Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1458 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 8 желтоқсандағы № 1216 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 4 қыркүйектегі № 745 Қалуысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1458 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 51, 681-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау ережесінде:
24-тармақтың 30) тармақшасындағы «жолдамасынсыз» деген сөзден кейін «;» қойылып, мынадай мазмұндағы 31) тармақшамен толықтырылсын:
«31) басқа елдерден әкелінген қыран құстарды пайдалана отырып».
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |