Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігiнің мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1112 қаулысы
(2005.30.06. берілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2006 ж. 27 ақпандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегі № 1449 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының ?кіметі Қаулы етеді:
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінiң Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитетi;
2) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінiң Мемлекеттік материалдық резервтер комитетi құрылсын.
2. Қоса берілiп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитетi туралы ереже;
3) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінiң Мемлекеттік материалдық резервтер комитетi туралы ереже бекітілсiн.
ҚР Үкіметінің 2005.25.01. № 53 Қаулысымен тармақ 4) тармақшамен толықтырылды
4) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі мемлекеттік мекемелерiнiң тiзбесi;
ҚР Үкіметінің 2005.25.01. № 53 Қаулысымен тармақ 5) тармақшамен толықтырылды
5) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитетi мемлекеттік мекемелерiнің тiзбесi.
3. Мыналарға:
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрiне төрт, оның iшiнде бiр бiрiншi вице-министрi болуына;
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитетiнiң төрағасына саны Қазақстан Республикасының ?кіметімен келісім бойынша анықталатын орынбасарлары болуына;
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетiнiң төрағасына саны Қазақстан Республикасының Үкіметімен келiсім бойынша анықталатын орынбасарлары болуына рұқсат етілсiн.
4. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі белгiленген тәртiппен осы қаулыны iске асыру жөнiнде өзге де шараларды қабылдасын.
5. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешімдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкiметінiң
2004 жылғы 28 қазандағы
№ 1112 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар
министрлiгі туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі (бұдан әрi - Министрлiк) орталық атқарушы орган болып табылады.
Министрліктің негiзгi мiндеттерi табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғанысы (бұдан әрi - Азаматтық қорғаныс), Азаматтық қорғаныс iс-шараларының орындалуын қадағалау, салааралық үйлестiру, өрт және өнеркәсiп қауіпсiздігі саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау, қауiптi өндiрiстiк объектiлердегi еңбек қауiпсiздігі және оны қорғау, өнеркәсiпте жұмыстардың қауiпсiз жүргізiлуiн қадағалау, тау-кен қадағалау, мемлекеттік материалдық резервтi қалыптастыру және дамыту, төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жоюдың мемлекеттік жүйесiнiң жұмыс iстеуiн және оның одан әрi дамуын қамтамасыз ету, өрттердiң алдын алу мен сөндiрудi ұйымдастыру саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру болып табылады.
Министрлiктiң облыстарда, Астана және Алматы қалаларында аумақтық органдары (бұдан әрi - аумақтық органдар) және ведомстволары: Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитеті және Мемлекеттік материалдық резервтер комитетi бар.
2. Министрлiк өз қызметi Қазақстан Республикасының Конституциясы және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкіметінiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Министрлiк мемлекеттік мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тiлде жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегi бланкілерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Министрлiк азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Министрлiктiң, егер оған заңнамаға сәйкес уәкілеттiк берілсе, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
4. Министрлiк өз құзыретіндегі мәселелер бойынша Министрдiң бұйрықтарымен ресiмделетін Қазақстан Республикасының аумағында міндетті күші бар шешiмдер шығарады.
5. Министрлiктiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Yкіметi бекiтедi.
6. Министрлiктің заңды мекен-жайы: 473000, Астана қаласы, Бейбiтшiлiк көшесi, 22.
7. Министрлiктiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгі" мемлекеттік мекемесi.
8. Осы Ереже Министрлiктiң құрылтайшы құжаты болып табылады.
9. Министрліктiң қызметiн қаржыландыру тек республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Министрлiкке кәсiпкерлік субъектілерiмен Министрлiктiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Министрлiкке заңнамалық кесiмдермен кiрiс әкелетін қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлген болса, онда мұндай қызметтен алынған кiрiс республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.
2. Министрлiктiң негiзгi функциялары мен құқықтары
10. Министрлiк жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) мыналардың саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ететiн, стратегиялық:
табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою, Азаматтық қорғаныс, салааралық үйлестiру, өрт және өнеркәсіп қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау, қауіпті өндiрiстiк объектілердегi еңбек қауіпсiздігі және оны қорғау, өнеркәсiпте жұмыстардың қауiпсiз жүргізілуін қадағалау, тау-кен қадағалау және Азаматтық қорғаныс iс-шараларының орындалуын қадағалау саласында, сондай-ақ мемлекеттік материалдық резерв саласында;
төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, Азаматтық қорғаныс, өрт және өнеркәсіп қауіпсiздiгі жөніндегі мiндеттердi шешуге бағытталған бағдарламаларды әзiрлеудi және орындауды ұйымдастыру;
мемлекеттік және жұмылдыру резервтерi құрамындағы материалдық-техникалық, азық-түлік, медициналық запастарды және басқа да ресурстарды пайдалану туралы, сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алу және жою үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметінiң резервiнен қаражатты пайдалану туралы ұсыныстарды әзiрлеу;
Азаматтық қорғаныстың бейбiт және соғыс уақытына арналған жоспарын әзiрлеу және оны Қазақстан Республикасының Үкiметіне бекiтуге ұсыну;
ҚР Үкіметінің 2005.30.06 ж. № 662 қаулысымен 2 тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
2) мемлекеттік саясатты iске асыру саласында:
табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар, Азаматтық қорғаныс, өрт және өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестiреді;
табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс саласындағы жергiлiктi атқарушы органдармен өзара iс-қимыл жасайды;
төтенше жағдайлардан халықты және шаруашылық жүргiзу объектiлерiн қорғаудың және Азаматтық қорғаныстың жай-күйi туралы есептер дайындайды және ұсынады;
табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар, Азаматтық қорғаныс, өрт және өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласында ғылыми зерттеулердi, білімдi насихаттауды, халықты және мамандарды оқытуды ұйымдастырады;
Қазақстан Республикасы Үкiметінің шешiмдерi бойынша өңiрлiк және жаhандық төтенше жағдайларға тiкелей басшылық жасауды жүзеге асырады;
Азаматтық қорғаныстың әскери бөлiмдерi мен өртке қарсы қызмет бөлiмшелерiнің жауынгерлiк және жұмылдырушылық даярлығын қамтамасыз eтeдi;
орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, өзге де ұйымдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы халқының орындауы үшін мiндетті Азаматтық қорғанысты даярлау және жүргiзу мәселелерi бойынша шешiмдер қабылдайды;
Азаматтық қорғаныс мүддесi үшiн қару-жараққа, техникаға, қорғаныс құралдарына және басқа да материалдық-техникалық құралдарға қажеттілiктi анықтайды;
төтенше жағдайларды жою кезiнде қолданыстағы заңнамаға сәйкес ұйымдардың материалдық-техникалық ресурстарын, байланыс және ақпарат беру құралдарын жұмылдырады;
төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның және Мұнай төгiлулерiне ден қою жөніндегі ұлттық комиссияның қызметiне республикалық деңгейде басшылық жасайды;
төтенше жағдайлардың алдын алу, Азаматтық қорғаныс, өрт және өнеркәсiп қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау, қaуiптi өндiрiстiк объектілердегi еңбек қауiпсiздігі және оны қорғау, өнеркәсіпте жұмыстардың қауiпсiз жүргiзiлуiн қадағалау, тау-кен қадағалау және Азаматтық қорғаныс iс-шараларының орындалуын қадағалау жөніндегі, сондай-ақ мемлекеттік материалдық резерв аясындағы функцияларды iске асыратын Министрліктің ведомстволары мен аумақтық органдарының қызметіне жалпы басшылық жасайды және үйлестiредi;
Азаматтық қорғанысқа тiкелей басшылық жасайды;
авариялық-құтқару және басқа да кезек күттірмейтiн жұмыстарды жүргiзу кезiнде Азаматтық қорғаныстың әскери бөлiмдерi мен құрамаларын басқаруды ұйымдастырады;
төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі iс-шараларда Азаматтық қорғаныс күштерiне өзiнiң қарауындағы жағдайды байқау, бақылау және болжау қызметтерiне, сондай-ақ төтенше жағдайлар жөніндегі республикалық хабарлау жүйесiне және республикалық автоматтандырылған ақпараттық-басқару жүйесiне тiкелей басшылық жасайды;
Азаматтық қорғаныстың әскери бөлiмдерi жеке құрамының, Азаматтық қорғаныс ұйымдары мен құрамалары басшыларының, халықтың Азаматтық қорғаныс бойынша дайындығын ұйымдастырады, осы мақсатта тиiсті дайындық бағдарламаларын әзiрлейдi;
Азаматтық қорғаныстың авариялық-құтқару қызметтерi мен құрамаларын құруды, есепке алуды және тіркеуді жүзеге асырады;
орталық атқарушы органдардың шешiмi бойынша құрылған авариялық-құтқару қызметтерi мен құрамаларының қызметiн үйлестiредi;
өрт, өнеркәсiп қауiпсiздiгi және Азаматтық қорғаныс саласындағы ведомстволық бағынысты ғылыми-зерттеу ұйымдарын, сондай-ақ өрт, өнеркәсiп қауiпсiздiгi және Азаматтық қорғаныс мәселелерi бойынша мамандандырылған ғылыми-зерттеу және жобалау-конструкторлық ұйымдардың қызметiн үйлестiредi;
қауiптi өндiрiстiк объектiлердегi еңбек қауiпсiздiгi және оны қорғау саласындағы мемлекеттік басқаруды жүзеге асырады;
қолданыстағы заңнамаға сәйкес Азаматтық қорғаныс, өртке қарсы қызмет органдары және мемлекеттік материалдық резерв саласындағы мемлекеттік құпияларды қамтамасыз ету жөнiндегі шараларды қабылдайды;
халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, Азаматтық қорғаныс, өрт және өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы мемлекеттік материалдық резерв аясында шетелдiк ұйымдар мен азаматтардың қызметiн қамтамасыз етедi, ізгiлiк акцияларын өткiзудi ұйымдастырады.
11. Министрлiктiң негізгi мiндеттердi iске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру мақсатында:
1) өз құзыретiнiң шегiнде орындау үшiн мiндеттi нормативтiк құқықтық кесiмдердi қабылдауға;
2) өз құзыретiндегі мәселелер бойынша заңнаманы жетiлдiру жөнiндегі ұсыныстарды енгізуге;
3) төтенше жағдайлар саласындағы нормативтердi, стандарттарды және ережелердi бекiтуге немесе келiсуге;
4) Министрлiкке ведомстволық бағынысты ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және жою мәселелерi жөніндегі ұсыныстарды енгізуге;
5) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардан, өзге де ұйымдардан, лауазымды адамдар мен азаматтардан өз құзыретiне қатысты мәселелер бойынша ақпарат пен мәлiметтер сұратуға және алуға;
6) құқық қорғау органдарының, Қарулы Күштердiң әскери бөлiмдерi мен бөлiмшелерiнiң, республиканың басқа да әскерлерi мен әскери құрамаларының күштері мен құралдарын аварияларды, апаттарды және табиғи зiлзалаларды жою, төтенше жағдайлар аймақтарында қоғамдық тәртiптi және объектілердi күзетудi қамтамасыз етуге тарту туралы Қазақстан Республикасының ?кіметіне ұсыныс енгізуге;
7) белгіленген тәртiппен бекітілген айырым белгiлерiмен, арнаулы дабылдармен және байланыс құралдарымен жабдықталған арнайы көлiк құралдарына ие болуға;
8) заңнамада айқындалған тәртiппен республиканың бүкiл аумағы бойынша бiрыңғай радиожиіліктер белдеулерiне ие болуға;
9) өз құзыретіндегi мәселелер бойынша халықаралық шарттар мен келісімдердiң жобаларын дайындауға, берiлген өкiлеттiктер шегiнде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасуға және оларды түгендеудi жүзеге асыруға;
10) табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, Азаматтық қорғаныс, өрт және өнеркәсiп қауiпсiздiгi, сондай-ақ мемлекеттік материалдық резерв саласындағы проблемалар жөнiнде журналдар, режимдiк анықтамалықтар, бюллетеньдер және басқа да басылымдар шығаруға құқығы бар.
3. Министрлiктiң мүлкі
12. Министрлiктiң республикалық меншiкке жататын оқшауланған мүлiктi жедел басқаруға құқығы бар.
Министрліктің мүлкі мемлекеттiң оған берген мүлкi есебiнен қалыптасады.
13. Министрлiктiң өзiне бекітіп берілген мүліктi өз бетiнше иелiктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билiк етуге құқығы жоқ.
Министрлікке заңнамада белгіленген жағдайларда және шектерде мүлікке билік ету құқығы берiлуi мүмкiн.
4. Министрлiктiң қызметiн ұйымдастыру
14. Министрлiктi Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төтенше жағдайлар министрi (бұдан әрі - Министр) басқарады.
Министр лауазымы бойынша Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғанысы бастығының орынбасары болып табылады.
Министрдің оның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары (вице-министрлерi) болады.
15. Министр Министрлiктiң жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, Министрлiкке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн жеке жауап бередi.
16. Осы мақсатта Министр заңнамаға сәйкес:
1) өзiнiң орынбасарлары мен Министрлiктiң ведомстволары, құрылымдық бөлiмшелерi, аумақтық органдары мен ведомстволық бағынысты ұйымдары басшыларының мiндеттерi мен өкілеттiктерiн айқындайды;
2) қызметке тағайындалуы және қызметтен босатылуы Қазақстан Республикасы ?кіметінiң құзыретіне жататын тұлғаларды қоспағанда, Министрлiктiң қызметкерлерiн, Министрлiктiң комитеттерi төрағаларының орынбасарларын, төтенше жағдайлар жөніндегі аумақтық органдардың, Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитеті аумақтық органдарының, Министрлiкке ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын, сондай-ақ олардың орынбасарларын қызметтерге тағайындайды және қызметтерден босатады;
3) Министрлiктiң құрылымын бекiтедi;
4) Министрлiктің жоғары офицерлiк құрамының алмастыруына жататын лауазымдарының тiзбесi туралы ұсыныстарды енгiзедi;
5) Министрлiктiң әскери қызметшiлерін офицерлiк құрамының алмастыруына жататын лауазымдардың тiзбесiн бекiтедi;
ҚР Үкіметінің 2005.30.06 ж. № 662 қаулысымен 6 тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
6) әскери қызметшiлердiң және өртке қарсы қызмет органдарының арнайы атағы бар қызметкерлерiнiң Министрлiкте қызмет өткеруі, оларға заңнамада белгiленген тәртiппен атақ беру, сондай-ақ оларды қайта аттестаттау мәселелерiн шешедi;
7) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне офицерлердi запастан әскери қызметке шақыру жөнiнде ұсыныстар енгізедi;
8) Қазақстан Республикасының Президентіне Министрліктің айрықша көзге түскен қызметкерлерiн мемлекеттік наградалармен марапаттау және құрметті атақтарды беру туралы ұсынымдар енгiзедi;
9) Министрлiктiң қызметкерлерiн көтермелеу мәселелерін шешедi және тәртіптiк жаза қолданады;
10) Министрліктің бұйрықтарына қол қояды, сондай-ақ Министрлiк қызметкерлерiнiң орындауы мiндеттi нұсқамалар бередi;
11) өз құзыретінің шегінде Министрліктің құрылымдық бөлiмшелерi және аумақтық органдары туралы ережелердi бекiтедi;
12) өз құзыретiнiң шегiнде ведомстволық бағынысты мекемелердiң жарғыларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген штат саны лимиттерiнiң шегiнде олардың құрылымын және штат санын бекiтедi;
13) Қазақстан Республикасының барлық мемлекеттік органдарында, өзге де ұйымдарында, сондай-ақ халықаралық ұйымдарда Министрлiк атынан өкілдік етеді;
14) Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлеген штат саны лимитiнiң шегiнде Министрлiктiң орталық аппаратының, аумақтық органдардың және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердiң штаттық кестелерiн бекiтедi;
15) Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерi туралы ереженi бекiтедi;
16) аварияларды, апаттарды, табиғи зiлзалаларды және олардың салдарларын, сондай-ақ қауiптi өндірістік объектiлердегі жазатайым оқиғалар мен жарылғыш заттардың жоғалуын тексеру жөніндегі комиссияларды құрады;
17) төтенше жағдайларда iс-қимылдарға тiкелей басшылықты жүзеге асыру кезінде:
жергілікті атқарушы органдармен келiсе отырып, төтенше жағдайлар ауданындағы азаматтардың өмiр сүруі және жүріп-тұруы режимiн белгiлейдi;
төтенше жағдайларды жою кезiнде берілген тапсырмаларды орындауды қамтамасыз етпеген лауазымды тұлғаларды кейiн белгiленген тәртiппен жауапкершілікке тарта отырып, жұмыстарға басшылық жасау жөніндегі жүктелген мiндеттерiнен шеттетедi.
17. Министрлiктiң Министрдің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылатын алқасы бар. Алқаның сандық және жеке құрамын әрi ол туралы ереженi Министр бекітеді.
5. Министрлiкті қайта ұйымдастыру және тарату
18. Mинистрлікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Yкіметінің
2004 жылғы 28 қазандағы
№ 1112 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар
министрлiгінiң республикалық бюджеттен
қаржыландырылатын мемлекеттік
мекемелерінің тiзбесi
1. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаментi" мемлекеттік мекемесi, Көкшетау қаласы.
2. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаментi" мемлекеттік мекемесi, Ақтөбе қаласы.
3. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментi" мемлекеттік мекемесi, Талдықорған қаласы.
4. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Талдықорған қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы" мемлекеттік мекемесi, Талдықорған қаласы.
5. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаментi" мемлекеттік мекемесi, Атырау қаласы.
6. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментi" мемлекеттік мекемесi, Өскемен қаласы.
7. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Риддер қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы" мемлекеттік мекемесi, Риддер қаласы.
8. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Зырян қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы" мемлекеттік мекемесi, Зырян қаласы.
9. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Семей қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы" мемлекеттік мекемесi, Семей қаласы.
10. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өскемен қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы" мемлекеттік мекемесi, Өскемен қаласы.
11. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаментi" мемлекеттік мекемесi, Тараз қаласы.
12. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментi" мемлекеттік мекемесi, Орал қаласы.
13. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментi" мемлекеттік мекемесi, Қарағанды қаласы.
14. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Жезқазған қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы" мемлекеттік мекемесi, Жезқазған қаласы.
15. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Балқаш қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы" мемлекеттік мекемесi, Балқаш қаласы.
16. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментi" мемлекеттік мекемесi, Қызылорда қаласы.
17. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаментi" мемлекеттік мекемесi, Қостанай қаласы.
18. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Арқалық қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы" мемлекеттік мекемесi, Арқалық қаласы.
19. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментi" мемлекеттік мекемесi, Ақтау қаласы.
20. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаментi" мемлекеттік мекемесi, Павлодар қаласы.
21. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Екiбастұз қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы" мемлекеттік мекемесi, Екiбастұз қаласы.
22. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Солтүстiк Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментi" мемлекеттік мекемесi, Петропавл қаласы.
23. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Оңтүстiк Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментi" мемлекеттік мекемесi, Шымкент қаласы.
24. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаментi" мемлекеттік мекемесi, Астана қаласы.
25. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментi" мемлекеттік мекемесi, Алматы қаласы.
26. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінiң 28237-әскери бөлiмi" мемлекеттік мекемесi, Алматы облысы, Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылы.
27. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінiң 68303-әскери бөлiмi" мемлекеттік мекемесi, Алматы облысы, Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылы.
28. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінiң 52859-әскери бөлiмi" мемлекеттік мекемесi, Қарағанды қаласы.
29. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінiң Көкшетау техникалық институты" мемлекеттік мекемесi, Көкшетау қаласы.
30. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінiң республикалық дағдарыс орталығы" мемлекеттік мекемесi, Астана қаласы.
31. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінiң Шығыс өңiрлiк аэромобильдi жедел құтқару жасағы" мемлекеттік мекемесi, Өскемен қаласы.
32. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінiң Солтүстік өңiрлік аэромобильдi жедел құтқару жасағы" мемлекеттік мекемесi, Қостанай қаласы.
33. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінiң Оңтүстiк өңiрлiк аэромобильдi жедел құтқару жасағы" мемлекеттік мекемесi, Қызылорда қаласы.
34. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінiң Батыс өңiрлiк аэромобильдi жедел құтқару жасағы" мемлекеттік мекемесi, Атырау қаласы.
35. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінiң Орталық өңiрлiк аэромобильдi жедел құтқару жасағы" мемлекеттік мекемесi, Астана қаласы.
36. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінiң "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесi, Алматы қаласы.