4. Денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган денсаулық сақтау саласындағы ғылыми бағдарламалардың кешендi сараптамасын жүзеге асырады.
9-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру
48-бап. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру қызметi
1. Денсаулық сақтау жүйесi үшiн кәсiби ғылыми-педагог, медицина және фармацевтика қызметкерлерiн даярлау, қайта даярлау және олардың біліктiлiгiн арттыру денсаулық сақтау саласындағы білім беру қызметiнiң мiндеттерi болып табылады.
2. Денсаулық сақтау саласындағы білім беру қызметi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес клиникалық базалар және мамандандырылған даярлықтың жоғары сапасын қамтамасыз ететiн қажеттi әлеуетi болған жағдайда жоғары, орта медициналық білім беру ұйымдарында және білім беру ұйымдарының медицина факультеттерiнде жүзеге асырылады. Білім беру қызметiн қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған көздерден жүзеге асырылады.
3. Жоғары және орта медициналық және фармацевтикалық білім беру бағдарламаларын игерген адамдар үшiн мемлекеттік үлгiдегi диплом, клиникалық мамандықтар бойынша - интернатураны бiтiргенiн растайтын мемлекеттік үлгiдегi куәлiк олардың медициналық ұйымдарда қызмет лауазымдарын иеленуiне негiз болып табылады.
4. Медицина және фармацевтика қызметкерлерiне жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiби білім беру жоғары медициналық білім беру мен ғылыми ұйымдардағы клиникалық ординатурада, магистратурада, аспирантурада және докторантурада жүзеге асырылады. Клиникалық ординатурада, магистратурада, аспирантурада және докторантурада медицина және фармацевтика қызметкерлерiн даярлау тәртібі туралы ереженi денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган бекiтедi.
Денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган сұраныстарды ескере отырып орта, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiби білімдi мамандар даярлауды жоспарлау жүйесiн қамтамасыз етедi.
49-бап. Денсаулық сақтау саласындағы біліктiлiк емтихандары
1. Денсаулық сақтау саласындағы мамандар үшiн біліктiлiк емтихандары жоғары немесе орта медициналық немесе фармацевтикалық білімi бар адамдардың кәсiби медициналық, дәрiгерлiк немесе фармацевтикалық қызметтi жүзеге асыруға дайындығын айқындау мақсатында өткiзiледi.
2. Санат берiлуi үшiн алғашқы біліктiлiк емтиханы интернатурадағы, ординатурадағы, аспирантурадағы оқу аяқталғаннан кейiн, ал орта медицина қызметкерлерi үшiн мамандығы бойынша үш жыл жұмыс iстегеннен кейiн өткiзiледi. Бiлiктiлiк емтихандары әрбір бес жыл сайын өткiзiлiп тұрады. Маман кезектi біліктiлiк емтиханына медициналық білім беру қызметiне арналған лицензиясы бар денсаулық сақтау ұйымдарында соңғы бес жыл iшiнде біліктiлiгiн арттырған жағдайда жiберiледi.
3. Денсаулық сақтау саласындағы мамандар үшiн біліктiлiк емтихандарын өткізудiң нәтижелерi бойынша қолданылу мерзiмi бес жылға, біліктiлiк деңгейi туралы белгiленген үлгiдегi құжат (маманның сертификаты) берiледi.
50-бап. Қазақстан Республикасы дәрiгерiнiң анты
1. Жоғары медициналық оқу орындарының медициналық мамандықтар бойынша оқып бiтiрген түлектерi Қазақстан Республикасы дәрiгерiнiң антын қабылдайды.
2. Қазақстан Республикасы дәрiгерi антының мәтiнiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.
10-тарау. Медицина және фармацевтика қызметкерлерінің
құқықтары мен міндеттері
51-бап. Медицина және фармацевтика қызметкерлерiнiң құқықтары мен мiндеттерi
1. Медицина және фармацевтика қызметкерлерiнiң:
кәсiби қызметiн жүзеге асыруға арналған жағдаймен қамтамасыз етiлуiне;
бес жылда кемiнде бір рет өзiнiң біліктiлiк деңгейiн мемлекеттік бюджеттiң немесе денсаулық сақтау саласының мемлекеттік емес секторы ұйымының қызметкерлерi болса, жұмыс берушiнiң қаражаты есебiнен көтеруге;
штат санының қысқаруына немесе денсаулық сақтау ұйымдарының тарауына байланысты қызметкерлер босап қалған жағдайда, мемлекеттік бюджеттiң немесе жұмыс берушiнiң қаражаты есебiнен қайта даярлықтан өтуiне;
еңбек мiндеттерiн атқару кезiнде өздерiнiң денсаулығына немесе мүлкiне келтiрiлген зиянды Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен өтетуге;
азаматтың өмiрiне қауiп төнген жағдайда ұйымдардың немесе азаматтардың меншiгіндегі байланыс құралдарын, сондай-ақ қолда бар көлiктiң кез келген түрін азаматты таяу жердегi медициналық ұйымға жеткізу үшiн кедергiсiз және тегiн пайдалануға;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүріп-тұру сипатындағы қызметiне байланысты көлiк шығындарын өтетуге;
өзiнiң кәсiби ар-намысы мен абыройын қорғауға құқығы бар.
2. Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының ғылыми-педагог кадрларының біліктiлiгiн арттыру және қайта даярлау мемлекеттік бюджеттiң қаражаты, жұмыс берушiнiң қаражаты, өз қаражаты есебiнен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған басқа көздер есебiнен жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттік денсаулық сақтау секторы ұйымдарының ауылдық жерде және қала типіндегі кенттерде жұмыс істейтін медицина және фармацевтика қызметкерлерiне мынадай өтемақылар берiледi:
лауазымдық жалақыға жергiлiктi өкiлеттi органдар белгiлейтiн мөлшерде қосымша ақы;
коммуналдық қызметтер көрсету мен отынға шыққан шығынды жергiлiктi өкiлеттi органдар белгiлеген мөлшерлерде жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен өтеу;
жеке меншiгiнде малы барлар жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың шешiмi бойынша жем-шөппен, мал жайылатын және шөп шабылатын жер учаскелерiмен қамтамасыз етiледi.
4. Медицина және фармацевтика қызметкерлерi:
ауруларды профилактикалауға және азаматтардың денсаулығын тыңайтуға ықпал етуге, медициналық көмек көрсетуге;
аса шұғыл жағдайларда халыққа кешеуiлдетуге болмайтын медициналық көмек көрсетуге;
халық арасында медициналық білімдi және салауатты өмiр салтын насихаттау жөніндегі жұмысты жүргiзуге;
кәсiби этика талаптарын сақтауға, дәрiгерлiк құпияны сақтауға, азаматтың аурулары, интимдiк және отбасылық өмiрi туралы мәлiметтердi жария етпеуге;
кәсiби деңгейiн үнемi арттырып отыруға мiндеттi.
52-бап. Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу
1. Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртiппен жүзеге асырылады.
2. Денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерiнiң еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледi.
11-тарау. Қорытынды ережелер
53-бап. Денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастық
1. Денсаулық сақтауды мемлекеттік басқару органдарының, денсаулық сақтау ұйымдарының Қазақстан Республикасының заңдарына және халықаралық шарттарға сәйкес халықаралық ынтымақтастықты және сыртқы экономикалық қызметтi жүзеге асыруға құқығы бар.
2. Қазақстан Республикасының азаматтарын шет елге емделуге жiберу тәртібі мен шарттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
54-бап. Осы Заңды бұзғаны үшін жауаптылық
Осы Заңның бұзылуына кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Қазақстан Республикасының