Рений қорытпалары мен ренийдің ұсақ дисперсерлік ұнтақтары аэроғарыш техникасында, энергетикада және өнеркәсіптің басқа да салаларында, әр түрлі тетіктер мен аспаптардың бөлшектерін дайындау үшін ұнтақ металлургияда пайдаланылады.
Қазіргі заманғы техника салаларын дамытуда ұнтақ және композициялық материалдардың рөлі үздіксіз өсуде, мұнда осы материалдардың арнайы ерекшеліктерін қамтамасыз етпейінше авиация және зымыран техникасының, химия машина жасау машиналары мен агрегаттарын пайдалану мүмкін емес.
Республикада отандық машина жасау, энергетика, мұнай, химия өндірістері үшін жұмыстың жоғары ресурстары бар сенімді техникаға және аспаптар мен тетіктердің жауапты бөлшектерінің ыстыққа және тотығуға беріктігін ұлғайтуға мүмкіндік беретін жаңа технологияларды әзірлеуге және қолданыстағыларын енгізуге қажеттілік сезіледі, құрастырмалы материалдардың қызмет мерзімі қазіргі уақытта барынша өзекті болып табылады.
Металл бұйымдарын, қорытпалар мен көп функционалды материалдарды өндірудің бәсекеге қабілетті технологияларын дамыту Қазақстанды әлемдік нарықта жоғары технологиялық өнім өндірушілердің әлеуетті серіктестері қатарына шығарады.
Қазақстан Республикасы өнеркәсіпті жаңғырту және жаңа өндірістерді құру үшін қажетті барлық жағдайларға ие. Мұндай алғышарттарға бай шикізат базасын, елдің жеткілікті дамыған ғылыми-техникалық әлеуетін, ғылыми әрі технологиялық бөліктердің, білікті кадрлардың болуын жатқызуға болады.
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттерi
Бағдарламаның мақсаты:
Қазақстанда ғылым мен техниканың басым бағыттарын дамыту, жаңа технологияларды әзірлеу және жаңа ғылымды қажетсінетін өндірістерді құру арқылы отандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
Бағдарламаның міндеттері:
фотоэнергетика мен электронды техника үшін отандық шикізаттан металлургиялық және "күн" кремнийін алудың жаңа әдістерін әзірлеу және қазіргі барларын жетілдіру;
әр түрлі функционалдық мақсаттағы наноматериалдар мен наноқұрылымдарды жасау және олардың қасиеттерін басқару әдістерін әзірлеу;
Қазақстанда өндірілетін металдар негізінде көп функционалды қорытпалар мен материалдарды алудың жаңа технологиялары мен әдістерін әзірлеу.
5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетігi
5.1. Фотоэнергетика және электрондық техника үшін отандық шикізаттан металлургиялық және "күн" кремнийін алудың жаңа тәсілдерін әзірлеу және қазіргі барларын жетілдіру:
5.1.1. карботермикалық тәсілмен алынатын тазалығы жоғары техникалық кремнийді тазарту тәсілдерін әзірлеу;
5.1.2. кварциттердің алюмотермийі кезінде силицидтік қорытпалардан алынған силанды тазарту тәсілдерін әзірлеу;
5.1.3. силан пиролизінің және аса таза поликристалды кремнийді алу тәсілдерін әзірлеу.
5.2. Әр түрлі функционалдық мақсаттағы наноматериалдар мен наноқұрылымдарды жасау және олардың қасиеттерін басқару әдістерін әзірлеу:
5.2.1. қатты денелердің бетіндегі және көлеміндегі нанокластерлер мен наноқұрылымдарды синтездеумен зерттеу;
5.2.2. жаңа перспективалық әдістерді пайдалана отырып, наноматериалдар мен наноқұрылымдарды алу процестерін зерттеу;
5.2.3. берілген құрылымы мен қасиеттері бар көміртекті наноматериалды, әр түрлі мақсаттағы наномөлшерлі сорбенттерді және нанокластерлік катализаторларды алу тәсілдерін әзірлеу;
5.2.4. органикалық және органикалық емес синтетикалық және табиғи заттардың негізінде қолданудың кең спектріндегі наномөлшерлі және наноқұрылымды кешендерінің, ассоциаттарының, кластерлерінің және композиттерінің қасиеттерін синтездеу, зерттеу және реттеу әдістерін әзірлеу.
5.3. Қазақстанда өндірілетін металдар негізінде көп функционалдық қорытпалар мен материалдарды алудың жаңа технологиялары мен әдістерін әзірлеу:
5.3.1. Қазақстанда өндірілетін металдардың негізінде арнайы қорытпалар мен болат алу технологиясын әзірлеу;
5.3.2. конструкциялық материалдар мен қорытпаларды беріктендіру технологиялары мен әдістерін әзірлеу;
5.3.3. машина жасауда ғылымды қажетсінетін өнімді дайындау үшін ұнтақ материалдарды алу технологияларын әзірлеу;
5.3.4. конструкциялық материалдардың қызмет мерзімін ұлғайту үшін жаңа композициялық материалдар мен жабындыларды алу технологиясын әзірлеу.
6. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздерi
Бағдарламаны қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен және шегінде жүзеге асырылады. Бағдарламаны іске асыруға байланысты көзделген қаржы шығындары - 533,4 млн. теңгені, оның ішінде жылдар бойынша: 2006 жылы - 167,5 млн. теңгені, 2007 жылы - 177,6 млн. теңгені, 2008 жылы - 188,3 млн. теңгені құрайды.
2007 - 2008 жылдарға арналған шығыстар көлемі тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нақтыланатын болады.
7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер
Бағдарламаның негізгі міндеттерін іске асыру нәтижесінде мыналар:
тазалығы жоғары 99,999% кремний алуға мүмкіндік беретін техникалық кремнийді тазарту технологиясы;
тазалығы 99,95% силан алу тәсілі;
отандық шикізаттан 1*105% қоспасы бар жартылай кристалды кремний алу технологиясы;
механикалық беріктігі мен тозуға төзімділігін 2-3 есеге, ыстыққа төзімділігін 200-400С-ға арттыратын беткі наноқұрылымдар;
беткі катализаторлардың католиттік белсенділігін 2 есеге ұлғайтуға мүмкіндік беретін нанотехнологиялар;
наноқұрылымдық аккумуляторлардың сыйымдылығы мен қызмет мерзімін 2 есеге ұлғайтуға мүмкіндік беретін технологиялар;
конструкциялық материалдардың қызмет мерзімін 2-3 есеге ұлғайтуы мүмкіндік беретін материалдар мен қорытпаларды алу технологиялары әзірленетін болады.
8. «2006 - 2008 жылдарға арналған әртүрлі мақсаттағы
перспективалық жаңа материалдарды әзірлеу» ғылыми-техникалық
бағдарламасын icкe асыру жөніндегі ic-шаралар жоспары
Р/ с № № | Ic-шаралар | Аяқталу нысаны | Орындау- ға (icкe асыруға) жауапты | Орын- дау мерзі- мі | Болжам- ды шығыс- тар млн. теңге | Қаржылан- дыру көзі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1. Ұйымдық ic-шаралар |
1. | Бағдарламаның негізгі тапсырмалары бойынша жобаларды ipiктeу жөніндегі конкурсты ұйымдастыру және өткізу | Бағдарлама әкімшісі- нің бұйрығы. Конкурстық комиссия- ның хаттамасы | ИСМ | 2006 жылғы 1 тоқ- сан | - | Қаржылан- дыру талап етілмейді |
2. | 2006-2008 жылдарға арналған Бағдарламаның ашық нұсқасын жасау | Бұйрықпен бекітілген Бағдарла- маның ашық нұсқасы | ИСМ | 2006 жылғы 1 тоқ- сан | - | Қаржылан- дыру талап етілмейді |
3. | Аралық есептерді қарау және бекіту | FTK-де бекітілген есеп | ИСМ | Жыл сайын шілде мен жел- тоқсан | - | Қаржылан- дыру талап етілмейді |
4. | Алдыңғы жылға арналған Бағдарламаның ашық нұсқасын жасау және бекіту | Бұйрықпен бекітілген алдыңғы жылға арналған Бағдарла- маның ашық нұсқасы | ИСМ | Жыл сайын 1 тоқ- сан | - | Қаржылан- дыру талап етілмейді |
5. | Қорытынды есептердің ғылыми- техникалық сараптамасын өткізу | Сарапта- ма коми- ссиясының қорытын- дысы | ИСМ, БҒМ | 2008 жылғы жел- тоқсан | 0,3 | Республи- калық бюджет |
2. Негізгі ғылыми-техникалық тапсырмалар |
1. | Отандық шикізаттан фотоэнергетика және электронды техника үшін металлургиялық және "күн" кремнийін алудың жаңа тәсілдерін әзірлеу және қазіргі барларын жетілдіру: карботермикалық тәсілмен алынған тазалығы жоғары техникалық кремнийді тазарту тәсілдерін әзірлеу; кварциттер алюмотермиясы кезінде силицидті қорытпалардан алынған силанды тазарту тәсілдерін әзірлеу; силанды пиролиздеу және тазалығы жоғары поликристалдың кремний алу тәсілдерін әзірлеу | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ақпарат | ИСМ | Жыл сайын 15 шілде және 15 қаңтар | Барлығы -157,0, оның ішінде жылдар бойынша 2006 - 50,0 2007 - 52,0 2008 - 55,0 | Республи- калық бюджет |
2. | Әртүpлі функционалдық, мақсаттағы наноматериалдар мен наноқұрылымдарды жасау және олардың қасиеттерін басқару әдістерін әзірлеу: қатты денелердің бетіндегі және көлеміндегі нанокластерлер мен наноқұрылымдарды синтездеу және зерттеу әдістерін әзірлеу; жаңа перспективалық әдістерді пайдалана отырып, наноматериалдар мен наноқұрылымдарды алу процестерін зерттеу; берілген құрылымы мен қасиеттepi бар көміртекті наноматериалдарды, әр түрлі мақсаттағы наномөлшерлі сорбенттерді және нанокластерлік катализаторларды алу тәсілдерін әзірлеу; наномөлшерлі және наноқұрылымдық кешендерді, ассоциаттарды, кластерлерді және органикалық және органикалық емес жасанды және табиғи заттардың негізінде кең спектрде қолданылатын композиттерді синтездеу, әдістерін әзірлеу, олардың қасиеттерін зерттеу және реттеу | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ақпарат | ИСМ | Жыл сайын 15 шілде және 15 қаңтар | Барлығы -219,1, оның ішінде жылдар бойынша 2006 - 67,5 2007 - 73,6 2008 - 78,3 | Республи- калық бюджет |
3. | Қазақстанда өндірілетін металдардың негізінде көп функционалды қорытпалар мен материалдарды алудың жаңа технологиялары мен әдістерін әзірлеу: Қазақстанда өндірілетін металдардың негізінде болаттар мен арнайы қорытпалардың жаңа түрлерін алу технологияларын әзірлеу; металл конструкциялық материалдардың пайдаланылу қасиеттерін жақсарту технологиялары мен әдістерін әзірлеу; машина жасауды ғылымды қажетсінетін өнімдерді дайындау үшін ұнтақты материалдарды алу әдістерін әзірлеу; конструкциялық материалдардың қызмет мерзімін ұлғайту үшін композициялық материалдар мен жабындардың жаңа түрлерін әзірлеу | Қазақстан Республи- касының Үкіметіне ақпарат | ИСМ | Жыл сайын 15 шілде және 15 қаңтар | Барлығы -157,0, оның ішінде жылдар бойынша 2006 - 50,0 2007 - 52,0 2008 - 55,0 | Республи- калық бюджет |
4. | Жиыны: | | | | 533,4 | |
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
ҒТК - Ғылыми-техникалық кеңес