«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 26 қазандағы
№ 1072 қаулысына өзгеріс енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 мамырдағы № 481 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Қазақстан Республикасының сот сараптамасы жүйесін дамыту тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 26 қазандағы № 1072 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының сот сараптамасы жүйесін дамыту тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарында:
«Сот сараптамасы қызметін ғылыми және әдістемелік қамтамасыз етуді жетілдіру» деген 3-бөлімде:
реттік нөмірі 1-жолдың «Аяқталу нысаны» деген 3-бағанында «Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы» деген сөздер «мүдделі мемлекеттік органдардың бірлескен бұйрығы» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |