Қазақстан Республикасының Заңы
«Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу және Азаматтық іс жүргізу кодекстеріне соттылықтың аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 23, 335-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 23, 139-құжат; № 24, 153, 154, 156-құжаттар; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2005 жылғы 1 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және 2005 жылғы 26 қарашада "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік құқықтары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 22 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 50-баптың бірінші бөлігінің 7) тармағындағы "іс-әрекеті жағдайында анықтаушының, тергеушінің немесе соттың қаулысымен толықтай немесе тиісті бөлігінде тоқтатыла тұруы мүмкін." деген сөздер "іс-әрекеті;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8), 9) тармақтармен толықтырылсын:
"8) тиісті сараптама жүргізілген;
9) осы Кодекстің 55-тарауында көзделген тәртіппен құқықтық көмек алуға байланысты іс жүргізу әрекеттері орындалған жағдайда анықтаушының, тергеушінің немесе соттың қаулысымен толықтай немесе тиісті бөлігінде тоқтатыла тұруы мүмкін.";
Қолданысқа енетін мерзімін қара
2) 70-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қорғаушы ретінде адвокат қатысады. Күдіктілердің, айыпталушылардың, сотталушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды адвокатпен қатар күдіктінің, айыпталушының, сотталушының жұбайы (зайыбы), жақын туыстары немесе заңды өкілдері, кәсіподақтардың және осы бірлестіктер мүшелерінің істері бойынша басқа да қоғамдық бірлестіктердің өкілдері жүзеге асыра алады. Шетелдік адвокаттардың іске қорғаушылар ретінде қатысуына, егер бұл Қазақстан Республикасының тиісті мемлекетпен жасасқан халықаралық шартында өзара негізде көзделсе, заңнамада белгіленген тәртіппен жол беріледі.";
3) 71-баптағы "сезікті немесе айыпталушы", "айыпталушыға", "сезіктілердің немесе айыпталушылардың", "айыпталушы", "сезіктінің, айыпталушының" деген сөздер тиісінше "күдікті, айыпталушы, сотталушы", "айыпталушыға, сотталушыға", "күдіктілердің, айыпталушылардың, сотталушылардың", "айыпталушы, сотталушы", "күдіктінің, айыпталушының, сотталушының" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 72-баптағы "
сезікті немесе айыпталушы,", "сезіктінің, айыпталушының", "Сезікті немесе айыпталушы", "сезіктіге, айыпталушыға", "сезіктіге немесе айыпталушыға", "сезіктіні, айыпталушыны", "сезіктінің немесе айыпталушының", "сезіктімен немесе айыпталушымен" деген сөздер тиісінше "күдікті, айыпталушы, сотталушы,", "күдіктінің, айыпталушының, сотталушының", "Күдікті, айыпталушы немесе сотталушы", "күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға", "күдікті, айыпталушы, сотталушы", "күдіктіге, айыпталушыға немесе сотталушыға", "күдіктіні, айыпталушыны, сотталушыны", "күдіктінің, айыпталушының, сотталушының", "күдіктімен, айыпталушымен, сотталушымен" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 290-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Облыстық және оған теңестірілген соттың соттауына жатқызылған істерді қоспағанда, барлық қылмыстық істер аудандық және оған теңестірілген соттың соттауына жатады.";
6) 291-баптың төртінші бөлігіндегі "наразылықтары, ұсынымдары" деген сөздер "шағымдары, наразылықтары" деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 292-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"292-бап. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының соттауына
жататын қылмыстық істер
1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты апелляциялық және қадағалау сатысындағы сот ретінде әрекет жасайды.
2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасы облыстық және оларға теңестірілген соттың заңды күшіне енбеген үкімдеріне апелляциялық шағымдар, прокурордың наразылықтары бойынша істерді, сондай-ақ осы соттардың заңды күшіне енбеген қаулыларына жеке шағымдарды, прокурордың наразылықтарын апелляциялық тәртіппен қарайды.
3. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қадағалау алқасы:
1) аудандық және оған теңестірілген соттардың заңды күшіне енген үкімдері мен қаулыларына;
2) облыстық және оған теңестірілген соттардың қылмыстық істер жөніндегі алқасының апелляциялық тәртіппен шығарған қаулыларына;
3) облыстық және оған теңестірілген соттардың істерді бірінші сатыда қарау кезінде шығарған, заңды күшіне енген үкімдері мен қаулыларына;
4) облыстық және оған теңестірілген соттардың қадағалау алқаларының қаулыларына;
5) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасының апелляциялық тәртіппен шығарған қаулыларына қадағалау шағымдары, Қазақстан Республикасы Бас прокурорының наразылықтары бойынша істерді қарайды.
4. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы осы Кодекстің 458-бабының үшінші бөлігінде көрсетілген негіздер бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қадағалау алқасының қаулысына Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынысы немесе Қазақстан Республикасы Бас прокурорының наразылығы бойынша істерді қарайды.
5. Осы Кодексте көзделген жағдайларда, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты тиісті сот сатысында жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша істерді қарайды.";
8) 299-бапта:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Судья келіп түскен іс бойынша:
1) басты сот талқылауын тағайындау;
2) істі алдын ала тыңдауды жүргізу туралы шешімдердің бірін қабылдайды.";
бесінші бөліктегі "қылмыстық істі соттауға жолдау туралы қаулыны қоспағанда," деген сөздер алып тасталсын;
9) 301-баптың бірінші бөлігіндегі "осы Кодекстің 299-бабы екінші бөлігінің 2)-6) тармақтарында көрсетілген" деген сөздер "істі қосымша тергеуге қайтару, іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру, істі соттылығы бойынша жіберу, істі қысқарту, қылмыстық істерді біріктіру туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 302-баптың екінші бөлігінің бірінші абзацындағы "осы Кодекстің 299-бабының екінші бөлігінде көрсетілген мәселелерді шешуді қоспағанда" деген сөздер алып тасталсын;
11) 396-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Тараптар заңды күшіне енбеген сот үкімдеріне осы тарауда көзделген ережелерге сәйкес апелляциялық тәртіппен шағым жасауы және наразылық білдіруі мүмкін.";
12) 399-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Бірінші сатыдағы соттың үкіміне шағымдар, наразылықтар апелляциялық тәртіпте үкім жарияланған күннен бастап он бес тәулік ішінде берілуі мүмкін, ал қамауда отырған сотталған адам оны өзіне үкім көшірмесі табыс етілген күннен бастап нақ сондай мерзімде бере алады.";
13) 403-баптың үшінші бөлігіндегі "он" деген сөз "он бес" деген сөздермен ауыстырылсын;
14) 408-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"408-бап. Апелляциялық сатыдағы сот отырысын белгілеу
1. Бірінші сатыдағы сот апелляциялық шағымдар жасау мен наразылық білдіруге арналған мерзім біткен соң және осы Кодекстің 401-бабының талаптары орындалғаннан кейін істі қараудың жоғары тұрған соттың келісімімен белгіленетін уақыты мен орнын көрсете отырып, істі тиісті апелляциялық сатыға жібереді.
2. Бірінші сатыдағы сот істің қаралатын уақыты мен орны туралы
тараптарға хабарлайды. Қамауда отырған сотталған адамды сот отырысына шақыру туралы мәселені апелляциялық сатыдағы сот шешеді.
Қамауда отырған сотталған адамнан оның жағдайын нашарлатуға бағытталған шағымды немесе прокурордың наразылығын қарау кезінде апелляциялық сатыға қатысу туралы өтініш түскен кезде, бірінші сатыдағы сот істі сотталғанның тікелей қатысуымен не ғылыми-техникалық құралдарды қолдана отырып қарау туралы қаулы шығарып, оны орындау үшін тиісті органдарға жібереді.
3. Апелляциялық отырыстың орны мен уақыты туралы уақтылы хабарланған адамдардың келмеуі істі қарауға кедергі болмайды. Прокурордың апелляциялық сатыда қатысуы міндетті.
Қолданысқа енетін мерзімін қараңыз
Сотталған адамның жағдайын нашарлату туралы мәселе қойылатын, жәбірленушінің (азаматтық талапкердің) апелляциялық шағымы, прокурордың наразылығы бойынша іс қаралып жатқан не іс бойынша сотқа дейін іс жүргізу және бірінші сатыда істі қарау айыпталушының қатысуынсыз жүзеге асырылған жағдайларда қорғаушының апелляциялық сатыда қатысуы міндетті. Өзге жағдайларда қорғаушының апелляциялық сатыға қатысуы осы Кодекстің 71-бабында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
4. Осы Кодекстің 396-бабының екінші бөлігіне сәйкес үкімге шағымдану құқығы берілген адамдар, сондай-ақ үкім шығарылғаннан кейін тапсырма алған сотталған (ақталған) адамның қорғаушысы немесе жәбірленушінің өкілі соттың апелляциялық отырысына барлық жағдайда жіберіледі. Оларға өздерінің өтініштері бойынша жасалған шағымдарды немесе наразылықтарды не оларға қарсылықтарды негіздеп сөйлеу үшін сөз беріледі.";
15) 409-бапта:
үшінші бөлік "мәлімделсе," деген сөзден кейін "олар бойынша процеске қатысушылардың пікірін анықтайды, содан кейін сот" деген сөздермен толықтырылсын;
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Істі қарау іске қатысушылардың апелляциялық (жеке) шағымдарының, наразылықтарының себептері мен дәлелдерін білдіретін пікірлерін, оларға білдірілген қарсылықтарды ескере отырып олардың сөз сөйлеу ретін анықтаудан басталады. Егер айыптаушы тараптың шағымында, наразылығында сотталған (ақталған) адамның жағдайын нашарлату туралы мәселе қойылса, қорғаушы тарап айыптаушы тараптың сөзі тыңдалғаннан кейін сөйлейді.";
16) 422-бап мынадай мазмұндағы тоғызыншы бөлікпен толықтырылсын:
"9. Апелляциялық сатының соты айқын қате жазуларды түзету және түсініксіз жағдайларды түсіндіру туралы мәселелерді қарау қажетболған жағдайда, апелляциялық қаулының мәнін өзгертпей, қосымша қаулы шығаруға құқылы.";
17) 423-баптың екінші бөлігіндегі "жеті" деген сөз "он" деген сөзбен ауыстырылсын;
18) 447-баптың бірінші бөлігіндегі екінші сөйлем алып тасталсын;
19) 448-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Апелляциялық сатының қаулысы ол жарияланған кезден бастап заңды күшіне енеді.";
20) 458 және 459-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
"458-бап. Сот қадағалауы тәртібімен қайта қаралуы мүмкін сот
актілерi
1. Заңды күшіне енгеннен кейін:
1) бірінші сатыдағы соттардың үкімдері мен қаулылары;
2) апелляциялық және қадағалау қаулылары сот қадағалауы тәртібімен қайта қаралуы мүмкін.
2. Мемлекеттік және жеке айыптаушының айыптаудан бас тартуына байланысты соттардың осы Кодекстің 109, 110, 111-баптарында көзделген мәселелер бойынша істерді қосымша тергеу немесе жаңа сот қарауына жіберу туралы шығарған, заңды күшіне енген қаулылары сот қадағалауы тәртібімен қайта қарауға жатпайды.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қадағалау сатысында ауыр емес қылмыстар туралы заңды күшіне енген үкімдері сот қадағалауы тәртібімен қайта қарауға жатпайды.
3. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қадағалау алқасының қаулылары қабылданған қаулы адамдардың өмірі, денсаулығы не Қазақстан Республикасының экономикасы мен қауіпсіздігі үшін орны толмас ауыр салдарларға әкеп соқтыруы мүмкін екені туралы деректердің анықталуына байланысты ерекше жағдайларда қайта қаралуы мүмкін.
459-бап. Заңды күшіне енген сот үкімдері мен қаулыларын қайта
қарау негіздерi
1. Істі тергеу немесе сотта қарау кезінде азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын бұзуға жол берілуі не заңды дұрыс қолданбаудан:
1) кінәсізді соттауға;
2) орташа ауыр қылмыс, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп айыпталған адамға қатысты ақтау үкімін негізсіз шығаруға немесе істі негізсіз қысқартуға;
3) жәбірленушіні сот арқылы қорғалу құқығынан айыруға;
4) сот тағайындаған жазаның қылмыстың ауырлығы мен сотталған адамның жеке басына сай келмеуіне әкеп соғуы заңды күшіне енген үкімдер мен қаулыларды қайта қарауға негіз болып табылады.
2. Заңды күшіне енген сот актілері, егер:
1) сот актісі мемлекеттік немесе қоғамдық мүдделерді, мемлекет қауіпсіздігін қозғаса не адамдардың өмірі, денсаулығы үшін орны толмас ауыр салдарларға әкеп соқтыруы мүмкін болса;
2) адам өлім жазасына сотталған үкім апелляциялық қарау нысанасы болмаса, қайта қаралады.
3. Өлім жазасы туралы заңды күшіне енген үкімдер де өлім жазасын орындауға мораторийдің күші жойылғаннан кейін қайта қаралуы мүмкін.";
21) 460-бапта:
екінші бөлікте:
1) тармақтағы "қылмыстық істер жөніндегі алқасы мен" деген сөздер алып тасталсын;
2) тармақтағы "және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасына" деген сөздер алып тасталсын;
3-1-бөлік алып тасталсын;
бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Осы Кодекстің 463-465-баптарында көзделген ережелер прокурордың наразылықтарына қолданылмайды және тікелей қадағалау сатысында қаралады.
Бұл ретте қадағалау алқасы осы Кодекстің 459-бабында көзделген қадағалау тәртібімен істі қайта қарау негіздерінің бар-жоғы туралы мәселені шешеді, содан кейін прокурор наразылығын мәні бойынша қарайды. Аталған негіздер болмаған кезде қадағалау алқасы істі сот қадағалауы тәртібімен қайта қараудан бас тарту туралы қаулы шығарады.";
22) мынадай мазмұндағы 462-1-баппен толықтырылсын:
"462-1-бап. Қадағалау шағымын немесе прокурор наразылығын
қайтару
Қадағалау шағымы немесе прокурор наразылығы мынадай негіздер бойынша:
1) қадағалау шағымы немесе прокурор наразылығы осы Кодекстің 462-бабының талаптарына сай келмесе;
2) заңды күшіне енген осы сот актісіне қадағалау шағымын немесе прокурор наразылығын осы Кодекстің 460-бабына сәйкес шағым жасауға құқығы жоқ адамдар берсе;
3) қадағалау шағымы немесе прокурор наразылығы осы Кодекстің 461-бабының екінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткеннен кейін берілсе;
4) қадағалау шағымы немесе прокурор наразылығы оларды мәні бойынша қарағанға дейін кері қайтарып алынса;
5) қадағалау шағымы немесе прокурор наразылығы қадағалау сатысына осы Кодекстің 291, 292-баптарында белгіленген соттылық тәртібін бұза отырып берілсе;
6) қадағалау шағымы немесе прокурор наразылығы осы Кодекстің 458-бабына сәйкес сот қадағалауы тәртібімен қайта қарауға жатпайтын сот актілеріне берілсе, олар берген адамдарға қайтарылуға тиіс.
Қадағалау шағымын немесе прокурор наразылығын қайтаруға негіз болған кемшіліктер жойылған жағдайда оларды жалпы негізде қайта беруге болады.";
23) 463, 464 және 465-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
"463-бап. Қадағалау шағымын алдын ала қарау
1. Сот актісін қадағалау тәртібімен қайта қарау туралы қадағалау шағымы облыстық және оған теңестірілген сот төрағасының, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Төрағасының тапсырмасы бойынша тиісті қадағалау алқасының үш судьясынан құралған сотта алдын ала зерделенеді және қаралады. Қажет болған жағдайда қылмыстық іс сұратылуы мүмкін.
2. Қадағалау шағымы келіп түскен күннен бастап бір айдың ішінде, ал іс сұратылған жағдайда - іс келіп түскен күннен бастап бір айдың ішінде қаралады.
3. Қадағалау шағымының алдын ала қаралатын күні туралы шағым берген адамға хабарланады, алайда оның келмеуі іс бойынша сот қадағалауы тәртібімен іс жүргізуді қозғау негізі бар немесе жоқ екендігі туралы мәселені шешуге кедергі болмайды.
464-бап. Қадағалау шағымын алдын ала қараудың нәтижелерi
бойынша қабылданатын қаулылар
1. Сот қадағалау шағымын алдын ала қараудың нәтижелері бойынша:
1) шағым берілген сот актісін қайта қарау бойынша қадағалау іс жүргізуін қозғау және қадағалау шағымын қылмыстық істі сұрата отырып қадағалау сатысында қарау туралы;
2) шағым берілген сот актісін қайта қарау бойынша қадағалау іс
жүргізуін қозғаудан бас тарту туралы;
3) қадағалау шағымын қайтару туралы қаулы шығарады.
2. Соттың қадағалау шағымын алдын ала қарау нәтижелері бойынша шығарған қаулысында:
1) қаулының шығарылған күні мен орны;
2) қадағалау шағымын қараған және қаулы шығарған тиісті сот судьяларының тегі мен аты-жөні;
3) дау туғызған сот актісін көрсете отырып қаулы шығарылған іс;
4) қадағалау шағымын берген адам;
5) қадағалау шағымында келтірілген дәлелдер;
6) шағым берілген сот актісін қайта қарау бойынша қадағалау іс жүргізуін қозғаудың немесе одан бас тартудың не қадағалау шағымын оларды берген адамдарға қайтарудың негіздері;
7) осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген шешімдердің бірі көрсетілуге тиіс.
3. Қадағалау шағымын алдын ала қараудың нәтижелері бойынша шығарылған қаулының көшірмесі қадағалау шағымын берген адамға жіберіледі.
465-бап. Қадағалау сатысының сот отырысын тағайындау
1. Қадағалау сатысы шағым берілген сот актісін қайта қарау бойынша қадағалау іс жүргізуін қозғау туралы соттың қаулысын алғаннан кейін тараптарға қадағалау шағымының көшірмесін, сот отырысын өткізу күнін, уақытын, орнын көрсете отырып, істің қадағалау сатысында қаралуы туралы хабарлама жібереді.
2. Қадағалау сатысындағы іс қадағалау іс жүргізуін қозғау туралы қаулымен бірге іс қадағалау сатысына берілген не прокурор наразылығы келіп түскен күннен бастап бір айдың ішінде қаралуға тиіс.";
24) 466-баптағы "және оның орынбасарлары өз құзыреті шегінде" деген сөздер алып тасталсын;
25) 467-баптың алтыншы бөлігінің 1) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) шағымды (наразылықты) қанағаттандырусыз қалдырады не істі сот қадағалауы тәртібімен қайта қараудан бас тарту туралы қаулы шығарады;";
26) 471-баптың екінші бөлігінің 5) тармағындағы "білдіруі болып табылады." деген сөздер "білдіруі;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақпен толықтырылсын:
"6) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің соттың сот актісін шығару кезінде қолданған заңын конституциялық емес деп тануы болып табылады.".
2. 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 18, 644-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 21-22, 281-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; № 14, 109-құжат; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 5, 25-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 140-құжат; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 13, 53-құжат):
1) 28-баптың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы алып тасталсын;
2) 30-бапта:
бірінші бөліктегі "2)," деген цифр алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 1-2 бөлікпен толықтырылсын:
"1-2. Әскери соттар Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшілерінің, әскери жиындардан өтіп жүрген азаматтардың әскери басқарудың лауазымды адамдары мен органдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдануы туралы азаматтық істерді қарайды. Әскери соттар, егер тараптардың бірі әскери қызметші, әскери басқару органдары, әскери бөлім болып табылса, басқа да азаматтық істерді қарауға құқылы.";
3) 174-баптың бірінші бөлігіндегі "сотқа арыз түскен сәттен" деген сөздер "істі сот талқылауына әзірлеу аяқталған күннен" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 344-бапта:
тақырыбы "ұйғарымына" деген сөзден кейін "(қаулысына) деген сөзбен толықтырылсын;
бірінші бөлікте:
бірінші абзац "ұйғарымы", "ұйғарымына", "ұйғарым" деген сөздерден кейін тиісінше "(қаулысы)", "(қаулысына)", "(қаулы)" деген сөздермен толықтырылсын;
екінші абзацтағы "қаулылары" деген сөз "ұйғарымдары" деген сөзбен ауыстырылсын;
екінші бөлік "ұйғарымдарына", "ұйғарымдарға" деген сөздерден кейін тиісінше "(қаулыларына)", "(қаулыларға)" деген сөздермен толықтырылсын;
үшінші бөлік "ұйғарымға" деген сөзден кейін "(қаулыға)" деген сөзбен толықтырылсын;
төртінші бөліктегі "қаулыларына", "қаулы", "он" деген сөздер тиісінше "ұйғарымдарына (қаулыларына)", "ұйғарым (қаулы)", "он бес" деген сөздермен ауыстырылсын;
бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, апелляциялық сатының жеке шағым, наразылық бойынша шығарылған ұйғарымы (қаулысы) шағымдануға, наразылық білдіруге жатпайды және ол шығарылғаннан кейін дереу заңды күшіне енеді.";
алтыншы бөліктегі "қаулыны", "қаулының", "қаулы" деген сөздер тиісінше "ұйғарымды (қаулыны)", "ұйғарымның (қаулының)", "ұйғарым (қаулы)" деген сөздермен ауыстырылсын;";
5) 384-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"384-бап. Сот қадағалауы тәртібімен қайта қарауға жататын сот
актілерi
1. Заңды күшіне енгеннен кейін:
1) бірінші сатыдағы соттың шешімдері;
2) апелляциялық және қадағалау сатысындағы соттардың қаулылары;
3) бірінші сатыдағы соттың істің одан әрі жылжуына кедергі келтіретін ұйғарымдары;
4) істе тараптар болып табылмайтын адамдардың мүдделерін қозғайтын сот актілері сот қадағалауы тәртібімен қайта қаралуы мүмкін.
2. Осы баптың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген ұйғарымдарды (қаулыларды) қоспағанда, бірінші сатыдағы соттың заңды күшіне енген сот бұйрықтары, ұйғарымдары сот қадағалауы тәртібімен қайта қарауға жатпайды.
3. Заңды күшіне енген, талап сомасы бес мың айлық есептік көрсеткіштен кем болған жағдайда жеке тұлғалардың және талап сомасы жиырма мың айлық есептік көрсеткіштен кем болған жағдайда заңды тұлғалардың мүліктік мүдделеріне байланысты шешімдер, ұйғарымдар (қаулылар) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қадағалау алқасында қайта қарауға жатпайды.
4. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты қадағалау алқасының қаулылары қабылданған қаулының адамдардың өміріне, денсаулығына не Қазақстан Республикасының экономикасы мен қауіпсіздігіне орны толмас ауыр салдарларға әкеп соқтыруы мүмкін екені туралы деректердің анықталуына байланысты ерекше жағдайларда қайта қаралуы мүмкін.";
6) 385-бапта:
бірінші бөліктегі "және сот бұйрықтарына" деген сөздер алып тасталсын;
екінші бөлікте:
1) тармақшада "азаматтық істер жөніндегі алқасы мен" деген сөздер алып тасталсын;
2) тармақшада "және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі алқасына" деген сөздер алып тасталсын;
4-1-бөлік алып тасталсын;
бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Осы Кодекстің 393-395-баптарында көзделген ережелер прокурордың наразылықтарына қолданылмайды және тікелей қадағалау сатысында қаралады. Бұл ретте қадағалау алқасы осы Кодекстің 387-бабында көзделген істі қадағалау тәртібімен қайта қарау негіздерінің бар-жоғы туралы мәселені шешеді, содан кейін прокурор наразылығын мәні бойынша қарайды. Аталған негіздер болмаған кезде қадағалау алқасы істі сот қадағалауы тәртібімен қайта қараудан бас тарту туралы қаулы шығарады.";
7) 386-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"386-бап. Істі қадағалау тәртібімен қарайтын соттар
1. Облыстық және оған теңестірілген соттың қадағалау алқасы:
1) аудандық және оларға теңестірілген соттардың заңды күшіне енген шешімдеріне, ұйғарымдарына, қаулыларына;
2) облыстық және оған теңестірілген соттардың азаматтық істер жөніндегі алқасының апелляциялық тәртіппен шығарылған қаулыларына қадағалау шағымдары, прокурор наразылықтары бойынша істерді қарайды.
2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қадағалау алқасы:
1) бірінші сатыдағы соттардың шешімдеріне, ұйғарымдарына, қаулыларына;
2) облыстық және оған теңестірілген соттардың азаматтық істер жөніндегі алқасының апелляциялық тәртіппен шығарылған қаулыларына;
3) облыстық және оған теңестірілген соттардың қадағалау алқасының қаулыларына;