«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1228
қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 20 наурыздағы № 189 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы 1228 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:
05 «Денсаулық сақтау» функционалдық тобында:
226 «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі» әкімшісі бойынша:
032 «Алматы облысының облыстық бюджетіне және Алматы қаласының бюджетіне денсаулық сақтау объектілерінің сейсмотұрақтылығын күшейту үшін берілетін нысаналы даму трансферттері» бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын:
«032 | Алматы облысының облыстық бюджетіне және Алматы қаласының бюджетіне денсаулық сақтау объектілерін сейсмикалық жағынан күшейту үшін берілетін нысаналы даму трансферттері | 1050000 |
| оның ішінде инвестициялық жобаларға: Алматы қаласының № 1 қалалық клиникалық ауруханасының № 4 павильонын сейсмикалық жағынан күшейту | 232959 |
| Алматы қаласының қалалық перинатальдық орталығының № 7 корпусын сейсмикалық жағынан күшейту | 139053». |
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі 2006 жылғы 1 сәуірге дейінгі мерзімде «2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 9 желтоқсандағы № 1228 қаулысына 2006 жылға арналған республикалық бюджетте Алматы облысының облыстық бюджетіне және Алматы қаласының бюджетіне денсаулық сақтау объектілерін сейсмикалық жағынан күшейту үшін көзделген 677988 мың теңге сомасындағы нысаналы даму трансферттерін бөлу бөлігіне тиісті өзгеріс енгізсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi | Д. Ахметов |