сақтандыру портфелінің құрылымындағы сақтандыру сыныбы үлесінің;
сақтандыру сыныбы бойынша қызметтер көрсету нарығы сегментінің (нарық көлемінің, ықтимал сақтанушылардың, географиялық жерінің);
сақтандыру өнімдерін сақтандыру сыныбы шеңберінде сату тәсілдерінің негізгі сипаттамалары;
2) сақтандыру тарифтерін есептеу тәртібіне және олардың экономикалық негіздемесіне қойылатын талаптар;
3) осы сақтандыру сыныбы бойынша таяу екі жылға арналған, кірістер, шығыстар, сақтандыру резервтерінің есептері туралы болжам, шығындылық болжамы, ең нашар және ең жақсы жағдайдағы тәуекелдерді бағалау, пруденциялық нормативтердің сақталу болжамы;
4) қайта сақтандыру саясаты (қайта сақтандыру нысандары мен әдістері, қайта сақтандыру ұйымдарын бағалау өлшемдері);
5) инвестициялық саясат қамтылуға тиіс.
4. Сақтандыру ұйымы сақтандыру ұйымын құруға рұқсат алу кезінде бизнес-жоспарда көрсетілген талаптарды орындау мерзімі аяқталғанға дейін сақтандырудың қосымша сыныптары бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін уәкілетті органға жүгінуге құқылы емес.
5. Лицензиядан сақтандырудың жекелеген сыныптары алып тасталған жағдайда, лицензия сақтандырудың осы сыныптары алып тастала отырып, қайта ресімделуге тиіс.
6. Сақтандыру ұйымы сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиядан сақтандырудың жекелеген сыныптарын алып тастау үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды:
1) өтінішті;
2) лицензиялық алымның төленгенін растайтын төлем құжатының көшірмесін;
3) осы сақтандыру сыныбы бойынша бұрын жасалған сақтандыру шарттары бойынша өзіне қабылдаған міндеттемелердің орындалуы жөніндегі іс-шаралар жоспарын табыс етеді.
7. Лицензиат қайта сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды:
1) өтінішті;
2) қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыру жөнінде таяудағы екі жылға арналған, сақтандыру нарығында актуарийлік қызметті жүргізуге лицензиясы бар актуарий қол қойған бизнес-жоспарды;
3) сақтандыру ұйымының сақтандыру тәуекелдерін қайта сақтандыруға қабылдау рәсімін ашатын ішкі ережелерін;
4) лицензиялық алымның төленгенін растайтын төлем құжатының көшірмесін табыс етеді.
8. Өтініш беруші сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды:
1) өтінішті;
2) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің, статистикалық карточканың және салық төлеуші туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмелерін;
3) мемлекеттік тіркеуден өткен жарғының нотариат куәландырған көшірмесін;
4) жарғылық капиталдың толық төленгенін растайтын құжаттарды;
5) осы Заңның 34-бабының талаптарына сәйкес сақтандыру брокерінің басшы қызметкерлерін келісуге арналған құжаттарды;
6) сақтандыру және қайта сақтандыру шарттарын жасау бойынша делдалдық қызметті жүзеге асыру тәртібін көздейтін жұмыстың ішкі регламентін;
7) құжаттама жүргізу тәртібін және клиенттерге қызмет көрсету шарттарын;
8) лицензиялық алымның төленгенін растайтын төлем құжатының көшірмесін;
9) мемлекеттік тіркеу туралы құжатты, тиісті мемлекеттің уәкілетті органының (қаржылық ұйымдар үшін - қадағалау органдарының) құрылтайшы - Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғаға Қазақстан Республикасының резиденті - сақтандыру брокерінің жарғылық капиталына қатысуға рұқсат етілгені жөніндегі жазбаша хабарламасын не тиісті мемлекеттің заңнамасы бойынша мұндай рұқсат талап етілмейтіні туралы мәлімдемесін;
10) тиісті мемлекеттің уәкілетті органының құрылтайшы - Қазақстан Республикасының резиденті емес жеке тұлғада лицензиясы заңнамада белгіленген тәртіпке сәйкес кері қайтарып алынған, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, сақтандыру брокерін мәжбүрлеп тарату, олардың акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы шешім қабылданған кезден бастап бір жылдан аспайтын кезеңде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің не өзге де қаржы ұйымының басшы қызметкері ретіндегі қызметінде экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқық бұзушылықтары бойынша сотталғандығы жоқ екенін айғақтайтын құжатын табыс етеді. Аталған талап лицензия кері қайтарып алынған, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, сақтандыру брокерін мәжбүрлеп тарату, олардың акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы шешім қабылданған күннен кейін бес жыл бойы қолданылады.
9. Лицензия бергені (қайта ресімдегені) үшін лицензиялық алым өндіріп алынады, оның мөлшері мен төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
10. Уәкілетті орган лицензия беру (қайта ресімдеу) туралы өтінішті Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін құжаттардың толық топтамасы табыс етілген күннен бастап бір ай ішінде қарауға тиіс.
11. Лицензия беру туралы ақпарат уәкілетті органның мерзімді баспасөз басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланады.
12. Сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін және сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беру тәртібі мен шарттары, сондай-ақ осы баптың 1-3 және 6-8-тармақтарында көрсетілген құжаттардың мазмұнына, оның ішінде сақтандыру тарифтерін есептеу тәртібі мен олардың экономикалық негіздемесіне қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.
ҚР 10.07.03 ж. № 483-II Заңымен (бұр. ред. қара) 38-бап өзгертілді ; 2005.23.12 № 107-III ҚР Заңымен 38- бап жаңа редакцияда(бұр. ред. қара)
38-бап. Сақтандыру қызметін, қайта сақтандыру жөніндегі
қызметті және сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге
асыру құқығына лицензия беруден бас тарту
1. Сақтандыру қызметін, қайта сақтандыру жөніндегі қызметті, сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия беруден (қайта ресімдеуден):
1) осы Заңның 37-бабында белгіленген талаптардың сақталмауы;
2) өтініш берушінің мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап алты ай ішінде уәкілетті органға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензия алу үшін жүгінбеуі негіздері бойынша бас тартылады.
2. Сақтандырудың қосымша сыныптары бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия немесе қайта сақтандыру бойынша қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия беруден, осы баптың 1-тармағында жазылған негіздерден басқа, мынадай:
1) сақтандырудың алынатын қосымша сыныбын ескере отырып, пруденциялық нормативтер сақталмауының болжамы;
2) пруденциялық нормативтердің өтініш берген күнге дейін соңғы үш ай ішінде және оны қарау кезеңінде сақталмауы;
3) өтініш берген күнде сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданылуын тоқтата тұру түрінде қолданыстағы санкцияның болуы негіздері бойынша бас тартылады.
39-бап. Уәкiлеттi аудитордың қызметiн лицензиялау
1. Уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасы аумағында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына аудит жүргiзуге лицензия беру жөніндегі бiрден-бiр лицензиар болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес аудиторлық қызметтi жүзеге асыруға құқығы бар жеке немесе заңды тұлға уәкiлеттi органға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына аудит жүргiзуге лицензия беру туралы өтiнiш жасауға құқылы.
3. Өтiнiш берушiге қойылатын талаптар мен лицензия беру туралы өтiнiшке қоса тiркелетiн құжаттардың тiзбесi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерінде белгiленедi.
4. Лицензия беру туралы шешiмдер уәкiлеттi органның ресми басылымдарында жарияланады.
2005.23.12 № 107-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 40- бап өзгертілді
40-бап. Актуарийдiң қызметiн лицензиялау
1. Уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының аумағында сақтандыру рыногындағы актуарий қызметін жүргізуге лицензия беру жөніндегі бiрден-бiр лицензиар болып табылады.
2. Өтiнiш берушiге қойылатын талаптар мен лицензия беру туралы өтiнiшке қоса тiркелетiн құжаттардың тiзбесi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерінде белгiленедi.
Уәкілетті орган лицензия беру туралы өтінішті Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін құжаттардың толық топтамасы табыс етілген күннен бастап бір ай ішінде қарауға тиіс.
3. Актуарий екi жыл сайын уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерінде белгiленген тәртiппен біліктiлiк емтиханын тапсырып отыруға мiндеттi.
4. Лицензия беру туралы ақпарат уәкілетті органның мерзімді баспасөз басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланады.
8-тарау. Уәкiлеттi орган және сақтандыру iсiн
қадағалауды жүзеге асыру
41-бап. Сақтандыру саласындағы мемлекеттік реттеудiң мiндеттерi
1. Сақтандыру саласындағы мемлекеттік реттеудiң негiзгi мiндеттерi:
1) Қазақстан Республикасында тұрақты сақтандыру жүйесiн жасау мен қолдау және ұлттық сақтандыру рыногының инфрақұрылымын қалыптастыру;
2) сақтандыру рыногын реттеу және сақтандыру қызметiн қадағалау;
3) сақтандырудың негiздерiн заңдармен баянды ету, мiндетті сақтандыру түрлерiн, халықаралық сақтандыру жүйесiне Қазақстан Республикасының қатысу принциптерiн белгiлеу;
4) сақтанушылардың, сақтандырылушылардың және пайда алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау болып табылады.
2. Сақтандыру саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыруды, сақтандыру рыногындағы iстiң жайына мемлекеттік бақылау жасауды қамтамасыз етудi қоса, уәкiлеттi орган және мемлекеттiң өзге де органдары өз құзыретi шегiнде жүзеге асырады.
Өзге де мемлекеттік органдардың осы Заңмен реттелмеген өкiлеттiгi мiндеттi сақтандыру түрлерi бойынша тиiстi заң актілерінде көзделуi мүмкін.
Қазақстан Республикасының заң актілерінде тiкелей көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдарының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру брокерiнiң сақтандыру қызметiне араласуына тыйым салынады.
42-бап. Уәкiлеттi орган
1. Уәкiлеттi орган - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сақтандыру рыногын реттеу және сақтандыру қызметiн қадағалау жөніндегі функциялар мен өкiлеттiктi жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
Уәкiлеттi органның құқықтық мәртебесi Қазақстан Республикасының заң актілерімен белгiленедi.
2. Лауазымды адамдардың немесе меншiгiнде не басқаруында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының дауыс беретiн акцияларының бес проценттен астамы бар адамдардың және сақтандыру брокерлерiнiң жақын туыстары уәкiлеттi органның сақтандыру iсiн қадағалайтын құрылымдық бөлiмшесiнiң қызметкерлерi бола алмайды.
10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 11.06.04 ж. № 562-II (бұр. ред. қара); 2005.23.12 № 107-III (бұр. ред. қара); 2006.31.01. № 125-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 43-бап өзгертілді
43-бап. Уәкiлеттi органның функциялары және өкiлеттiгi (құқықтары)
Уәкiлеттi орган:
1) Қазақстан Республикасында сақтандыру жүйесiнiң жұмыс iстеуiн және ұлттық сақтандыру рыногының инфрақұрылымын қалыптастыруды, сақтанушылардың және сақтандыру рыногының өзге де қатысушыларының заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты жүргiзедi;
2) сақтандыру рыногын реттеу принциптерi мен әдiстерiн, сақтандыру қызметiн қадағалауды ұйымдастыру тәртібін белгiлейдi;
3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын құруға рұқсат бередi;
3-1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін алуға рұқсат беру және оны кері қайтарып алу тәртібін осы Заңның талаптарын ескере отырып айқындайды, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін алуға рұқсат береді, ірі қатысушының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларын тікелей және (немесе) жанама иелену үлесін белгілейді;
3-2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларымен мәміле жасауға келісім береді;
3-3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз еркімен қайта ұйымдастырылуына және таратылуына келісім береді;
3-4) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының еншілес ұйым құруына, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қомақты қатысуына рұқсат береді;
4) сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметiн, сақтандыру брокерiнiң қызметiн, сақтандыру рыногындағы актуарий қызметiн, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының аудитiн жүзеге асыру құқығына лицензиялар беру тәртібін осы Заңның талаптарын ескере отырып айқындайды және лицензиялар береді;
5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшiн пруденциялық нормативтердi және өзге де сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттердi, жарғылық және меншiктi капиталдың ең аз мөлшерiн қоса, белгiлейдi және олардың сақталуын бақылауды қамтамасыз етедi;
6) таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын тарату комиссияларының қызметiне бақылау жасауды жүзеге асырады;
7) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының басшы қызметкерлерiн және сақтандыру брокерлерiн сайлауға (тағайындауға) келісім бередi;
8) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағынан тұрақтылығы мен төлем қабiлетiне талдау жасауды, баға берудi және бақылауды жүзеге асырады;
9) сақтандыру ұйымының сақтандыру шарттарын (сақтандыру полистерiн) есепке алу тәртібін белгiлейдi;
10) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерiнiң, актуарийлердiң және уәкiлеттi аудиторлардың тiзiлiмiн жүргiзедi;
11) 11.06.04 ж. № 562-II Заңымен алынып тасталды
12) 10.07.03 ж. № 483-II Заңымен алынып тасталды
13) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру рыногының басқа да қатысушылары орындауға мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлер қабылдайды;
14) сақтандыру қызметi субъектiлерiн тексеру iсiн жүргiзедi;
15) сақтандыру рыногының кәсiби қатысушыларына санкция қолданады;
16) сақтандыру рыногының кәсiби қатысушыларына берiлген лицензиялардың қолданылуын тоқтата тұру және лицензияларды керi қайтарып алу туралы шешiмдер қабылдайды;
17) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметiн Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiздемелер бойынша тоқтату туралы сот органдарына талап қойып жүгiну жөнiнде шешiм қабылдайды;
18) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметi туралы, оның құрылтайшыларының құқықтық мәртебесi мен қаржылық жай-күйi туралы, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және оның құрылтайшыларына қатынасы жөнiнен еншiлес ұйымдар немесе оқшауланған бөлiмшелер болып табылатын тұлғалар туралы мәлiметтер алуға құқылы;
19) сақтандыру қызметi субъектiлерi мен сақтандыру брокерiнен және олардың бiрлестiктерiнен өзiнiң бақылау және қадағалау қызметiн жүзеге асыру үшiн қажеттi сақтандыру статистикасы бойынша ақпарат алуға құқылы;
20) 11.06.04 ж. № 562-II Заңымен алынып тасталды
21) мемлекеттік органдар мен ұйымдардан өзiнiң бақылау және қадағалау қызметi үшiн қажеттi мәлiметтердi, оның iшiнде қызметтiк немесе коммерциялық құпия болып табылатын мәлiметтердi алуға құқылы;
22) мiндеттi сақтандырудың жекелеген түрлерi бойынша полистердiң нысаны мен мазмұны жөніндегі талаптарды белгiлейдi;
23) сақтандыру қызметi субъектiлерi мен сақтандыру брокерiне анықталған сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңдарды бұзушылықты жою туралы жазбаша нұсқамалар беруге құқылы;
24) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын мәжбүрлеп сатып алу жөнiнде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен шаралар қолданады;
25) Қазақстан Республикасы қаржы рыногының субъектiлерiн қадағалайтын басқа да уәкiлеттi органдармен ынтымақтастықты және қажеттi ақпарат алмасуды жүзеге асырады;
26) басқа мемлекеттердiң сақтандыруды қадағалау органдарымен, сондай-ақ халықаралық ұйымдармен сақтандыру рыногын реттеу және сақтандыру қызметiн қадағалау мәселелерi бойынша қатынастарда Қазақстан Республикасының мүдделерiн бiлдiредi;
27) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес өзге де функцияларды, өкiлеттiктер мен құқықтарды жүзеге асырады.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 44-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
44-бап. Тексеру
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру брокерiнiң қызметiн тексерудi уәкiлеттi орган жүргiзедi.
2. Сақтандыру қызметi субъектi жүргiзiлетiн тексеру мәселелерi бойынша уәкiлеттi органға жәрдемдесуге, кез келген қызметкерге сауал қою мүмкiндiгiн, тексеру мақсатын орындау үшiн қажеттi барлық құжаттар мен өзге де ақпарат көздерiне қол жеткізу мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге мiндеттi.
3. Инспекциялауды жүзеге асыратын адам сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерiнiң қызметiн тексеру барысында алынған сақтандыру құпиясы не коммерциялық құпия болып табылатын мәлiметтердi жария еткенi үшiн заңдарда көзделген тәртiппен жауап бередi.
4. Өздерiне заң актілерінде берiлген өкiлеттiк шегiнде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметiн тексерудi жүзеге асыратын мемлекеттік органдар сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңдарды бұзушылықтағы анықталған жолсыздықтар жөнiнде уәкiлеттi органға хабарлауға мiндеттi.
9-тарау. Сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымдарының қызметін реттеу
45-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабiлеттiлiгi және қаржылық тұрақтылығы
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабiлеттiлiгi оның өз қаржылық мiндеттемелерiн уақытылы және толық орындау қабiлетiмен анықталады.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы төлем қабiлеттiлiгiнiң көрсеткiштерi, активтердiң өтiмдiлiгi ескерiле отырып, қабылданған мiндеттемелер мен активтер арасындағы нормативтiк арақатынастардың сақталуы болып табылады.
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық тұрақтылығы сыртқы қаржылық және өзге де факторлардың қолайсыз әсер ету мүмкiндiгiн ескере отырып, сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша қабылданған мiндеттемелердiң бүкiл қолданылу мерзiмi iшiнде өзiнiң төлем қабiлеттiлiгiн сақтау қабiлетiмен айқындалады.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық тұрақтылығының көрсеткiштерi:
1) жарғылық және өз капиталының ең аз мөлшерiн;
2) активтердiң құны және олардың әртараптандырылу дәрежесiн;
3) сақтандыру резервтерiнiң және өзге де мiндеттемелердiң мөлшерiн;
4) төлем қабiлеттiлiгiнiң көрсеткiштерiн;
5) сақтандыру және қайта сақтандыру бойынша мiндеттемелер көлемiнiң арақатынасын;
6) көрсетiлетiн сақтандыру және қайта сақтандыру қызметiнiң рентабельдiлiгiн (пайда келтiруiн);
7) жүзеге асырылатын инвестициялық саясаттың тиiмдiлiгiн қамтиды.
3. Уәкiлеттi органның белгiлеуiмен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабiлеттiлiгi мен қаржылық тұрақтылығын айқындаған кезде оның активтерiнiң құны оларды сапасы мен өтiмдiлiгi бойынша сыныптауды ескере отырып есептеп шығарылады.
4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өз капиталы сақтандыру резервтерi мен өзге де мiндеттемелердiң сомасына азайтылған барлық активтердiң құны ретiнде айқындалады.
5. Жарғылық және өз капиталының ең аз мөлшерiне, активтердi әртараптандыру дәрежесiне, оларды орналастыру (инвестициялау) тәртібіне, сақтандыру резервтерiнiң құрылымына қойылатын талаптарды, сондай-ақ активтердi сапасы мен өтiмдiлiгi бойынша сыныптауды ескере отырып, олардың құнын есептеу әдiстемесi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерінде белгiленедi.
ҚР 10.07.03 ж. № 483-II Заңымен (бұр. ред. қара) 46-бап өзгертілді
46-бап. Пруденциялық нормативтер және сақталуға мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттер
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және шоғырландырылған негiзде қадағалау жүзеге асырылатын тұлғалардың төлем қабiлеттiлiгi мен қаржылық тұрақтылығын қадағалау олар үшiн пруденциялық нормативтер және сақталуға мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттер белгiлеу арқылы жүргiзiледi.
2. Пруденциялық нормативтердi уәкiлеттi орган белгiлейдi және ол, атап айтқанда:
1) төлем қабiлеттiлiгiнiң нормативтерiн;
2) қаржылық тұрақтылық нормативтерiн қамтиды.
3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандырудың немесе қайта сақтандырудың жекелеген шарттары бойынша мiндеттемелерiнiң ең көп көлемi өз капиталы мен сақтандыру резервтерi сомасының он процентiнен аспауы керек.
4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру немесе қайта сақтандыру шарты бойынша мiндеттемелердi, тек қабылданған мiндеттемелердiң орындалуы жөніндегі тәуекелдердiң артық бөлiгi қайта сақтандырылған жағдайда ғана, осы баптың 3-тармағында көрсетiлген нормативтен асырып қабылдауға құқығы бар.
5. Қайта сақтандыруды жүзеге асырған кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзiнiң ұстағаны, егер бұл ретте осы баптың 3-тармағының талаптары бұзылмайтын болса, қайта сақтандыруға берiлген сақтандыру шарты бойынша мiндеттеменiң жалпы көлемiнiң кем дегенде бec процентiн құрауы тиiс.
6. Уәкiлеттi орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық есебiне кiрмейтiн туынды қаржы құралдарының бар екендiгi туралы мәлiметтердi ашу жөнiнде және оларды пайдалануды шектеу жөнiнде талаптар белгiлеуге құқылы.
7. Пруденциялық нормативтердi есептеулердiң нормативтік маңызы мен әдiстемесi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерімен белгiленедi.
2005.23.12 № 107-III ҚР Заңдарымен 46-1- баппен толықтырылды
46-1-бап. Ірі қатысушылардың міндеттері
1. Уәкілетті орган, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциялық нормативтерді және (немесе) сақтауға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді бұзғаны үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және (немесе) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін иеленетін (олармен дауыс беру құқығы бар) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушыларын жауаптылыққа тарту бойынша шаралар қолданады.
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін иеленетін (олармен дауыс беру құқығы бар) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген, пруденциялық нормативтерді белгіленген деңгейлерден төмен емес деңгейде ұстау жөніндегі шараларды қолдануға міндетті.
3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін иеленетін (олармен дауыс беру құқығы бар) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабілеті маржасының мөлшерін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген деңгейде қамтамасыз етуге міндетті.
Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін иеленетін (басқаруға құқығы бар) ірі қатысушысы жоқ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін жекелеген пруденциялық нормативтерді және олардың нормативтік мәнін белгілеуге құқылы.
4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциялық нормативтерінің деңгейі төмендеген жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының дауыс беретін акцияларының жиырма бес және одан да көп процентін иеленетін ірі қатысушысы уәкілетті органның талабы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайын жақсарту, оның ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабілеті маржасын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге жеткілікті мөлшерге ұлғайту жөніндегі шараларды қолдануға міндетті.
5. Егер уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушыларының аффилиирленген тұлғаларының, олардың лауазымды тұлғаларының немесе қызметкерлерінің бұзушылықтары, заңсыз әрекеті немесе әрекетсіздігі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағдайын нашарлатқанын анықтаса, осы бапта келтірілген шаралар осы тұлғаларға қатысты да қолданылуы мүмкін.
ҚР 10.07.03 ж. № 483-II Заңымен (бұр. ред. қара) 47-бап өзгертілді
47-бап. Сақтандыру резервтерi
1. Сақтандырудың және қайта сақтандырудың қолданылып жүрген шарттары бойынша қабылдаған мiндеттемелерiн орындауды қамтамасыз ету үшiн сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының актуарий есептеген көлемде қалыптасқан сақтандыру резервтерiнiң болуы мiндеттi.