жұмысшы кадрлар мен орта буынды экономиканың мынадай:
машина жасау, көлік, ауыл шаруашылығы, құрылыс, мұнай-газ және басқа басым салалары бойынша даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігiн арттыру жөнiнде шаралар кешенiн әзiрлеу;
оқыту мен өндiрiстiң жаңа технологияларының талаптарына сәйкес кадрларды кәсiби оқыту мен даярлаудың сапасын қамтамасыз ету үшiн кәсiптiк білім берудiң мазмұнын жаңарту (мемлекеттік стандарттар, типтiк оқу жоспарлары мен бағдарламаларын әзiрлеу);
оқу орындарының материалдық-техникалық базасын нығайту мен жаңарту.
Белгiленген мақсаттар мен мiндеттерге жету жолдары
Қолда бар желi мен бастауыш және орта кәсiптiк білім беру оқу орындарын қаржыландыру деңгейi қоғамның сұрау салуларына сәйкес келтiрiлетiн, олардың халықтың барлық жігі үшін қол жетімділігі қамтамасыз етілетiн болады.
Өндiрiстің жаңа технологияларының талаптарын ескере отырып, оқу-тәрбие процесiн ұйымдастыру мен кадрларды даярлаудың сапасын қамтамасыз етудiң қажеттi жағдайларын жасау мақсатында оқу орындарының оқу және материалдық-техникалық базасын нығайтуға және жаңғыртуға қосымша шығыстар көзделетiн болады.
Әлеуметтiк, еңбек және экономикалық қатынастарды реттеудің тиiмдi тетiгiн - мемлекет - оқу орындары - жұмыс берушiлер және кадрларды даярлау процесiнде басқа қатысушылар құру үшiн нормативтiк құқықтық кесiмдер қабылданатын болады.
Кәсiптiк білім беру және кадрларды қайта даярлау еңбек рыногы қажеттіліктерi талдауды және өңiрлер экономикасы салаларын перспективалы дамытуды болжауды ескере отырып жүзеге асырылатын болады.
9.3. Ғылым мен инновацияны дамыту
Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясының басымдықтарына, Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2003-2006 жылдарға арналған iс-қимыл бағдарламасына сәйкес ғылыми зерттеулер ресурс үнемдейтiн және экологиялық таза технологияларды әзiрлеуге, өнеркәсiптің экспорттық әлеуетiн арттыруға, ғылымды қажетсiнетiн өндiрiстердi құруға және экономиканың шикiзаттық бағытталуын технологиялыққа кезең-кезеңмен өзгертуге бағытталған.
Қазiргi уақытта ғылыми-техникалық прогресс экономикалық дамыған елдерде экономикалық өсудің 90%-дан астамын қамтамасыз ететiн әлеуметтiк-экономикалық дамудың басты факторы болып табылады.
Сонымен бірге ғылыми-технологиялық даму және инновациялық қызмет бірқатар проблемалардан тежелуде.
Қазiргi уақытта ғылымға арналған шығыстар ЖIӨ-ге 0,13%-ды құрайды, бұл өте жеткiлiксiз болып табылады.
Сондай-ақ ғылыми-техникалық саланы, ғылыми зерттеулердi қаржыландыру тетiгiн және инновацияны басқару жүйесiн жетілдіру мәселелерi өзiнің шешiмiн талап етедi. Ұлттық инновациялық жүйенi қалыптастыруды жеделдеткен жөн.
Қазақстанда сала арасындағы бірыңғай тiзбектiң арасындағы тепе-теңдiктің бұзылуы қалыптасты: зерттеу - әзiрлеу - жобалау - өнiм өндiру. Осылайша, осы тiзбектің жұмыстарының 80%-дан астамы зерттеулер кезеңiне келедi. Бұл конструкторлық және жобалау-технологиялық жұмыстарды орындауға мамандандырылған көптеген институттар соңғы он жылдықта өзінің қызметiмен мүлдем тоқтатты.
2004-2006 жылдарға арналған мақсаттары,
міндеттерi мен басымдықтары
Ғылыми-техникалық және инновациялық саясаттың мақсаты ғылым мен техниканың жетiстіктерiн пайдалану, теңдестiрілген инновациялық-өндiрiстiк инфрақұрылымды қалыптастыру және елдің жалпы ішкі өнiмiнде шикiзат құрайтын бөлiгi жоғары технологиялық экспорттық өнiмге ауыстыру негізінде елдiң экономикасын дамыту үшiн қажеттi жағдайлар мен қолайлы орта жасау болып табылады.
Ғылым мен технологиялардың iлгерiлеген бағыттарының қатарында көлiк және коммуникация, биотехнология, электроника мен ақпараттық технология және басқа салаларда ғылымды қажетсiнетiн өндiрiс құрған жөн.
Осыған байланысты бірiншi кезектегi мiндеттер:
республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының қажеттіліктерiне және әлемдiк ғылымның дамуының үрдiстерiне сәйкес iргелi зерттеулер бағдарламаларын iске асыруды қамтамасыз ету;
қолданбалы зерттеулердi экономиканың базалық салаларының қажеттіліктерiн ғылыми-технологиялық қамтамасыз етуге бірiншi кезекте бағытталуы, экспорттық әлеуеттi және импорт алмастыруды арттыру;
ұлттық инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру;
ғылыми-техникалық саладағы және инновациялық қызметтегi халықаралық ынтымақтастықты кеңейту;
өндiрушiлердің оларға берiлген әртүрлi жеңілдiктер мен артықшылықтары арқылы ғылыми жетiстiктердi енгізуге мүдделiлiгін арттыру; өңiрлерде ғылымды дамыту, ғылымды дамытудың өңiрлiк моделiн қалыптастыру; ғылым саласындағы шағын және орта кәсiпкерлiктi, оның iшiнде венчурлық бизнестi дамыту, осы үшiн зейнетақы қорларының, жеке тұлғалардың және басқа да инвесторлардың қаражатын тарту;
ғылыми-технологиялық саланы ресурстық қамтамасыз ету, ғылым мен білім берудi ықпалдастыру болып табылады.
Қойылған мақсаттарға жету және мiндеттердi шешу жолдары
Бюджеттің қаржылық қаражатын, кадрлық және ғылыми-техникалық әлеуеттi ғылымның басты бағыттарына, бірiншi кезекте - өндiрiстi тиiмдi дамыту, ел экономикасы нақты секторының мұқтаждарын қамтамасыз етуге республикада iске асырылатын ғылыми-техникалық және инновациялық бағдарламаларды пәрменді үйлестiрудi қамтамасыз етуге жұмылдыру мақсатында ғылымды басқару жүйесiн одан әрi жетілдіру қажет.
Ресурстардың шектеулілігіне байланысты Қазақстанның бәсекеге қабілетті нәтижелері бар салаларға күш-жiгердi шоғырландыру қажет.
Елдің индустриялық-инновациялық дамуы стратегиясын қамтамасыз ететiн негiзгi басымдықтарға мыналарды жатқызу қажет:
мұнай мен газды қайта өңдеу;
медицинаны, ауыл шаруашылығы мен тамақ өнеркәсiбiн дамытуда биотехнологияларды пайдалану;
отандық дәрiлiк заттарды жасау және өндiрiске енгізу;
өте таза әрi ғылымды қажетсiнетiн материалдар өндiру;
мемлекеттiң ақпараттық инфрақұрылымының базасын жасау;
машина жасау.
Орта мерзiмдi кезеңнiң ерекше сипаты жаңалықтарға жедел ден қоятын икемдi, ұтқыр технологиялар мен өндiрiстер құруға бағдар алу болуы тиiс. Ғылыми зерттеулер мен әзiрлемелердің негiзгi бағыттары дамушы салаларға барынша бағдарлануы тиiс.
Ғылыми әзiрлемелердi коммерцияландыру, оларды шаруашылық айналымға енгізу, зияткерлiк меншiктi бағалау жүйесiн қалыптастыру және ғылыми-техникалық өнімдер мен инновациялар рыногы үшін жағдай жасау қажет.
Ғылыми зерттеулер нәтижелерiн коммерцияландырудың ықтимал жолдарының бірi ғылыми-техникалық саладағы шағын кәсiпкерлiктi дамыту болып табылады. Әлемдiк тәжiрибе көрсеткендей шағын инновациялық бизнестің қалыптасуы кезеңінде оған мемлекеттік қолдау көрсету қажет.
Орта мерзiмде кезеңiнде мыналарды жүзеге асыру қажет:
Қазақстанның стратегиялық мүдделерiн негiзге ала отырып, ғылымды қаржыландыруды арттыруды жүзеге асыру қажет;
қолданбалы зерттеулердi оңтайландыруды жүргiзу;
Қазақстан экономикасының технологиялық артта қалуын еңсеру және құрылымдық жағынан қайта құру үшiн бірiншi дәрежелi маңызы бар ғылым салаларына мемлекеттік қолдау көрсету және ғылыми кадрлар даярлауды басымдықты түрде жүргiзу;
оларға қызметiнің бастапқы кезеңінде мемлекет тарапынан қаржылық және ұйымдастырушылық қолдау көрсету жолымен жоғары оқу орындарын, ғылыми-зерттеу ұйымдарын, өнеркәсiп орындарын бірiктiретiн, ғылымды өндiрiспен кiрiктiретiн жаңа ұйымдастыру формаларын (технопарктер, технополистер, технологиялық инкубаторлар, ғылыми-технологиялық аймақтар және т.б.) дамыту және қолдау;
олардың қызметi ғылыми-зерттеулерге, инновациялар мен түбегейлi жаңғыртуға бағдарлануы тиiс. Бұның өзi сапасы жоғары ұдайы жаңартылатын бәсекеге қабiлеттi өнiмдер шығаруға мүмкiндiктер бередi;
жаңа әзiрлемелердi өнеркәсiпте игеруге, технологиялық жабдықтарды жаңалауға әрi халықаралық стандарттар талаптарына сай өнiмдер шығаруға iрi кәсiпорындардың мүдделiлiгін арттыру жөніндегі экономикалық және ұйымдастыру тетiктерiн iске қосу;
зияткерлiк меншiктi қорғау, патенттердi пайдалану олар ғылыми зерттеулердің соңғы жетiстiктерiн пайдаланған кезде шетелдiк және отандық инвесторлармен құқықтық қатынастар орнату саласындағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіру;
отандық және шетелдiк қаржы институттарымен бірлесiп венчурлық инновациялық қорлар құру, инновациялық жобаларды венчурлық қаржыландыру тетiктерiн әзiрлеу және iске асыру;
инновациялық сала үшiн мамандар даярлау мақсатында республика жетекшi университеттерiнің және Қазақстан Республикасы Президентiнің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясының базасында инновациялық жобаларды басқару жөніндегі менеджерлер, инновациялық кәсiпорындар үшiн инженерлiк-техникалық мамандар даярлауға, сондай-ақ мамандарды қайта даярлауға бағдарланған кешендi білім беру бағдарламасын әзiрлеу;
шетелдiк озық технологияларды тарту жүйесiн құру;
отандық ғылым мен технологиялар жетiстiктерiн жылжыту мақсатында технологиялар, менеджмент, жаңа тауарлар мен қызметтер көрсету және нақты сектордың ғылыми техникалық әзiрлемелермен қамтамасыз ететiн талдау саласындағы отандық әзiрлемелердің деректер банкiн жасау жөніндегі жұмысты жалғастыру.
Болжанатын нәтижелер
Ғылыми-техникалық және инновациялық сала алдында қойылған міндеттердi шешу:
елдің, бірiншi кезекте ғылым мен техниканың жетiстiктерi негізінде орнықты әлеуметтiк-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге;
экономиканың басым салаларында ғылыми әзiрлемелердің нәтижелерiн жеделдете игеру үшiн қажеттi жағдай жасау;
отандық ғылыми-техникалық әлеуеттi барынша iске қосу, ғылым мен инженерлiк-техникалық әлеуетке сұранысты қамтамасыз ету, ғылыми еңбектің беделiн көтеру;
инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру;
өнеркәсiптің базалық салаларын жаңа технологиялық укладтар мен қайта бөлiстерге көшiрудi жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының ұлттық инновациялық жүйесiн құру;
шағын инновациялық бизнестi дамыту үшiн жағдайлар жасау.
9.4. Халықтың әл-ауқатын арттыру
9.4.1. Халықтың табысы
Халық табысының серпiнi соңғы жылдары тұрақты өсуiмен сипатталады.
Ең төменгi еңбекақы 2003 жылы 2002 жылмен салыстырғанда 20% өстi және 5 000 теңге құрайды (2002 жылы - 4181 теңге).
2003 жылдың бірiншi жартыжылдығында ең төменгi зейнетақы 5000 теңге құрады, ағымдағы жылдың 1 маусымынан кейiн ол 5500 теңгеге дейiн ұлғайды (2002 жылы - 4336 теңге).
2003 жылғы бағалау бойынша орташа зейнетақы 7354 теңгенi құрайды (2002 жылы - 5748 теңге).
Сонымен бірге тек 2003 жылы ғана еңбекақы мен зейнетақының ең төменгi мөлшерi ең төменгi күнкөрiс шамасына сәйкес келтiрілдi. Халықтың табысында аумақтың бөлiнiсiне және азаматтардың әлеуметтiк мәртебесiне (жұмыс iстеушiлер, зейнеткерлер, мүгедектер және т.б.) қарай, сондай-ақ отбасы мүшелерiнiң санына қарай жан басына шаққанда орташа табыстың саралануы едәуiр.
2004-2006 жылдарға арналған
мақсаттар, мiндеттер мен басымдықтар
Мемлекеттік табыс саясатының мақсаты еңбекақы төлеудiң жалпы деңгейiн көтеру, ең төменгi еңбекақы мөлшерiн ұлғайту, зейнетақы және басқа да әлеуметтiк төлемдер мөлшерiн арттыру болып табылады.
Аталған мақсатты iске асыру үшiн мынадай мiндеттердi шешу көзделедi: еңбек етуге көтермелеу кәсiпкерлiк қызмет табыстарын көбейту;
әрбір азаматтың экономикалық қызметтің әрбір түрінде еңбек етуіне мүмкiндiк жасауды қамтамасыз ететiн заңнамалық базаны жетілдіру;
мемлекеттік мекемелер қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесiн жетілдіру;
азаматтар тұрмысының сандық әрi сапалық өлшемдерiн көрсететiн әлеуметтiк қамсыздандыру және әлеуметтiк қызмет көрсету нормативтерiн әзiрлеу.
Қойылған мақсаттарға жету жолдары
Еңбекақы төлеудi одан әрi арттыруға, ең төменгi еңбекақы мөлшерiн көбейтуге, оның iшiнде 2004 жылы 32%, зейнетақы және әлеуметтiк төлемдер мөлшерiн арттыруға, әлеуметтiк нормативтердi жетiлдiруге бағытталған бірқатар нормативтiк құқықтық актiлер қабылданады. Ең төменгі еңбекақы мөлшерiнiң өсуi зейнетақының ең төменгi мөлшерiнiң өсуiнен озып отырады.
Мемлекеттік қызметшi болып табылмайтын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесiнiң кезең-кезеңiмен жүргiзiледi.
Еңбек бойынша нормативтiк база жасау (еңбек нормалары, қызметшiлер лауазымдарының біліктілік сипаттамалары, жұмысшы кәсiптерiнің тарифтiк-біліктілік сипаттамалары) жөніндегі жұмыс жалғастырылады.
Болжамды көрсеткiштер
Көзделетiн шаралар бюджет саласын қоса алғанда, экономиканың ресми секторындағы бастапқы орташа айлық еңбекақының өсуiн болжауға мүмкiндiк бередi. Республика бойынша жалдамалы қызметкердiң бастапқы орташа айлық еңбекақысы 2006 жылы 28929,6 теңге құрайды және 2002 жылмен салыстырғанда 1,5 есе өседi, нақты түрде 21,9 % өседi.
9.4.2. Шағын кәсiпкерлiктi дамыту және орташа тапты құру
Үкiмет шағын кәсiпкерлiктiң орнықты әрi серпiндi дамуы үшiн қолайлы жағдай жасады, мұның өзi одан әрi дамуы үшiн едәуiр резервi экономиканың маңызды факторы ретiнде отандық шағын бизнестің қалыптасуына ықпал еттi.
Осы мақсатта бірқатар нормативтiк құқықтық актiлер әзiрлендi және қабылданды, оның iшiнде:
2003 жылғы 1 қаңтардан бастап шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн салық жүктемесiн азайтуды көздейтiн "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгiзiлдi;
Қазақстан Республикасында шағын кәсiпкерлiктi дамыту мен қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасы әзiрлендi; шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң заңды құқықтары мен мүдделерiн қорғаудың нысандарын және тәсілдерiн жетілдіретін.
Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қызметiн мемлекеттік органдардың тексеруiн жүргiзудiң ережесi қаулымен қабылданды.
Кәсiпкерлердi заңнамалық және нормативтiк актiлер дайындау процесiне тарту мақсатында орталық атқарушы органдардың жанында құрамына кәсіпкерлердiң қоғамдық бірлестiктерiнің өкілдері енген Шағын және орта кәсiпкерлiктi қолдау мен дамыту мәселелерi жөніндегі сарапшылық кеңестер құрылды.
Бақылау-қадағалау функциялары берiлген мемлекеттік органдардың тiзбесiн 58-ден 30-ға дейiн қысқарту жөнiнде жұмыс жүргiзiлдi.
Қабылданып жатқан шараларға қарамастан, Қазақстанның шағын бизнесi әлi күнге дейiн оның дамуын тежейтін әрi қазақстандық қоғамның тұрақтылығы және елдің экономикалық өсуiнің негiзiне айналуға мүмкiндiк бермей отырған мынадай проблемаларға ұшырауда:
қаржы-кредит ресурстарына қол жетімдiліктің жеткіліксіздігі;
жергiлiктi жерлерде шағын бизнестi дамыту мен қолдау мемлекеттік саясатын жүргiзу процесiн үйлестiру әрi басқаруда айқын басымдықтардың болмауы;
кәсiпкерліктi қолдаудың мемлекеттік емес институттарымен (қауымдастықтар, шағын кредит, ақпараттық-консалтингтiк және оқыту ұйымдары, ақпарат алмасу және керi байланыс жасаудың тиiмдi тетiгiнiң болмауы).
Бұдан басқа мемлекет тарапынан лицензиялау, мүлiктi тiркеу өнiмдердің (жұмыстар, қызметтер көрсету сапасын бақылау және т.б. мәселелерде шағын кәсiпкерлiк субъектiлерінің қызметiн реттеудің жоғары деңгейi терiс әсер етедi.
Мақсаттары мен мiндеттерi
Мақсат - шағын кәсiпкерлiктi, әсiресе жаңа технологиялық өндiрiстер, жаңа жұмыс орындарын құруға бағдарланған шағын кәсіпкерлікті дамыту есебiнен "орташа тапты" қалыптастыруға бағытталған институционалдық жағдайларды жетiлдiру.
Қойылмаған мақсатқа жету үшiн мынадай мiндеттердi шешу көзделедi:
шағын кәсіпкерлiк үшiн салық ауыртпалығын азайту;
кредит ресурстарына шағын кәсiпкерлікпен қол жеткізуін жақсарту;
шағын кәсіпкерлiктi қолдаудың мемлекеттік және мемлекеттік емес институттарының тиімдiлiгiн арттыру;
кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудi оңтайландыру.
Қойылған мақсаттарға жету және мiндеттердi шешу жолдары
2003 жылы шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттік қолдау нысандары мен әдiстерiн жетiлдiру жөніндегі белсендi жұмысты одан әрi жүргiзудi көздейтiн Қазақстан Республикасында шағын кәсiпкерлiктi дамыту мен қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы бекітіледi. Шағын кәсiпкерлікке салық салуды одан әрi жетілдіру, оны қаржылық қолдау, шағын бизнестiң жария экономика шеңберiне шығуын ынталандыру, кәсiпкерлiк кадрларды даярлау және қайта даярлауға бағытталған шаралар жүйесi әзiрленедi.
Тоқтап тұрған кәсiпорындарды шағын және орта бизнес субъектілерiне беру мақсатында оларды сегменттеу және қайта құрылымдау жөніндегі жұмыс жалғастырылады.
Рұқсат беру рәсiмдерi жүйесiн реформалау есебiнен кәсiпкерлiк қызметтi мемлекеттік реттеудi оңтайландыру жөніндегі жұмыс жалғастырылады.
Лицензиялау және тiркеу жүйесiн реформалау шеңберiнде 2003 жылғы лицензиялануы тиiс кәсiпкерлiк қызмет түрлерiнің тiзбесi оңтайландырылады, лицензиялау және тiркеу мәселелеріндегі орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың рәсімдерi мен өкiлеттiктерi нақтыланады.
Кәсіпкерлердiң қоғамдық бірлестiктерiнің рөлі арттырылады және олардың топтасуы мен нығаюы үшiн жағдай жасалады.
Өңiрлерде практикада өзiн жақсы көрсеткен шағын бизнестi дамытудың үлгi схемаларын көбейту әрi кеңiнен қолдануды бастау қажет. Енгiзiлуi елдің барлық өңiрiнде кәсiпкерлiк кадрларды даярлау және қайта даярлауды жүйелендiруге мүмкiндiк беретiн қазiргi заманғы оқыту әдiстерiн әзiрлеу жөніндегі жұмыс жүргiзiледi.
Кәсіпкерлiк бастамашылығына, халықтың өзiн-өзi жұмыспен қамтуына оң көзқарасты қалыптастыру болып табылатын насихат (шағын бизнес мәселелерi бойынша теле және радиохабарлар циклын ұйымдастыру әрi жүргiзу, семинарлар, конференциялар мен конкурстар өткізу; жарнамалық каталогтар, ақпараттық бюллетеньдер, әдiстемелік ұсынымдар, кәсіпкерлік қызметтi реттейтiн заңнамалық және нормативтiк актiлер шығару) жұмысы жүргiзiледi. Кәсiпкерлiк мәселелерi бойынша консультациялар беру, заңи, бухгалтерлiк және әртүрлi консалтингілік қызметтер көрсету түрiнде көрінетін қызметi кәсіпкерлерге көмек көрсетудің кепілді көлемiн қамтамасыз ететiн шағын бизнестi қолдаудың өкілдi орталықтарын қалыптастыру көзделеді.
Қазiргi уақытта елде кәсiпкерлiктi қолдаудың белгiлi бір инфрақұрылымы, кәсіпкерлiктi қолдау қауымдастықтары, орталықтары, бизнес инкубаторлары және т.б. жұмыс iстейдi. Алайда, өз қаржылық қаражаты жетiспегендiктен өз функцияларын олардың көпшiлiгi атқара алмайтын жағдай қалыптасты.
Бұл жұмысқа оларды тартуды Шағын кәсiпкерлiктi дамыту мен қолдаудың мемлекеттік бағдарламасын iске асыру шеңберiнде жүзеге асырылуы көзделетiн белгiленген тапсырыстарды конкурстық негiзде орналастыру арқылы жүзеге асыру көзделедi. 2006 жылдың аяғына дейін осындай схема бойынша облыс орталықтарынан басқа, облыстардың барлық аудандарында осындай орталықтар құру көзделедi.
Аталған шараларды iске асыру нәтижесiнде шағын кәсiпкерлiкке жәрдемдесу мен көмек көрсету жөнiнде сапалы инфрақұрылым құрылады, ал инфрақұрылымның жұмыс iстеп тұрған объектiлерi шағын бизнестi дамытудың жаңа бағыттарын iске асыруға мүдделi болады.
Болжанатын нәтижелер
Қазақстан Республикасында шағын кәсiпкерлiктi дамыту мен қолдаудың 2003-2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру есебiнен:
2004 жылы шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң санын 510 мыңға дейiн, 2005 жылы 530 мыңға, 2006 жылы 550 мыңға дейiн;
шағын кәсiпкерлiкте жұмыспен қамтылғандар санын 2004 жылы 1,4 млн.адамға дейiн, 2005 жылы 1,5 млн.адамға дейiн, 2006 жылы 1,6 млн.адамға дейін;
ЖIӨ құрылымындағы шағын кәсiпкерлiк үлесiн 2004 жылы 20% дейiн, 2005 жылы 22 % дейiн, 2006 жылы 25 % дейiн жеткізу көзделедi.
9.5. Кедейлiк пен жұмыссыздықты азайту
Кедейлiкпен күрес басым мiндеттер дәрежесiне жатқызылған. Қазақстан кедейлiк өткiр проблема болып қалуда және онымен күрес шараларын күшейтудi талап етедi.
Кедейлiк проблемасын шешу жұмыс сапасын арттыру және адам капиталын дамытуға шығындарды қаржыландырудан көрiнедi. Жоғары біліктi маман кедей санатына жатқызылуы мүмкiн емес. Осыған байланысты кедейлікпен күрес бiздiң қоғамды дамытудың негiзiн қалаушы бағдарламаларды iске асыру белдеуiне ауыстырылады.
2004-2006 жылдарға арналған мақсаттар, міндеттер мен басымдықтар
Кедейлiк пен жұмыссыздықты азайту саласындағы негiзгi мақсат экономикалық өсу үшін жағдай жасау, жұмыспен қамтудың өнiмдiлiгi, еңбек рыногындағы белсендi саясат және халық табысын көбейту, кедейлердің денсаулық сақтау және білім беру қызметтерiне қол жетiмдiгiн арттыру, әлеуметтiк қорғаудың атаулылығын жақсарту және шешiм қабылдауға қоғамдық институттарды тартып мемлекеттік басқарудың тиiмдiлiгiн арттыру болып табылады.
Аталған мақсатқа жету үшiн мынадай мiндеттердi шешу көзделедi:
елдің тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз ету;
шағын бизнестi қоса алғанда кәсiпкерлiктi дамыту үшiн қолайлы жағдай жасау;
қосымша жұмыс орындарын құру, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, жұмыссыздарды кәсiптiк оқыту, біліктілігiн арттыру және қайта даярлау есебiнен еңбек рыногын одан әрi дамыту және белсендi шараларды жетілдіру; денсаулық сақтау, білім беру секторларындағы мемлекеттік қызмет көрсетудің тиімділiгiн әрi қол жетімдiлiгiн арттыру;
халықтың кедей және осал топтарының мүдделерiнде атаулы әлеуметтiк көмек көрсету тетiктерiн жетілдіру;
елдегi кедейлiктi азайтуда мемлекеттік басқарудың тиiмдiлігiн арттыру;
жұмыспен қамтудың белсендi нысандарын дамыту, iшкi еңбек рыногын қорғау, елдiң еңбек ресурстарын тиiмдi пайдалану бағытында нормативтiк құқықтық базаны жетілдіру арқылы жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету;
халықтың нысаналы топтарына енетiн адамдарды тиiмдi қолдауды қамтамасыз ету;
азаматтардың еңбек және кәсiпкерлiк бастамашылығын қолдау;
жұмыс орындарын құру республикаға шетелдiк жұмыс күшiн тарту кезінде қазақстан азаматтарын даярлау және қайта даярлау жөніндегі ақпараттық базаны жасау;
еңбек қатынастарын жария ету, жұмыс орындарын құру және еңбек рыногында азаматтарды кәсiптiк даярлауды арттыру.
Қойылған мақсаттарға жету жолдары
Жұмыспен қамту саласында мемлекеттік саясатты iске асыру базалық білім беру мен денсаулық сақтау қызметтерiне қол жетiмдiктi жақсарту, әлеуметтiк көмектің атаулылығын арттыру және басқа да шараларды іске асыру жолымен осы проблеманы шешуге кешендi көзқарасты көздейтiн Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 26 наурыздағы № 296 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында кедейлiктi азайту жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламаны iске асыру жалғастырылады.
Бағдарлама шеңберiне халықтың әлеуметтiк осал топтарын мемлекеттік қолдау жөнiнде мынадай шаралар көзделедi:
зейнеткерлер - зейнетақылар мөлшерiн жыл сайын көтеру әрi уақтылы төлеу;
аз қамтылған азаматтар - отбасының жан басына шаққандағы табысына қарай атаулы әлеуметтiк көмек көрсету;
жетiм балалар, әл-ауқаты нашар отбасылардың балалары - нысаналы топтар бойынша білім беру және жұмысқа орналастыру үшiн қажеттi жағдайлармен қамтамасыз етiледi;
еңбек етуге қабiлетi жоқ, халық - мүгедектердi қоғамға кiрiктiру, қызметкерлердің көпшiлiгiн мүгедектер құрайтын мамандандырылған кәсiпорындарда мемлекеттік тапсырыстарды орналастыру, протез-ортопедия бұйымдарын шығаруды ұйымдастыру, жәрдемақыларды уақтылы төлеу жөніндегі шараларды iске асыру.
Атаулы әлеуметтiк көмек көрсету тетiктерi, сондай-ақ табыс деңгейiн бағалау әдiсiн жетілдіру жалғастырылады. Сондай-ақ қоғамдық жұмыстарды, қайта оқу бағдарламаларын және жұмысқа орналасуға көмек көрсетудi қаржыландыру арқылы еңбек етуге қабiлеттi халыққа әлеуметтiк көмек көрсетiледi.
2005 жылдан бастап әлеуметтiк қатерлер: еңбек ету қабiлетiнен айырылуы, асыраушысынан айырылуы және жұмыстан айырылуы жағдайларына мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiн енгізудi көздейтiн "Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының заңы қолданысқа енгiзiледi.
Мынадай әлеуметтiк нормативтердi: ең төменгi күнкөрiс, ең төменгi еңбекақы, ең төменгi зейнетақы айқындау әдiстемесiн одан әрi жетілдіру жоспарлануда.
Институционалдық көмектiң дәстүрлi нысандары - қарттар үйлерiн және мүгедектер үйлерi ұстаумен қатар, белгілі бір тұрағы жоқ азаматтар үшiн әлеуметтiк бейiмдеу орталықтарын ашу, әлеуметтiк қонақүйлер ашу, аз қамтылған адамдар үшін асханалар ашу сияқты атаулы институционалдық көмек түрлерiн дамыту көзделедi.
Мүгедектердi оңалтудың 2002-2005 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жалғастырылады. Онда:
Медициналық-әлеуметтiк сараптама институтын одан әрi жетілдіру;