«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2000 жылғы 24 ақпандағы № 288 қаулысына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 25 қаңтардағы № 49 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 887 Қаулысымен күші жойылды
Мемлекеттік органдарды және олардың қарамағындағы мекемелерді ұстауға арналған шығындар жоспарланатын нормалар мен нормативтерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсетуге арналған арнайы көлік құралдарын пайдалануды реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 ақпандағы № 288 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарына қызмет көрсетуге арналған арнайы көлік құралдарының тиесілілік табелінде:
«Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі» деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігi
Жедел | Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстар- ды пайдалану саласын- дағы мемлекеттік бақы- лауды жүзеге асыру үшін | Аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармалары: Ақмола облыстық Алматы облыстық Ақтөбе облыстық Атырау облыстық Шығыс Қазақстан облыстық Жамбыл облыстық Батыс Қазақстан облыстық Қарағанды облыстық Қостанай облыстық Қызылорда облыстық Маңғыстау облыстық Павлодар облыстық Солтүстік Қазақстан облыстық Оңтүстік Қазақстан облыстық Алматы қаласының Астана қаласының | 11 11 10 11 11 10 11 11 11 10 10 11 11 11 4 4 |
«;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген арнайы су көлігінің тиесілілік табелі:
мынадай мазмұндағы бөліммен және жолмен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігi
Арнайы | Каспий теңізi бассейнінде, Ертіс өзенінде және трансшека- ралық өзендерде қоршаған ортаны қорғау саласында су көлігінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру (судың, түп шөгінділе- рінің және атмосфералық ауаның ластануын талдамалық бақылау) | Аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармалары: Маңғыстау облыстық Батыс Қазақстан облыстық Атырау облыстық Шығыс Қазақстан облыстық | 1 - 1 - | - 1 - 1 | - - - - |
«.
2. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |