«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2002 жылғы 25 қыркүйектегі
№ 1051 қаулысына өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 мамырдағы № 459 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 29 сәуірдегі № 598 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Кейбір акционерлік қоғамдар - ұлттық компаниялардың директорлар кеңестерінің құрамдары туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 қыркүйектегі № 1051 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 32, 341-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
4-тармақта:
«Евниев Арман Қайратұлы - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі, төраға» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Айтжанов Дулат Нулиұлы - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі, төраға»;
«Исаев Батырхан Арысбекұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Ермекова Несіпбала Әбсағитқызы - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Салалық органдардың шығыстарын жоспарлау департаментінің директоры»;
«Комаров Геннадий Григорьевич - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының орынбасары» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Кадюков Николай Викторович - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының орынбасары».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |