Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң 2003 жылғы 28 қарашадағы № 1194 және
2003 жылғы 30 желтоқсандағы № 1348 қаулыларына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 26 қаңтардағы № 63 Қаулысы
Осы редакция 2006 ж. 14 наурыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) "Табиғи монополия саласына жататын, ұсынылатын қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) арналған үлгі шарттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 28 қарашадағы № 1194 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 45, 493-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Әуежайлар қызметтерiн көрсетуге арналған үлгi шартта:
4-тармақ алынып тасталсын;
2) "Табиғи монополия саласына жатқызылған әуежайлар қызметтерінің номенклатурасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 желтоқсандағы № 1348 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 49, 562-құжат):
тақырыптағы және 1-тармақтағы "табиғи монополия саласына жатқызылған" деген сөздер "мемлекет реттейтiн баға қолданылатын" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулымен бекітілген Табиғи монополия саласына жатқызылған әуежайлар қызметтерiнiң тiзбесiнде:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекет реттейтiн баға қолданылатын әуежайлар қызметтерінің номенклатурасы";
мынадай мазмұндағы 3, 4 және 5-тармақтармен толықтырылсын:
"3. Әуе кемесiне негiзгi әуеайлақта тұру орнын беру жөнiндегі қызметтер.
4. Жолаушыларды тiркеуге арналған жұмыс орнын (алаңын) беру жөніндегі қызметтер.
5. Әуе кемесіне тұру орнын 1.11-тармақта белгіленген уақыттан тыс беру жөніндегі қызметтер.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов |