыптық радио бағдарламаларды өткізу; ақпараттық бағдарла- малардың сурдоаудар- масын және субтитрла- рын мемлекеттік тілде және орыс тілінде ұйымдастыру; салық заңнамалары бойынша қазақ және орыс тілдерінде телебағдарламалар мен роликтерді шығару және орналастыру. Президент пен Үкімет- тің қызметі мен мемлекеттік ресми шетел сапарларының барысын жариялау үшін бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің елден тыс жерлерге қызметтік іссапарла- ры. | жыл бойы | Қазақстан Республи- касы Мәдениет және ақпарат министр- лігінің Ақпарат және мұрағат комитеті |