«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 8 қазандағы № 1044 қаулысына
өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 13 қаңтардағы № 41-1 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 222 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 маусымдағы № 1388 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Электр энергетикасы қондырғылары объектілерін қайта жаңарту мен кеңейту үшін қосымша қуаттарды қосу және шығындарды өтеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 қазандағы № 1044 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2004 ж., № 37, 495-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Электр энергетикасы қондырғылары объектілерін қайта жаңарту мен кеңейту үшін қосымша қуаттарды қосу және шығындарды өтеу ережесінде:
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Меншік нысанына қарамастан, тұрғын үй салушылардан қосымша қуаттарды қосқаны, сондай-ақ энергия беруші ұйымның энергия тасымалдау желілерін дамыту мен қайта жаңартуға байланысты шығындары үшін төлем алынбайды және осы шығындар жергілікті атқарушы органдарға жүктеледі.».
2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы | Д. Ахметов |