TACIS бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасынан Ұлттық
үйлестірушіні тағайындау туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002 ж. 27 наурыздағы № 357 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 20.09.02 ж. № 1041; 12.11.03 ж. № 1132 қаулыларымен
енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2006 ж. 20 наурыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 20.09.02 ж. № 1041; 12.11.03 ж. № 1132 қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді
1. TACIS бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасынан Ұлттық үйлестіруші болып Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Қайрат Медiбайұлы Әйтекенов, TACIS бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасынан Ұлттық үйлестірушінің орынбасары болып Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Нұрлан Құсайынұлы Рахметов белгіленсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "TACIS бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық үйлестірушісі туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 13 қаңтардағы № 49 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., № 3, 34-құжат);
2) "TACIS бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасынан Ұлттық үйлестірушіні тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 қарашадағы № 1712 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 50, 493-құжат).
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов |