5) пестицидтердi (улы химикаттарды) залалсыздандыруға;
6) фитосанитариялық есепке алуды жүргiзуге және уәкiлеттi органға есептiлiктi табыс етуге мiндеттi.
16-бап. Пестицидтердiң (улы химикаттардың) запасы
1. Пестицидтердiң (улы химикаттардың) запасы дегенiмiз пестицидтердiң (улы химикаттардың) ұдайы жаңартылып отыратын белгiлi бiр көлемi және ол уәкiлеттi органның қарауындағы (билiгіндегі) мемлекеттік меншiк болып табылады.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгерді (бұр. ред. қара)
2. Пестицидтердiң (улы химикаттардың) запасы ерекше қауiптi зиянды организмдердiң тосыннан жаппай таралуын жоюға арналған және қалыптасқан фитосанитарлық ахуалды ескере отырып, фитосанитарлық мониторинг негiзiнде бюджет қаражаты есебiнен сатып алынған пестицидтер (улы химикаттар) көлемiнен қалыптастырылады.
3. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
4. 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен алып тасталды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
17-бап. Фитосанитариялық нормативтер
1. Фитосанитариялық нормативтер фитосанитариялық ахуалды өсiмдiк шаруашылығы өнiмiне, ауыл шаруашылық мақсатындағы объектiлерге қауiпсiздiгi тұрғысынан сипаттайтын көрсеткiштердiң жол берiлетiн сан және (немесе) сапа жөніндегі мәнiн айқындайды.
2. Фитосанитариялық нормативтер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргiзiлетiн зерттеулер негiзiнде белгiленедi.
3. Фитосанитариялық нормативтер фитосанитариялық iс-шаралар көлемiн объективтi және негiздеп жоспарлауды жүргiзу, сондай-ақ зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдердiң жаппай көбею, таралу және оларды жою мүмкiндiгiн болжау үшiн негiз болып табылады.
4. Фитосанитариялық нормативтер өсiмдiктердi қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың мемлекеттік фитосанитариялық бақылауды жүргiзуi үшiн негiз болып табылады.
18-бап. Пестицидтердi (улы химикаттарды) залалсыздандыру тәртібі
1. 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен алып тасталды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Пестицидтердi (улы химикаттарды) залалсыздандыру үшiн арнаулы сақтау орындары (көмiндiлер) пайдаланылады.
3. Арнаулы сақтау орындарын (көмiндiлердi) салуға, сондай-ақ пестицидтердi (улы химикаттарды) залалсыздандыруға рұқсатты мемлекеттік экологиялық бақылау органы бередi.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 4-тармақ өзгерді (бұр. ред. қара)
4. Аймақтарда арнаулы сақтау орындарын (көмiндiлердi) орналастырудың орындылығын және олардың санын облыстардың, (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi мемлекеттік басқару органдары уәкiлеттi органмен және мемлекеттік экологиялық, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдарымен келiсе отырып айқындайды.
19-бап. 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен алып тасталды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
5-тарау. Өсімдіктерді қорғау саласындағы
іс-шараларды қаржыландыру көздері және
өсімдіктерді қорғау туралы заңдарды бұзғаны
үшін жауаптылық
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен тақырыбы жаңа редакцияда (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
20-бап. Өсiмдiктердi қорғау жөніндегі iс-шараларды қаржыландыру көздерi
09.07.04 ж. № 584-II (бұр. ред. қара); 2004.20.12. № 13-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 1-тармақ өзгерді
1. Бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын iс-шаралар:
1) зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдер мекендейтiн орындарды анықтау жөніндегі фитосанитариялық мониторинг жүргiзудi;
2) ерекше қауiптi зиянды организмдерге қарсы химиялық өңдеу жүргiзу үшiн пестицидтер (улы химикаттар) сатып алуды, сондай-ақ пестицидтердiң (улы химикаттардың) запасын қалыптастыруды, сақтауды және жаңартуды;
3) пестицидтердi (улы химикаттарды) кедендiк ресiмдеудi, сақтауды және жұмыстар орындалатын орындарға жеткізудi;
4) ерекше қауiптi зиянды организмдер зиян тигiзудiң экономикалық шегiнен көп мекендейтiн орындарға химиялық өңдеу жүргізуді;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 5) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
5) бюджет қаражаты есебiнен сатып алынған пестицидтердi (улы химикаттарды) залалсыздандыруды жүргiзудi;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 6) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
6) өсiмдiктердi қорғау саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргiзудi қамтиды;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді)
7) арнаулы сақтау орындарын (көмiндiлердi) ұстау, салу және жөндеудi қамтиды.
2. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3. Мемлекеттік фитосанитариялық бақылауға жататын объектiлер иелерiнiң қаражаты есебiнен уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен мынадай фитосанитариялық iс-шаралар:
1) өз қаражаты есебiнен сатып алынған пестицидтердi (улы химикаттарды) өсiмдiктердi қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың нұсқамасы бойынша залалсыздандыру;
2) зиянды организмдерге фитосанитариялық iс-шаралар жүргiзу;
3) ауыл шаруашылық өнiмiнде пестицидтердiң (улы химикаттардың) қалдық мөлшерiнiң бар-жоғын тексеру жүргiзiледi.
4. Пестицидтердi (улы химикаттарды) тiркеу және өндiру сынақтары уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiрушiлердiң қаражаты есебiнен жүргiзiледi.
21-бап. Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау туралы заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық
1. Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау туралы заңдарының бұзылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
2. Айыппұлдар салу не өзге де жаза қолдану кінәлі тұлғаларды Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгіленген тәртіппен залалды өтеуден босатпайды.
Қазақстан Республикасының