2) Бақылау нәтижелері бойынша масса өлшеуіш көрсеткіштерінің ауытқуы төмендегі формула бойынша есептеледі:
М - Мр
б = ----------- х 100 %,
Мр
мұндағы М - масса өлшеуішпен өлшенген мұнайдың жалпы массасы, т;
Мр- ҚТҚ жинағымен және ТТ немесе бақылау салмақ өлшеуішпен өлшенген мұнайдың жалпы массасы, т.
Бақылау нәтижелері бойынша масса өлшеуіш көрсеткіштерінің ауытқуы + 0,2% аспауы тиіс.
§ 3. Мұнайдың жалпы массасын көлемдік-массалық
статикалық әдіспен өлшеу және салмақтау
23. Осы әдіспен мұнайдың массасы оның көлемі, тығыздығы және температурасы бойынша анықталады. Мұнай көлемі градуирленген кестелердің, деңгейді өлшеу құралдарының, мұнайдың гидростатикалық қысымының көмегімен анықталады.
24. Көлемдік-массалық статикалық әдіс кезінде қолданылатын өлшеу құралдарының тізбесі:
Р/с № | Көлемдік-массалық статикалық әдіс кезінде қолданылатын өлшеу құралдары мен жабдықтардың атауы | Дәлсіздіктің жол берілетін шегi |
1. | Сыйымдылығы 100 м3-тен 200 м3 дейінгі көлденең цилиндрлік болат резервуарлар | - |
2. | Сұйықтың көлемін өлшеу кезіндегі тік цилиндрлік болат резервуарлар | - |
3. | Темірбетон цилиндрлік резервуарлар | - |
4. | Стационарлық деңгей өлшеуіштер немесе жүгімен өлшейтін рулеткалар, ММС фазааралық деңгей өлшеуіш (электронды рулетка) | + 3 мм |
5. | Зертханалық немесе ауыспалы тығыздықты өлшеуіш немесе 0,5 кг/м3 шкаланы бөлу бағасы бар ареометр | + 1 кг/м3 |
6. | Термометрлер немесе температураны түрлендіргіштер | + 0,2о С |
7. | Гидростатикалық қысым датчиктерi | - |
8. | Сынама алғыштар | - |
9. | Гидроөлшеу жүйелерi | |
25. Мұнайдың көлемін, тығыздығын және температурасын өлшеуді жүргізуге қойылатын негізгі талаптар:
Резервуарлардағы сұйықтың жалпы көлемінің деңгейін стационарлық деңгей өлшеуіштермен немесе қолмен жүкпен өлшейтін рулеткамен өлшейді.
Деңгейді рулеткамен өлшеу мынадай реттілікпен жүзеге асырылады.
Базалық биіктік жүктің өлшеу рулеткасымен жанасу нүктесінде түбінен өлшеу қақпағының үстіңгі шетіне дейінгі немесе өлшеу қақпағының бағыттаушы тәуекел тақтайшасына дейінгі тігі бойынша қашықтық ретінде тексеріледі. Алынған нәтиже резервуарға келтірілген базалық биіктіктің белгілі (паспорттық) шамасымен салыстырылады. Егер базалық биіктік (Нб) алынған нәтижеден 0,1% артық Нб ерекшеленсе, базалық биіктіктің өзгеру себептерін анықтау және оны жою қажет.
Базалық биіктіктің өзгеру себептерін анықтау және жою үшін қажетті кезеңге мұнай деңгейін өлшеуді резервуардың бос биіктігі бойынша жүргізуге рұқсат етіледі.
Жүкпен бірге рулетканың таспасы лоттың түпке жанасуына немесе тірек плитасына (болған кезде) дейін лоттың тік күйінен ауытқуына жол берместен, ішкі жабдыққа тиіп кетпей және мұнайдың үстіңгі бетінің қалпын сақтай отырып, толқындарды болдырмай ақырындап түсіріледі.
Өлшеу сызығында сулану желілерінің бұрмалануын болдырмау үшін бір жаққа ығысуына жол берместен рулетка таспасы дәлме-дәл тік жоғары көтеріледі.
Рулетка сызығы бойынша өлшеу қақпағында рулетка таспасының суланған бөлігі пайда болғаннан кейін бірден 1мм дейін есептеледі.
Қуыстың биіктігін өлшеу үшін мұнай деңгейінен төмен рулетка жүгімен түсіріледі. Бірінші есеп (жоғарғы) өлшеу қақпағының тәуекел тақтайшасының деңгейінде рулетка бойынша алынады. Өлшеуді және қуыс биіктігінің есептерін жеңілдету үшін өлшеуді жүргізу кезінде өлшеу қақпағының тәуекел тақтайшасы рулетка шкаласында метрдің толық мәнінің белгісін сәйкестендіруді ұсынады. Сонан-соң рулетка бір жаққа ығыспай дәлме-дәл жоғары көтеріледі және мұнай (төменгі есеп) таспасының (немесе лота) суланған бөлігінің орнынан есептеп алынады.
Қуыстың биіктігі рулетка бойынша есептердің жоғарғы және төменгі айырымы сияқты болады.
Резервуардағы мұнайдың деңгейі осы резервуар үшін базалық биіктіктің (жоғарғы трафаретті) паспорттық көлемінен алынған мәндерді есептеумен анықталады.
Әрбір резервуардағы сұйықтықтың жалпы мөлшерінің деңгейін өлшеу екі рет жүргізіледі. Егер өлшеу нәтижесінің 1 мм айырмашылығы болса, онда деңгейін өлшеу нәтижесі олардың орташа мәнінен алынады. Егер алынған өлшемнің айырмашылығы 1 мм көп болса, өлшеу тағы екі рет қайталанады және ең жақын үш өлшеудің орташасы алынады.
Сонан-соң осы резервуарға арналған градуирлік кесте бойынша резервуардағы сұйықтықтың жалпы мөлшері есептеп шығарылады.
Рулетка таспасын өлшегенге дейін және өлшегеннен кейін жұмсақ шүберекпен құрғатып сүрту қажет.
Резервуарлардағы тауарлық судың деңгейін өлшеу су сезгіш таспалардың немесе пасталардың көмегімен мынадай дәйектілікте жүргізіледі.
Су сезгіш таспаны қарама-қарсы екі жағынан керіп лотаның бетіне жапсырады.
Су сезетін пастаны қарама-қарсы екі жағынан жолақты лотаның бетіне жұқа қабатпен (0,2:0,3 мм) жағады.
Су сезгіш қабат толығымен ерісе және су мен мұнай қабаттары арасындағы шек кенет бөлінген кезде, лото рулеткасы су сезгіш пастамен немесе су сезгіш таспамен жапсырылған тауарлы судың деңгейін анықтау кезінде резервуарда 2-3 минут ішінде қозғалмай тұруы қажет.
Резервуардағы тауарлық судың деңгейін өлшеу осы тармақтың 1) тармақшасында сипатталған дәйектілікпен жүргізіледі.
Егер лентада немесе пастада ол анық емес, қисық жолмен немесе өлшеуді орындау кезінде лотаның көлбеу қалпын көрсетіп әр түрлі биіктікте екі жағынан берілсе тауарлық судың деңгейін өлшеуді қайталау қажет.
Шайылған шек су мен мұнай арасындағы бөліктің өткір шегінің болмайтын салдары болып табылады және су эмулсиялы қабаттың болуын куәландырады. Мұндай жағдайда эмульсия тұнғаннан және қабаттары бөлінгеннен кейін өлшеуді қайталау қажет.
Су сезгіш таспа немесе пастаның көмегімен тауарлық судың деңгейін өлшей отырып, резервуарлардың градуирлік кестесі бойынша тауарлық судың мөлшерін табады.
Мұнай және тауарлық су деңгейін өлшеу басқа тәсілмен, мысалы электрондық рулеткалар көмегімен жүргізілуі мүмкін.
Мұнайдың нақты мөлшерін анықтау үшін резервуардың толығу деңгейінің тиісті мөлшерінен тауарлық су мөлшерін алып тастау керек.
Мұнайдың тығыздығы осы түрді пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттарына сәйкес мұнай толтыру (айдау) жүргізілетін резервуардан немесе құбыржолдан алынған мұнайдың біріккен сынамасы бойынша техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құжаттары бойынша тығыздық өлшеуішпен өлшенеді. Тығыздықтың алынған мәні өлшеудің орындалу әдістемесіне сәйкес резервуардағы мұнайдың орташа температурасына тура келеді.
Резервуардағы мұнайдың орташа температурасы деңгейді өлшеумен немесе оны нүктелі сынамаларды алу кезінде өлшеу жолымен бір мезгілде пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың талаптарына сәйкес температураның станционарлық түрлендіргішінің көмегімен анықталады.
Біріккен сынаманы алу кезінде стационарлық сынама алғышпен бір қабылдауда осы сынаманың температурасын термометрмен өлшеу жолымен мұнайдың орташа температурасын анықтайды.
Сынамадағы мұнайдың температурасы нүктелі сынамаларды алу кезінде сынама алынғаннан кейін 1-3 минут ішінде анықталады, бұл ретте тасымалды сынама алғыш алынатын сынама деңгейінде 5 минуттан артық ұсталады. Осы термометрдің техникалық паспортында көрсетілгендей термометр мұнайдың түбіне түсіріледі және сынамасынан тұрақты жағдайда баған түріне келгенге дейін ұсталады.
Мұнайдың орташа температурасы нүктелі сынама температурасы бойынша нүктеліден біріккен сынаманы құруға арналған арақатысты пайдалана отырып есептеледі.
Мұнайдың температурасын тығыздықты бір мезгілде өлшеумен немесе электрондық рулеткалардың деңгейін бір мезгілде өлшеумен тасымал тығыздық өлшеуіштің құрамына кіретін температураның түрлендіргішімен өлшеуге рұқсат етіледі.
26. Мұнайдың жалпы массасын резервуарда мына формула бойынша есептеп шығарады:
Мбр = Vн х рн х 10-3,
мұндағы рн- резервуардағы көлемді өлшеу температурасы кезіндегі мұнайдың тығыздығы, кг/м3;
Vн- осы Ереженің 25-тармағының 1) тармақшасына сәйкес резервуардағы сұйықтықтың жалпы деңгейін және
Vн = Кр х (Vж - Vв),
формула бойынша есептелген осы Ереженің 25-тармағының 2) тармақшасына сәйкес өлшенген тауарлық су деңгейін өлшеу нәтижелеріне сәйкес резервуардың градуирлік кестесі бойынша анықталған мұнайдың көлемі м3,
мұндағы Кр- резервуар қабырғасының температурасына тәуелсіз мұнайдың көлемін Vн өзгертуге арналған түзету коэффициенті;
Vж- сұйықтықтың жалпы көлемі, м3;
Vв- судың көлемі, м3.
27. Резервуарды сорып алу кезінде тапсырылған мұнай партиясының көлемі резервуардағы бастапқы көлемнің және қалдық көлемінің айырмасы сияқты анықталады. Егер қалдықтың көлемін өлшеу кезінде резервуардағы температура алғашқы деңгейін өлшеу сәтіндегі мұнай температурасынан + 20С өзгешеленсе, онда тапсырылған мұнай көлемін мына формула бойынша есептеп шығарады:
Vн = Vн1 - Vн2 х [1 + В х (t1 - t2)],
мұндағы Vн1 - t1, м3 температура кезінде өлшенген сорып алу басталғанға дейінгі мұнайдың көлемі;
Vн2 - t2, м3 температура кезінде өлшенген қалдықтың көлемі;
В - мәні ареометрмен өлшеуді орындау әдістемесінде келтірілген t2 температурасы кезіндегі кеңейтілген көлемді мұнай коэффициенті.
Тапсырылған мұнай партиясының массасы (3) формула бойынша есептеледі, мұндағы мұнайдың тығыздығы t1 температурасы үшін анықталады.
Тиісінше резервуардағы мұнайды қабылдау кезінде қабылданған мұнайдың көлемі мына формула бойынша есептеледі:
Vн = Vн2 - Vн1 х [1 + В х (t2 - t1)],
мұндағы Vн2 - t2, м3 температура кезінде өлшенген мұнайды айдап шығару немесе тұндыру процесі аяқталғаннан кейін резервуардағы мұнайдың көлемі;
В - мұнайдың t1 температура кезінде көлемдік кеңею коэффициенті.
Мұнайдың тығыздығы мұндай жағдайда t2 температура кезінде анықталады.
28. Мұнайдағы балластың мөлшерін анықтау үшін нормативтік құжаттарға сәйкес резервуардан сынама алынады.
4. Мұнайдың таза массасын анықтау
29. Есепке алу операциялары кезінде мұнайдың таза массасы мына формула бойынша анықталады:
Wв + Wп + Wхс
Мн = Мбр - m = Мбр х {1 - -------------},
100
мұндағы М - балластың массасы, т;
Wв - мұнайдағы судың массалық үлесі, %;
Wп- мұнайдағы механикалық қоспалардың массалық үлесі, %
Wхс- мына формула бойынша есептелген, %, мұнайдағы хлорлы тұздардың массалық үлесі:
фс
Wхс = 0,1 х ----
Р ,
мұндағы фс- мұнайдағы хлорлы тұздың шоғырлануы, мг/дм3 (г/м3);
р - мұнайдың жалпы массасын анықтау температурасы кезіндегі мұнайдың тығыздығы, кг/м3.
Егер мұнайдағы судың массалық емес, көлемдік үлесі анықталса, массалық үлесі мына формула бойынша есептеледі:
Фв х Рв
Wв = -----------
Р ,
мұндағы Фв - мұнайдағы судың көлемдік үлесі, %;
Рв - мұнайдың көлемін анықтау температурасы кезіндегі судың тығыздығы, кг/м3.
5. Өлшеу нәтижелерін ресімдеу
30. Өлшеу сызығы бойынша көлемді, мұнайдың МКӨЖ бойынша көлемін және жалпы массасын өлшеу нәтижелерін, нысаны осы Ережеге 3-қосымшада келтірілген МКӨЖ өлшеу құралдарының көрсеткіштерін тіркеу журналына мұнай жеткізу шарттарында белгіленген уақыт аралығы арқылы, сондай-ақ мұнай айдаудың әрбір тоқтауы және қайта жаңғыру кезінде дисплейден немесе электромеханикалық есептеуіштерден оқи отырып, жазады.
31. Тапсырушы және қабылдаушы тараптардың арасындағы шарттық қатынастарда белгіленген судың мөлшері, хлорлы тұздардың, механикалық қоспалардың, тығыздығын, құрамын, қаныққан булардың қысымын және өзге де мұнайдың сапасының басқа да көрсеткіштерін өлшеу нәтижелері нысанын техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті орган бекітетін "Мұнай сапасының паспортына" енгізеді.
Мұнай сапасын ағындық талдауыштар қолданылған жағдайда нәтижелері тапсырушы және қабылдаушы тараптар белгілеген шығарылғанды беру аралығымен басып шығаратын қондырғыда шығарылуы тиіс.
32. "КӨЖ өлшеу құралдарының көрсеткіштерін тіркеу журналындағы" және "Мұнайдың сапасы паспортында" жазба негізінде мұнайды қабылдау-тапсыру актісін ресімдейді. Паспорт мұнайды қабылдау-тапсыру актісінің ажырамас бөлігі болып табылады.
Мұнайды қабылдау-тапсыру актісі даналарының саны мұнайды қабылдау-тапсыру жөніндегі операцияларды жүргізетін екі тарап үшін де жеткілікті болуы қажет.
33. Осы Ереженің 30-32-тармақтарында аталған құжаттар электронды тасымалдауыштарда да жүргізілуі мүмкін.
34. Мұнайды қабылдау-тапсыруға, қабылдау-тапсыру құжаттарын жасауға және оларға қол қоюға жауапты лауазымды тұлғалар тапсырушы және қабылдаушы тараптар басшыларының бұйрығымен тағайындалады.
Мұнайды қабылдау-тапсыру үшін жауапты тұлғалардың қолтаңбаларының үлгілері тапсырушы және қабылдаушы тараптардың бухгалтерияларында сақталады.
Келісім-шарт аумағында өндірілген
мұнайды мердігер жүргізетін өлшеу
және салмақтау ережесіне 1-қосымша
МКӨЖ үшін болуы міндетті құжаттардың тізбесi
1. МКӨЖ-ді өнеркәсіптік пайдалануға енгізу актісі (актінің көшірмесі).
2. МКӨЖ жобасына сараптамалық қорытындының көшірмесі.
3. МКӨЖ-ге арналған формулярлар және МКӨЖ құрамына кіретін өлшеу құралдары.
4. МКӨЖ құрамына кіретін өлшеу құралдарын тексеру хаттамалары.
5. МКӨЖ құрамына кіретін өлшеу құралдарын тексеру туралы куәліктер.
6. МКӨЖ тексеру хаттамалары (жиынтық дәлсіздігін анықтау).
7. МКӨЖ тексеру туралы куәліктер (МКӨЖ жиынтық дәлсіздігін анықтау).
8. МКӨЖ құрамына кіретін өлшеу құралдарын тексеру кестелерінен үзінді.
9. МКӨЖ құрамына кіретін өлшеу құралдарының метрологиялық сипаттамаларын бақылау журналы (электрондық түрде берілуі мүмкін).
10. МКӨЖ құрамына кіретін өлшеу құралдарының метрологиялық сипаттамаларын бақылау кестелері.
11. Т0-1, Т0-2, Т0-3 жүргізу кестелері.
12. Пайдалану жөніндегі нұсқаулық.
13. Техникалық қызмет көрсету журналы.
14. МКӨЖ өлшеу құралдары көрсеткіштерін тіркеу журналы (егер өлшеу құралдары көрсеткіштері тренділерін сақтау мүмкіндігі болса, оның болмауы мүмкін).
15. МКӨЖ құрамына кіретін өлшеу құралдары технологиялық жабдығының тоқтап қалуы туралы актілер (хабарлаулар).
16. МКӨЖ ажырату актілері.
17. МКӨЖ пайдалану үшін жауапты персоналға лауазымдық нұсқаулықтар.
Келісім-шарт аумағында өндірілген
мұнайды мердігер жүргізетін өлшеу
және салмақтау ережесіне 2-қосымша
Пайдаланудың негізгі талаптарынан ауытқыған және МКӨЖ өлшеу
құралдары тоқтап қалған кезде мұнайды есепке алу тәртібі
МКӨЖ___200 ж."____"_____________ ____________сағатта жұмысқа қосылды
Тапсырушы тарап кәсіпорынның өкілі
____________________________________________________________________
Т.А.Ә
1. МКӨЖ құрамына кіретін өлшеу құралдары мен жабдықтары ажыратылған немесе тоқтап қалған кезде мұнайды есепке алу тәртібі төмендегі кестеде келтірілген:
Р/с № | Ажыратылу мен тоқтап қалуға ұшыраған өлшеу құралдары мен жабдықтар | Резервтік өлшеу құралдары мен жабдықтары бойынша мұнайды есепке алу | Жекелеген элементтерді бір мезгілде жөндей отырып (алмастырумен) МКӨЖ бойынша мұнайды есепке алу | Мұнайды резервтік схема бойынша есепке алу |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. | ШТ | + | | |
2. | Сүзгілер | + | | |
3. | Ағыстүзеткіштер | + | | |
4. | Ысырмалар (электр жетекті ысырмалар, электр жетекті шарлы крандар) | + | | |
5. | Манометрлер | | + | |
6. | Қысым реттеуіш | | + (талап етілетін қысымды қолдан реттеу мүмкіндігі кезінде) | |
7. | Шығыс реттеуіш | | + | |
8. | Қысым түрлендіргіштер | | + | |
9. | Температураны түрлендіргіштер | | + | |
10. | БИК | | | |
11. | Ағындық ТТ | + | + | |
12. | Ағындық тұтқырлық түрлендіргіштер | + | + | |
13. | Ағынды ылғал мөлшерін түрлендіргіш | | + | |
14. | Ағынды тұз мөлшерін түрлендіргіш | | + | |
15. | Ағынды күкірт мөлшерін түрлендіргіш | | + | |
16. | Қысым түрлендіргіш | | + | |
17. | Термометрлер | | + | |
18. | Циркулярлы сорғылар | + | + | |
19. | Автомат сынама алғыш | | + | |
20. | Шығыстарды өлшеуіш | | + | |
21. | Газданушылықты бақылау қондырғысы | | + | |
22. | АӨҚ | + (резервтің болуы кезінде) | + (ШТ қайталама аспаптары немесе электр механикалық есептеуіштер- дің болу кезінде) | + (ШТ резервтік және қайталама аспаптар болмаған кезде) |
23. | ШТ-ның қайталама аспаптары | + | | |
24. | Жинақтаушы аспап | | + | |
25. | Шығыс және тұтқырлық бойынша ТПР-дың түрлендіру коэффициентін түзету жөніндегі қондырғы | | + | |
Ескертпе:
1. Осы кестеде көрсетілген тоқтап қалуға қосымша резервтік сызыққа өтеу мына жағдайда жүзеге асады:
1) өлшеу сызықтарының біріккен орындарында мұнайдың жөнделмейтін паспортта көрсетілген мәннен көп артуы.
2. Резервтік ТТ болмаған кезде мұнайдың жалпы массасы мұнайдың тығыздығын ареометрмен немесе зертханалық тығыздық
___
өлшеуішпен немесе Кр коэффициентпен өлшеуді орындау әдістемесінің метрологиялық аттестациясы туралы куәлігінен алынған әдістің түзетілуі ескеріле отырып, тығыздықтың зертханалық талдауының нәтижелері бойынша анықталады.
3. Тұтқырлықтың резервтік түрлендіргіші болмаған кезде тұтқырлық зертханалық қылтүтіктіөлшеуішпен анықталады және нәтижесі АӨҚ-қа енгізіледі.
4. Мұнай есебінің резервтік схемасына өту мына жағдайда жүзеге асады:
1) жұмыс және резервтік сызықтарда немесе бірнеше жұмыс сызықтарында ШТ (сүзгілер немесе ағыстүзеткіштер) бір мезгілде тоқтап қалғанда, егер жұмыста қалған сызықтар арқылы шығыс ШТ-ның жұмыс диапазонының жол берілетін шектерінен асып кеткенде;
2) АӨҚ тоқтап қалғанда және ШТ-ның қайталама аспаптары болмағанда;
3) тұтқырлық бойынша ТПР түрлендіру коэффициентін түзету жөніндегі құрылғы болмағанда және АӨҚ тоқтап қалғанда ТПР тұтқырлық жөніндегі ТПР түрлендіргішінің коэффициентін түзете отырып, осы әдістің 14-тармағының 1) тармақшасында жоғары көрсетілгеннен тұтқырлық мәнінің ауытқуы;
4) МКӨЖ-дің шығуындағы қысым осы әдіс бойынша белгіленгеннен төмен болғанда және нормаланған мәнге дейін белгілеу мүмкін болмағанда;
5) еркін газдың болуын бақылау датчигінің жарамсыздығы;
6) қайта жаңартылуы және тапсырушы және қабылдаушы тараптардың келісімі бойынша МКӨЖ тоқтауымен байланысты қызмет көрсету жөніндегі жоспарлы жұмыстардың жүргізілуі;
7) электр энергиясының ажыратылуы (электрмен жабдықтаудың резерві болмаған кезде);
8) МКӨЖ құбыр жолында болатын ысырмалар арқылы мұнайдың ағып кетуінің болуы (немесе тоқтап қалуы);
9) МКӨЖ-ді пайдалану мүмкін болмайтын авариялық жағдайлар, (өрт және т.б.).
5. Қосымша өлшеу құралдарының болмауы мұнай есебінің резервтік схемасына өту себебі болып табылмайды.
6. Жұмыс істеп тұрған өлшеу сызықтарының бірі тоқтап қалған кезде мұнай ағынын резервтік өлшеу сызығына ауыстырып қосады, жұмыс істеуші сызықты жабады, мұнайды бөлшектейді, жабық ысырмалардың саңлаусыздығын тексереді. МКӨЖ өлшеу құралдарының көрсеткіштері тіркеу журналына жарамсызын ажырату уақытын және резервтік сызықтың қосылу уақытын жазады.
7. Егер жұмыстық өлшеу сызығының істен шығуы мен резервтегіге көшудің арасында үзіліс болса, онда осы уақыт аралығындағы, сондай-ақ көшу кезеңіндегі мұнайдың мөлшерін ағынның (қысымның, температураның) нақты параметрлеріне, жұмыс істейтін сорғы агрегаттарының санына, сондай-ақ алдыңғы тәулікте мұнай тығыздығының өзгермеуіне қарап есептеу арқылы анықтайды.
8. Өлшеу сызықтарында орнатылған қысым мен температураның түрленгіштері істен шыққанда қысым мен температураны манометрлер мен термометрлердің көмегімен өлшейді және өлшеу нәтижелері АӨҚ-қа қолмен енгізіледі.
9. Мұнайды есепке алудың резервтік схемасына көшу тәртібі (резервтік МКӨЖ немесе мұнай көлемін резервуарлар бойынша анықтау).
10. Есептеудің резервтік схемасына көшу туралы шешімді тапсырушы және қабылдаушы тараптар кәсіпорындарының өкілдері қабылдайды да, ол туралы тапсырушы және қабылдаушы тараптар кәсіпорындарының жоғары тұрған ұйымдарын, сондай-ақ МКӨЖ-ге техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын мердігер ұйымды бір тәуліктен аспайтын мерзімде хабардар етеді.
11. МКӨЖ өлшеу құралдарының көрсеткіштерін тіркеу журналында ағыту уақыты, АӨҚ (тіркеу бланкасындағы өлшеулер нәтижелері), МКӨЖ көрсеткіштері жазылады, автоматты сынама алғышпен алынған мұнай сынамасының зертханалық талдамасы жүргізіледі, және мұнайды қабылдау-тапсырудың алдыңғы актісі жасалған сәттен бастап МКӨЖ-ді ағытқан сәтке дейінгі кезеңдегі қабылдау-тапсыру актісін ресімдейді.
12. МКӨЖ-ді жұмысқа қосқанға дейін мұнайдың мөлшерін әр МКӨЖ үшін тапсырушы және қабылдаушы тараптардың кәсіпорындарымен келісілген және "МКӨЖ пайдалану жөніндегі нұсқаулықта" келтірілген резервтік схема бойынша анықтайды.
13. МКӨЖ-ді ағытқан кездері төменде келтірілген нысанда үш дана акт жасалады.
14. Актілер бір-бір данадан тапсырушы және қабылдаушы тараптардың кәсіпорындарында және МКӨЖ-ге техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын мердігер ұйымда 12 ай бойы сақталады.
15. Негізгі және резервтік есептеу схемалары істен шыққан жағдайда мұнайды қабылдау мен тапсыру тараптардың келісімімен регламенттелген тәсілмен жүзеге асырылуы тиіс.
16. Таңбалар немесе пломбылар бүлінген жағдайда мұнай мөлшерін анықтау тәртібі.
17. Әр ауысымды тапсыру мен қабылдау кезінде қабылдаушы-тапсырушы тараптардың жауапты өкілдері таңбалар мен пломбылардың сақталуын тексеруі, сондай-ақ журналда тиісті белгі қоюы тиіс.
18. Таңбалардың немесе пломбылардың бүлінгенін байқаған жағдайда қабылдаушы-тапсырушы тараптардың жауапты өкілдері ол туралы қабылдаушы және тапсырушы тараптардың диспетчерлік қызметтеріне білдіреді.
19. Сенім таңбаларының бүлінуі байқалған жағдайда ШТ-ларда, сапа аспаптары мен АӨҚ-тарда метрологиялық сипаттамаларды бақылау жүргізіледі.
20. Бақылаудың оң нәтижелері алынған жағдайда қабылдаушы-тапсырушы тараптардың өкілдері есептеу операцияларын жүргізудің мүмкіндігі туралы комиссиялық шешім қабылдайды және кезектен тыс тексеріс жүргізу үшін сенімгерді шақырады.
Келісім-шарт аумағында өндірілген
мұнайды мердігер жүргізетін өлшеу
және салмақтау ережесіне 3-қосымша
МКӨЖ өлшеу құралдары көрсеткіштерін тіркеу журналының нысаны
МКӨЖ № _____________________________________________________________
____________________________________________________________________
бірлестік, МГБД, РНУ, НПЗ
Кәсіпорын (иесі) ___________________________________________________