Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адам ескертудің немесе төлем құжатының екінші данасына қол қою арқылы қолданылған жазаға өзінің келісетінін растайды.»;
екінші бөлікте «Азаматтар» деген сөз «Жеке тұлғалар» деген сөздермен ауыстырылсын;
384) 642-баптың екінші бөлігі «247,»деген цифрлардан кейін «447, 447-1, 447-3,»деген цифрлармен толықтырылсын;
385) 651-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) қаралатын іс бойынша іс жүргізу тілі;";
386) 678-баптың үшінші бөлігінде «Азамат» деген сөз «Жеке тұлға» деген сөздермен ауыстырылсын;
387) 697-баптың бірінші бөлігінде «азаматтардың» деген сөз «жеке тұлғалардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
388) 709-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Сот айыппұлды мәжбүрлеп өндіріп алу туралы қаулыны заңды тұлғаның банк шотынан оның келісімінсіз, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ақша алу үшін банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға жібереді.»;
389) мынадай мазмұндағы 709-1-баппен толықтырылсын:
«709-1-бап. Айыппұл салу туралы қаулыны мәжбүрлеп орындату
тәртібi
1. Әкімшілік жаза қолданған орган (лауазымды адам) айыппұл салу туралы қаулыны осы Кодекстің 703-бабында белгіленген мерзімнен кешіктірмей сотқа жіберуі мүмкін.
2. Белгіленген мерзім өткізіліп сотқа жіберілген, айыппұл салу туралы қаулыны сот қайтарады, бұл туралы ұйғарым шығарылады.
3. Айыппұл салу туралы қаулыны сотқа өтініш түскен күннен бастап он бес күн ішінде судья жеке-дара қарайды.
4. Сот айыппұл салу туралы түскен қаулы туралы құқық бұзушылық жасаған адамға хабарлайды.
5. Сот айыппұл салу туралы қаулыны қарау кезінде органның (лауазымды адамның) айыппұл салу туралы шешімін мәні бойынша қайта қарауға құқылы емес.
6. Айыппұлды мәжбүрлеп өндіріп алуға байланысты қосымша шығыстар шешімді өз еркімен орындамаған адамға жүктеледі.»;
390) 717-баптың үшінші бөлігінде «байланыс және ақпараттандыру» деген сөздер «ақпараттандыру және байланыс» деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап. Осы Заң 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2006 жылғы қаңтардың 20-сы.
№ 123-III ҚРЗ