«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2003 жылғы 30 желтоқсандағы № 1355
қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 23 наурыздағы № 200 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Байланыс және хабар тарату ұлттық геостационарлық спутнигін жасау және ұшырудың кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 желтоқсандағы № 1355 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
2-1-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) байланыс және хабар тарату ұлттық геостационарлық спутниктерінің техникалық тапсырмаларын және техника-экономикалық негіздемелерін әзірлеу.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |