Облыста таяу жылдарға газ тұтыну болжамын анықтайтын негiзгi газ тұтынушылар, бұрын жылына ЖЭО жұмысын есептеумен 1 млрд. текше м. дейiн тұтынған Соколов-Сарыбай КБК сияқты энергетика және өнеркәсiптiк кәсiпорындар болып табылады. Бұдан басқа, жаңа объектiлердi пайдалануды iске қосу, мысалы, 2004-2009 жылдары Лисаковск қаласында шыны ыдыстарын өндiру және елдi мекендердi одан әрi газдандыру күтiледi. Жергiлiктi органдар 2010 жылға дейiн 3,0 мың абоненттердi қосумен және жергiлiктi қазандықтарды табиғи газға көшiрумен 400 км жаңа газ құбырын салу жоспарлануда. Осы жұмыстарды қаржыландырудың болжанып отырған жалпы көлемi 2010 жылға дейiн бiр млрд. теңгеге дейiндi құрауы мүмкiн.
Барлық болжамданып отырған шараларды ескерумен болжам негiзiнде осы облыстар бойынша табиғи газды тұтынудың деңгейi 2010 жылдарға таман 1300 млн. текше м жуық газды құрауы мүмкiн деп күтiлуде (3.5-кестенi қараңыз).
ҚР табиғи газды 2004 жылдан
2010 жылға дейiн тұтыну болжамы
3.5-кесте
Облыстардың атауы | Факт 2003 | Болжам (млн.м3) |
2004 | 2005 | 2006 | 2007 | 2008 | 2009 | 2010 |
Алматы, Алматы қ. 720,3 790 820 850 880 910 930 950 Жамбыл 368,9 400 500 610 700 800 900 1000 Оңтүстiк Қазақстан 177,3 300 400 500 600 650 700 800 Барлығы: Оңтүстiк аймақ 1266,5 1490 1720 1960 2180 2360 2530 2750 Ақтөбе 1138,4 1300 1400 1500 1560 1600 1700 1860 Батыс Қазақстан 570,5 580 600 710 760 880 950 1000 Атырау 638,1 700 700 840 900 1000 1100 200 Маңғыстау 1289 1390 1480 1630 1690 1820 1930 2000 Батыс өңiр бо-ша барлығы: 3636 3970 4180 4680 4910 5300 5680 6060 Қостанай 788 900 1000 1040 1140 1200 1250 1300 Қызылорда 0 30 150 300 300 250 220 200 ҚР бойынша Барлығы 5690,5 6390 7050 7980 9110 220 9680 10310 |
Солтүстiк Қазақстан. Ақмола облыстарын және Астана қаласын газбен жабдықтаудың перспективалық мәселелерi
Қазақстан Республикасының солтүстiк облыстарын газдандыру жобасы бiрнеше рет және тәуелсiз Қазақстан құрылғаннан кейiн әсiресе белсендi түрде қаралды. Бұрынғы "Петропавловск - Астана" мұнай өнiмi құбырын қайта бейiмдеумен Есіл қаласынан Петропавл қаласына дейiн 530 мм диаметрмен және 5,3 МПа қысыммен ұзындығы 156 км жаңа газ құбырын салуды көздейтiн жобалық шешiм бар болатын.
Бұл бiрiншi кезекте транзит көлемiн жылына 550 млн. текше м дейiн жеткізумен Астанаға газ жеткiзiлiмiн 300 млн. текше м дейінгі көлемде (қосымша КС салудан кейiн) қамтамасыз етуге мүмкiндiк берген болар едi. Бұл ретте Солтүстiк Қазақстан және Ақмола облыстарына газ жеткізу жылына тиiсiнше 300 және 200 млн. текше м газды құрай алар едi. Жобаны iске асыру құны 115 млн. AҚШ доллар шамасында бағаланған.
Бұдан басқа, жергiліктi бюджет қаржыларына екi қаланы - Астана және Көкшетау қалаларын газбен жабдықтаудың бас схемалары әзiрленген болатын. Мысалы, Астана қаласы бойынша 400,0 млн. текше м газға дейiн қажеттiлiктiң есеп айырысуы кезiнде 28,5 млн. АҚШ доллары сомасына құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау көзделедi. Сондай-ақ Көкшетау қаласын және Ақмола облысының iшiнара елдi мекендерiн газбен жабдықтау схемасы бойынша бiрiншi кезеңде жұмыстардың жалпы құны 8 млн. AҚШ доллары тұратын екi жүйе құраушы газ құбырын салумен жылына 255 млн. текше м газ жеткізу жобаланады.
Алайда, бiрлескен қазақстандық-ресейлiк "ҚазРосГаз" ЖАҚ кәсiпорнының құрылуымен газды Қытайға экспорттауды ескерумен Астана қаласына берудiң жаңа алғышарттары жасалып отырғанмен, Ресейден газ жеткiзiлiмiнiң белгiсiздiгiнен жоба тоқтатылған болатын.
Қазақстан Республикасының сұйытылған газға қажеттiлiгiн қамтамасыз eту перспективасы
Қазақстанда сұйытылған газ өндiру бойынша жаңа қуаттарды енгізу ұзақ мерзiмдi перспективада (3.2-кесте) iшкi қажеттiлiктердi қамтамасыз (қандай да болсын шектеусiз) етуге мүмкiндiк бередi. Сұйытылған газ өндiрiсiнiң қол жеткен көлемi қазiрдiң өзiнде-ақ экспортты ұлғайтуға және оның импортын қысқартуға мүмкiндiк бердi.
Сұйытылған газ тұтыну мүмкiндiгiнiң рыногын зерттеу таяу келешекте республикада қалыптасқан бағалардың деңгейi (1 тонна үшiн 250-300 AҚШ доллары) энергия тасымалдаушылардың осы түрiне арналған әлемдiк бағалардың (сыртқы рынокқа дейінгі көлiк шығындарын ескерумен) деңгейiне қазiрдiң өзiнде сәйкес келедi. Сайып келгенде, сұйытылған газдың iшкi рыногы бағаның кезеңдiк көтерiлуiн басынан өткере отырып, бағалық өлшемдер бойынша халықаралық рынокқа бейiмделдi. Бүгінгi күнi сұйытылған газ саласында бизнеспен айналысатын көптеген жеке кәсiпорындардың нарықтық қатынастарда табысты жұмыс iстеп жатқан фактілері осы рынокта бағалардың тұрақтануын болжауға мүмкiндiк тудырады.
Сонымен бiрге, әдеттегiдей монополияға қарсы заңнама шеңберiнде тұтынушылар тобына газ жеткізудiң үзiлiсiн болдырмау немесе жекелеген кезеңдерге бағалардың негізсiз артуына ұшырамас үшiн өңiрлiк деңгейде сұйытылған газ жеткізу рыногында басым орын алатын субъектiлердiң қызметiн реттеудi жетілдiру мәселелерi қалып отыр.
Сұйытылған газды тұтынудың қол жеткен деңгейi кезіндегі сұйытылған газды тұтынудың қалыптасқан өсу үрдiсi (90-жылдардың басында шамамен жылына 700-800 мың тоннаны құрады) сұйытылған газдың iс жүзiнде Қазақстанның барлық аумағында және әсiресе табиғи газ жеткiзiлiмi мүмкiн емес облыстарда маңызды энергия тасымалдаушы болып қалатындығын куәландырады. Сұйытылған газ сол сияқты республиканың дамушы мұнай-химия өнеркәсiбi үшiн аса маңызды шикiзат болып табылады және көбiнесе мотор отыны ретiнде пайдаланылады.
Эксперименталды түрде қозғалтқыштарды бензиннен сұйытылған газға аудару көмiртек тотықтары тастауларының көлемiн бес есе және жанбаған көмiрсутектерiн екi есе төмендетедi. Сұйытылған газдарда қорғасын жоқ, күкiрттiң басқа металдардың, хош иiстi көмiрсутектердiң және т.б. тотықтарының құрамы өте төмен. Газ отындарының жанған өнiмдерiнде iс жүзiнде қозғалтқыштың тоқайласқан бөлшектерiнiң қосымша тозуын тудыратын қатты көмiртек бөлiктерi болмайды.
Мотор отыны ретiнде СПГ көшудiң әлемдiк үрдiсi тұрақты. Таяу болашақта сұйытылған газды пайдаланатын СПГ көлiк құралдарының саны 1,2-ден 6,5 млн. бiрлiкке жетедi деп күтiлуде. Көптеген шетелдiк зерттеулерде қозғалтқыштарда СПГ қолдану парниктiк тастаулардың 20% қысқартуға мүмкiндiк беретiндiгi туралы қорытынды жасалды. Көптеген еуропа елдерi қозғалтқыштардың бензинмен жұмысы кезiнде жану өнiмдерiнiң тастауларын шектейтiн едәуiр қатаң ережелердi енгiздi. Сұйытылған пропан мен бутан бензинмен салыстырғанда едәуiр жоғары октандық санға ие болады, демек пропанда жұмыс iстейтiн қозғалтқыштар анағұрлым жоғары сығылуға және КПД қарағанда анағұрлым жоғары бензиндiк қозғалтқышқа ие болады. Көлiк құралдары қозғалтқыштарының шығарған газдарының улылық нормалары СПГ бүгiннiң өзiнде қозғалтқыштар үшiн "Евро-4" экологиялық нормаларына сәйкестiктi қамтамасыз ете алғанда барынша қатаң болып отыр. Жоғары пайдалану сапаларымен қатар газ отындары 1,5-2 есе төменiрек құнға ие болады.
Қазiргi уақытта республикада толық емес деректер бойынша 30-40 мың тоннаға жуық сұйытылған (есеп берулер бойынша 23,7 мың тонна) және табиғи газды (сұйытылған газға қайта есептегенде) әлеуеттi пайдалана алатын 17,5 мыңға жуық автомобильдер қайта жабдықталған. Алайда, қайта жабдықталған автомобильдер санының тым бiркелкi еместiгi (мысалы, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында 6 мың автомобиль қайта жабдықталған, ал Павлодар, Ақтөбе және бiрқатар басқа облыстарда мұндай автомобильдер саны өте аз) автомобиль отыны ретiнде сұйытылған және табиғи газдарда пайдалануды кеңейтудегi үлкен резервтер туралы куәландырады.
Газ отынының құрамында іс жүзiнде бейтараптандырғыштар үшiн католикалық улар болып табылатын (күкiрттер, қорғасындар және т.б.) заттар жоқ. Табиғи газды пайдалану кезiнде ластаушы заттардың пайыздық қатысты құрамы төмендейдi, мысалы Nox бойынша 40%, Со бойынша 10% және күйе 5%. Қалыптасып отырған қайта жабдықталған автомобильдердiң өсу қарқыны сұйытылған газды тұтынудың өсуiн 2010 жылға таман жылына 200 мың тоннаға дейінгі деңгейге болжамдау мүмкiндiгiн бередi.
Демек, мотор отыны ретiнде сұйытылған газдарды пайдалану жөніндегі инфрақұрылымды дамытудың жан-жақты ынталандырылуы осы ресурстардың Қазақстан Республикасы үшiн молдығын ескерумен мотор отыны ретiнде сұйытылған және сығымдалған газды практикаға кеңiнен енгізумен айналысатын кәсiпорындарды қолдау жөніндегі мақсатты шараларды қабылдауды талап ететiн өзектi мiндет болып табылады.
Нәтижесiнде 2010 жылға таман Қазақстан Республикасында сұйытылған газ өнiмiнiң жыл сайынғы деңгейi жаңа қуаттарды (3.2-кесте) енгізудi ескерумен, 3,2 млн. тоннаға жуықты құрауы мүмкiн (3.3-кесте) деп күтiлуде. Мұның барлығы 2,4 млн. тоннаға дейiн бос ресурстарға ие болып отырған республикаға 200 млн. АҚШ доллар жалпы сомаға энергия тасымалдаушының батыс рыногында жоғары сұраныспен пайдаланатын нақты экспорттаушы болуына мүмкiндiк тудырады. (3.2-кесте).
2010 жылға дейiнгi болжамдық көрсеткiштердi ескерумен
сұйытылған газды өндiру мен тұтыну серпiнi
3.2-сурет
3.2.2. Энергетикада және мұнай-химиясында газды пайдалануды кеңейту
Электр энергетикасында табиғи газды пайдалану
Табиғи газды пайдаланумен электр энергиясын өндiру, тiпті iрi меншiк газ қорлары мен басқа ресурстары жоқ елдердiң өзiнде де барған сайын көп таралып отыр. Табиғи газды электр энергетикасында пайдаланудың негiзгi басымдықтары жеткізудiң қолайлылығы мен отынның осы түрiн жұмыс режимдерi өзгерген кезде пайдалану, өндіру құнының анағұрлым төмендiгi болып табылады. 35% дейін жеке газ ресурстары бар дамыған елдердің өзiнде электр энергетикалық ресурстардың табиғи газды пайдаланумен өндiрiлетiнi кездейсоқ емес.
Қазақстанда көршiлес республикалардан жеткiзiлiмдердi ескерумен электр энергиясын тұтынудың шырқау биiгi 1990 жылға келедi және станциялардың меншiктi тұтынуын және шығындарды қоса алғанда, шамамен 100 млрд. кВ-сағ. құрайды. Электр энергиясын тұтынудың кейiнгi төмендеуi электр энергиясын тұтынудың жалпы көлемдегi үлесi шамамен 75% құраған, өнеркәсiптiк өндiрiсте құлдырауы есебiнен болды.
Қазақстан Республикасының бiрыңғай электр энергетикалық жүйесiн 2015 жылға дейiнгi перспективасымен 2010 жылғы кезеңге дейiн мен Отын энергетикалық кешенiн жаңа қуаттарды енгізумен 2015 жылға дейiн дамыту дамыту бағдарламасына сәйкес электр энергиясын өндiру 2010 жылға таман 80 млрд. кВ.с. асуы мүмкiн (3.6-кесте).
Солтүстiк және оңтүстiк аймақтарды электр энергиясы арттыру негiзiнен энергия блокты электр станцияларында (КЭС), батыс аймақта - газ турбиналы электр станцияларында (ГТЭС) күтiледi.
Қазақстан Республикасында электр
энергиясын өндiру және тұтыну
3.6-кесте млрд.к.В.с.
┌──────────────────────┬────────┬────────┬────────┬────────┬───────┐
│ │ 1990 │ 1995 │ 2000 │ 2005 │ 2010 │
├──────────────────────┴────────┴────────┴────────┴────────┴───────┤
├Өндірiс 83,0 63,2 51,4 67,1 80,36 │
│Тұтыну 100,4 70,6 54,4 65,6 78,0 │
│-импорт/+экспорт -17,4 -7,4 -3,0 +1,50 +2,36 │
└──────────────────────────────────────────────────────────────────┘
Батыс Қазақстанның облыстары үшiн импорт бойынша электр энергиясының жеткiзiлiмiне тәуелдi және осы облыстар газ-энергетикалық қуаттарын дамыту үшiн iлеспе газдың артық арзан ресурстарына ие болса энергетикалық қуаттарды дамыту проблемасы ерекше өзектi болып қалмақшы. Осылайша, жеке ресурстарды пайдаланудың экономикалық тиiмдiлiгiн қамтамасыз ету және осы өңiрдiң энергетикалық тәуелсiздiгiн қамтамасыз ету мәселесi тұр. Тұтастай алғанда, электр станцияларында электр энергиясы мен жылу өндiру үшiн газды пайдаланудың 2010 жылға таман үш еседен артық өсетiндігін, өз кезегiнде тұтынатын отында газ үлесiн 13,4%-дан 21% деңгейге дейiн ұлғаюын күтуге болады.
Артық газ қорларына ие болып отырған, оның сыртқы рыноктарға тасымалдауының шектеулi мүмкiндiктерi кезiнде Қазақстанның жағдайы үшiн газ энергетикасын дамытудың тағы бiр бағыты "құбырлар бойынша" газ экспортының, яғни арзан табиғи газдан өндiрілген электр энергиясының экспортының перспективасы болып табылады. Бұл ретте, Қазақстанның дамыған елдер рыногынан қашықтығынан 1000 км дейiнгi қашықтықта электр энергиясы транзитiнiң тиiмдi болуы мүмкiн екендiгiн ескере отырып, электр энергиясын жеткізу бойынша алмастыру схемасын, мысалы ресей энергия жүйесімен жұмыста қолдануға болады.
Сондықтан мұнайгаз инфрақұрылымының жаңа объектiлерiн жұмысқа енгізу шеңберiнде, негізінен Батыс Қазақстанда электр генерирлеушi қуаттарды салудың нақты жобалары әзiрленуде. Мысалы:
2005-2010 жылдары генерирлеушi қуаттарды кезеңмен енгізумен кен орнының операторы жүзеге асыратын қуаттылығы 120 МВт Қарашығанақ кен орнында БТЭС салудың 2-кезеңi;
Орал қаласындағы екi жоба: TЭH-iн "Индепендент Пауэр Корпорейшн" компаниясы орындайтын қуаттылығы 140 МВт ГТЭС және 27 МВт-ға арналған ГТУ - жобасын парниктiк газдардың бөлiнуiн төмендетуге байланысты Киот келісімi шеңберiнде жапон энергетикалық компаниясы жүзеге асырады;
2008-2010 жылдары iске қосу мерзiмiмен 70 МВт дейiнгi қуатпен Атырау ЖЭО-дағы ГТҚ;
56 МВт қуатымен Жаңажол кен орнындағы ГТҚ, 2004-2005 жылдары iске қосумен "СНПС - Ақтөбемұнайгаз" жүзеге асырады;
үш ГТҚ блоктарымен 40 МВт бойынша және 2008 жылы iске қосумен Теңiз кен орнындағы ГТЭС;
280 МВт қуатымен 2007 жылы кезеңді iске қосумен Қашаған МӨЗ жанындағы ГТЭС;
55,5 МВт бойынша 2004 жылдың соңында iске қосумен қуатымен Құмкөл кен орнындағы ГТҚ.
Жаңадан енгiзiлген ГТҚ және ГТЭС жиынтық қуаты 900 МВт астам болуы мүмкiн екендiгін ескере отырып, 2010 жылға таман осы Қондырғылардың жұмысын қамтамасыз ету үшiн ғана 2,2 млрд. текше м астам газ талап етiледi. Салыстыру үшiн қазiргі уақытта электр энергиясын өндiруге барлығы 0,6 млрд. текше м. жуық газ пайдаланылады.
Бұдан басқа, бұрыннан бар және жаңадан енгізiлетiн энергетикалық қуаттардың жылу энергетикасында газды пайдалануды ұлғайту газда өндiрiлген әрбiр кВт.с. көмiрдi пайдаланумен салыстыруда атмосфераға тастауларды СО2 бойынша (парниктiк әсердi тудыратын) 0,5 кг-ға төмендетедi, электр энергиясын өндiру кезiнде көмiрдi газға алмастыру кезiнде тастаулардың жалпы төмендеуi шамамен 3,8 млн. тоннаны құрайды. Одан басқа, оттегінiң артық құрамы болатын арнайыландырылған жылу пештерiнде және газтурбиналарда жағу арқылы табиғи газды кәдеге жарату кезiнде оттегінiң артық құрамы жасалатын метан мен iлеспе компоненттерiнiң толық жану пәрмендiлігіне қол жеткiзiледi, бұл бiр мезгілде iс жүзiнде көмiртек тотығының (СО) залалды заттарының тастауларын жояды және газда кездесетiн күкiртсутек қосылыстарын бейтараптандырады.
Мұнайхимия өнеркәсiбiнде газды пайдалану
Отын энергетикалық ресурстардың жалпы құрылысында химия және мұнай-химия өндiрiсiнде пайдаланылатын газ шикiзатының үлестiк салмағы 2001 жылдың қорытындысы бойынша не бәрi 7% құрайды. Дүниежүзiнiң көптеген елдерiнде, әсiресе тегі мұнай болып келетiн газ (iлеспе газ) мұнай-химиялық өндiрiстерде кеңiнен пайдаланылады. Мысалы АҚШ-да мұнай көмiрсутектерi мен iлеспе газдан 80% астам каучук, 75% жоғары аммиак, 75% этил спиртi және басқа да синтетикалық өнiмдер өндiрiледi. Қазақстанның iлеспе газының ерекшелiгi мұнаймен қоса өндiрiлетiн газ бағалы химиялық шикiзат болып келедi.
Қазiргі уақытта мұнайхимия өнеркәсiбіндегі негiзгі өнiмдер мыналар болып табылады: пластмассалар және түрлi полимерлер, синтетикалық каучук және ауылшаруашылығы үшiн тыңайтқыштар, жоғары сапалы жанар-жағар материалдар, хош иiстi көмiрсутектерiнiң түрлi кешендерi және т.б.
Республикада шикiзатқа өте зәру мынадай өндiрiстер жұмыс iстеуде немесе қалпына келтiру сатысында тұр:
1. "Пластмассалық массалар зауыты" ЖШС, Ақтау қаласы;
2. "Полипропилен зауыты" ЖШС, Атырау қаласы;
3. "Сараньрезинотехника" ААҚ, Сарань қаласы, Қарағанды облысы;
4. "Қарағандырезинотехника" ЖШС, Сарань қаласы, Қарағанды облысы;
5. "ИнтерКомШина" AAҚ, Шымкент қаласы.
Ақтау "Пластикалық массалар зауыты" (АКПО) технологиялық жабдықтармен этан мен пропаннан 100 мың тонна этилен, 300 мың тонна этилбензол, 300 мың тонна стирол, 54 мың тонна соққыға төзiмдi және полистирол, 100 мың тонна көпiрмелi полистирол өндiру үшiн жабдықталған болатын.
Атырау "Полипропилен зауыты" жылына 30 мың тонна пропилен шығаруға есептелген едi. Қазiргi уақытта зауыт ресей инвесторының қатысуымен қалпына келтiру кезеңiнен өтуде және қайта құрудан кейiн оның қуаттылығы жылына 60 мың тоннаға дейiн ұлғаятын болады. Алайда бiрiншi кезеңде қуаттарды iске қосу ресей шикiзатының жеткiзiлiмдерiнде жүргiзу болжамдалады.
"Қарағандырезинотехника" ЖШС және "Сараньрезинотехника" ААҚ жасанды каучук шығара отырып "Карбит" ЖШС өндiретiн шикiзатпен жұмыс iстедi. Қазiргi уақытта "Карбит" ЖШС банкротқа ұшырауына байланысты шикізат Ресейден жеткiзiледi.
2004-2010 жылдарғы кезеңдерге арналған Қазақстанның мұнай-химия кәсiпорындары үшiн дәстүрлi өнеркәсiптi жаңарту және жаңа шикiзат базасын құру Қашаған және Каспий қайраңының басқа да кен орындарының өнеркәсiптiк аймағына жақын маңнан алынатын iлеспе газды тереңдетiп өңдеу бойынша мұнай-газ-химия кешенiн салу жөніндегі шаралар кешенiн пысықтауды талап етедi. Бұл кешен этилен, пропилен, ацетилен, бензол, ксилол және т.б. бастапқы мұнай-химия өнiмдерiн алу үшiн шикi газды өңдегеннен кейiн этан, пропан, бутан және басқа қажеттi фракцияларды жеткізушi болуы тиiс.
Осы тұрғыдан алғанда, "Қазмұнайхим" ЖШС әзiрлеген, келешекте өндiрiстiк инфрақұрылымға қажеттi қайта өңдеу кешенiнiң орнына иелiк ететiн Ақтөбе облысының Жем қаласында полиэтилен мен полипропилендi (жыл сайын 600 мың тоннаға дейiнгi көлемде) өндiрудi ұйымдастыру жобасы перспективалы болып көрiнедi.
Полиэтилен тұрбалары мен пластмассадан жасалған басқа материалдар өндiру перспективасы
Соңғы жылдары сарапшылардың бағалауы бойынша пластикалық массадан жасалған түрлi бұйымдарды тұтынудың жылдық орташа өсуi шамамен 7% құрайды және болжам бойынша жуық жылдарда оларға деген тұрақты сұраным сақталады. Бұл ретте (өндiрiстiң дүниежүзiлiк деңгейi жылына 100 млн. тоннаға жақындаған) анағұрлым массалы полимерлерге полиэтилендер, полипропилендер, полистирол, фенопластар және карбит полимерi жатады.
Республикада барлық полистирол өнiмдерiнiң өндiрiстерi импортталатын шикiзатқа негiздегендiгiн ескере отырып, мұнай-химиясын дамытудың маңызды бағыты этанол мен полиэтилен алу үшiн (теңiз газының құрамында жеткiлiктi шамада - 11% дейiн болатын) өндiрiсiн ұйымдастыру болып табылады. Полиэтилен өнiмiн негiзгi тұтынушы, соңғы жылдары орта және төмен қысымды газ құбырлары үшiн полиэтилен тұрбалары мейлiнше кең қолданылатындықтан, бiрiншi кезекте осы газ саласының өзi болады, ал Қазақстан Республикасының тұрба құбырларының 80% жуығы айырбастауға жатады.
Мысалы Атырау облысында агрессивтi топырақты орта жағдайында полиэтилен тұрбалары анағұрлым тиiмдi болып шықты. Қызылорда қаласын газдандыру жобасы да полиэтилен тұрбаларын қолданумен орындалған. Қолда бар аймақтық бағдарламалар мен жергiлiктi органдардың қолда бар өңiрлiк бағдарламалары бойынша республика бойынша орташа алғанда жылына ұзындығы 5000 км газ құбырлары ауыстыру және жаңаларын салу қажет. Қазақстан Республикасының Ұлттық агенттiктiң деректерi бойынша тек соңғы жыл үшiн ғана 1999-2001 кезең үшiн полиэтилен тұрбаларының импорты 15,6 млн. АҚШ доллары жалпы сомасына алты мың тоннадайды құрады, ал пластмасса тұрбалар мен бұйымдар шығару үшiн бастапқы нұсқадағы полиэтилен 16 млн. АҚШ доллары сомасына 18,3 мың тоннаны құрайды.
Полиэтилен тұрбаларының басымдығы тiптi шикiзат болмай қалған және импортқа баға жоғары болған жағдайдың өзiнде қазақстан компанияларының соңғы жылдары iс жүзiнде барлық қалаларда полиэтилен өнiмдерін өндiру үшiн жаңа өндiрiстiк қуаттар салу сұранымына ие болуымен расталады. Соның куәсi ретiнде Атырауда полиэтилен тұрбаларын өндiру жөніндегі "Теңiзшевройл" БК зауытының пайдалануға енгiзiлуi болып табылады.
Мұның барлығы полиэтилен бұйымдарын, атап айтқанда: гранула түрiндегі жоғары және төмен қысымды полиэтилен шығару үшiн бастапқы шикiзатты өндiрiсiн ұйымдастыру қажеттiгi туралы мәселенi алға тартады. Осыған байланысты, жобаланып отырған Қашаған немесе Теңiз МӨЗ жақын жерден этан, этилен және пропилен алу жөніндегі зауыт салуды көздейтiн, "Қазақ Ресей инвестициондық бағдарламасы" (ҚРИБ) инвесторларының қатысуымен инвестициялық бағдарлама анағұрлым келешектi болып көрiнедi.
Импорт алмастыру бағдарламасының шектерiнде республиканың iшкi сұранымын қамтамасыз ету үшiн полимердiң негiзiнде полимер тұрбалары мен бұйымдардың меншiк қуаттарын дамыту көкейкестi және экономикалық негiзделген мiндет болып табылады. Оның үстiне барлық осы өнiмдер әлемдiк рынокта маңызды сұранымға ие болып отыр. Сайып келгенде осы жобаларды iске асыру кезiнде мемлекеттік сатып алулар жөніндегі конкурс өткізу кезіндегі басымдылық отандық өндiрушiлерге берiлуi қажет.
Кәдiмгi күкiрт және минералдық тыңайтқыштар өндiру. Қазiргi уақытта табиғи газ тыңайтқыштар өндiру кезiнде отын ретiнде пайдаланылады. 2001 жылдың қорытындысы бойынша осы мақсаттарға 147,3 млн. текше м табиғи газ және барлығы 32 тонна сұйытылған газ тұтынылған болатын. Сонымен бiрге республика күкiрт қышқылын алу мен минералдық және азоттық тыңайтқыштар жасау үшiн кәдiмгi күкiрт пен азот жеткізуге iс жүзiнде шектеусiз мүмкiндiкке ие болып отыр. Кәдiмгi күкiрт алынатын газдың iлеспе элементi ретiнде Батыс қазақстанның барлық кен орындарында болады. Азот сондай-ақ Жамбыл кен орындары тобының iлеспе элементi бола отырып азоттық тыңайтқыштарды өнеркәсiптiк жолға қою үшiн алынуы мүмкiн.