«Нанға, нан-тоқаш тағамдарына, тарыға, ұнтақ жармаға, пісірілген нан орнына
сатылатын ұнға және құрама жемге сауда үстемесін ырықтандыру туралы»
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 10 сәуірдегі № 437 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2003 жылғы 17 наурыздағы № 258 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті қаулы етеді:
1. Республика бойынша нанға, нан-тоқаш тағамдарына, тарыға, ұнтақ жармаға, пісірілген нан орнына сатылатын ұнға және құрама жемге сауда үстемесінің бірыңғай шекті мөлшері 1995 жылғы 10 сәуірден бастап жойылсын.
2. Жергілікті әкімдер, Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитеті, Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және сауда министрлігі Қазтұтыну одағымен бірлесе отырып:
нан өнімдеріне сауда үстемесін кезең-кезеңімен ырықтандыруды қамтамасыз ету жөнінде шаралар қолдансын;
сауда ұйымдары мен кәсіпорындарының аталған өнімдерге айналым шығасысын қалыптастыру, сауда үстемесін қою мен қолдану тәртібін қатаң сақтауына бақылауды күшейтсін.
3. "Нанның, нан-тоқаш тағамдарының, тарының, ұнтақ жарманың, пісірілген нан орнына сатылатын ұнның және құрама жемнің бағасын ырықтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 11 қазандағы № 1163 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж ., № 44, 472-бап) 2-тармағы 1995 жылдың 10 сәуірінен бастап күшін жойған деп танылсын.
Қазақстан Республикасы
Премьер-министрінің
бірінші орынбасары