«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 1228 қаулысына толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 сәуірдегі № 281 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1228 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:
05 «Денсаулық сақтау» функционалдық тобында:
226 «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі» әкімшісі бойынша:
032 «Алматы облысының облыстық бюджетіне және Алматы қаласының бюджетіне денсаулық сақтау объектілерінің сейсмотұрақтылығын күшейту үшін берілетін нысаналы даму трансферттері 1050000»
бағдарламасы мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
«Алматы қаласының № 5 қалалық клиникалық ауруханасының № 1 корпусын сейсмикалық күшейту | 104628 |
| |
Алматы қаласының орталық қалалық клиникалық ауруханасының № 1 және 2 павильондарын сейсмикалық күшейту | 254816 |
| |
Алматы қаласында Жұбанов көшесінің бойындағы 11-үйдегі қалалық перинаталдық орталық ғимаратын (№ 5 және 6 павильондар) сейсмикалық күшейту | 151038 |
| |
Алматы қаласында Сейфуллин даңғылының бойындағы 492-үйдегі № 1 перзентхананың № 4 және 5 корпустары ғимараттарын сейсмикалық күшейту | 117506 |
| |
Алматы облысы Көксу ауданының Балпық би кентіндегi орталық аудандық аурухананы сейсмикалық күшейту | 50000». |
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |