3. Қазақстан Республикасының әскерге шақырылушыларын
есепке алу
34. ЖӘБО жоқ ауылдық жерлерде, қалалар мен кенттерде тұратын әскерге шақырылушыларды есепке алу азаматтардың тізімі бойынша жүргізіледі. Ұйымдарда әскерге шақырылушыларды есепке алу осы Ережеге 14-қосымшаға сәйкес жеке карточка (№ Т-2) (бұдан әрі - жеке карточка) бойынша жүргізіледі. Есепке алудың бұл түрі осы ұйымда жұмыс істейтін шақырылушылар санын айқындау, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына әскерге шақырылатындарды уақтылы ауыстыруды дайындау жөніндегі іс-шараларды әзірлеу, әскерге шақырылушылардың осы Ережені сақтауын бақылауды жүзеге асыру және жастарды әскери қызметке даярлауға ЖӘБО-ға (қаланың, ауданның) жан-жақты көмек көрсету мен әскери есепке алуды жүргізу мақсатында жүргізіледі.
35. ЖӘБО (қаланың, ауданның):
1) «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының және осы Ереженің талаптарына қатаң сәйкестікте әскерге шақырылушыларды дербес есепке алуды жүргізеді, әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды және жаңа тұрғылықты жерге кеткен кезде оларды есептен шығаруды уақтылы ресімдейді;
2) әскерге шақырылушылардың жеке істері мен бақса да әскери-есептік құжаттарына отбасы жағдайының, білімінің, мамандығының, жұмыс орнының, тұрғылықты мекен-жайының өзгергені туралы мәліметтерді енгізеді;
3) мерзімді әскери қызмет кейінге қалдырылған әскерге шақырылушыларды есепке алуды жүргізеді және оларды кейінге қалдырудың заңдылығын бақылауды жүзеге асырады;
4) әскери-есептік жұмысты орындайтын адамдармен нұсқаулық-әдістемелік сабақтар өткізеді;
5) кемінде жылына бір рет әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу құқығы жүктелген ұйымдарда әскерге шақырылушыларды есепке алудың жай-күйін тексереді, олардың есептік деректерін ЖӘБО-ның (қаланың, ауданның) әскери есепке алу деректерімен салыстырады (әрбір әскерге шақыру алдында);
6) әкімдерге (қаланың, ауданның) әскерге шақырылушыларды әскери есепке алудың жай-күйі туралы ақпарат береді және қажет болған кезде бұл мәселені аудан (қала) әкімінің қарауына шығарады.
36. ЖӘБО-да (қаланың, ауданның) әскери есепке алу есептік-алфавиттік кітаптар бойынша жүргізіледі, оған тіркелуге тиіс емес адамдарды қоспағанда, әскери қызметке жарамдылық дәрежесіне қарамастан, әскерге шақыру учаскесіне есепке алуға арналған тізімдерге қосылған барлық азаматтар енгізіледі.
Есептік-алфавиттік кітаптар және жеке істердің болуы әскерге шақырылушылардың санын және олардың қозғалысын (кетуі, келуі) қамтуға тиіс. Есептік-алфавиттік кітаптардағы және әскерге шақырылушылардың жеке істеріндегі барлық жазбалар мен белгілердің тіркеу жөніндегі және әскерге шақыру комиссияларының тиісті шешімдеріне, жазылған жазбалар мен белгілердің заңдылығы мен негіздемесін растайтын басқа да ресми құжаттарға сілтемесі болуға тиіс. Есептік-алфавиттік кітаптарда және әскерге шақырылушылардың жеке істерінде өшірулер мен ескертілмеген түзетулерге жол берілмейді. Есептік-алфавиттік кітаптардағы түзетулерге ЖӘБО-ның (қаланың, ауданның) бастығы қол қояды және елтаңбалық мөрмен куәландырылады. Әскерге шақырылушылардың жеке істерінде түзетулер қызыл сиямен жүргізіледі, ЖӘБО-ның (қаланың, ауданның) лауазымды адамының қолымен және елтаңбалық мөрмен куәландырылады. Әскерге шақыру ресурстарының болуын есепке алу және олардың қозғалысын бақылау үшін ЖӘБО-да (қаланың, ауданның) осы Ережеге 15-қосымшаға сәйкес есепке алу журналы (бұдан әрі - есепке алу журналы) жүргізіледі, онда әрбір күні әскерге шақыру ресурстарының құрамында болған өзгерістер көрсетіледі. Әскерге шақырылушыларды есепке алудың дұрыстығы, есептік құжаттамаларды жүргізудің толықтығы мен сапасы және оның сақталуы үшін ЖӘБО-ның (қаланың, ауданның) лауазымды (жауапты) адамы жауапты болады.
37. ЖӘБО-да (қаланың, ауданның) әскерге шақырылушылардың барлық жеке істері мынадай жүйелілікпен картотекаларға бөлінеді:
1) ағымдағы жылы әскерге шақыру учаскесіне тіркелгендер (ЖӘБО-да (қаланың, ауданның) алфавит бойынша және селолық округтер бойынша);
2) мерзімді әскери қызметке әскерге шақырылуға жататындар, сәуір-маусымда және қазан-желтоқсанда бөлек (ЖӘБО-да (қаланың, ауданның) және селолық округтерде алфавит бойынша);
3) шақыру кейінге қалдырылатын құқығы барлар (картотека кейінге қалдырудың сипаты бойынша жасалуға тиіс: «отбасы жағдайы бойынша», «оқу орындарында білімін жалғастыру үшін», «денсаулық жағдайы бойынша», «басқа да себептер бойынша»);
4) емделуге мұқтаждар;
5) денсаулық жағдайы бойынша бейбіт уақытта жарамсыз және тіркеу кезінде әскери есептен шығарумен жарамсыз деп танылғандар;
6) әскери оқу орындарына түсуге кандидаттар;
7) жеке істеріне әлі сұрау салынбаған, жаңа тұрғылықты жерге көшуіне байланысты әскери есептен шығарғандар (бір айға дейінгі мерзімге және бөлек - бір айдан артық);
8) сотталғандар.
Жоғарыда көрсетілген картотекалардың әрқайсысындағы жеке істер алфавит бойынша қатаң бөлінеді.
38. Тұрақты немесе 3 айдан артық мерзімге уақытша тұруға келген әскерге шақырылушылар жеті күн мерзімде әскери есепке қою үшін ЖӘБО-ға (қаланың, ауданның) жеке өзі келуге міндетті.
39. ЖӘБО (қаланың, ауданның) әскерге шақырылушылардың әскери есебіне азаматтардың мынадай санаттарын қабылдайды:
1) белгіленген мерзімде әскерге шақыру учаскелеріне тіркелген;
2) тұрғылықты жерін ауыстырған кезде аудан аумағына басқа ЖӘБО-дан (қаланың, ауданның) келген;
3) түзеу мекемелерінде жазасын өтеген.
40. Басқа аудандардан келген әскерге шақырылушыларды әскери есепке қабылдау мынадай тәртіппен жүргізіледі:
1) есептік-алфавиттік кітапқа әскерге шақырылушы туралы деректер жазылады;
2) Ережеге 16-қосымшаға сәйкес алфавиттік карточканың (бұдан әрі - алфавиттік карточкалар) 2 данасы толтырылады, олардың біреуі жеке істі алғанға дейін жеке папкада сақталады, ал екіншісі үш күн мерзімнен кешіктірілмей оның жеке ісін жіберу туралы өтініш жасаумен әскерге шақырылушының бұрынғы әскери есепке алынған орны бойынша ЖӘБО-ның (қаланың, ауданның) бастығына жіберіледі;
3) әскерге шақырылушылардың жеке істерін алғанға дейін олар ЖӘБО-да (қаланың, ауданның) сақталатын алфавиттік карточкалар бойынша ескеріледі және есеп беру кезінде бұл адамдар әскери есепте тұрған әскерге шақырылушылар қатарына жатқызылады;
4) тіркеу туралы куәлікке әскерге шақырылушыны әскери есепке алу/есептен шығару туралы мөртаңба қойылады;
5) ЖӘБО (қаланың, ауданның) жоқ елді мекендерде тұратын әскерге шақырылушылар әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылардың әскери есебіне қою үшін ауылдық (селолық) округтердің әкімдіктеріне келуге тиіс;
6) әскерге шақырылушының жеке ісі келген кезде есептік-алфавиттік кітапқа және есеп картасына тиісті белгі қойылады.
Алынған жеке іс тексерілгеннен кейін тиісті картотекаға салынады. Алфавиттік карточка жойылады.
41. Түзеу мекемелерінде жазасын өтеген әскерге шақыру жасындағы азаматтарды әскери есепке алу түзеу мекемелерінде жазасын өтегені туралы анықтаманың көшірмесімен қоса, ЖӘБО (қаланың, ауданның) бастығының атына жазылатын жазбаша өтініш негізінде жүргізіледі.
Егер жазасын өтеу орнынан босатылған адамдар, олар жазасын өтегеннен кейін келген ЖӘБО-да (қаланың, ауданның) бұдан бұрын әскери есепте тұрған болса, олардың жеке істері қалпына келтіріледі. Бұрын басқа ЖӘБО-да (қаланың, ауданның) әскери есепте тұрған адамдарға осы ЖӘБО-дан (қаланың, ауданның) олардың жеке істері сұратып алынады, ал сотталғанға дейін әскери есепте тұрмаған адамдарға жеке істері мен басқа да құжаттар белгіленген тәртіппен ресімделеді.
42. «Бейбіт уақытта әскери қызметке жарамсыз, соғыс уақытында шектеулі түрде жарамды» деп танылған әскери міндеттілер бейбіт уақытта медициналық қайта куәландыруға жатпайды.
ҚР Үкіметінің 2011.02.08. № 900 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.27.08. № 971 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 43-тармақ өзгертілді
43. ЖӘБО (қаланың, ауданның) әскерге шақырылушылардың әскери есебінен азаматтардың мынадай санаттарын шығарады:
1) әскерге шақыру учаскесін ауыстырған кезде жаңа тұрғылықты жерге кететін;
2) әскери қызметке шақырылған және әскерге жіберілген;
3) әскери оқу орындарына курсант болып қабылданған;
4) әскерге шақыру комиссияларының шешімі бойынша әскери міндеттілер есебіне алынған және әскерге шақыру комиссиялары «әскери есептен шығара отырып әскери қызметке жарамсыз деп таныған;
5) азаматтық оқу орындарында әскери даярлықтан өткеннен және белгіленген емтихандарды тапсырғаннан кейін запастағы офицер және сержант әскери атағын алған;
6) еңбекпен түзеу мекемелерінде жазасын өтеу үшін сотталған;
7) қаза тапқан;
8) шетел азаматтығын алған;
9) Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өртке қарсы қызметінің, Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің (бұдан әрі - құқық қорғау органдары) арнайы есебіне алынған.
44. Әскери есептен шығару үшін әскерге шақырылушы ЖӘБО-ға (қаланың, ауданның) жеке өзі келуге және әскери есептен шығару себебі мен жаңа тұрғылықты жерінің нақты мекен-жайын көрсете отырып, жазбаша өтініш беруге тиіс.
45. Әскерге шақыру учаскесін ауыстыруға қаңтар-наурыз және шілде-қыркүйек кезеңінде жол беріледі. Басқа уақытта әскерге шақыру учаскесін ауыстыруға мынадай жағдайда ғана жол беріледі, егер шақырылушы:
әкімшілікпен басқа жерге жұмысқа ауыстырылса;
тұрғылықты жерін өзгертсе;
оқу орнына түскенде және білімін жалғастыру үшін кеткенде.
46. Әскерге шақырылушыларды әскери есептен шығаруды тек ЖӘБО-ның (қаланың, ауданның) бастығы немесе оны ауыстыратын адам жүзеге асырады. Жазбаша өтініштерде әскерге шақырылушыны әскери есептен шығарудың себебі міндетті түрде көрсетіледі.
47. ЖӘБО-да (қаланың, ауданның) әскерге шақырылушыларды әскери есептен шығару мынадай тәртіппен жүргізіледі:
әскерге шақырылушы әскери есептен шығару туралы жазбаша өтініш береді;
тіркеу туралы куәлікте мөртаңбамен әскерге шақырылушыны әскери есептен шығару туралы белгі қойылады;
жаңа тұрғылықты жері бойынша әскерге шақырылушының жеке ісін жіберу туралы ЖӘБО (қаланың, ауданның) бастығының сұрау салуы;
картотекадан әскерге шақырылушының жеке ісі алынады, әскерге шақырылушының есеп картасына кеткен күні мен жерінің мекен-жайын көрсете отырып, әскери есептен шығару туралы белгі қойылады, сұрау ЖӘБО-ның (қаланың, ауданның) тиісті ісіне тігіледі, ол бір жыл сақталады;
есептік-алфавиттік кітапта әскери есептен шығарылған күні, әскерге шақырылушының қай ауданға, қалаға немесе елді мекенге кеткені көрсетіледі, күні, шығыс нөмірі және ол жіберілген ЖӘБО (қаланың, ауданның) көрсетіліп, әскерге шақырылушының жеке ісін жіберу туралы белгі қойылады.
48. Егер бір ай мерзім ішінде әскерге шақырылушыларды әскери есептен шығарғаннан кейін тиісті ЖӘБО-дан (қаланың, ауданның) жаңа тұрғылықты жері бойынша олардың жеке істерін жіберу туралы сұрау түспеген болса, онда әскерге шақырылушыны әскери есептен алған ЖӘБО-ның (қаланың, ауданның) бастықтары олардың жеке істерін талап етудің кешігу себептерін нақтылауға тиіс.
49. Әскерге шақырылушылар әскери есептен шықпай кеткен немесе олар жаңа тұрғылықты жері бойынша әскери есепке тұру үшін келмеген кезде ЖӘБО-ның (қаланың, ауданның) бастықтары мұндай әскерге шақырылушыларды ата-анасы, ішкі істер органдары, оқу орындары және басқа да ұйымдар арқылы іздестіруге шұғыл шаралар қолданады.
50. Мерзімді әскери қызметке жіберілген әскерге шақырылушыларды әскери есептен шығару ЖӘБО-ның (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың) облыстық жиын пунктіне (бұдан әрі - ОЖП) жіберілген әскерге шақырылушылардың атаулы тізімдерінің екінші даналары негізінде ЖӘБО-да (қаланың, ауданның) жүргізіледі.
51. ОЖП-да толтырылатын атаулы тізімде әрбір әскерге шақырылушының тегі жазылған тұста жіберілген күні және команда (эшелон) нөмірі көрсетіледі. ЖӘБО-ға (қаланың, ауданның) қайтарылған әскерге шақырылушыларға қайтару себебі көрсетіледі. Әскерге шақырылушыларды жіберу және қайтару туралы белгіге ОЖП-ның бастығы қол қояды және ол ЖӘБО-ның (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың) елтаңбалық мөрімен куәландырылады. ЖӘБО-дан (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың) алынған атаулы тізімдер (2-ші даналары) ЖӘБО-да (қаланың, ауданның) қызметтік құжаттарды есепке алу журналы бойынша есепке алынады. Әрбір атаулы тізім дана нөмірі мен парақ санын көрсете отырып, жеке нөмірмен есепке алынады.
ЖӘБО (қаланың, ауданның) жұмысының кезектілігі:
1) ЖӘБО-дан (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың) алынған атаулы тізімдер негізінде әскерлерге жіберілген әскерге шақырылушылардың жеке істері іріктеліп алынады;
2) әскерге шақырылушының есеп картасында әскерге шақырылушыны әскери бөлімге жіберген күн, команданың нөмірі көрсетіледі (жазбаға ЖӘБО-ның (қаланың, ауданның) лауазымды адамы қол қояды);
3) есептік-алфавиттік кітапта (Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға шақыру туралы белгі) жіберілген күн және команда (эшелон) нөмірі көрсетіледі;
4) әскерлерге жіберілген әскерге шақырылушылардың жеке істері әскерге шақыру аяқталғаннан кейін мұрағатқа тапсырылады, онда әскерге шақырылушының есеп карталарымен бірге сақталады;
5) есептік-алфавиттік кітапта жеке істің сақталу орны туралы белгі қойылады.
52. Әскери-оқу орындарына қабылданған әскерге шақырылушыларды әскери есептен шығару әскери оқу орындары бастықтарының бұйрықтарынан көшірме-жазбалар негізінде мынадай тәртіппен жүргізіледі:
1) әскерге шақырылушының есеп картасында әскери оқу орнының атауын, қабылданған күнін, әскери оқу орны бастығының оқуға қабылдау туралы бұйрығының нөмірін көрсете отырып, жоғары оқу орнына қабылдау және жеке істің сақталу орны туралы жазба жазылады;
2) әскери оқу орындарына қабылданған әскерге шақырылушылардың жеке істері мұрағатқа тапсырылады;
3) әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу және есептен шығару жөніндегі іске ЖӘБО-ның (қаланың, ауданның) лауазымды адамының әскери есептен шығару туралы белгісімен бірге әскери оқу орындары бастықтарының бұйрықтарынан көшірме-жазбалар тігіледі.
53. Түзеу мекемелерінде жазасын өтеу үшін сотталған әскерге шақырылушыларды әскери есептен шығару сот органдарының жазбаша хабарламалары негізінде жүргізіледі. Соттар бір уақытта ЖӘБО-ға (қаланың, ауданның) сотталғандарды тіркеу туралы куәлікті жібереді.
ЖӘБО-ға (қаланың, ауданның) сотталғандығы туралы хабарлама түскен кезде картотекадан сотталған адамның жеке ісі алынады. Әскерге шақырылушының есеп картасына және есептік-алфавиттік кітапқа соттың атауын, шешім шығарылған күнді, Қылмыстық кодекстің баптарын және әскерге шақырылушыны жазалау мерзімін көрсете отырып, әскери есептен шығару туралы белгі қойылады. Үкімнің көшірмесі немесе сот органдарының хабарламасы әскерге шақырылушының жеке ісіне тігіледі, ол мұрағатқа тапсырылады және онда ол 27 жасқа толғанға дейін сақталады, одан кейін комиссия оны акті бойынша жояды.
Есептік-алфавиттік кітапқа жеке істің сақталу орны туралы белгі қойылады. Сотталған әскерге шақырылушыны тіркеу туралы куәлік белгіленген тәртіппен жойылады.
54. Қаза тапқан әскерге шақырылушыларды әскери есептен шығару АХАЖ органдарынан олардың қайтыс болғаны туралы алынған жазбаша хабарламалар негізінде жүргізіледі. Қайтыс болған күні мен жазбаны куәландыратын құжатты көрсете отырып, әскерге шақырылушының есеп картасына және есептік-алфавиттік кітапқа әскерге шақырылушылардың мұндай санаттарын әскери есептен шығару туралы жазба жазылады. Жеке іс мұрағатқа тапсырылады, онда бір жыл сақталады және белгіленген тәртіппен жойылады.
Қайтыс болғаны туралы хабарламада АХАЖ органдары қайтыс болған күнін және акт жазбасының нөмірін көрсетеді.
Есептік-алфавиттік кітапқа жеке істің сақталу орны туралы белгі қойылады.
ҚР Үкіметінің 2011.02.08. № 900 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.27.08. № 971 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 55-тармақ жаңа редакцияда
55. Әскерге шақырылушыларды әскери есептен шығару және оларды құқық қорғау органдарының арнайы есебіне алу осы мемлекеттік органдардың бұйрықтарынан алынған көшірме-жазба негізінде, ал Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі және Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) (бұдан әрі - ІІМ, ТЖМ және ЭСЖКА) арнайы оқу орындарының курсанттары мен тыңдаушыларын - оқу орындарының кадр органдарының бұйрықтарынан алынған үзінді негізінде жүргізіледі.
Әскерге шақырылушының есеп картасына және есептік-алфавиттік кітапқа белгіленген құқық қорғау органының бұйрығының күні мен нөмірін көрсете отырып, әскерге шақырылушыны әскери есептен шығару туралы белгі қойылады. Жеке іс мұрағатқа тапсырылады және олар 27 жасқа жеткенге дейін сақталады.
Есепке алу-алфавиттік кітапқа жеке істің сақталатын орны туралы белгі қойылады.
56. Оқу орындарының запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлықтан өткен студенттері әскерге шақырылушылардың әскери есебінен шығарылады және әскери есепке алу орны бойынша ЖӘБО-ның (қаланың, ауданның) запастағы офицерлер әскери есебіне беріледі.
Оларды запастағы офицерлердің әскери есебіне беруді ресімдеу мынадай тәртіппен жүргізіледі:
оқу орындары орналасқан жер бойынша ЖӘБО (қаланың, ауданның) әскери кафедралардан офицерлер құрамына аттестатталған студенттерге атаулы тізімдер мен есеп құжаттарының ұсынылуына қарай бес күн мерзімде тіркеу туралы куәлікке «Университетте (институтта) әскери даярлықтан өтті. Офицерлер құрамына аттестатталды» деген жазу жазады, ЖӘБО-ның (қаланың, ауданның) бастығы қол қояды және елтаңбалық мөрмен куәландырылады.
Студентке тіркеу туралы куәлігі қайтарылады және ол жеті күн мерзімде әскерге шақырылушылардың әскери есебінен шығару және запастағы офицерлердің әскери есебіне алуды (ауыстыруды) ресімдеу үшін әскери есепке алу орны бойынша ЖӘБО-ға (қаланың, ауданның) келуі қажет.
Офицерлер құрамының әскери атақтарын беру туралы белгісі бар аттестаттау парақтарын алған кезде студенттерге берілген әскери атақ бес күн мерзімде есеп құжаттарына жазылады.
Студенттерге офицерлер құрамының әскери атақтары берілгенге дейін олар ЖӘБО-да (қаланың, ауданның) әскери есепте тұрады, оларды басқа офицерлерден бөлек тіркеу туралы куәліктердегі жазба негізінде жасалған алфавиттік карталар бойынша есепке алады. Тіркеу туралы куәліктер студенттерде қалдырылады.
Студенттерге аттестаттау парақтары мен оларға офицерлер құрамының әскери атақтарын беру туралы белгісі бар есеп құжаттарын алған кезде ЖӘБО (қаланың, ауданның) оларды әскерге шақырылушылардың әскери есебінен шығарады, Ережеге 17-қосымшаға сәйкес запастағы офицерлердің әскери билеттерін (бұдан әрі - запастағы офицердің әскери билеті) толтырады және оларға тапсырады, ал бұрын берілген тіркеу туралы куәліктерді алады және белгіленген тәртіппен жояды. Студенттерге запастағы офицерлердің әскери билеттерін тапсырғаннан кейін олардың жеке істері мұрағатқа тапсырылады, ал қызметтік және алфавиттік карталары тиісті картотекаларға салынады.
57. Әскерге шақырылушыны әскерге шақырылушылар есебінен шығару үшін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің офицерлер атағын беру туралы бұйрығының нөмірі мен күні көрсетілген аттестаттау парағы негіз болып табылады.
Әскерге шақырылушыны әскери есептен шығару үшін әскерге шақырылушының есеп картасына және есептік-алфавиттік кітапқа жазба жазу қажет.
3апастағы офицерлер есебіне тапсырылған әскерге шақырылушылардың жеке істері әскерге шақыру туралы есеп жасалғаннан кейін ЖӘБО-ның (қаланың, ауданның) мұрағатында сақталады, жеке істің сақталу орны туралы белгі есептік-алфавиттік кітапқа енгізіледі.
58. Денсаулық жағдайы бойынша әскери міндеттілер есебіне берілген («бейбіт уақытта әскери қызметке жарамсыз, соғыс уақытында шектеулі түрде жарамды» және «әскери есептен шығарумен әскери қызметке жарамсыз» деп танылған) әскерге шақырылушыларды әскери есептен шығару облыстық әскерге шақыру комиссиясының шешімімен расталған аудандық (қалалық) әскерге шақыру комиссиясының шешімі негізінде жүргізіледі.
Әскерге шақырылушыны әскерге шақырылушылардың әскери есебінен шығару және оны әскери міндеттілер есебіне беру үшін аудандық әскерге шақыру комиссиясының хаттамалар кітабынан көшірме-жазба жасауды жүзеге асыру қажет және әскерге шақыру комиссиясының хаттамалар кітабымен және әскерге шақырылушының есеп картасымен бірге ЖӘБО-ның (қаланың, ауданның) бастығына қол қоюға ұсынылады.
Әскерге шақырылушының жеке ісі аудандық әскерге шақыру комиссиясының хаттамалар кітабының көшірме-жобасымен бірге әскери билет толтыру үшін ЖӘБО-ға (облыстың) тапсырылады.
Әскерге шақырылушы әскери билет алған кезде ЖӘБО (қаланың, ауданның) тіркеу туралы куәлікті алады, ол белгіленген тәртіппен жойылады.
Әскери билет беру туралы әскерге шақырылушының есеп картасына әскери билеттің сериясы мен нөмірін көрсете отырып белгі жасалады, ЖӘБО-ның (қаланың, ауданның) лауазымды адамы қол қояды және елтаңбалық мөрмен куәландырылады. Есеп картасы мұрағатқа сақтауға беріледі.
Әскерге шақырылушыны әскери есептен шығару туралы есептік-алфавиттік кітапқа тиісті белгі жасалады.
59. «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабында көзделген себептер бойынша бейбіт уақытта әскерге шақыру бойынша әскери қызметке шақырудан босатылған әскерге шақырылушыларды әскери есептен шығару үшін аудандық әскерге шақыру комиссиясының хаттамалар кітабынан көшірме-жазба жасау қажет және әскерге шақыру комиссиясының хаттамалар кітабымен және әскерге шақырылушының есеп картасымен бірге ЖӘБО-ның (қаланың, ауданның) бастығына қол қоюға ұсынылады.
Әскерге шақырылушының жеке ісі аудандық әскерге шақыру комиссиясының хаттамалар кітабының көшірме-жазбасымен әскери билет толтыру үшін ЖӘБО-ға (облыстың) беріледі.
Әскерге шақырылушы әскери билетті алған кезде ЖӘБО (қаланың, ауданның) тіркеу туралы куәлікті алады, ол белгіленген тәртіппен жойылады.
Әскери билет беру туралы әскерге шақырылушының есеп картасына әскери билеттің сериясы мен нөмірін көрсете отырып белгі қойылады, ЖӘБО-ның (қаланың, ауданның) лауазымды (жауапты) адамы қол қояды және елтаңбалық мөрмен куәландырылады. Есеп картасы мұрағатқа сақтауға беріледі.
Әскерге шақырылушыны әскери есептен шығару туралы есептік-алфавиттік кітапқа тиісті белгі жасалады.
60. Қабылданған шешімдердің заңдылығын растайтын құжаттар салынған аудандық (қалалық) әскерге шақыру комиссияларының шешімімен әскери міндеттілер есебіне берілген әскерге шақырылушылардың барлық есеп карталары алфавит бойынша салынады, жеке іс (көктемгі және күзгі шақыру үшін бөлек) ресімделеді, ол 10 жыл бойы жеке істерден бөлек сақталады.
4. Әскери есепке алуды жүзеге асыру тәртібi
61. Әскери есепке алынуға тиіс азаматтар:
1) өзімен бірге әскери билетін, әскери билет орнына берілген уақытша куәлігін немесе тіркеу туралы куәлігін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін және көлік құралын жүргізуге құқық беретін жүргізуші куәлігін (ол болған кезде) алып, шақыру (шақыру қағазы) бойынша белгіленген уақытта және жерге ЖӘБО-ға (қаланың, ауданның) немесе тұрғылықты жері бойынша әскери есепке алуды жүзеге асыратын өзге органға келуі;
2) әскери қызметтен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің запасына шығарылған кезде тұрғылықты жеріне келгеннен кейін жеті күн мерзімде ЖӘБО-ға (қаланың, ауданның) әскери есепке тұруы;
3) жеті күн мерзімде ЖӘБО-ға (қаланың, ауданның) немесе әскери есепке алуды жүзеге асыратын өзге органға жұмыс орнының немесе лауазымының, білімінің, аудан, қала шегінде тұрғылықты жерінің өзгергені туралы хабарлауы;
4) жаңа тұрғылықты жерге немесе уақытша тұратын жерге (3 айдан артық мерзімге) көшкен кезде әскери есептен шығуы және жаңа тұрғылықты жерге келгеннен кейін жеті күн мерзімде әскери есепке тұруы;