«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2002 жылғы 25 қыркүйектегі
№ 1051 қаулысына өзгеріс енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 сәуірдегі № 302 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 29 сәуірдегі № 598 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Кейбір акционерлік қоғамдар - ұлттық компаниялардың директорлар кеңестерінің құрамдары туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 қыркүйектегі № 1051 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 32, 341-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. «Астана халықаралық әуежайы» АҚ:
Бектұров Азат Ғаббасұлы - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі, төраға;
Алпамысов Абай Әбдісәметұлы - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаментінің директоры;
Тәшенев Бақытбек Хәкімұлы - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының орынбасары;
Шәріпов Талғат Қайыркенұлы - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Қаржылық реттеу департаментінің директоры;
Қыпшақбаев Әбдел Исаұлы - «Астана халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамының президенті.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |