«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы № 1037 қаулысына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 6 қаңтардағы № 20 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2008 ж. 12 маусымдағы № 578 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы № 1037 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., № 29, 266-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақтың үшінші және төртінші абзацтары алынып тасталсын;
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
5-тармақтың ж) тармақшасында:
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе" деген сөздер алынып тасталсын;
"2-5" деген сандар "4 және 5" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулыға 4-қосымшада:
бірінші абзацта:
"Тауардың атауы" деген бағандағы "Піл сүйегі, маралдың" деген сөздер "Маралдың" деген сөзбен ауыстырылсын;
"Қазақстан Республикасының лицензия беру туралы шешімді келісетін мемлекеттік органы" деген бағандағы ", Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі" деген сөздер алынып тасталсын;
"ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН бойынша тауардың коды" деген бағанның он екінші абзацында:
"2846" деген сандардан кейін "7110 41 000 0" деген сандармен толықтырылсын;
"8104 11 000 0" деген сандар алынып тасталсын;
"Қазақстан Республикасының лицензия беру туралы шешімді келісетін мемлекеттік органы" деген бағанның он алтыншы және он жетінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі";
көрсетілген қаулыға 5-қосымшада:
"Тауардың атауы" деген бағанның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Пестицидтер (улы химикаттар)".
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |