Батыс Қазақстан мемлекеттік университетiнде әскери кафедра құру
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы
8 тамыздағы № 1249 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 17.05.04 ж. № 551 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2006 ж. 24 мамырдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Батыс Қазақстан мемлекеттік университетi студенттерiнiң қатарынан Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi үшiн запастағы офицерлердi даярлау мақсатында Қазақстан Республикасының ?кіметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
ҚР Үкіметінің 17.05.04 ж. № 551 қаулысымен 1-тармақтын күші жойылды
1. Батыс Қазақстан мемлекеттік университетiнде аталған оқу орнының қаражат және штат саны шегiнде әскери кафедра құрылсын.
ҚР Үкіметінің 17.05.04 ж. № 551 қаулысымен 2-тармақтын күші жойылды
2. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен бiрлесiп осы қаулыны iске асыру жөнiнде заңнамада көзделген шараларды қабылдасын.
3. "Жоғары оқу орындарының студенттерiн (курсанттарын) запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлау туралы, жоғары оқу орындары жанындағы әскери кафедралар туралы Ережелердi және запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша студенттердiң (курсанттардың) әскери даярлығы белгiленген жоғары оқу орындарының тiзбесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 3 қазандағы № 1094 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1994 ж., № 40, 439-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтілген Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша студенттердiң (курсанттардың) әскери даярлығы белгiленген жоғары оқу орындарының тiзбесiндегi:
"Университеттер" деген бөлiм мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Батыс Қазақстан мемлекеттік университетi, Орал қаласы".
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі