«Қазақстан Республикасы Yкіметінің БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі
басқармасының жобалық құжаттарын жасасуы туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы № 61 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
«Есірткіге сұранысты азайту және АҚТБ/ЖҚТБ-ның алдын алу стратегиясы мен саясаты мәселелерінде Орталық Азия елдеріне консультативтік көмек көрсету»;
«БАҚ, ҮЕҰ мен азаматтық қоғам арқылы нашақорлықтың және АҚТБ/ЖҚТБ-ның алдын алу»;
«Бақыланатын жеткізулер әдісін дамытуға жәрдемдесу»;
«Есірткіге қарсы күрес саласындағы жедел және өзге де ақпарат жинау, оны талдау және алмасу жөніндегі құқық қорғау жүйелері»;
«Орталық Азияда прекурсорларды бақылау» атты БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы құжаттарының жобалары мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Зауытбек Қауысбекұлы Тұрысбековке қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Yкіметі атынан көрсетілген жобалық құжаттарды жасасуға өкілеттік берілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |