«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 1228 қаулысына өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 11 сәуірдегі № 268 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1228 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:
04 «Білім беру» функционалдық тобында:
225 «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі» әкімшісі бойынша:
012 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне білім беру объектілерін салуға және қайта жаңартуға берілетін нысаналы даму трансферттері» бағдарламасы бойынша:
«Астана қаласының Чернышевский-Ушаков көшелері маңында 1200 орындық орта мектеп салу» деген жолда:
«Астана қаласының Чернышевский-Ушаков көшелері маңында» деген сөздер «Астана қаласының Оренбургский көшесі бойынан» деген сөздермен ауыстырылсын;
031 «Алматы облысының облыстық бюджетіне және Алматы қаласының бюджетіне білім беру объектілерінің сейсмотұрақтылығын күшейту үшін берілетін нысаналы даму трансферттері 1250000» бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын:
«031 Алматы облысының облыстық бюджетіне және Алматы қаласының бюджетіне білім беру объектілерін сейсмикалық күшейту үшін берілетін нысаналы даму трансферттерi оның ішінде инвестициялық жобаларға: | 1250000 |
Алматы қаласындағы № 11 мектеп ғимаратын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп, сейсмикалық күшейту | 139793 |
Алматы қаласындағы № 30 мектеп ғимаратын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп, сейсмикалық күшейту | 112365 |
Алматы қаласындағы № 43 жалпы білім беретін мектеп ғимаратын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп, сейсмикалық күшейту | 103381 |
Алматы қаласындағы № 124 мектеп ғимаратын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп, сейсмикалық күшейту | 140619 |
Алматы қаласындағы № 21 балабақша ғимаратын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп, сейсмикалық күшейту | 74693 |
Алматы қаласындағы № 73 балабақша ғимаратын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп, сейсмикалық күшейту | 45486 |
Алматы қаласындағы № 74 балабақша ғимаратын қалпына келтіру ұмыстарын жүргізіп, сейсмикалық күшейту | 48326 |
Алматы қаласындағы № 167 балабақша ғимаратын сейсмикалық күшейту | 49545 |
Алматы қаласындағы № 207 балабақша ғимаратын сейсмикалық күшейту | 59411 |
Алматы қаласындағы № 216 балабақша ғимаратын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп, сейсмикалық күшейту | 42332 |
Алматы қаласындағы № 226 балабақшаны қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп, сейсмикалық күшейту | 42719 |
Алматы қаласындағы № 227 балабақша ғимаратын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп, сейсмикалық күшейту | 40495 |
Алматы қаласындағы № 20 балабақша ғимаратын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп, сейсмикалық күшейту | 62607 |
Алматы қаласындағы № 108 балабақша ғимаратын сейсмикалық күшейту | 38228 |
Алматы облысының Алматы қаласындағы Ш. Смағұлов атындағы облыстық мектеп-интернатты сейсмикалық күшейту | 100000 |
Алматы облысының Алматы қаласындағы № 13 кәсіптік мектептің жатақханасын сейсмикалық күшейту | 50000 |
Алматы облысы Көксу ауданының Балпық би кентіндегі Алдабергенов атындағы орта мектептi сейсмикалық күшейту | 60000 |
Алматы облысының Талдықорған қаласындағы экономика-технологиялық колледжі ғимаратын сейсмикалық күшейту | 40000». |
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |