19-бап. Дипломатиялық қызмет персоналының құқықтары мен мiндеттерi
1. Өзiнiң кәсiби функцияларын жүзеге асырған кезде дипломатиялық қызмет персоналының:
1) дипломатиялық қызмет органдарының қызметiн жақсарту жөнiнде ұсыныстар енгізуге;
2) шет елде болу кезеңiнде халықаралық құқық нормаларына сәйкес белгiленген артықшылықтар мен иммунитеттердi пайдалануға;
3) Қазақстан Республикасының азаматтарына Конституцияда және Қазақстан Республикасының заң актілерінде кепiлдiк берiлген өзге де құқықтар мен бостандықтарды пайдалануға құқығы бар.
Дипломатиялық қызмет қызметкерлерi мемлекеттiң сыртқы саясаты мәселелерi, Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастар саласындағы заңдарын жетiлдiру жөнiнде, оны Қазақстан Республикасының халықаралық-құқықтық мiндеттемелерiне сай келтiру жөнiнде ұсыныстар енгізуге де құқылы.
2. Дипломатиялық қызмет персоналы:
1) дипломатиялық қызмет атқаруға байланысты мiндеттердi адал орындауға;
2) болатын мемлекетiнiң заңдарын, дәстүрлерi мен әдет-ғұрпын құрметтеуге;
3) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәлiметтердi немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны, дипломатиялық қызмет аяқталғаннан кейiн де, жарияламауға;
4) өзiнiң кәсiби деңгейiн, біліктiлiгiн, жалпы саяси даярлығын арттыруға, мемлекеттік және шет тiлдердi бiлуiн жетiлдiруге;
5) Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген өзге де мiндеттердi орындауға мiндеттi.
20-бап. Дипломатиялық қызмет органдарында қызметте болуға байланысты шектеулер
Дипломатиялық қызмет персоналы үшiн Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы және мемлекеттік қызмет туралы заңдарында көзделген шектеулер қолданылады.
21-бап. Дипломатиялық қызмет персоналын көтермелеу
1. Қызмет бабындағы мiндеттерiн үлгiлi атқарғаны, орындаған тапсырмаларының жоғары сапасы, бастамашылдығы, шығармашылық белсендiлiгi, ұзақ әрi мiнсiз қызметi, ерекше маңызды және күрделi тапсырмаларды орындағаны үшiн және жұмыстағы басқа да жетiстiктерi үшiн дипломатиялық қызмет персоналы:
1) дипломаттық дәрежесiн мерзiмiнен бұрын өсiрумен;
2) бiржолғы ақшалай сыйақымен;
3) Сыртқы iстер министрлігінiң ұсынуымен Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн ведомстволық наградалармен;
4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген көтермелеу шараларының өзге де нысандарымен көтермеленуi мүмкiн.
2. Ерекше еңбек сiңiргенi үшiн дипломатиялық қызмет персоналы Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттауға ұсынылуы мүмкін.
22-бап. Дипломатиялық қызмет персоналының жауапкершiлiгi
1. Дипломатиялық қызмет персоналы өзiне жүктелген мiндеттердi бұзған жағдайда, Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жауапты болады.
2. Дипломатиялық қызмет персоналына мынадай тәртiптiк жазалар қолданылады:
1) ескерту;
2) сөгiс;
3) қатаң сөгiс;
4) дипломаттық дәреженi берудi бiр жылға дейiн кiдiрте тұру;
5) лауазымын немесе дипломаттық дәрежесiн төмендету;
6) дипломаттық дәрежесiнен айыру;
7) қызметке сәйкес еместiгi туралы ескерту;
8) жұмыстан босату.
3. Дипломатиялық қызмет персоналына тәртiптiк жаза қолдану Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
23-бап. Дипломатиялық қызмет персоналын керi шақырып алу
1. Шет елдердегi мекемелерде жұмыс iстейтiн дипломатиялық қызмет персоналы қызметтiк мiндеттерiн өрескел бұзған, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының немесе болатын елiнiң заң актілерінде белгiленген жауаптылыққа әкеп соғатын әрекеттер жасаған жағдайда оған тәртiптiк ықпал ету шараларын қолдануға қоса, ол Қазақстан Республикасына мерзiмiнен бұрын керi шақырып алынады.
2. Дипломатиялық қызмет персоналын мерзiмiнен бұрын керi шақырып алуға отбасы мүшелерiнiң дәл сондай әрекеттер жасауы да негiз болып табылады.
6-тарау. Дипломатиялық қызметті қамтамасыз ету,
дипломатиялық қызмет персоналына берілетін
кепілдіктер мен өтемдер, оларды материалдық
және әлеуметтік жағынан қамтамасыз ету
24-бап. Дипломатиялық қызметтi қаржылық және материалдық-шаруашылық жағынан қамтамасыз ету
1. Дипломатиялық қызметтi және оның органдарын қаржылық жағынан қамтамасыз ету бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
2. Дипломатиялық қызмет органдары консулдық iс-әрекеттер жасаған кезде жұмсайтын күтiлмеген шығыстар Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Консулдық жарғыда белгiленген тәртiппен өтелуге жатады.
3. Құрметті консул аппаратының қызметін және соған байланысты iс-шараларды қаржыландыру құрметтi консул бөлетiн қаражат есебiнен жүзеге асырылады.
4. Дипломатиялық қызмет органдары көлiкпен, қызметтiк үй-жайлармен, байланыс құралдарымен және басқа да қажеттi мүлiкпен қамтамасыз етiледi.
5. Дипломатиялық қызмет органдарының Қазақстан Республикасының аумағы мен шет елдегi жылжымайтын және өзге мүлiктi иелену, пайдалану және оларға билiк ету тәртібі Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес белгiленедi.
25-бап. Дипломатиялық қызмет персоналына берiлетiн кепiлдiктер мен өтемдер
1. Дипломатиялық қызмет персоналы мен отбасы мүшелерiн материалдық және әлеуметтiк жағынан қамтамасыз ету атқаратын қызметiнiң қиындығы, оған байланысты қауiп-қатер, сондай-ақ шет мемлекеттiң өзiндiк ерекшелiктерi ескерiле отырып жүзеге асырылады.
Шет елде болу дипломатиялық қызмет персоналына және отбасы мүшелерiне қандай да болсын зиян келтiрмеуге тиiс.
Шет елдегi дипломатиялық қызмет персоналы мен отбасы мүшелерiне көмек көрсету мен қорғауға байланысты мiндеттердi шет елдегi мекеменiң жетекшiсi орындайды.
Шет елдегi қызметi кезiнде дипломатиялық қызметтiң қызметкерi немесе жұмыскерi не оның отбасы мүшелерi ауырған, қайтыс болған, отбасында бала туылған жағдайда, дипломатиялық қызмет қызметкерiнiң немесе жұмыскерiнiң және (немесе) оның отбасы мүшелерiнiң Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген мөлшерде жәрдемақы алуға құқығы бар.
2. Дипломатиялық қызмет персоналы мен отбасы мүшелерi бюджет қаражаты есебiнен медициналық көмектiң кепiлдiк берiлетiн көлемiмен қамтамасыз етiледi.
3. Шет елдегi мекемеде жұмыс iстейтiн дипломатиялық қызмет персоналының және бiрге тұратын отбасы мүшелерiнiң жыл сайынғы ақылы демалыс берiлуiне не отбасы мүшелерiнiң бiрi қайтыс болуына байланысты барып-қайту көлiк шығыстарының төленуiне құқығы бар.
4. Дипломатиялық қызмет персоналы өзiмен бiрге тұратын отбасы мүшелерiнiң саны, лауазымдық жағдайы, жергiлiктi мән-жай және Қазақстан Республикасының Yкіметі бекiтетiн нормативтер ескерiле отырып, шет елде тұрғын үймен қамтамасыз етiледi.
Тұрғын үйдi ұстауға төлейтiн нақты шығыс Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген нормалардан асып кеткен жағдайда ол бюджет қаражаты есебiнен өтелуге тиiс.
5. Шет елдегi жұмыс кезеңiнде дипломатиялық қызмет персоналының балаларына жалпы орта білім беру бюджет қаражаты есебiнен төленуге тиiс.
6. Шет елдегi мекемеде әкiмшiлiк-техникалық бос қызмет орындары болған жағдайда, шет елдегi дипломатиялық қызмет персоналы отбасыларының мүшелерiне уақытша жұмысқа тұру құқығы берiлуi мүмкiн.
7. Қарулы немесе азаматтық жанжалдар жағдайында не шет елдердегi мекемелер мен олардың персоналының қауiпсiздiгiне қатер төнген жағдайда, сондай-ақ шет елдердегi мекемелер орналасқан жерлердегi төтенше жағдайлар кезiнде Сыртқы iстер министрлігі дипломатиялық қызмет персоналы мен отбасы мүшелерiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және қорғау үшiн қажеттi шаралар қолданады.
Дипломатиялық қызметтiң қызметкерiне немесе жұмыскерiне не оның отбасы мүшелерiне шет елде болу уақытында, өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн не солармен байланысты қызметтi атқару кезiнде келтiрiлген залал Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен өтеледi.
8. Дипломатиялық қызметтiң қызметкерi немесе жұмыскерi шет елде қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде не шет елде қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде алған жарақаттың салдарынан қызметтен босатылғаннан кейін бiр жыл ішінде қаза тапқан жағдайда, дипломатиялық қызметтiң қайтыс болған қызметкерiнiң немесе жұмыскерiнiң отбасы мүшелерiне оның Сыртқы iстер министрлігінде атқарған соңғы лауазымы бойынша лауазымдық айлықақысы бойынша есептелетiн алпыс айлық ақшалай қаражаты мөлшерiнде бiржолғы өтем төленедi.
9. Дипломатиялық қызметтiң қызметкерi немесе жұмыскерi шет елде қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде қаза тапқан жағдайда, қаза тапқан адамның отбасының Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларда және тәртiппен мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға құқығы бар.
10. Дипломатиялық қызметтiң қызметкерiне немесе жұмыскерiне шет елде қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде алған жарақат, жаралану (контузия), мертiгу, ауру салдарынан болған мүгедектiк белгiленген кезде, оған оның Сыртқы iстер министрлігінде атқарған соңғы лауазымы бойынша лауазымдық айлықақысымен есептелген мөлшерде:
1) I топтағы мүгедекке - отыз айлық ақшалай қаражат;
2) II топтағы мүгедекке - он сегiз айлық ақшалай қаражат;
3) III топтағы мүгедекке - алты айлық ақшалай қаражат мөлшерiнде бiржолғы өтем төленедi.
11. Дипломатиялық қызметтiң қызметкерi немесе жұмыскерi шет елде қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде мүгедектiкке әкеп соқпаған ауыр мертiгу (жарақат, жаралану, контузия) жағдайында, оған оның Сыртқы iстер министрлігінде атқарған соңғы лауазымы бойынша есептелетiн - үш айлық ақшалай қаражаты мөлшерiнде, жеңiл мертiгу жағдайында бiр айлық ақшалай қаражаты мөлшерiнде бiржолғы өтем төленедi.
12. Егер дипломатиялық қызмет қызметкерiнiң немесе жұмыскерiнiң қаза табуы (қайтыс болуы), жарақаттануы, жаралануы (мертігуі), ауыруы қызметтiк мiндеттердi орындауға байланысы жоқ жағдайларда болғаны белгiленген тәртiппен дәлелденсе, аталған сома төленбейдi.
26-бап. Жерлеуге жұмсалатын шығыстарды өтеу
1. Дипломатиялық қызметтiң шет елде қайтыс болған (қаза тапқан) қызметкерiн немесе жұмыскерiн жерлеу үшiн оның Сыртқы iстер министрлігінде атқарған соңғы қызметi бойынша лауазымдық айлықақысынан есептелетiн үш айлық қаражат мөлшерiнде бiржолғы жәрдемақы төленедi.
2. Дипломатиялық қызметтiң қайтыс болған (қаза тапқан) қызметкерiнiң немесе жұмыскерiнiң мәйiтiн Қазақстан Республикасына жеткізу және осыған байланысты шығыстар бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
27-бап. Дипломатиялық қызмет персоналының еңбек қатынастарын реттеу
Дипломатиялық қызмет персоналының еңбек қатынастары осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерімен реттеледi.
Шет елдердегi мекемелерде қызметтердi қоса атқаруға немесе уақытша жоқ қызметкерлердiң немесе жұмыскерлердiң мiндеттерiн орындауға рұқсат етiледi.
Шет елдегi дипломатиялық қызмет персоналының еңбек жағдайларын Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейдi.
28-бап. Дипломатиялық қызмет персоналының еңбегiне ақы төлеу
Дипломатиялық қызмет персоналының еңбегiне ақы төлеу Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн еңбекке ақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi негiзiнде белгiленедi.
Шет елдегi дипломатиялық қызмет персоналының еңбегiне ақы төлеу болатын елiнiң саяси, әлеуметтiк-экономикалық және материалдық-тұрмыстық жағдайлары ескерiле отырып айқындалады.
29-бап. Дипломатиялық қызмет қызметкерлерiне ақшалай төлемдер жасау
Дипломатиялық қызмет қызметкерлерiнiң дипломаттық дәрежесi үшiн, шет тiлдерiн бiлгенi үшiн, мемлекеттік құпия болып табылатын мәліметтермен жұмыс істегені үшiн ақшалай төлем алуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген өкiлдiк керек-жарағы құнының мөлшерiнде жыл сайынғы ақшалай өтем алуға құқығы бар. Дипломатиялық қызмет қызметкерлерiнiң өкiлдiк керек-жарағы туралы ереженi Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.
30-бап. Жыл сайынғы демалыстар
1. Дипломатиялық қызметтiң персоналына ұзақтығы отыз күнтiзбелiк күн жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы берiледi.
2. Дипломатиялық қызметтiң шет елдердегi мекемелерде жұмыс iстейтiн қызметкерiне немесе жұмыскерiне кезектi еңбек демалысына шыққан кезде сауықтыру үшiн оның Сыртқы iстер министрлігінде атқарған соңғы лауазымы бойынша лауазымдық айлықақысының екi еселенген мөлшерiнде жәрдемақы төленедi.
31-бап. Дипломатиялық қызметтiң персоналын зейнетақымен қамсыздандыру және әлеуметтiк қорғау
Дипломатиялық қызметтiң персоналын зейнетақымен қамсыздандыру және әлеуметтiк қорғау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргiзiледi.
32-бап. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
7-тарау. Қорытынды ережелер
33-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
2. "Дипломатиялық қызмет туралы" 1997 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 21, 275-құжат; 1999 ж., № 23, 916-құжат; 2001 ж., № 20, 257-құжат) күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының