«Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясында әскери
кафедра құру туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 6 ақпандағы
№ 195 қаулысы
Осы редакция 2006 ж. 24 мамырдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Оңтүстiк Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы студенттерiнiң ішінен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi үшiн запастағы офицерлердi даярлау мақсатында Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөнiндегі агенттiгінiң «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнында аталған оқу орнына бөлiнген қаражат пен штат санының шегінде әскери кафедра құру туралы ұсынысы қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөніндегі агенттігi Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен және Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгімен бiрлесiп, осы қаулыны iске асыру жөнiнде заңнамада көзделген шараларды қабылдасын.
3. «Жоғары оқу орындарының студенттерiн (курсанттарын) запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлау туралы, жоғары оқу орындары жанындағы әскери кафедралар туралы Ережелердi және запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша студенттердің (курсанттардың) әскери даярлығы белгiленген жоғары оқу орындарының тізбесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 3 қазандағы № 1094 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1994 ж., № 40, 439-құжат) мынадай толықтырулар енгізiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Жоғары оқу орындарының студенттерiн (курсанттарын) запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлау туралы ережеде:
17-тармақтың үшiншi абзацында:
«Қ.А. Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрiк университетi» деген сөздерден кейiн «, Оңтүстiк Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы» деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекітілген Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша студенттердiң (курсанттардың) әскери даярлығы белгiленген жоғары оқу орындарының тiзбесiнде:
«Медицина академиялары» деген тарау мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«Оңтүстiк Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы» Шымкент қаласы».
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі