«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 қыркүйектегі
№ 1051 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 сәуірдегі № 306 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 29 сәуірдегі № 598 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Кейбір акционерлік қоғамдар - ұлттық компаниялардың директорлар кеңестерінің құрамдары туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 қыркүйектегі № 1051 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 32, 341-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
1-тармақта:
«Қиынов Ләззат Кетебайұлы - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі, төраға;» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Жақсыбеков Әділбек Рыскелдіұлы - Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Басшысы, төраға;»;
«Лавриненко Юрий Иванович - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі;» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Қасымбек Жеңіс Махмудұлы - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар вице-министрі;»;
«Ысқақов Марлен Нұрахметұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің төрағасы;» деген жол алынып тасталсын;
«Әйтекенов Қайрат Медібайұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі;» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Құсайынов Марат Әпсеметұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі;»;
«Раханов Мақсұтбек Смағұлұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы;» деген жол алынып тасталсын;
«Қарабалин Ұзақбай Сүлейменұлы - «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ-тың президенті» деген жолдың алдынан мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
«Ақшолақов Болат Оралұлы - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі;
Елемесов Асқар Раушанұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі;».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |