3. Табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн және тарифтiк сметаларын бекіту екi тоқсанда бiр реттен жиi жүргiзiлмейдi. Жаңа тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) енгізу тоқсанның бiрiншi күнiнен бастап жүзеге асырылады.
4. Табиғи монополия субъектiсi тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) немесе олардың шектi деңгейлерiнiң өзгертiлгенi туралы ақпаратты тұтынушының назарына олар күшiне енгiзiлгенге дейiн кемiнде 10 күннен бұрын жеткізуге мiндеттi.
5. Реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) және тарифтiк сметаларды оңайлатылған тәртiппен бекіту:
1) жаңадан құрылған табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына);
2) осы Заңның 4-бабы 2-тармағына сәйкес енгiзiлген реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) жаңа түрлерiне;
3) реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) өзге түрлерi бойынша Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң мемлекеттік тiркелiмiне енгiзiлiп қойған табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiнiң (тауарларының, жұмыстарының) жаңа түрлерiне жүргiзiледi.
Осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген табиғи монополиялар субъектiлерi тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) және тарифтiк сметаларды жалпы тәртiппен қайта қарау үшiн алты айдан кешiктiрмей өтiнiм жасауға мiндеттi.
Тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) оңайлатылған тәртiппен бекіту тәртібін осы Заңның 15-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкiлеттi орган айқындайды.
Оңайлатылған тәртiппен бекітілген тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) көтерген жағдайда уәкiлеттi орган жаңа тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) енгізумен бiр мезгiлде тұтынушыларға келтiрiлген шығындарды өтеу туралы шешiм қабылдауға мiндеттi.
5-1. Жасалған мәмiленiң немесе банкрот деп танылған борышкер - табиғи монополия субъектiсiнiң конкурстық массасын сатудың нәтижесiнде активтерi өз меншiгiне түскен табиғи монополия субъектiсi тұтынушыларға реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) осы активтердiң немесе конкурстық өндiрiс процесiнде өндiрiп алынатын мүлiктiң меншiк иелерi үшiн уәкiлеттi орган бұрын бекiткен тарифтер (бағалар, алымдар ставкалары) немесе олардың шектi деңгейлерi және тарифтiк сметалары бойынша реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) және тарифтiк сметаларды бекітуге өтiнiм ұсынғанға дейiн, бiрақ алты айдан аспайтын мерзiмде ұсынады.
6. Уәкiлеттi органның бастамасы бойынша тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) және тарифтiк сметаларды бекіту осы Заңда белгiленген жалпы тәртiппен жүзеге асырылады. Тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) енгізу тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) және тарифтiк сметаларды бекiткен айдан кейiнгi айдың бiрiншi күнiнен бастап жүзеге асырылады.
7. Уәкiлеттi орган тарифтiң (бағаның, алым ставкасының) шектi деңгейiн бекiткен кезде тарифтiң (бағаның, алым ставкасының) белгiлi бiр шамасының қолданылу мерзiмi белгiленедi.
Тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) шектi деңгейiн енгізу тиiстi жылдың бiрiншi қаңтарынан немесе бiрiншi шiлдесiнен бастап жүзеге асырылады.
ҚР 26.12.02 ж. № 364-II Заңымен 18-1-баппен толықтырылды; ҚР 09.12.04 ж. № 9-III (бұр. ред. қара); 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) Заңымен 18-1-бап өзгертілді
18-1-бап. Табиғи монополия аясындағы мемлекеттік бақылау
1. Табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiн (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiне нұқсан келтiрудi не тиiстi тауар рыногының табиғи монополия жағдайынан бәсекелестiк рынок жағдайына экономикалық жағынан ақтауға болатын ауысуын тежеудi болдырмау мақсатында уәкiлеттi орган:
1) егер табиғи монополия субъектiсiнiң иелiгiнен айыратын мүлiктiң немесе ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк баланста ескерілген, оған қатысты өзге де мәмілелер жасалатын мүлкінің баланстық құны ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк балансқа сәйкес оның активтерiнiң баланстық құнының 0,05 процентiнен асатын болса, олар табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) немесе олардың шектi деңгейлерiнiң өсуiне, тұтынушылармен жасасқан шарттардың бұзылуына, берiк байланыстағы технологиялық жүйенiң бұзылуына, ұсынылатын реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (өндiрiлетiн тауарлардың, жұмыстардың) тоқтап қалуына не көлемiнiң едәуiр кемуiне әкеп соқпайтын жағдайда табиғи монополия субъектiсiнiң мүлкiн иелiктен айыруға және (немесе) оның мүлкiне қатысты өзге мәмiлелер жасасуға;
2) табиғи монополия субъектiсiнiң тасымалдайтын немесе өзiне берiлетiн, өзiнiң тұтынуына арналмаған тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатып алуына;
2-1) мүлiктi жалға алу шартын жасасу табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) немесе олардың шектi деңгейлерiнiң артуына, тұтынушылармен жасалған шарттардың бұзылуына, берiк байланыстағы технологиялық жүйенiң бұзылуына, ұсынылатын реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (өндiрiлетiн тауарлардың, жұмыстардың) тоқтап қалуына не көлемiнiң едәуiр кемуiне әкеп соқпайтын жағдайда табиғи монополия субъектiсiнiң ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк баланста ескерiлген баланстық құны ағымдағы жылдың басындағы бухгалтерлiк балансқа сәйкес оның активтерiнiң баланстық құнынан 0,05 процент астам болатын реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну үшiн пайдаланылатын мүлiктi жалға алуына;
3) табиғи монополия субъектiсiнiң осы Заңда рұқсат етiлген өзге де қызметтi жүзеге асыруына;
4) табиғи монополия субъектiсiнiң акциялар (үлестер) сатып алуына, сондай-ақ оның осы Заңмен рұқсат етiлген қызметтi жүзеге асыратын коммерциялық ұйымдарға өзге де нысандармен қатысуына;
4-1) жеке немесе заңды тұлғалардың (немесе адамдар тобының) табиғи монополия субъектiсiнiң жарғылық капиталындағы дауыс беретiн акцияларының (үлестерiнiң) оннан астам процентiн сатып алуына;
5) табиғи монополия субъектiсiнiң қайта ұйымдастырылуына және таратылуына бақылауды жүзеге асырады.
1-1. Реттелiп көрсетiлетiн қызметтермен (тауарлармен, жұмыстармен) технологиялық жағынан байланысты қызмет түрлерiнiң тiзбесiн уәкiлеттi орган тиiстi мемлекеттік органмен оның құзыретi шегiнде немесе табиғи монополия субъектiсi Табиғи монополия субъектiлерiнiң мемлекеттік тiркелiмiнiң жергiлiктi бөлiмiне енгiзiлсе және (немесе) коммуналдық меншiкте болса, мемлекеттік органды жергiлiктi атқарушы және өкiлдi органдардың ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жағдайларды қоспағанда, жергiлiктi атқарушы органмен бiрлесiп бекiтедi.
2. Осы баптың 1-тармағының 1)-4), 5) тармақшаларында аталған iс-әрекеттердi жасау үшiн табиғи монополия субъектiсi уәкiлеттi органға осындай iс-әрекеттердi жүзеге асыруға келісім беру туралы өтiнiмдi ұсынуға және шешiм қабылдау үшiн қажеттi ақпаратты хабарлауға мiндеттi.
Өтiнiм беру үшiн құжаттар тiзбесiн, оларды ұсыну және қарау тәртібін табиғи монополия аясындағы қызметтi бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган белгiлейдi.
Осы баптың 1-тармағының 4-1) тармақшасында көрсетiлген iс-әрекеттердi жасау үшiн жеке немесе заңды тұлға ақпаратты уәкiлеттi органға алдын ала жолдауға мiндеттi.
3. Табиғи монополия субъектiсi осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында аталған қызметтi жүзеге асыруға келісім алу үшiн мынадай шарттардың орындалуын қосымша қамтамасыз етуге мiндеттi:
1) осы қызметтен табиғи монополия субъектiсi алатын табыстар оның жүзеге асырылуына қажеттi шығындарды жабуға тиiс;
2) қызметтi жүзеге асыру тиiстi қызметтер көрсету (тауарлар, жұмыстар) рыногында бәсекелестiктi шектеуге әкеп соқпайды.
Табиғи монополия субъектiсi осы тармақта көзделген шарттардың орындалуы туралы есептi табиғи монополия аясындағы қызметтi бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган белгiлеген нысан бойынша тоқсан сайын ұсынуға мiндеттi.
4. Егер өтiнiштi қанағаттандыру осы баптың 1-тармағының бiрiншi абзацында аталған салдарларға әкеп соғуы мүмкiн болса, сондай-ақ, егер өтiнiш берушi барлық қажеттi құжаттарды табыс етпеген не оларда ұсынылған ақпарат дұрыс болмаған жағдайларда, уәкiлеттi орган оны қабылдамауға құқылы.
5. Уәкiлеттi орган өтiнiмдi оны алған күннен бастап отыз күннен кешiктiрмей қарайды және өтiнiш берушiге қабылданған шешiм туралы жазбаша нысанда хабарлайды.
Егер шешiм қабылдау үшiн қосымша ақпарат қажет болған жағдайда, уәкiлеттi орган оны өтiнiш берушiден сұратуға және өтiнiштi алған күннен бастап он бес күннен кешiктiрмей өтiнiштi қарау мерзiмiн ұзарту туралы хабарламамен бiрге осындай сауал салу өтiнiш берушiге жiберiлген жағдайда өтiнiштi қарау мерзiмiн отыз күнге ұзартуға құқылы.
6. Өтiнiштi қанағаттандырудан бас тартуға өтiнiш берушi сот тәртібімен шағымдана алады.
ҚР 26.12.02 ж. № 364-II Заңымен 18-2-баппен толықтырылды
18-2-бап. ҚР 09.12.04 ж. № 9-III Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР 26.12.02 ж. № 364-II Заңымен 18-3-баппен толықтырылды; ҚР 09.12.04 ж. № 9-III (бұр. ред. қара) Заңымен 18-3-бап өзгертілді
18-3-бап. Табиғи монополия субъектiсiн қайта ұйымдастыру және тарату
1. Табиғи монополия субъектiсiне Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қайта ұйымдастыру және тарату рәсiмдерi қолданылуы мүмкін.
2. Табиғи монополия субъектiсiн - заңды тұлғаны мемлекеттік тiркеудi және қайта тiркеудi, сондай-ақ оның қызметiн тоқтатуды тiркеушi орган уәкiлеттi органмен алдын ала келiсу арқылы ғана жүзеге асырады.
3. Табиғи монополия субъектiсiне ұсынылатын реттелiп көрсетiлетiн қызметтер (өндiрiлетiн тауарлар, жұмыстар) үзiлiсiн немесе көлемi едәуiр азайып кетуiн болдырмау мақсатында оңалту рәсiмдерi қолданылуы мүмкiн.
ҚР 26.12.02 ж. № 364-II Заңымен 18-4-баппен толықтырылды; ҚР 09.12.04 ж. № 9-III (бұр. ред. қара); 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) Заңымен 18-4-бап өзгертілді
18-4-бап. Табиғи монополия субъектiсiнiң сатып алуды жүзеге асыруы кезіндегі мемлекеттік бақылау
1. Шығындары табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн және тарифтiк сметаларды бекіту кезiнде ескерiлетiн қызмет көрсетулердi (тауарларды, жұмыстарды) сатып алу осы баптың 4 және 5-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тендер нысанында жүзеге асырылады.
2. Тендердi табиғи монополия субъектiсi:
1) тендер рәсiмдерiн өткізудiң ашықтығы мен жариялылығы;
2) тендерге қатысу үшiн барлық ықтимал берушiлерге тең мүмкiндiктi қамтамасыз ету;
3) ықтимал берушiлер арасында адал бәсекелестiк принциптерiн сақтай отырып өткiзедi.
3. Сатып алуды жүргiзу тәртібін уәкiлеттi орган айқындайды.
Осы талап Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңдарына сәйкес мемлекеттік органдардың, мемлекеттік мекемелердiң, сондай-ақ акцияларының (үлестерiнiң) елу және одан да көбiрек процентi немесе акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi мемлекеттік кәсiпорындардың, заңды тұлғалардың және олармен аффилиирленген заңды тұлғалардың сатып алуды жүргiзу жағдайларына қолданылмайды.
3-1. Табиғи монополия субъектiсi өзiнiң аффилиирленген тұлғалары үшiн конкурстың бiрыңғай ұйымдастырушысы ретiнде өкiлдiк етуге құқылы.
4. Уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларда, табиғи монополия субъектiсiнiң жабық конкурс өткізу жолымен сатып алуды жүзеге асыруына, бiр көзден сатып алуына, сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдары беретiн гранттарды, заемдар мен кредиттердi тартуына келісім беруге құқылы.
5. Табиғи монополия субъектiсi негiзгi құралдарға жатпайтын тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi), егер сатып алудың құнмен алынған жылдық көлемi табиғи монополия аясындағы қызметтi бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган белгiлеген шектi сома мөлшерiнен асып кетпесе, тендер өткiзбей сатып алуды жүзеге асыруға құқылы.
5-1. Табиғи монополия субъектiсiнiң екi және одан да көбiрек аффилиирленген тұлғаларының, Қазақстан Республикасы Yкіметі белгiлеген жағдайларды қоспағанда, аталған табиғи монополия субъектiсi өткiзетiн тендерге (лотқа) қатысуға құқығы жоқ.
6. Тендерге қатысушының талап етуi бойынша оған тендер нәтижелерi және жеңiмпазды таңдаудың себептерi туралы түбегейлi жазбаша ақпарат берiлуге тиiс.
7. Уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының табиғи монополия туралы заңдарын бұза отырып өткiзiлген тендердiң жеңiмпазымен табиғи монополия субъектiсi шарт жасасқанға дейiн оның нәтижесiнiң күшiн жоюға және табиғи монополия субъектiсiн қайта тендер өткізуге мiндеттеуге құқылы.
8. Уәкiлеттi орган табиғи монополия субъектiсiнiң тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн бекітуге берген өтiнiмiн, ол Қазақстан Республикасы заңдарында белгiленген тендер өткізу туралы талаптарды бұзған жағдайда, қабылдамай тастауға құқылы.
9. Осы бапта көзделген талаптар теңгерiмдеушi электр энергиясын, орталықтандырылған сауда-саттықтардағы, спот рыногындағы электр энергиясын Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңдарына сәйкес сатып алуды жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектiлерiне қолданылмайды.
ҚР 26.12.02 ж. № 364-II Заңымен (бұр. ред. қара); 09.12.04 ж. № 9-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 19-бап өзгертілді
19-бап. Осы Заңды бұзудың салдарлары
1. Осы Заңды бұзған жағдайда табиғи монополия субъектiлерi, мемлекеттік органдар, олардың басшылары:
1) осы Заңды бұзуды тоқтатуға және оның салдарларын жоюға;
2) бастапқы жағдайды қалпына келтiруге немесе нұсқамада көрсетiлген өзге iс-әрекеттердi жасауға;
3) келтiрiлген залалды және (немесе) зиянды тiкелей немесе тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) уақытша төмендету арқылы өтеу үшiн шаралар қолдануға;
4) осы Заңға сәйкес келмейтiн актiлердi жоюға немесе өзгертуге мiндеттi.
2. Уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шешiм қабылданған күнгi қайта қаржыландыру ставкасын ескере отырып, табиғи монополия субъектiсiне өзi жүргiзген тексеру материалдары негiзіндегі , сондай-ақ табиғи монополия субъектiсiнiң тарифтiк сметаны орындауын талдау қорытындысы бойынша уақытша өтемдiк тарифтi белгiлейдi. Уақытша өтемдiк тарифтi енгізу тексеру жүргiзiлген айдан кейiнгi келесi айдың бiрiншi күнiнен бастап жүзеге айырылады.
ҚР 09.12.04 ж. № 9-III Заңымен 19-1-баппен толықтырылды
19-1 бап. Уәкiлеттi органның ұйғарымдары
1. Уәкiлеттi органның ұйғарымдарын табиғи монополиялар субъектiлерi, мемлекеттік органдар, олардың басшылары шешiмдерде (ұйғарымдарда) көзделген мерзiмде, бiрақ оларды алған күннен бастап отыз күннен кешiктiрмей орындайды.
2. Мемлекеттік органдар осы Заңды бұза отырып қабылданған актiлердi жою немесе өзгерту туралы, не бастапқы жағдайдағы қалпына келтiру жөніндегі ұйғарымдарды орындамаған жағдайда, уәкiлеттi орган осы актiлердi (толық немесе iшiнара) жарамсыз деп тану туралы және (немесе) бастапқы жағдайдағы қалпына келтiруге мәжбүрлеу туралы талап-арызбен сотқа жүгiнуге құқылы.
3. Табиғи монополия субъектiсi ұйғарымды орындамаған жағдайда, уәкiлеттi орган табиғи монополия субъектiсiн ұйғарымда көрсетiлген iс-әрекеттердi жасауға мәжбүрлеу туралы талап-арызды сотқа ұсынуға құқылы.
ҚР 26.12.02 ж. № 364-II Заңымен 20-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
20-бап. Осы Заңды бұзғаны үшiн жауапкершiлiк
Осы Заңның бұзылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
ҚР 26.12.02 ж. № 364-II Заңымен 21-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) ; ҚР 09.12.04 ж. № 9-III (бұр. ред. қара) Заңымен 21-бап өзгертілді
21-бап. Табиғи монополия субъектiсiнiң осы Заңды бұзудан келтiрiлген залалды өтеуi
Табиғи монополия субъектiсiнiң осы Заңға қайшы келетiн және басқа жеке немесе заңды тұлғаға залал келтiрген, соның iшiнде тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шектi деңгейлерiн көтеру, реттелiп көрсетiлетiн қызметтер (тауарлар, жұмыстар) ұсынуға және оларды орындауға арнап шарттар жасасудан негiзсiз бас тарту жолымен залал келтiрген әрекеттерi (әрекетсiздiгi) Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес табиғи монополия субъектiсiнiң оларды өтеуiне әкеп соғады.
ҚР 26.12.02 ж. № 364-II Заңымен 22-баппен толықтырылды
22-бап. Табиғи монополия субъектiсiне уәкiлеттi органның, сондай-ақ оның лауазымды адамдарының заңсыз шешiмдерiмен, әрекеттерiмен (әрекетсiздiгiмен) келтiрiлген залалды өтеу
Егер табиғи монополия субъектiсiне уәкiлеттi органның және оның лауазымды адамдарының заңсыз шешiмдерiмен, сондай-ақ әрекеттерiмен (әрекетсiздiгiмен) залал келтiрiлген жағдайда, ол бұл залалды Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгiленген тәртiппен өтеудi талап етуге құқылы.
Қазақстан Республикасының