заңды тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Бағалы қағаздар рыногы субъектiсiнiң уәкiлеттi органға бағалы қағаздармен операциялар туралы көрiнеу жалған, қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi жоқ, мәлiметтердi табыс етуi, -
заңды тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң елуден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2005.08.07. № 72-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 194-бап өзгертілді
194-бап. Бағалы қағаздарды ұстаушылар құқықтарының бұзылуы
Акционерлік қоғамның лауазымды адамдарының акционерлік қоғам iстерiн акционерлердiң басқару құқықтарын, табыс бөлiгiн бөлу (дивидендтер төлеу) тәртібін, қоғамның қызметi туралы ақпарат алу құқықтарын бұзуы, сондай-ақ акционерлердiң жалпы жиналысын шақыру мен өткізудiң заңдарда белгiленген тәртібін бұзуы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң елуден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Эмитенттiң лауазымды адамдарының облигациялар бойынша сыйақы төлеудiң және (немесе) оларды өтеудiң заңдарда белгiленген тәртібін бұзуы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң елуден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 2005.08.07. № 72-III Заңымен 194-1-баппен толықтырылды
194-1-бап. Акцияларды сатып алу тәртібін бұзу
Акцияларды сатып алудың Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген тәртібін бұзу, оның iшiнде акцияларды сатып алу кезіндегі олардың құнын айқындаудың қоғам акционерлерiнiң жалпы жиналысы бекiткен әдiстемесi болмаған жағдайда акционерлік қоғамның орналастырылған акцияларын осы қоғамның сатып алуы, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 195-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
195-бап. Бағалы қағаздармен мәмiлелер жасау тәртібін бұзу
Бағалы қағаздармен мәмiлелер жасаудың Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртібін бұзу, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға төрт жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 2005.08.07. № 72-III Заңымен 195-1-баппен толықтырылды
195-1-бап. Бағалы қағаздар бағаларымен айла-шарғы жасау
мақсатында мәмiлелер жасасу
Бағалы қағаздар бағаларымен айла-шарғы жасау мақсатында бағалы қағаздар рыногы субъектiлерiмен мәмiлелер жасасу, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - қырықтан үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 16.05.03 ж. № 416-II (бұр. ред. қара); 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 196-бап өзгертілді; ҚР 2005.08.07. № 72-III Заңымен 196-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
196-бап. Бағалы қағаздармен мәмiлелердi тiркеу, олар бойынша
құқықтарды есепке алу және растау тәртібін бұзу
Бағалы қағаздар рыногы кәсiби қатысушысының бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмдерi жүйесiн немесе нақтылы ұстауды есепке алу жүйесiн жүргiзу тәртібін бұзуы, сол сияқты бағалы қағаздар бойынша қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi жоқ құқықтарды растау тәртібін бұзуы, -
заңды тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан екi жүзге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 2005.08.07. № 72-III Заңымен 196-1-баппен толықтырылды
196-1-бап. Эмитенттiң эмиссиялық бағалы қағаздарды
шығарудың және (немесе) орналастырудың шарттары
мен тәртібін бұзуы
Эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздарды шығарудың және (немесе) орналастырудың Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген шарттары мен тәртібін бұзуы, -
лауазымды тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 16.05.03 ж. № 416-II (бұр. ред. қара); 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2005.08.07. № 72-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 197-бап өзгертілді
197-бап. Бағалы қағаздарды орналастыру және (немесе) өтеу қорытындылары
туралы есеп-қисапты табыс ету мерзiмiн бұзу
Эмитенттiң бағалы қағаздарды орналастыру және (немесе) өтеу қорытындылары туралы есеп-қисапты табыс етудiң Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мерзiмiн бұзуы, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II Заңымен 197-1-баппен толықтырылды
197-1-бап. Бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушының және
бағалы қағаздармен сауда ұйымдастырушының олардың
қызметiне заңдарда белгiленген талаптарды бұзуы
Бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушының және бағалы қағаздармен сауда ұйымдастырушының олардың қызметiне заңдарда белгiленген талаптарды әлденеше рет (қатарынан күнтiзбелiк айлар iшiнде екi және одан да көп) бұзуы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұлсалуға әкеп соғады.
198-бап. Бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушының есеп-қисаптарды
табыс ету мерзiмiн бұзуы
Бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушының бағалы қағаздар рыногындағы уәкiлеттi органға өз қызметi туралы есеп-қисаптарды табыс етудiң Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мерзiмiн бұзуы, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 2005.08.07. № 72-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 199-бап өзгертілді
199-бап. Эмитенттiң өз қызметi туралы толық емес немесе дұрыс емес
ақпаратты жариялауы
Эмитенттiң Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жариялануға тиiс бағалы қағаздар рыногындағы қызмет туралы толық емес немесе дұрыс емес ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауы, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
200-бап. Бағалы қағаздар рыногындағы ақпаратты ашу жөніндегі мiндеттi
бұзу
Бағалы қағаздар рыногы субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тәртiппен және жағдайларда ақпаратты ашу жөніндегі мiндеттi орындамауы, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 13.03.03 ж. № 394-II Заңымен 201-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
201-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларының және зейнетақы активтерін
инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың
бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарды бұзуы
Жинақтаушы зейнетақы қорларының салымшылардың (алушылардың) жеке шоттарындағы зейнетақы жиналымдарын есепке алу тәртібін бұзуы, сондай-ақ зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың кастодиан-банктермен және жинақтаушы зейнетақы қорларымен өзара қарым-қатынастардың бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарда белгiленген тәртібін iрi залал келтiрмей бұзуы, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 201-1-баппен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
201-1-бап. Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлар
туралы заңнамалық актісінің талаптарын бұзу
1. Пайлық инвестициялық қор компаниясын басқаратын акционерлік инвестициялық қордың Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлар туралы заңнамалық актісінде өзінің қызметі, инвестициялық қордың таза активтерінің құрамы мен құнын сипаттайтын көрсеткіштер туралы ақпараттың мазмұнына қойылатын талаптарды, сондай-ақ оны жариялау және тарату тәртібін бұзуы, -
лауазымды адамдарға - айлық есептік көрсеткіштің жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға үш жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Пайлық инвестициялық қор компаниясын басқаратын акционерлік инвестициялық қордың дәл емес, толық емес немесе жаңылыстыратын ақпаратты таратуы немесе жариялауы, -
лауазымды адамдарға - айлық есептік көрсеткіштің жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға үш жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
202-бап. Бағалы қағаздар туралы ақпаратқа құқықтарды бұзу
Бағалы қағаздар туралы коммерциялық құпия болып табылмайтын ақпаратты жасыру, сондай-ақ бағалы қағаздар рыногы субъектiлерiнiң оны алуына кедергi келтiру, егер бұл әрекет iрi залал келтiруге әкеп соқпаса, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
203-бап. Төлемдер жүргiзу бойынша Қазақстан Республикасының заң
актілерінде белгiленген шектеулердi бұзу
Заңды тұлғалардың азаматтық-құқықтық мәмiле бойынша басқа заңды тұлғаның пайдасына төрт мың айлық есептiк көрсеткiштен астам сомада қолма-қол тәртiппен төлемдi жүзеге асыруы, -
төлемдi жүзеге асырушы заңды тұлғаға төлем сомасының бес процентiне дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 204-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
204-бап. Мемлекеттік мекеменiң және оралымды басқару құқығындағы
мемлекеттік кәсiпорынның (қазыналық кәсiпорынның) лауазымды
адамдарының мемлекеттік бюджет қаражаты есебiнен ақшалай
мiндеттемелердi қабылдау жөніндегі заңсыз әрекеттерi
1. Мемлекеттік мекеменiң немесе оралымды басқару құқығындағы мемлекеттік кәсiпорынның (қазыналық кәсiпорынның) лауазымды адамдарының мемлекеттік бюджет қаражаты есебiнен ақшалай мiндеттемелердi азаматтық-құқықтық мәмiлелердi заңдарда белгiленген тiркеусiз және (немесе) уәкiлеттi орган бекiткен сметалар сомасынан тыс қабылдау жөніндегі, мемлекеттік мекеменiң немесе оралымды басқару құқығындағы мемлекеттік кәсiпорынның (қазыналық кәсiпорынның) мiндеттемелерi бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінiң немесе тиiстi жергiлiктi атқарушы органның жауаптылығына әкеп соққан заңсыз әрекеттерi, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
16-тарау. Салық салу саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 205-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
205-бап. Салық органында салық есебiне қою мерзiмiнiң бұзылуы
1. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген жағдайды қоспағанда, салық органында тiркеу есебiне қою туралы өтiнiш берудiң Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген мерзiмiн бұзу, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің үшке дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға - алтыға дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Салық органында тiркеу есебiне қою туралы өтiнiш берудiң Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген мерзiмiн тоқсан күннен астам уақыт бұзу, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің үштен беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға - бестен онға дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан қырыққа дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қырықтан жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Салық төлеушiнiң қосылған құн салығын төлеушi ретiнде есепке қою туралы өтiнiш берудiң Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген мерзiмiн бұзуы, -
лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - есепке тұрмаған әр айы үшін салық салынатын айналым сомасының отыз проценті мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елу проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Салық төлеушiнiң кәсiпкерлiк қызметтiң салық заңдарында белгiленген жекелеген түрлерiн жүзеге асырудың басталуын тiркеу есебiнiң орны бойынша салық органдарында тiркеудiң Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгiленген мерзiмiн бұзуы, -
лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің бестен он беске дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - отыздан алпысқа дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Осы баптың төртiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер, -
лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің оннан отызға дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - алпыстан жүз жиырмаға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Осы тарауда пайдаланылатын салық заңдарының ұғымы мен терминдерi Қазақстан Республикасының салық заңдарында олар пайдаланылатын мағынада ғана қолданылады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II Заңымен 205-1-баппен толықтырылды; 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ; 2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңдарымен 205-1-бап өзгертілді
205-1-бап. Арнаулы салық салу режимiн қолданған кезде қызметтi заңсыз жүзеге асыру
Арнаулы салық салу режимiн қолданған кезде қызметтi Қазақстан Республикасының заң актілерінде осы режим үшiн көзделген шарттарды бұза отырып жүзеге асыру, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, дара кәсіпкерлерге - оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан қырыққа дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қырықтан алпысқа дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 206-бап өзгертілді ; 2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 206-бап жаңа редакцияда
206-бап. Салық есептілігін, сондай-ақ салық төлеушінің
мониторингін жүргізуге қажетті құжаттарды табыс
етпеу
1. Салық төлеушінің, осы баптың екінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген мерзімде салық органына салық есептілігін табыс етпеуі, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - жиырмадан қырыққа дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - қырықтан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға алпыстан сексенге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Салық төлеушінің салық есептілігін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген мұндай есептілікті табыс ету мерзімінен тоқсан күн өткенше салық органына табыс етпеуі, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан қырыққа дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - отыздан елуге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жетпіске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға сексеннен жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Салық төлеушілердің мониторингін жүргізу үшін қажетті құжаттарды (оның ішінде электрондық түрдегі), сондай-ақ электрондық мониторинг бойынша салық есептілігін салық төлеушінің уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген мерзімде табыс етпеуі не оны табыс етуден бас тартуы, -
лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің он бестен қырыққа дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің қырықтан алпысқа дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүзден бір мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ; 2005.22.11 № 89-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 207-бап өзгертілді
207-бап. Салық салу объектiлерiн жасыру
1. Салық төлеушiнiң салық салу объектiлерiн жасыруы, -
лауазымды адамдарға - жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, жеке тұлғаларға, жеке кәсіпкерлерге және заңды тұлғаларға жасырылған салық салу объектісі бойынша төленуге жататын салық және басқа да міндетті төлемдер сомасының жүз елу проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде жасалған нақ сол әрекеттер, -
лауазымды адамдарға - елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, жеке тұлғаларға, жеке кәсіпкерлерге және заңды тұлғаларға - жасырылған салық салу объектісі бойынша төленуге жататын салық және басқа да міндетті төлемдер сомасының екі жүз проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 208-бап жаңа редакцияда
208-бап. Кірістерді, шығыстарды және салық салу объектілерін
есепке алу ережелерін бұзу
1. Салық төлеушіде кірістер, шығыстар және салық салу объектілері есебінің болмауы немесе осы баптың үшінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, оның Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпті бұза отырып жүргізілуі, -
лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің оннан қырыққа дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - есепке алынбаған тауарлар (жұмыстар, көрсетілген қызметтер) құнының бес проценті мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға он проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - есепке алынбаған тауарлар (жұмыстар, көрсетілген қызметтер) құнының он проценті мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырма проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді) есепке алу және сату жөніндегі операциялардың есеп құжаттамасында көрсетілмеуі, -
дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - есепке алынбаған тауарлар (жұмыстар, көрсетілген қызметтер) құнының бес проценті мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға он проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Бухгалтерлік есептің бастапқы құжаттарының және (немесе) шот-фактураларының және (немесе) тіркелімдерінің болмауы, бухгалтерлік есептің шоттарында және қаржы есептілігінде салық төлеушінің активтері мен міндеттемелерінің дер кезінде немесе дұрыс көрсетілмеуі осы баптың мақсаты үшін кірістерді, шығыстарды және салық салу объектілерін есепке алу ережелерін бұзу деп түсініледі.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II Заңымен 208-1-баппен толықтырылды ; 2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 208-1-бап өзгертілді
208-1-бап. Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi
төлемдердiң есептелген (үстеп есептелген)
сомасын төлеуден жалтару
Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген берешектi төлеу мерзiмiнен тоқсан күннен асқан берешегi болған жағдайда, салық төлеушiнiң касса не үшiншi тұлғалардың банк шоты арқылы өзара есеп айырысуды жүзеге асыруы арқылы салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң есептелген (үстеп есептелген) сомасын төлеуден жалтару, егер бұл әрекетте қылмыстық жаза қолданатын әрекет белгiлерi болмаса, -
жеке тұлғаларға - он бес, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - отыз бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жүргізілген есеп айырысу сомасының отыз проценті мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елу проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 25.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) Заңдарымен 209-бап өзгертілді
209-бап. Салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi
төлемдердiң сомасын кемiтiп көрсету
1. Салықтың және басқа да мiндеттi төлемдердiң сомасын декларацияда кемiтiп көрсету, -
жеке тұлғаларға - он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің үстеп есептелген сомасының отыз проценті мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елу проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Корпоративтiк табыс салығын немесе жеке табыс салығын салу мақсатын көздеп, шеккен залал сомасын декларацияда өсiрiп көрсету, -
дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - декларацияда өсіріп көрсетілген шығын сомасынан есептелген корпоративтік табыс салығы немесе жеке табыс салығы сомасының отыз проценті мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға декларацияда өсіріп көрсетілген шығын сомасынан есептелген корпоративтік табыс салығы сомасының елу проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Салық төлеушiнiң бюджетке төленетiн ағымдағы төлемдер сомасын кемiтiп көрсетуi, -
дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - ағымдағы төлемдердің кемітіп көрсетілген сомасының отыз проценті мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елу проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.