«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2002 жылғы 25 қыркүйектегі
№ 1051 қаулысына өзгеріс енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 мамырдағы № 472 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 29 сәуірдегі № 598 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Кейбір акционерлік қоғамдар - ұлттық компаниялардың директорлар кеңестерінің құрамдары туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 қыркүйектегі № 1051 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 32, 341-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
8-тармақта:
«Байжанов Ерлан Сапарұлы - Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және спорт бірінші вице-министрі, төраға» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Бабақұмаров Ержан Жалбақұлы - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі, төраға».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi | Д. Ахметов |