«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан
Республикасының 1998 ж. 9 шiлдедегі
№ 272-1 Заңы
(2006.31.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2006 ж. 5 мамырдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР 26.12.02 ж. № 364-II Заңымен кiрiспе өзгертілді (бұр. ред. қара)
Осы Заң Қазақстан Республикасындағы табиғи монополия аясындағы iс-әрекеттi реттейдi және тұтынушылары мен табиғи монополия субъектiлерiнiң мүдделерiн қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған.
ҚР 26.12.02 ж. № 364-II Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1-бап. Осы Заңның мақсаты
Осы Заңның мақсаты:
1) табиғи монополия аясындағы қызметтi мемлекеттік бақылау мен реттеудiң құқықтық негiздерiн белгiлеу;
2) тұтынушылар мен табиғи монополия субъектiлерi мүдделерiнiң теңдестiрiлуiне қол жеткізу болып табылады.
ҚР 26.12.02 ж. № 364-II (бұр. ред. қара);09.12.04 ж. № 9-III (бұр. ред. қара)Заңдарымен 2-бап өзгертілді
2-бап. Осы Заңның қолданылуы
1. Осы Заң табиғи монополия субъектiлерiнiң өмiр сүруiне және iс-әрекетiне байланысты қызметтер (тауарлар, жұмыстар) рыногында туындайтын қатынастарға қолданылады.
2. Осы Заңның ережелерi табиғи монополиялар субъектiлерiнiң, олардың құрылтайшыларының (қатысушыларының) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жасалатын әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) де, осы әрекеттер (әрекетсiздiк) осы Заңға қайшы келген және табиғи монополиялардың қызметтерiн (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушыларға залал келтiрген жағдайларда қолданылады.
3. Осы Заңның күшi табиғи монополия аясына жатқызылған, бiрақ тек жеке өзiнiң ғана мұқтаждарына арналған объектiлердi салу мен пайдалануға байланысты iс-әрекеттi жүзеге асыратын жеке кәсiпкерлер мен заңды тұлғаларға қолданылмайды.
3-1. Осы Заңмен табиғи монополия аясына жатқызылған iс-әрекеттi жүзеге асыратын рынок субъектiлерi үшiн мемлекеттік реттеу мен бақылау осындай iс-әрекетке қатысты ғана қолданылады.
4. Осы Заңда қамтылмаған құқықтық қатынастар Қазақстан Республикасының монополияға қарсы және басқа да заңдарымен реттеледi.
ҚР 26.12.02 ж. № 364-II Заңымен 3-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР 09.12.04 ж. № 9-III (бұр. ред. қара) Заңымен 3-бап жаңа редакцияда; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара); 2006.14.01 № 120-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 3-бап өзгертілді
3-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) табиғи монополия субъектiсiнiң аффилиирленген тұлғасы шешiмдi тiкелей және (немесе) жанама айқындауға және (немесе) табиғи монополия субъектiсi қабылдаған шешiмге, оның iшiнде шарттың, ауызша шартты немесе өзге мәмiленi қоса алғанда, күшiне орай әсер ету мүмкiндiгі бар (берiлген өкiлеттiктер шеңберiнде оның қызметiн реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды қоспағанда) тұлға, сондай-ақ оған қатысты табиғи монополия субъектiсiнiң осындай құқығы бар кез келген тұлға;
2) уақытша өтемдiк тариф - табиғи монополия субъектiсi тұтынушыларға келтiрген залалдарына өтем жасау мақсатында уәкiлеттi орган белгiлеген тариф (баға, алым ставкасы);
3) уақытша төмендету коэффициентi - тұтынушылар мен табиғи монополия субъектiсiнiң мүдделерiн қорғау мақсатында уәкiлеттi орган белгiлеген және тарифке (бағаға, алым ставкасына) қолданылатын шама;
4) жалпыға бiрдей қызмет көрсету - табиғи монополиялар субъектiлерi жұмысын жүзеге асыратын және қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) ұсына алатын Қазақстан Республикасының белгiлi бiр аумағында табиғи монополиялар субъектiлерiнiң барлық тұтынушыларға қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) ұсынуы;
5) тұлғалар тобы - табиғи монополия субъектiсiнiң дауыс беретiн акцияларының (үлестерiнiң) он және одан да көп процентiн иеленушi, келісім нәтижесiнде бiрлесiп тiкелей немесе жанама шешiм белгiлеуге және (немесе) табиғи монополия субъектiсiнiң қабылдайтын шешiмдерiне ықпал етуге құқығы бар жеке және (немесе) заңды тұлғалардың жиынтығы;
6) ұзақ мерзiмдi кезең - бес жылдан астам уақыт аралығы;
7) табиғи монополия - қызметтердiң белгiлi бiр түрiн (тауарлардың, жұмыстардың) өндiру мен ұсынудың технологиялық ерекшелiктерiне байланысты қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) осы түрiне сұранысты қанағаттандыру үшiн бәсекелестiк жағдай жасау мүмкiн болмайтын немесе экономикалық жағынан тиiмсiз болатын қызметтер көрсету (тауарлар, жұмыстар) рыногының жай-күйi;
8) инвестициялық бағдарлама - жаңа активтердi жасауға, қазiргi бар активтердi кеңейтуге, қалпына келтiруге, жаңартуға, қолдауға, табиғи монополия субъектiсiнiң негiзгі құралдарын техникалық-экономикалық тиiмдiлiк алу мақсатында қысқа мерзiмдi, орташа мерзiмдi немесе ұзақ мерзiмдi кезеңге қайта жаңғыртуға, техникалық қайта жарақтандыруға бағытталған бiр немесе бiрнеше инвестициялық жобаларды қамтитын қаражаттарды салу және қайтару бағдарламасы;
9) инвестициялық жоба - жаңа өндiрiстердi салуға, қолданыстағыларын кеңейтуге және жаңартуға инвестицияларды көздейтiн iс-шаралар кешенi;
10) инвестициялық тариф (баға, алым ставкасы) - жаңадан құрылған объектiлерде көрсетiлетiн табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) уәкiлеттi орган бiр инвестициялық жобаның шеңберiнде бекiткен, салынған инвестициялар толық өтелгенге дейiн қолданылатын тариф (баға, алым ставкасы) немесе оның шектi деңгейi;
11) қысқа мерзiмдi кезең - бiр жылға дейiнгi уақытты қоса алғанда уақыт аралығы;
12) амортизациялық аударымдардың қаражатын мақсатқа сай пайдаланбау - бекітілген тарифтерде (бағаларда, алымдар ставкаларында) және (немесе) тарифтiк сметаларда амортизациялық аударымдардың есебiнен көзделген қаражатты реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) пайдаланылатын тiркелген активтегi күрделi қаржы салымдарына және тартылған кредиттiк ресурстар бойынша негiзгi борышты қайтаруға байланысы жоқ мақсаттарға жұмсау;
13) тұтынушы - табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiн (тауарларын, жұмыстарын) пайдаланушы жеке немесе заңды тұлға;
14) тарифтiң (бағаның, алым ставкасының) шектi деңгейi орташа мерзiмдi немесе ұзақ мерзiмдi кезеңге бекітілетiн, табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметiне (тауарға, жұмысқа) арналған тарифтiң (бағаның, алым ставкасының) ең жоғары шамасы;
15) жария тыңдау - табиғи монополиялар субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтiң (бағаның, алым ставкаларының) немесе оның шектi деңгейiнiң жобасын депутаттарды, мемлекеттік органдардың, тұтынушылар мен олардың қоғамдық бiрлестiктерiнiң өкiлдерiн, тәуелсiз сарапшыларды, бұқаралық ақпарат құралдарын және табиғи монополиялар субъектiлерiн шақыра отырып талқылау рәсiмi;
16) табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерi (тауарлары, жұмыстары) - табиғи монополия аясындағы табиғи монополия субъектiсi ұсынатын және қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушыға белгiлi бiр тауар беру түрiнде ұсыну жағдайларын қоса алғанда, уәкiлеттi орган мемлекеттік реттеуге жататын қызметтер (тауарлар, жұмыстар);
17) орташа мерзiмдi кезең - бес жылға дейiнгi уақытты қоса алғанда бiр жылдан асатын уақыт аралығы;
18) табиғи монополия субъектiсi - табиғи монополия жағдайында тауарлар өндiрумен, жұмыстарды орындаумен және (немесе) тұтынушыларға қызмет көрсетумен айналысатын жеке кәсiпкер немесе заңды тұлға;
19) табиғи монополия аясы - жеке кәсiпкер немесе заңды тұлға табиғи монополия субъектiсi болып танылуы мүмкiн қызмет көрсету (тауарлар, жұмыстар) нарығында туындайтын қоғамдық қатынастар саласы;
20) тариф (баға, алым ставкасы) - табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiнiң (тауарларының, жұмыстарының) уәкiлеттi орган бекiткен құнының ақшалай көрiнiсi;
21) тарифтiк смета - уәкiлеттi орган реттелiп көрсетiлетiн қызметтер (тауарлар, жұмыстар) бойынша бекiтетiн кiрiстер мен шығыстар баптары, реттелiп көрсетiлетiн қызметтер (тауарлар, жұмыстар) көлемдерi туралы көрсеткiштер және уәкiлеттi орган бекiткен нысан бойынша табиғи монополия субъектiсi қызметiнiң басқа да экономикалық көрсеткiштерi;
22) техникалық сараптама - қолданысқа енгiзiлген активтердiң техникалық жай-күйiн (техникалық сипаттамаларын) және активтердi жұмыс iстеуiн қалпында ұстауды қамтамасыз ететiн жұмыстарды жүргiзу қажеттiгiн, өндiрiс технологиясының, материалдық, еңбек шығындарының белгiленген нормаларға сәйкестiгiн қоса алғанда, технологиялық процестiң тиiмділігiн талдау, инвестициялық бағдарламаларды және (немесе) инвестициялық жобаларды жүзеге асыру қажеттiгiн, ұсынылатын реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) түрлерi бойынша негiзгi құралдарды iске қосудың деңгейiн және олардың дұрыс бөлiнуiн талдау;
23) уәкiлеттi орган - белгiленген құзыретi шегiнде табиғи монополия аясындағы қызметтi бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган немесе облыстық (республикалық маңызы бар қала, астана) атқарушы орган;
24) қаржылық сараптама - табиғи монополия субъектiсiнiң Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңдарын және уәкiлеттi органның шешiмдерiн орындауын бағалау мақсатында олардың қаржы-шаруашылық қызметiн, реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) әрбiр түрi бойынша және тұтастай алғанда уәкiлеттi орган бекiткен тәртiпке сәйкес өзге қызмет бойынша кiрiстердiң, шығындар мен қолданысқа енгiзiлген активтердiң бөлiнуiн, сондай-ақ табиғи монополия субъектiсi қызметiнiң қаржылық көрсеткiштерiне қолданылатын тарифтерге (бағаларға, алымдар ставкаларына) әсерiн талдау, тарифтiк сметаның орындалуын және есепке алу саясатының сақталуын, инвестициялық бағдарламалардың және (немесе) инвестициялық жобалардың орындалуын тексеру (бағалау);
25) төтенше реттеушi шаралар - азаматтардың өмiрiн, денсаулығын, жеке және заңды тұлғалардың мүлкiн, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мақсатында уәкiлеттi орган қолданатын шаралар.
ҚР 06.12.01 ж. № 260-II; 26.12.02 ж. № 364-II (бұр. ред. қара); 05.07.04 ж. № 568-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 4-бап өзгертілді ; ҚР 09.12.04 ж. № 9-III (бұр. ред. қара)Заңымен 4-бап жаңа редакцияда; 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара); 2006.14.01 № 120-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 4-бап өзгертілді
4-бап. Табиғи монополиялар аясы
1. Қазақстан Республикасында табиғи монополиялар аясына мынадай қызмет көрсетулер (тауарлар, жұмыстар):
1) мұнайды және (немесе) мұнай өнiмдерiн магистральдық құбыр жолдары арқылы тасымалдау жөніндегі;
2) газды немесе газ конденсатын сақтау, магистральдық және (немесе) тарату құбыр жолдары арқылы тасымалдау, газ тарату қондырғыларын және олармен байланысты газ таратушы газ құбырларын пайдалану жөніндегі;
3) электр энергиясын беру және (немесе) бөлу жөніндегі;
4) жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және (немесе) онымен жабдықтау жөніндегі;
5) электр энергиясын желiге берудi және тұтынуды техникалық диспетчерлендiру жөніндегі;
6) магистральдық темір жол желiлерiнiң;
7) кiрме жолдардың;
8) әуе навигациясының;
9) порттардың, әуежайлардың;
10) телекоммуникациялар көрсететiн әмбебап қызметтердi қоспағанда, қызметтiң осы түрлерiн көрсетудiң технологиялық мүмкiн болмауы не экономикалық тиiмсiздiгi себебiнен бәсекелес байланыс операторы болмаған кезде телекоммуникациялар қызметi;
11) телекоммуникациялар желiлерiн ортақ пайдаланудағы телекоммуникациялар желiлерiне қосуға технологиялық жағынан байланысты кәбiлдiк кәрiздер мен өзге де негiзгi құралдарды мүлiктiк жалдауға (жалға) немесе пайдалануға беру жөніндегі;
12) су шаруашылығы және (немесе) кәрiз жүйелерiнiң;
13) почта байланысының жалпыға бiрдей қолжетiмдi қызмет көрсету жатады.
2. Уәкiлеттi орган осы баптың 1-тармағында тiзiп көрсетiлген табиғи монополиялар аясының табиғи монополия субъектiлерi осы сала шеңберiнде көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) реттелiп көрсетiлетiн қызметтер қатарына жатқызу мәнiне талдау жасауды жүзеге асырады.
Реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) тiзбесiн уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.
3. Табиғи монополиялар субъектiлерi республикалық және жергiлiктi бөлiмдерден тұратын Табиғи монополия субъектiлерiнiң мемлекеттік тiркелiмiне, реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) нақты түрлерiн көрсете отырып енгiзiлуге жатады.
Табиғи монополиялар субъектiлерiн Мемлекеттік тiркелiмге енгізу және одан шығару тәртібін табиғи монополия аясындағы қызметтi бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган белгiлейдi.
ҚР 13.07.99 ж. № 413-I Заңымен 5-бап толықытырылды ҚР 26.12.02 ж. № 364-II Заңымен 5-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) ; ҚР 09.12.04 ж. № 9-III (бұр. ред. қара) Заңымен 5-бап өзгертілді
5-бап. Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қызметiн шектеу
1. Табиғи монополия субъектiсiне:
1) қызметтер көрсетуге және:
реттелiп көрсетiлетiн қызметтермен (тауарлармен, жұмыстармен) технологиялық жағынан байланысты;
Қазақстан Республикасының почта туралы заңдарында белгiленген;
табиғи монополия аясына жатқызылған реттелiп көрсетiлетiн қызметтерден (тауарлардан, жұмыстардан) түскен кiрiстер рынок субъектiсiнiң барлық қызметiнен күнтiзбелiк бiр жыл iшiнде түскен кiрiстердiң бiр процентiнен аспаған жағдайдағы;
күнтiзбелiк бiр жыл iшiнде өзге қызметтiң кiрiстерi табиғи монополия субъектiсiнiң барлық қызметiнiң бес процентiнен аспаған жағдайдағы;
табиғи монополия аясында қызметтер көрсететiн (тауарлар, жұмыстар) құрылымдық бөлiмшенiң ұйымдастырушылық және аумақтық оқшаулануы мүмкiн болмаған жағдайдағы қызметтердi қоспағанда, табиғи монополиялар аясына жатпайтын өзге қызметтi жүзеге асыруға;
2) табиғи монополия субъектiсiнiң өндiрiспен және реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) ұсынумен, сондай-ақ осы Заңға сәйкес табиғи монополия субъектiсi үшiн рұқсат етiлген қызметтi жүзеге асырумен байланысы жоқ мүлiкке меншiк және (немесе) шаруашылық жүргiзу құқығына ие болуға;
3) мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларынан және осы Заңмен табиғи монополия субъектiсi үшiн рұқсат етiлген қызметтi жүзеге асырушы ұйымдардан басқа, коммерциялық ұйымдардың акцияларын (үлестерiн) иеленуге немесе олардың қызметiне өзге де түрде қатысуға;
4) реттелiп көрсетiлетiн қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшiн уәкiлеттi орган белгiлеген мөлшерден асатын ақы алуға, сондай-ақ шығындары бекітілген тарифтерде (бағаларда, алымдар ставкаларында) немесе олардың шектi деңгейлерiнде ескерiлмеген реттелiп көрсетiлетiн қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшiн тұтынушылардан ақы алу есебiнен кiрiс алуға;
5) табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) қол жеткізу шарттарын күштеп таңуға немесе тұтынушыларды кемсiтуге әкеп соғатын өзге де iс-әрекеттер жасауға;
5-1) реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) өндiрген және (немесе) ұсынған кезде технологиялық циклда пайдаланылатын жеке меншiк құқығымен немесе заңды негiзде өзгеше тиесiлi мүлiктi сенiмгерлiк басқаруға, лизингтi қоса алғанда, мүлiктiк жалдауға (жалға беруге);
6) реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) ұсынумен байланысты талап ету құқығын үшiншi тұлғаларға беруге;
7) реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) көлемiн жосықсыз тұтынушылардың төлемеуiне байланысты адал тұтынушыларға реттелiп көрсетiлетiн қызметтер (тауарлар, жұмыстар) ұсынудан бас тартуға;
8) реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) байланысты емес шығындарды олардың тарифтерiне (бағаларға, алымдар ставкаларына) немесе олардың шектi деңгейiн енгізуге;
9) мемлекеттік органдар өздерiнiң құзыретi шегiнде белгiлеген, реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) сапасына қойылатын талаптарға сәйкес келмейтiн реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) ақы талап етуге тыйым салынады;
2. Осы Заңның 5-бабы 1-тармағының 5-1) тармақшасында көзделген шектеулер осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына сәйкес реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) ұсынатын табиғи монополиялар субъектiлерiне қолданылмайды.
ҚР 26.12.02 ж. № 364-II (бұр. ред. қара); 09.12.04 ж. № 9-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 6-бап өзгертілді
6-бап. Табиғи монополия субъектiсiнiң құқықтары
Табиғи монополия субъектiсiнiң:
1) заңдарға сәйкес тұтынушылар сақтауға мiндеттi техникалық талаптар белгiлеуге;
1-1) барлық тұтынушылар үшiн реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) қолданылуы кезеңiнде уәкiлеттi орган бекiткен тәртiппен төмендетуге;
1-2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен техникалық қызмет көрсетудi жүргiзуге және есептеу аспаптарын тексерудi ұйымдастыруға;
1-3) реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтi (бағаны, алым ставкасын) немесе оның шектi деңгейiн бекітуге арналған өтiнiмдi уәкiлеттi органның қарауына ұсынуға;
2) уәкiлеттi орган шешiмдер қабылдаған кезде өзiнiң iс-әрекетi мен құқықтық мәртебесi мәселелерiн қозғайтын ұсыныстар енгізуге;
3) уәкiлеттi органның Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келетiн әрекетiне (әрекетсiздiгiне) сотқа шағымдануға;
4) басқа субъектiлердiң өз iс-әрекетiне, табысына, меншiгiне немесе құқықтық мәртебесiне әсер ететiн әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) уәкiлеттi органға немесе сотқа шағымдануға;
5) заң белгiленген тәртiппен өзiн Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң мемлекеттік тiркелiмiнен шығару туралы уәкiлеттi органға өтiнiш жасауға;
5-1) Қазақстан Республикасының салық заңдары тиiсiнше өзгертiлiп, нәтижесiнде табиғи монополия субъектiсi шығынының құны көбейтiлсе, барлық тұтынушылар үшiн реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) ұсынуға тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен өсiруге;
6) Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген өзге де құқықтарының болуына хақылы.
26.12.02 ж. № 364-II (бұр. ред. қара); 09.12.04 ж. № 9-III (бұр. ред. қара); 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара); 2006.14.01 № 120-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 7-бап өзгертілді
7-бап. Табиғи монополия субъектiлерiнiң мiндеттерi
Табиғи монополия субъектiсi:
1) уәкiлеттi органның Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн шешiмдерiн орындауға;
2) реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) уәкiлеттi орган бекiткен тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн ескере отырып, мемлекеттік органдар өздерiнiң құзыретi шегiнде белгiлеген, реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) сапасына қойылатын талаптарға сәйкес реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушыларды жалпыға бiрдей қызмет көрсетумен қамтамасыз етуге;
2-1) тұтынушыларға реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтер (тауарлар, жұмыстар) жасағаны үшiн олардан өз кассалары, сондай-ақ банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы төлемдер қабылдауды қамтамасыз етуге мiндеттi. Бұл талап осы Заңның 15-бабының 3-тармағында көрсетiлген табиғи монополиялар субъектiлерiне қолданылмайды;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жеңiлдiктер мен артықшылықтар ескерiлген реттелiп көрсетiлетiн қызметтер (тауарлар, жұмыстар) ұсынудан басқа жағдайларда, реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушыларға тең жағдайлармен , оның iшiнде уәкiлеттi орган бекiткен тәртiппен реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізудi тең жағдайлармен ұсынуға;
3-1) тарифтiң (бағаның, алым ставкасының) шектi деңгейi бекітілген жағдайда, барлық тұтынушылар үшiн реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) тарифтiң (бағаның, алым ставкасының) шектi деңгейiнен аспайтын бiрыңғай тарифтер (бағалар, алым ставкалары) деңгейлерi бойынша ұсынуға;
4) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде белгiленген тәртiппен шығындары табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтi (бағаны, алым ставкасын) немесе оның шектi деңгейiн және тарифтiк сметаларды бекіту кезiнде ескерiлетiн қызметтердi (тaуapлapды, жұмыстарды) сатып алуды жүзеге асыруға;
5) уәкiлеттi органның талап етуi бойынша қаржы есептiлiгi мен өзге де қажеттi ақпаратты уәкiлеттi орган бекiткен мерзiмде, бiрақ бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей, қағазға түсiрiлген және (немесе) электрондық жеткiзгiштер түрiнде беруге;
6) қоғамдық, экологиялық қауiпсiздiк және азаматтар денсаулығы үшiн қауiпсiздiк принциптерiн сақтай отырып, табиғи монополияның қызметтер өндiруi мен ұсынуының неғұрлым тиiмдi әдiстерi мен технологияларын таңдап алуға;
7) осы Заңның 15-бабының 3-тармағында көрсетiлген, үш жылда бiр рет мiндеттi аудит жүргiзетiн табиғи монополиялар субъектiлерiн қоспағанда, аудиторлық ұйымдардың (аудиторлардың) жыл сайынғы мiндеттi аудит жүргiзуге. Тексеру нәтижелерi және жылдық қаржы есептiлiгi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тексеру нәтижелерi бекітілген кезден бастап отыз күннен кешiктiрмей, табиғи монополия субъектiсi өзiнiң қызметiн жүзеге асыратын әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң тиiстi аумағында таратылатын мерзiмдi баспасөз басылымдарында жариялануға тиiс;
7-1) реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) әрбiр түрi бойынша және тұтас алғанда уәкiлеттi орган бекiткен тәртiппен өзге де қызмет бойынша кiрiстердiң, шығындар мен қолданысқа енгiзiлген активтердiң бөлек есебiн жүргiзуге;
7-2) тарифтiк сметаны орындауға;
8) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен үлгi шарттарға сәйкес реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) әрбiр түрiне, сондай-ақ реттелiп көрсетiлетiн өзге де қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) әрбiр түрiне және (немесе) жиынтығына тұтынушылармен жеке шарттар жасасуға;
9) реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) есептеу аспаптарын сатып алуға және оларды тұтынушыларға орнатуға;
9-1) есептеу аспабы iстен шыққан жағдайда, есептеу аспаптарының орташа айлық көрсеткiштерi бойынша реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшін уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен ақы өндiрiп алуға;
10) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн, тарифтiк сметаларды бекiткен кезде ескерiлетiн инвестициялық бағдарламаларды және (немесе) инвестициялық жобаларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен негiзгi құралдарға қайта бағалау жүргiзудi уәкiлеттi органмен келiсуге;
11) уәкiлеттi органның талап етуiмен тоқсан қорытындысы бойынша тарифтiк сметаның орындалуы туралы есеп беруге;
12) реттелiп көрсетiлетiн қызметтер (тауарлар, жұмыстар) ұсынуға шарттар жасасу кезiнде тұтынушылар құқықтарының бұзылуына жол бермеуге;
13) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) төмендету туралы оларды қолданысқа енгiзгенге дейiн он күннен кешiктiрмей уәкiлеттi орган мен тұтынушыларды хабардар етуге ;
14) 2006.14.01 № 120-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
15) Қазақстан Республикасының салық заңдары тиiсiнше өзгертiлiп, соның нәтижесiнде табиғи монополия субъектiсi шығындарының құны азайған жағдайда, барлық тұтынушылар үшiн реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн аталған өзгерістер қолданысқа енгiзiлген күннен бастап уәкiлеттi орган бекiткен тәртiппен төмендетуге;
16) мүлiктi мемлекет меншiгiне беру жағдайларын қоспағанда, өндiрiске және реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) ұсынуға арналған мүлiктi тендер нысанындағы сауда-саттықта иелiктен айыруға;
17) табиғи монополиялар аясындағы қызметтi бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган белгiлеген тәртiппен табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелетiн қызмет түрлерi бойынша кiрiстердi, шығындар мен тартылған активтердi бөлек есепке алу әдiстемесiн әзiрлеуге әрi келiсуге мiндеттi.
ҚР 26.12.02 ж. № 364-II Заңымен 8-бап алып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР 26.12.02 ж. № 364-II Заңымен 9-бап алып тасталды (бұр. ред. қара)
26.12.02 ж. № 364-II (бұр. ред. қара); 09.12.04 ж. № 9-III (бұр. ред. қара); 2006.14.01 № 120-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 10-бап өзгертілді
10-бап. Табиғи монополия субъектiсiнiң қызметтерiн (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушының құқықтары
Табиғи монополия субъектiсiнiң қызметтерiн (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушы:
1) табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiн (тауарларын, жұмыстарын) уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен және тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) бойынша сатып алуға, есепке алу аспаптарын орнатуды талап етуге не оларды өздерi сатып алуға және орнатуға;