Айналыстағы қолма-қол ақша серпінін салыстырмалы талдау 2004 жылғы үрдіс 2002-2003 жылдары болғанын көрсетеді.
2004 жылы айналыстағы қолма-қол ақша көлемі 59%-ға немесе 140,8 млрд. теңгеге, ал 2003 жылы 47,5 пайызға және тиiсiнше 76,8 млрд. теңгеге ұлғайды.
2002-2004 жылдары айналыстағы ақшаның өсуiне шығыстардың ұлғаюы мен тұтастай экономиканың өсуi ықпал еттi.
2002-2004 жылдардағы түсімдер және екiншi деңгейдегі
банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге
асыратын ұйымдардың кассаларынан қолма-қол ақша беру
млрд.теңге
Банктердiң кассалары арқылы өтетiн қолма-қол ақша ағыны | 2002 жыл | 2003 жыл | 2004 жыл |
Кассаларға кiрiс | 1662,9 | 2279,1 | 3138,0 |
тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді өткізуден түсетiн | 563,2 | 744 | 959,7 |
коммуналдық төлемдерден түсетiн | 52,9 | 59,3 | 67,8 |
көлiк кәсіпорындарынан түсетiн | 31,8 | 31,5 | 41,6 |
байланыс кәсiпорындарынан түсетін | 32,6 | 45,7 | 60,9 |
қонақүй, ойын және шоу бизнесi кәсiпорындарынан түсетiн | 3,3 | 3,2 | 4,5 |
сақтандыру ұйымдарынан түсетiн | 0,6 | 2,3 | 2,4 |
шетел валютасын сатудан түсетін | 475,7 | 572,9 | 691 |
жеке тұлғалардың салымдары бойынша шоттарға түсетiн | 117 | 173,5 | 345,7 |
салықтар, алымдар және кедендiк төлемдер түсiмдерi | 41 | 51 | 74,7 |
қарыздарды өтеу | 19,2 | 31,5 | 52,8 |
банкоматтардан алынған | 54,4 | 62,3 | 90,5 |
өзге де түсiмдер | 271,2 | 501,8 | 746,4 |
Кассалардан беру | 1652,4 | 2339,1 | 3350,6 |
тауарларға, қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеуге | 398,7 | 543,6 | 728,7 |
еңбекке ақы төлеуге | 217,6 | 227,7 | 263,6 |
ауыл шаруашылығы өнiмдерiне ақы төлеуге | 103,6 | 120,1 | 88,3 |
көлiк пен байланыс кәсiпорындарына | 3,7 | 7,6 | 3,1 |
сақтандыру ұйымдарына | 0,5 | 0,6 | 0,5 |
шетел валютасын сатып алуға | 162,4 | 254,7 | 346,4 |
жеке тұлғалардың салымдары бойынша шоттардан | 209,6 | 290,6 | 517 |
жеке және заңды тұлғаларға қарыздардан | 6,6 | 13,1 | 33,1 |
зейнетақылар мен жәрдемақыларды төлеуге | 124,5 | 138,3 | 198,4 |
банкоматтарды нығайтуға | 214,1 | 320,8 | 459,5 |
өзге де берулер | 211,1 | 421,9 | 712,0 |
2003 жылмен салыстырғанда 2004 жылы Қазақстан Республикасының екiнші деңгейдегі банктерiнiң және есеп айырысу операцияларын жүзеге асыратын ұйымдарының қолма-қол ақша айналымы 40,4%-ға өсiп (2002 жылмен салыстырғанда екi есе дерлiк - 95,5%-ға өстi), шамамен 6483 млрд. теңгенi құрады.
Екiншi деңгейдегi банктердiң және есеп айырысу-касса операцияларын жүзеге асыратын ұйымдардың кассаларынан қолма-қол ақша беру көлемi 2004 жылы олардың кiрiсiнен 212,6 млрд. теңгеге асып түстi және 3350,6 млрд. теңгенi құрады, бұл 2003 жылдың деңгейiнен 43,2%-ға жоғары.
2004 жылы кассалардан қолма-қол ақша берудiң ең жоғарғы өсуi тауарларға, қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу бойынша байқалды, көрсетілген кезеңде олардың көлемi 728,7 млрд. теңгенi құрады, бұл 2003 жылдың деңгейiнен 34,1%-ға немесе 185,1 млрд. теңгеге жоғары. Осы бап бойынша шығыстардың осылай өсуi 2002 - 2003 жылдары байқалды (бұл бекіту шындыққа сәйкес келмейдi, өйткенi 2003 жылы өсу 36,3% немесе 144,9 млрд. теңгенi құрады, бұл 2004 жылдағы саннан ерекшеленедi, яғни оларға ұқсамайды).
Банкоматтарды нығайтуды ескере отырып жалақы беру көлемi шамамен 723 млрд. теңгенi (үлесi - 21,6%) құрады, қазiргі уақытта жалақы ағымдағы шот бойынша ғана емес, банкоматтардан да берiлетiнiне байланысты бұл сома екi бапты (кесте бойынша) бiрiктiру арқылы алынды. 2002-2004 жылдары бұл көрсеткiштiң өсуi байқалды, мысалы, 2003 жылмен салыстырғанда өткен 2004 жылы ол 31,8%-ға, ал 2002 жылмен салыстырғанда 2003 жылы 27,1%-ға ұлғайды.
Өткен 2004 жылы екiншi деңгейдегi банктердiң және есеп айырысу-касса операцияларын жүзеге асыратын ұйымдардың кассаларынан 198,4 млрд. теңге сомасына зейнетақылар мен жәрдемақылар төлендi, бұл есеп айырысу-касса бөлiмдері 2004 жылы берген барлық қолма-қол ақшаның шамамен 5,9%-ын құрады.
Берулердің жалпы өсiмiне банктер кассаларының қолма-қол ақша шығысы баптарының қатысу дәрежесiн есептеу мынадай нәтижелердi көрсеттi.
2003-2004 жылдары екiншi деңгейдегi банктер және банк
операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар
кассаларының шығыс бөлiгiнiң жалпы өсiмiне қолма-қол ақша
беру баптарының үлесi
Факторлар | 2003 жыл | 2004 жыл |
Барлық өсім | 141,6 | 143,2 |
тауарларға, қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеуге берудің өсімі | 8,8 | 7,9 |
банкоматтарды нығайтуды ескере отырып еңбекке ақы төлеуге берудiң және жеке тұлғалардың салымдары бойынша шоттардан берудің өсімі | 12 | 17,1 |
шетелдік валютаны сатып алуға берудiң өсiмі | 5,6 | 3,9 |
зейнетақылар мен жәрдемақыларды төлеуге берудiң өсiмі | 0,8 | 2,6 |
жеке және заңды тұлғаларға қарыз берудiң өсiмi | 0,4 | 0,9 |
ауыл шаруашылығы өнiмдерiне ақы төлеуге берудің өсiмi | 1 | -1,4 |
көлiк және байланыс кәсiпорындарына берудiң өсiмi | 0,2 | -0,2 |
сақтандыру ұйымдарына берудің өсiмi | 0,01 | -0,002 |
өзге де төлемдердiң өсiмi | 12,8 | 12,4 |
2004 жылы банктердің кассаларынан берілген қолма-қол ақшаның жиынтық шығыстарының 43,2% өсiмiнiң 17,1%-ы банкоматтарды нығайтуды ескере отырып, еңбекке ақы төлеуге берудiң және жеке тұлғалардың салымдары бойынша шоттардан берудiң өсуiмен негізделген.
Ұлттық Банктен тыс қолма-қол ақшаның өсуіне ықпал еткен басқа факторлар тауарлар мен қызметтерге ақы төлеуге берудiң өсуі (7,9%), шетелдік валютаны сатып алуға берудiң өсуi (3,9%), зейнетақылар мен жәрдемақыларды төлеуге берудiң өсуi (2,6%) болып табылады және 12,4%-i өзге төлемдерге келедi.
Қалған факторлар банктердің кассаларынан берiлген қолма-қол ақшаның өсуiне ықпал еткен жоқ, өйткенi, олардың көлемi өткен жылдардағыдай деңгейде болды және төмендедi.
2003 жылы банктердiң кассаларынан берілген қолма-қол ақшаның жиынтық шығыстарының 41,6% өсiмi 2004 жылы да орын алған факторлардың өсуi:
банкоматтарды нығайтуды және жеке тұлғалардың салымдары бойынша шоттардан берудi ескере отырып, еңбекке ақы төлеуге берудiң 12% өсуі;
тауарлар мен қызметтерге ақы төлеуге арналған шығыстардың 8,8% ұлғаюы;
шетелдiк валютаны сатып алуға берудiң 5,6% өсуі;
өзге төлемдердiң 12,8% өсуі;
ауыл шаруашылығы өнiмдерiне ақы төлеуге арналған шығыстардың 1% ұлғаюы;
зейнетақылар мен жәрдемақыларды төлеудің 0,8% өсуі салдарынан болды.
Жоғарыда келтiрілген есептердiң негiзiнде 2003-2004 жылдары екіншi деңгейдегі банктердiң және есеп айырысу операцияларын жүзеге асыратын ұйымдардың кассаларынан берiлген шығыстардың өсуі негізiнен, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлерi жалақысының, зейнетақылар мен басқа да әлеуметтiк төлемдердiң, сондай-ақ тұтастай кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң іскерлік белсендiлігінiң ұлғаюы нәтижесiнде болғандығын атап өту қажет.
Қазiргі жағдайларда Қазақстанда экономикалық қызмет субъектілерiне төлем құралдарын кеңiнен ауқымын таңдауға мүмкiндiк беріледі. Олардың орындалу мерзiмдерi, банк қызметтерінің құны жағынан және нақты шаруашылық операцияларын ескере отырып өздерiнiң сұраныстарына барынша сай келетiн құралды таңдау мүмкіндігі бap. Тұтастай алғанда, республикада түрлi төлем құралдарын пайдаланудың жыл сайын ұлғайып бара жатқаны байқалады.
Дегенмен, тұтыну мәмілелері саласындағы қолма-қол емес есеп айырысулардың жай-күйін талдау оның даму деңгейi әлемдiк көpсеткiштерден әлдеқайда төмен екендiгін көрсетті. Осы салада қолма-қол төлем нысандары кеңінен қолданылатыны байқалып отыр. Бөлшек сауда айналымының жалпы көлеміндегі қолма-қол емес есеп айырысулардың үлес салмағының төмен болуы (3%-дан аспайды) осы саладағы төлемдердiң негiзгi массасы банк жүйесiнен тыс жүзеге асырылатын жағдайға әкеп тiрейдi, бұл ақша айналысын басқару проблемасын күрделендiредi және көлеңкелi экономиканың өсуiне ықпал етедi.
Қолма-қол айналым үстем рыноктарда ақша ағынын iс жүзiнде қадағалау және бақылау мүмкiн емес.
Елдiң ақша массасындағы қолма-қол ақша үлесiнiң салыстырмалы түрде мол болуы (23%) негізiнен қолма-қол ақша арқылы қызмет көрсетiлетiн көлеңкелi экономика Қазақстанда таралып отырғанын айғақтайды. Екiншi жағынан, бұл көрсеткiштi Қазақстанда қолма-қол ақша айналымы басым бөлшек сауда айналымында төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалатын қолма-қол емес төлемдер әзiрге жете дами қоймағандығымен түсiндiруге болады.
Қазақстан Республикасында қолма-қол және қолма-қол емес ақша айналымының сандық арақатынасына көптеген факторлар, тiптi халық менталитетiнiң ерекшелiктерi де әсер етедi. Бүгінде халық төлем карточкасына төлемдердi жүзеге асыру үшiн ыңғайлы төлем құралы ретiнде қарамайды және бұл құралдың мүмкiндiктерiн түсiнбейдi. Практика көрсеткендей, төлем карточкаларын ұстаушылар өздерiнiң карт-шоттарына жалақы (зейнетақы немесе басқа да аударымдар) есептелгеннен кейiн оны тез арада қолма-қол ақшаға айналдыруға тырысады. Сонымен қатар, Қазақстанда санаулы ғана сауда және сервис кәсiпорындары тауарлар мен қызметтерге қолма қол емес ақы төлеу үшiн төлем карточкаларын қабылдайды, оның үстiне олардың басым бөлiгін ауқатты клиенттерге бағдарланған iрi сауда ұйымдары құрайды. Республикада төлем карточкаларын қабылдаудың дамыған желісінiң болмауы оларды қызметтер мен бөлшек сауда саласында қолма-қол емес төлемдердi жүзеге асыру үшiн пайдалану мүмкiндiгiн бiршама шектейдi.
Дегенмен, Қазақстанда төлем карточкалары базасында төлем жүйелерiнiң дамуында бiрқатар оң үрдiстер байқалуда. Соңғы уақытта қолма-қол ақша алу жөніндегі операциялардың өсуiмен салыстырғанда қолма-қол емес төлемдердiң басып оза өсуi байқалып отыр. Мысалы, 2005 жылдың бiрiншi жарты жылдығында төлем карточкалары пайдаланылған қолма-қол емес төлемдер саны 29 млрд. теңге сомасына 2,4 млн. транзакцияны құрады, 2004 жылдың осындай кезеңiмен салыстырғанда тиiсiнше 3,2 есе және 3,1 есе өстi. 2005 жылдың бiрiншi жарты жылдығында қолма-қол ақша алу жөніндегі операциялар саны 351,6 млрд. теңге сомасына 20,4 млн. транзакцияны құрады, бұл ретте, 2004 жылдың бiрiншi жарты жылдығымен салыстырғанда өсу сан жағынан 30,1%-ды және сомасы жағынан 49%-ды құрады.
Бүгінгі таңда Республикада орта есеппен 5 адамға бiр төлем карточкасынан келедi. 2005 жылғы 1 шiлдедегi жағдай бойынша айналыста 276 млн. төлем карточкасы бар, ал төлем карточкаларын ұстаушылар саны 2,63 млн. адамды құрады.
2005 жылдың бiрiншi жарты жылдығында қазақстандық эмитенттердiң төлем карточкаларын пайдалану арқылы жүргізiлген транзакцияларының көлемi 380,6 млрд. теңгенi құрады.
Сондай-ақ, қызмет көрсетiлетін төлем карточкалары желісінiң одан әрi кеңеюi байқалып отыр. 2005 жылғы 1 шiлдедегi жағдай бойынша Қазақстанда ақы төлеуге төлем карточкаларын қабылдайтын 2387 сауда кәсіпорны жұмыс iстейді. Бұл ретте, 2005 жылғы 1 шiлдедегі жағдай бойынша банкоматтар саны 1432 бiрлiктi, сауда терминалдарының саны 5152 бiрлiкті ал импринтерлер саны 1414 бiрлiктi құрады.
Әлемдiк үрдістерді ескере отырып, түрлi инновациялық төлем құралдарын енгізу перспективаларын нақты бағалай келiп, төлем карточкаларын төлем құралы ретiнде пайдалануды одан әрі кеңейту есебінен бөлшек сауда айналымындағы қолма-қол емес төлемдер үлесiн ұлғайтуда маңызды iлгерiлеудi қамтамасыз етуге болады деген тұжырым жасауға болады.
§ 3. Қорытындылар
Экономикалық өсудiң жоғарғы қарқыны экономиканың формальды емес секторындағы iстердiң жай-күйін айтарлықтай жақсартты деуге болады, бiрақ көлеңкеге кетуге түрткi болатын себептер әлі де бар.
Себептердi ранжирлеу және Қазақстан Республикасында көлеңкелi экономиканы қысқарту жөніндегі жұмыстың басым бағыттарын тұжырымдау мақсатында көлеңкелі экономиканы ынталандырушы себептердiң әр блогының рейтингі айқындалды (10 баллдық жүйе бойынша, бұл ретте 10 балл неғұрлым өткiр, ал 0 балл мардымсыз себептердi көрсетедi).
Көлеңкелi экономиканы ынталандырушы себептер блоктары және
олардың маңыздылық рейтингтерi
Себептер блогының атауы | Себептер маңыздылы- ғының рейтингi |
Экономика дамуының және халықтың әл-ауқатының төмен деңгейi | 9 |
Бизнестi ашу және жүргiзу рәсiмдерiнiң реттелмелiгi, бұл сыбайлас жемқорлықты туындатады | 8 |
Мемлекеттік органдар арасында ақпарат алмасу арқылы көлеңкелі экономика мөлшерiн бағалау әдістерінің жетiлмеуi | 7 |
Әкiмшiлендiру және экономикалық қылмысқа қарсы күрес органдарының материалдық-техникалық базасының жеткiлiктi дамымауы | 6 |
Кiрiстің мемлекет пен қалған экономика арасында бөлiнуiн регламенттейтiн заңнаманың жетілмеуі, сондай-ақ жоғары кедендік тарифтер | 5 |
Қолма-қол есеп айырысу нысанының басым болуы және төлем карточкаларын қабылдау желiсін дамытудың төменгі деңгейi | 4 |
Осылайша, қазақстандық экономиканың соңғы төрт жылдағы дамуының жоғары қарқынына қарамастан, Қазақстан Республикасы Yкіметінiң оның ауқымын қысқарту жөніндегі 2010 жылға дейінгі жұмысының басты бағыты:
экономикалық дамудың жоғары қарқыны және халықтың әл-ауқатын арттыру үшiн жағдайлар жасау;
әкiмшiлiк басқару жүйесін жетiлдiру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес;
көлеңкелі экономика мөлшерiн бағалау әдiстерiн жетiлдiру және мемлекеттік органдардың осы проблема бойынша ақпарат алмасу саласында өзара іс-қимыл жасауы;
салықтар мен төлемдер жинау, экономикадағы құқық бұзушылықтарға қарсы күрес мәселелерiмен айналысатын органдардың материалдық базасын одан әрі нығайту;
банк карточкалары арқылы тауарлар мен қызметтер үшiн электронды есеп айырысу жүйесiн одан әрi жаппай енгізу және қолма-қол ақшасыз айналым жүйесiнде жеке және заңды тұлғалар үшiн тартымды жағдайлар жасау болуға тиiс.
Осымен бір мезгiлде кiрiстерді мемлекет пен қалған экономика арасында бөлу тетiктерi жетілдiрiлуге тиiс.
6. Көлеңкелі экономика мөлшерін қысқартудың мақсаты мен мiндеттерi
Бағдарламаның 2010 жылға дейiнгі кезеңге арналған негiзгі мақсаты кәсіпорындар мен жеке тұлғалардың қаржы-шаруашылық қызметiн мемлекеттік реттеу мен бақылаудың экономикалық, заңнамалық және әкiмшiлiк әдiстерiн жетiлдiру жолымен экономиканың көлеңкеге кету себептерiн азайту жөнiнде жағдайлар жасау және елдегi бақыланбайтын экономиканың мөлшерiн қысқарту болып табылады.
Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшiн мынадай міндеттерді шешу көзделiп отыр:
экономикалық өсудің жоғары қарқынын қамтамасыз ету және халықтың әл-ауқатын арттыру;
кәсiпкерлiкті дамыту жолындағы негізсiз кедергiлердi алып тастауға және сыбайлас жемқорлықты қысқартуға бағытталған әкімшілік реформа жүргізу;
мемлекеттік органдар арасында ақпарат алмасу жолымен көлеңкелі экономиканың мөлшерiн бағалау әдістерiн жетiлдiрудi қамтамасыз ету;
бюджетке салықтар мен төлемдердi жинаумен, экономикалық қылмыстарды ашумен айналысатын органдардың материалдық-техникалық қамтамасыз етілу деңгейiн көтеру;
кiрiстердi мемлекет пен қалған экономика арасында бөлу жүйесін жетілдiру жөніндегi жұмысты жалғастыру;
экономиканың қолма-қол ақы төлеу нысаны басым салаларында көлеңкелі айналымды қысқарту және өзара есеп айырысудың өркениеттi нысандарына көшу.
7. Мемлекеттік саясаттың көлеңкелi экономиканың
мөлшерiн қысқартуды қамтамасыз ететін мiндеттердi
шешу жөніндегі негiзгi бағыттары
§ 1. Экономиканың даму деңгейiн және халықтың
әл-ауқатын арттыру
Экономиканың дамуы деңгейі мен халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған ұзақ мерзiмдi кешендi экономикалық және әлеуметтiк саясат Қазақстанның 2030 жылға дейiнгі даму стратегиясы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 4 желтоқсандағы № 735 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейiнгі стратегиялық жоспары, Қазақстан Республикасы Президентінiң 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 16 мамырдағы № 1095 Жарлығымен бекітiлген Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторын игерудің мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 13 қыркүйектегi № 1438 Жарлығымен бекiтілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасы ?кіметінiң 2004 жылғы 30 қарашадағы № 1241 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында әлеуметтiк реформаларды одан әрі тереңдетудің 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы сияқты елдiң басты бағдарламалық құжаттарында айқындалған.
Бұл құжаттарды орындау Әлеуметтік-экономикалық дамудың және Фискалдық саясаттың орта мерзiмдi жоспарларын іске асыру шеңберiнде жүзеге асырылатын болады.
Әлеуметтiк-экономикалық дамудың орта мерзiмдi жоспарларының 2010 жылға дейiнгі кезеңге арналған негiзгi мiндеттері:
1) макроэкономикалық саясат саласында:
2004-2010 жылдары экономиканың кемінде 8% орташа жылдық даму қарқынын қамтамасыз ету;
халық кiрiстерiнiң жылына кемiнде 6% нақты өсуiн қамтамасыз ету;
орташа жылдық инфляция деңгейiн 10%-дан аспайтын деңгейде қамтамасыз ету;
теңгенің бәсекеге қабілетті нақты айырбас бағамын қамтамасыз ету;
елдің төлем теңгерімінің тұрақтылығын қамтамасыз ету;
негiзгi капиталдың жалпы жинақтау нормасын 30%-дан аспайтын деңгейде қамтамасыз ету.
2) экономиканың бәсекеге қабiлеттілiгiн арттыру саласында:
еңбек өнiмдiлігін өсiру және материалдар мен энергияның үлес шығыстарын азайту есебiнен тауарлар мен қызметтер өндiрiсiнiң көлемiн ұлғайту үшiн ынталандырушы жағдайлар жасау;
экономиканың өндiрiстiк құрылымын әртараптандыру үшiн ынталандырушы жағдайлар жасау;
инновацияларды дамыту есебiнен қазақстандық экономиканың бәсекелiк артықшылықтарын қамтамасыз ету;
жалақының өсуiмен салыстырғанда еңбек өнiмдiлігінiң басып озуын қамтамасыз ету;
ауылдық кредиттік серiктестiктердi одан әрi дамыту жөніндегі жұмысты жалғастыру;
ауылдық жерлердегi өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымды, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өндiрiсiн ұйымдастыру нысандарын дамыту;
аутсорсингтi кеңiнен енгізу немесе өндiрiстік кооперацияны дамыту үшiн жағдайлар мен ынталандырулар жасау;
микрокредит беру жүйесiн дамыту болуға тиiс.
3) халықтың әл-ауқатын арттыру және әлеуметтiк саланы дамыту саласында:
кедейшiлiк коэффициентiн 16,1%-дан 2010 жылы 12%-ға дейiн қысқарту үшiн жағдайлар жасау;
2004 жылмен салыстырғанда зейнетақылар мен әлеуметтiк жәрдемақылардың орташа жылдық мөлшерiнің жылына кемiнде 4 % нақты өсуiн қамтамасыз ету;
ең төменгi жалақы мен базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң негізiнде айқындау;
еңбекке қабiлеттi халықтың үй шаруашылығы қызметi саласынан өндiрiстi ұйымдастырудың неғұрлым жоғарғы нысанына көшуi үшiн ынталандырушы жағдайлар жасау;
халықты өндiрiстiк кооперативтерге, серiктестiктерге, шаруа қожалықтарына, қызметтер көрсету жөніндегі бюроға және т.б. бiрiктiру мақсатында оларға топтық микрокредиттер берудi қолдану саласын кеңейту;
кәсiби жұмысшы кадрларды экономиканың өскелең қажеттiлiктерiн қамтамасыз ететiн мөлшерде даярлау мен қайта даярлауды қамтамасыз ету, жұмыссыздарды бос жұмыс орындары туралы ақпаратпен қамтамасыз ету және оларға психологиялық қолдау көрсету үшiн жұмыспен қамту мәселелерi жөніндегі уәкiлетті органдардың жанынан кәсiптiк бағдар беру және қайта даярлау жөнiндегі жұмысты жандандыру.
Қазақстан Республикасының стратегиялық құжаттарында айқындалған міндеттерді шешу экономикалық өсу қарқынын сақтауға және ұлғайтуға, халықтың кiрiсiн және жұмыспен қамтылуын арттыруға, экономиканың бәсекеге қабiлеттiлiгiн көтерудi қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi, бұл елдегi көлеңкелi экономиканың мөлшерiн азайтуға оң әсерiн тигізедi.
Құрылыстағы көлеңкелi экономиканың мөлшерiн қысқарту жөніндегі негізгi бағыттар мыналар:
1) құрылыс стандарттарын және жол салу мен жол жабындыларын жөндеу жөніндегі стандарттарды (құрылыс жұмыстарының немесе оған жұмсалған шығындардың көлемiн шамадан тыс көбейту, негізсiз алшақтықтарға жол беру) сақтамағаны үшiн құрылысшыларға және бақылаушы органдарға қатысты бақылау мен тәртiптi күшейту (материалдық және қылмыстық жауапкершiлiк жазалары түрiнде);
2) өңiрлер (құрылыс жүретiн жер) үшiн белгiленген түзету коэффициенттерiн ескере отырып, құрылыстың, еңбектi қажетсiнудiң, негізгi құрылыс материалдары шығысының сметалық құнының нормативтiк үлес көрсеткiштерiне сәйкес келетiн негiзгі техникалық-экономикалық көрсеткiштерi бар жобалар бойынша қуаты (сыйымдылығы, өткізу қабiлетi) аз мемлекеттік әлеуметтiк тұрғын үй, мемлекеттік жалпы білiм беру, денсаулық сақтау және халықтың бұқаралық дене тәрбиесi объектілерiн салуды жүзеге асыру;
3) өнеркәсiптік және азаматтық құрылыс объектiлерiнiң қауiпсiздiгi бойынша мемлекеттік қадағалауды күшейту.
Сауда саласы статистикалық қадағалаудан және салықтық әкiмшiлендiруден жасырылған өнiмдер мен кiрiстердi қолма-қол ақшаға айналдыру көзi болып табылады.
Еркiн бәсекелестiк жағдайларында елде сауданың әртүрлi нысандары бар: көшедегi; базардағы; ұсақ сауда орындары; мамандандырылған орташа дүкендер, супер- және гипермаркеттер. Көбiнесе, жасырылған экономика көшедегi ұсақ және бөлшек сауда жүйелерiнде көрiнiс бередi, өйткенi бұл құрылымдарды кiрiстердi "жасыру" үшiн пайдалану оңай.
"Қапшықтық сауда" жүйесi сауда саласындағы көлеңкелi экономика құрамының маңызды бөлiгін құрайды, ол жалған және контрафактiлiк өнiм өндiрудiң дәстүрлi түрде дамыған жүйесi бар елдерден сапасы күмән туғызатын тауарларды әкелу мен сатуды, сондай-ақ отандық осыған ұқсас өнiм өндiрушiлердiң өнiмдерiн сатуды қамтиды.
Сауда саласындағы көлеңкелi экономиканы азайту жөніндегі негiзгi бағыттар мыналар:
Қазақстан Республикасында арнайы бажсыз сауда аймағын құру, ол өндiрiлуi мен сапасы күмән туғызатын тауарлар үшiн шетелдiк сапарлар жасауды орынсыз еткен болар едi;
қоғамда танымал сауда белгiсi бар тауарларды сатудың бәсекеге қабiлетті отандық жүйесiн дамытуды ынталандыру;
тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі институтты нығайту.
§ 2. Экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесiн және
басқарудың әкiмшiлiк жүйесiн жетiлдiру
Қазiргі уақытта Қазақстан Республикасында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мемлекеттiң экономикалық негiзiн нығайту, шағын және орта кәсiпкерлiктi қолдау және сайып келгенде, мемлекеттік қауiпсiздiктi нығайту арнасында жүргізілiп отыр.
Алайда экономикалық қызметтiң жүзеге асырылуын мемлекеттік реттеу мәселесi негiзгі проблема болып табылады.
Салықтық әкімшiлендiруді жетілдiру
Көлеңкелi экономиканың мөлшерiн қысқарту жөніндегі жұмыстың жемiстi болуы көп жағдайда салықтық әкiмшiлендiрудi жетiлдiру жөніндегі шаралардың пәрмендiлiгiне байланысты болады. Бұл бағыттағы iс-шараларды iске асыруға арналған шығындар қаржылық жағынан өтелмейтiн болса да, оларды iске асыру қажет. Бұл жағдайда, халықтың жалпы тәртiптiлiгiнiң артуы ұзақ мерзiмдi перспективада көлеңкелi экономика мөлшерiн қысқартудың ұзақ мерзiмдi және ең тиiмдi тәсiлiне айналады.
Мыналар:
жеке тұлғалардың кiрiстерiн жаппай декларациялауға кезең-кезеңмен көшу;
салық төлеушiлермен жұмыс істейтін бiрыңғай орталықтар салу;
"Акциз" ақпараттық жүйесiн енгізу;
ақпараттық жүйелер арасында экспорт-импорт операцияларын бақылау жөніндегі электронды деректермен алмасуды қамтамасыз ету;
желiлiк маркетингпен айналысатын тұлғаларды салықтық әкiмшiлендiрудi күшейту;
салық есептiлігінiң нысандарын оңтайландыру жөніндегі жұмысты одан әрi жалғастыру салықтық әкiмшiлендiрудi жетiлдiру саласындағы негiзгi iс-шаралар болып табылады.
Кедендiк рәсiмдерден өту процесiн жетiлдiру саласында
Бұл үшiн:
республиканың кеден шекарасында кешендi бақылауды жүзеге асыруға қабiлетті бiрыңғай бақылау-өткізу пункттерiн салуды, кеден бекеттерi пункттерiн халықаралық талаптарға сәйкес қайта жаңғыртуды жүзеге асыру;
кедендiк төлемдердi жедел жүргiзу және оларды төлеу тәсiлдерiн оңайлату мақсатында тауарларды Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердiң шекаралары арқылы алып өту кезiнде микропроцессорлық пластикалық карталарды пайдалану;
тәуекелдердi (тәуекелдер көрсеткiштерi, оларды пайдалану өлшемдерi) бағалау шаралары жүйесiн негізге ала отырып, кедендiк бақылау стратегиясын әзiрлеумен "Электрондық кеден" ақпараттық жүйесiн әзiрлеу және енгізу;
кеден iсiн жетілдiру және кеден брокерiнiң қызметiн "қосарланған лицензиялауды" жою мақсатында кеден брокерiн лицензиялауды алып тастау;