5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы өкiлдiгiнiң сақтандыру (қайта сақтандыру) операцияларын жүзеге асыруға құқығы жоқ.
6. Уәкiлеттi мемлекеттік сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары мен өкiлдiктерiн ашуға берiлген келісімдердiң есебiн жүргiзедi.
7. Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының резидентi емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалдарын құруға тыйым салынады.
ҚР 10.07.03 ж. № 483-II Заңымен (бұр. ред. қара) 34-бап өзгертілді
34-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкерлерiне және сақтандыру брокерiне қойылатын талаптар
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төрағасы мен басқарма мүшелерi, директорлар кеңесiнiң төрағасы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атынан құжаттарға қол қоюға немесе оның атынан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтерiн иелiктен айыруды жүргiзуге құқығы бap сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзге де басшылары, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бас бухгалтерi және оның орынбасарлары, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының бiрiншi басшысы мен бас бухгалтерi (болған жағдайда) сақтандыру (қайта сақтандыру ұйымының) басшы қызметкерлерi болып табылады.
Сақтандыру брокерiнiң бiрiншi басшысы, бас бухгалтерi және олардың орынбасарлары, сондай-ақ сақтандыру брокерiнiң атынан құжаттарға қол қоюға немесе оның атынан сақтандыру брокерiнiң активтерiн иелiктен айыруды жүргiзуге құқығы бар өзге де тұлғалар сақтандыру брокерiнiң басшы қызметкерлерi болып табылады.
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкерлерi және сақтандыру брокерi, сондай-ақ басшы қызметкерлер лауазымына сайлауға немесе тағайындауға ұсынылатын кандидаттар осы бапта белгiленген талаптардың ең төменгi деңгейiне сәйкес келуге тиiс.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкерлерi уәкiлеттi органның оларды сайлауға (тағайындауға) келісімi болған жағдайда ғана қызметке сайланады (тағайындалады). Аталған талаптарға сәйкестiктi уәкiлеттi органның біліктілік комиссиясы белгiлейдi.
3. Уәкiлеттi орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкерiн , сақтандыру брокерiн сайлауға (тағайындауға) берiлген келісімдi мынадай негiздер бойынша:
1) келісімнiң жалған мәлiметтер негiзiнде берiлгенi анықталса;
2) сақтандыру қызметiне, сақтандыру брокерiнiң қызметiне деген сөздермен толықтырылсын; байланысты жыл бойы екi және одан да көп рет құқық бұзушылық жасағаны үшiн әкiмшiлiк жауапқа тартылғаны туралы деректер болса;
3) осы Заңның 53-бабы 3-тармағының 5) тармақшасында көзделген негiздер бойынша қызмет мiндеттерiн атқарудан шеттетiлгенi туралы деректер болса;
4) осы баптың 4-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмейтiнi анықталса, қайта қарауға құқылы.
4. Егер:
1) заңда белгiленген тәртiппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
2) уәкiлеттi органның біліктілік комиссиясының оған қатысты терiс шешiмi болған;
3) заңдарда белгiленген тәртiппен банкрот деп танылған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын немесе басқа да заңды тұлғаны ерiксiз тарату , акцияларды мәжбүрлеп сатып алу немесе консервациялау туралы шешiм қабылданғанға дейiн көп дегенде бiр жыл iшiнде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының не басқа да заңды тұлғаның бұрынғы басшысы, бас бухгалтерi болған адам атқаратын қызметiне сәйкес келмейдi деп танылады немесе оны сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкерi , сақтандыру брокерi лауазымына сайлауға (тағайындауға) болмайды. Аталған талап сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерiксiз тарату , акцияларды мәжбүрлеп сатып алу немесе консервациялау туралы шешiм қабылданған не заңды тұлға заңда белгiленген тәртiппен банкрот деп танылған күннен кейiн бес жыл бойы қолданылады.
5. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басқарма, директорлар кеңесi төрағасының қызметiне және сақтандыру брокерiнiң бiрiншi басшысы және олардың сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерiнiң атынан құжаттарға қол қоюға немесе оның атынан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерiнiң активтерiн иелiктен айыруды жүргiзуге құқығы бар орынбасарларын сайлау (тағайындау) үшiн жоғары білімнiң болуы мiндеттi шарт болып табылады. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бас бухгалтерiнiң, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы бiрiншi басшысының және бас бухгалтерiнiң және сақтандыру брокерi бас бухгалтерiнiң жоғары білімi немесе жұмыс профилiне сәйкес келетiн арнаулы орта білімi болуы тиiс.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру брокерiнiң басшы қызметкерлерiнiң, әдеттегiдей, қаржылық қызмет көрсету саласында мынадай: сақтандыру брокерiнiң бiрiншi басшысының, бас бухгалтерiнiң және олардың сақтандыру брокерiнiң атынан құжаттарға қол қоюға немесе оның атынан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерiнiң активтерiн иелiктен айыруды жүргiзуге құқығы бар орынбасарларының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басқармасы, директорлар кеңесi төрағасының және бас бухгалтерiнiң - кемiнде үш жыл; сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бacқарма мүшелерiнiң және бас бухгалтерi орынбасарының - кемiнде екi жыл; сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атынан құжаттарға қол қоюға немесе оның атынан сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтерiн иелiктен айыруды жүргiзуге құқығы бар сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының өзге де басшыларының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының бiрiншi басшысының және бас бухгалтерiнiң - кемiнде бiр жыл жұмыс стажы болуға тиiс.
6. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкерi , сақтандыру брокерi лауазымына кандидатурасы уәкiлеттi органмен алдын ала келісілмей сайланған (тағайындалған) жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру брокерi басшы қызметкердi сайлау (тағайындау) туралы шешiм қабылданған күннен бастап 30 күн iшiнде уәкiлеттi органмен келiсу үшiн осы Заңда белгiленген тәртiппен қажеттi құжаттарды оған табыс етуге мiндеттi. Бұл орайда басшы қызметкердiң уәкiлеттi органның келісімiн алмайынша өз мiндеттерiн үш айдан артық атқаруына болмайды. Уәкiлеттi орган келісім беру немесе келісім беруден бас тарту туралы шешiмдi құжаттардың толық топтамасы берiлген күннен бастап бiр ай iшiнде қабылдайды.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокерi басшы қызметкерiнiң мiндетiн уақытша атқарған адам, сақтандыру брокерi оның сайлануына (тағайындалуына) келісім беруден бас тартуға байланысты емес негiздер бойынша қызметтен босатылған жағдайда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокерi осы кандидатура жөнiнде ол қызметтен босатылған күннен бастап үш ай өткеннен кейін қайтадан тиiстi өтініш жасауға құқылы.
7. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкерi , сақтандыру брокерiнiң өзiнiң қызмет мiндеттерiн iс жүзiнде орындап келгенiне қарамастан, оның сайлануына (тағайындалуына) уәкiлеттi орган келісім беруден бас тартқан жағдайда, аталған қызметкер атқаратын қызметiнен Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген мерзiмде және тәртiппен босатылуға тиiс.
Келісім беруден бас тарту туралы шешiм қабылданған күннен бастап үш ай өткенге дейiн келiсуге қайталап ұсынуға жол берiлмейдi.
8. Уәкiлеттi органның біліктілік комиссиясының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкерiн, сақтандыру брокерiн сайлауға (тағайындауға) келісім беруден бас тарту туралы шешiмiне оның қабылданған күнiнен бастап он күндiк мерзiмде уәкiлеттi органның жоғары органына немесе сотқа шағымдануға болады.
ҚР 2005.08.07 ж. № 72-IІІ (бұр. ред. қара) Заңымен 35-бап өзгертілді
35-бап. Қазақстан Республикасының резидентi еместiң қатысатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қойылатын қосымша талаптар
1. Қазақстан Республикасының резидентi еместiң қатысуымен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құрған және оның қызметiн жүзеге асырған кезде мынадай талаптар сақталуға тиiс:
1) "жалпы сақтандыру" саласындағы қызметтi жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының резидентi еместер қатысатын сақтандыру ұйымдарының төленген жиынтық жарғылық капиталын Қазақстан Республикасының "жалпы сақтандыру" саласындағы қызметтi жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарының төленген жиынтық жарғылық капиталының жиырма бес процентiнен асыруға болмайды;
2) "өмiрдi сақтандыру" саласындағы қызметтi жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының резидентi еместiң қатысатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының төленген жиынтық жарғылық капиталын Қазақстан Республикасының "өмiрдi сақтандыру" саласындағы және "жалпы сақтандыру" саласындағы қызметтi жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарының төленген жиынтық жарғылық капиталының елу процентiнен асыруға болмайды;
3) Қазақстан Республикасының резидентi еместiң қатысатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының директорлар кеңесi мен басқармасы мүшелерiнiң кем дегенде үштен бiрi Қазақстан Республикасының азаматтары болуға тиiс. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының директорлар кеңесi мен басқармасының Қазақстан Республикасының резидентi емес мүшелерi қаржы рыногындағы қызметтi жүзеге асыратын ұйымдардағы басшылық жұмыста кем дегенде үш жыл тәжiрибесi бар екенiн куәландыратын құжаттар табыс етуге мiндеттi.
2. Орналастырылған (артықшылықты және сатып алынған акцияларды шегере отырып) акциялары жиынтығының жиырма бес проценттен астамы:
1) Қазақстан Республикасының резидентi еместiң;
2) жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң немесе орналастырылған акцияларының елу процентiнен астамы Қазақстан Республикасының резидентi еместердiң меншiгіндегі және (немесе) басқаруындағы Қазақстан Республикасы резидентiнiң - заңды тұлғаның;
3) Қазақстан Республикасының резидентi еместердiң бағалы қағаздарын атаулы ұстаушылар болып табылатын Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң меншiгiнде немесе басқаруында болып отырған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қазақстан Республикасының резидентi еместер қатысатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы болып табылады.
36-бап. Сақтандыру брокерi
1. Сақтандыру брокерiнiң атауында "сақтандыру брокерi" деген сөздер немесе содан туындаған сөздер болуға тиiс.
2. Сақтандыру брокерiне өз атауында "ұлттық", "орталық", "бюджеттік", "республикалық" деген сөздердi пайдалануына тыйым салынады.
3. Атау ретiнде бұрын құрылған сақтандыру брокерлерiнiң, оның iшiнде Қазақстан Республикасының резидентi емес сақтандыру брокерлерiнiң атауындағы белгiлермен бiрдей немесе соған аралас дәрежеге дейiнгi ұқсас сөздердi пайдалануға жол берiлмейдi. Мұндай тыйым салу еншiлес сақтандыру брокерiне ол негiзгi ұйымның атауын пайдаланған жағдайда қолданылмайды.
4. Сақтандыру брокерiн мемлекеттік тiркеу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
5. Сақтандыру брокерiнiң құрылтайшылары мен қызметкерлерiнiң сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымындағы қызметтi қоса атқаруына болмайды.
6. Мыналарға:
1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе оның қызметкерлерiнiң сақтандыру брокерiн құруға немесе оның қызметiне қатысуына;
2) сақтандыру брокерi болып табылмайтын Қазақстан Республикасының резидентi емес ұйымның Қазақстан Республикасының аумағында сақтандыру брокерiн құруға қатысуына;
3) Қазақстан Республикасының резидентi емес сақтандыру брокерiнiң Қазақстан Республикасының аумағында филиалдар мен өкiлдiктер ашуына тыйым салынады.
7-тарау. Лицензиялау
ҚР 11.06.03 ж. № 436-11 (бұр. ред. қара); 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2005.08.07 ж. № 72-IІІ (бұр. ред. қара) Заңдарымен 37-бап өзгертілді
37-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын және сақтандыру брокерiн лицензиялау
1. Сақтандыру қызметiн не сақтандыру брокерiнiң қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін лицензиат уәкiлеттi органға мынадай құжаттарды:
1) лицензия беру туралы өтiнiштi;
2) мемлекеттік тiркеу туралы куәлiктiң және статистикалық карточканың нотариат куәландырған көшiрмесiн;
3) мемлекеттік тiркеуден өткен құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшiрмесiн;
4) жарғылық капиталдың ең аз мөлшерi толық төленгенiн, өз капиталының (жұмыс iстеп тұрған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшiн) уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерінде белгiленген мөлшерi жөніндегі талаптардың ең төменгi деңгейiнiң орындалғанын растайтын құжаттарды;
5) басшы қызметкерлер лауазымына сайланатын (тағайындалатын) адамдар туралы мәлiметтердi;
6) уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерінiң талаптарына сәйкес әзiрленген және актуарий куәландырған сақтандыру сыныбы бойынша бизнес-жоспар (сақтандыру ұйымы үшiн);
7) iшкi аудит қызметi туралы ереженi;
8) ұсынылған ұйымдастыру iс-шаралары жоспарына сәйкес жүргiзiлген iс-шаралар туралы есептi;
9) Қазақстан Республикасының резидентi емес құрылтайшының Қазақстан Республикасы резидентiнiң - сақтандыру брокерiнiң жарғылық капиталына қатысу үлесiн не акцияларын сатып алуға рұқсат берiлгенiн растайтын тиiстi мемлекеттiң сақтандыру iсiн қадағалау органының құжатын не тиiстi мемлекеттiң заңдары бойынша ондай рұқсаттың талап етiлмейтiндiгi туралы мәлiмдеменi (сақтандыру брокерi үшiн);
10) егер сақтандыру ұйымының сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін қорға міндетті түрде қатысуы Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген болса, сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату кезінде міндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтанушылардың (сақтандырылушылардың, пайда алушылардың) мұндай қорға қатысу шартының нотариатта куәландырылған көшірмесін табыс етуге тиіс.
Осы тармақтың 6)-8), 10) тармақшалары сақтандыру брокерiне қолданылмайды.
2. Лицензиялау кезiнде табыс етiлетiн құжаттардың (осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында аталғандарын қоспағанда) мазмұнына қойылатын талаптар уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерінде белгiленедi.
3. Лицензия берiлгенi үшiн төлем мөлшерi мен тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленетiн лицензиялық алым алынады.
4. Уәкiлеттi орган құжаттардың толық топтамасы табыс етiлген күннен бастап екi ай iшiнде лицензия беру туралы өтiнiштi қарауға тиiс.
5. Лицензия беру туралы шешiм уәкiлеттi органның ресми басылымдарында жарияланады.
6. Сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына берiлген лицензияға сақтандырудың қосымша сыныптарын енгізу, сондай-ақ сақтандырудың жекелеген сыныптарын алып тастау уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерімен айқындалған тәртiппен жүзеге асырылады. Бұл жағдайда лицензия сақтандырудың қосымша сыныптары көрсетіліп не алып тасталып қайта ресiмделуге тиiс.
ҚР 10.07.03 ж. № 483-II Заңымен (бұр. ред. қара) 38-бап өзгертілді
38-бап. Сақтандыру қызметiн және сақтандыру брокерi қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензия беруден бас тарту
1. Сақтандыру қызметiн және сақтандыру брокерi қызметiн жүзеге асыру құқығына мынадай негiздер бойынша:
1) осы Заңның 37-бабының 1 және 2-тармақтарында белгiленген талаптар сақталмаған жағдайда;
2) егер сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мемлекеттік тiркеуден өткен күннен бастап алты ай iшiнде лицензия алу үшiн уәкiлеттi органға өтiнiш жасамаса;
3) сақтандыру сыныптары бойынша бизнес-жоспар уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерінiң талаптарына сәйкес келмесе лицензия беруден бас тартылады.
2. Сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына сақтандырудың қосымша сыныбын енгізуге байланысты лицензия беруден мынадай негiздердiң бiрi бойынша:
1) осы Заңның 37-бабының 2 және 6-тармақтарында белгiленген талаптарды сақтамаған;
2) лицензиат өтiнiш берген күнге дейiнгi соңғы алты ай iшiнде сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңдардың талаптарын сақтамаған;
3) сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрған жағдайда бас тартылуы мүмкiн.
39-бап. Уәкiлеттi аудитордың қызметiн лицензиялау
1. Уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасы аумағында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына аудит жүргiзуге лицензия беру жөніндегі бiрден-бiр лицензиар болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес аудиторлық қызметтi жүзеге асыруға құқығы бар жеке немесе заңды тұлға уәкiлеттi органға сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына аудит жүргiзуге лицензия беру туралы өтiнiш жасауға құқылы.
3. Өтiнiш берушiге қойылатын талаптар мен лицензия беру туралы өтiнiшке қоса тiркелетiн құжаттардың тiзбесi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерінде белгiленедi.
4. Лицензия беру туралы шешiмдер уәкiлеттi органның ресми басылымдарында жарияланады.
40-бап. Актуарийдiң қызметiн лицензиялау
1. Уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының аумағында сақтандыру рыногындағы актуарий қызметін жүргізуге лицензия беру жөніндегі бiрден-бiр лицензиар болып табылады.
2. Өтiнiш берушiге қойылатын талаптар мен лицензия беру туралы өтiнiшке қоса тiркелетiн құжаттардың тiзбесi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерінде белгiленедi.
3. Актуарий екi жыл сайын уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерінде белгiленген тәртiппен біліктілік емтиханын тапсырып отыруға мiндеттi.
4. Лицензия беру туралы шешiмдер уәкiлеттi органның ресми басылымдарында жарияланады.
8-тарау. Уәкiлеттi орган және сақтандыру iсiн
қадағалауды жүзеге асыру
41-бап. Сақтандыру саласындағы мемлекеттік реттеудiң мiндеттерi
1. Сақтандыру саласындағы мемлекеттік реттеудiң негiзгi мiндеттерi:
1) Қазақстан Республикасында тұрақты сақтандыру жүйесiн жасау мен қолдау және ұлттық сақтандыру рыногының инфрақұрылымын қалыптастыру;
2) сақтандыру рыногын реттеу және сақтандыру қызметiн қадағалау;
3) сақтандырудың негiздерiн заңдармен баянды ету, мiндетті сақтандыру түрлерiн, халықаралық сақтандыру жүйесiне Қазақстан Республикасының қатысу принциптерiн белгiлеу;
4) сақтанушылардың, сақтандырылушылардың және пайда алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау болып табылады.
2. Сақтандыру саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыруды, сақтандыру рыногындағы iстiң жайына мемлекеттік бақылау жасауды қамтамасыз етудi қоса, уәкiлеттi орган және мемлекеттiң өзге де органдары өз құзыретi шегiнде жүзеге асырады.
Өзге де мемлекеттік органдардың осы Заңмен реттелмеген өкiлеттiгi мiндеттi сақтандыру түрлерi бойынша тиiстi заң актілерінде көзделуi мүмкін.
Қазақстан Республикасының заң актілерінде тiкелей көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдарының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру брокерiнiң сақтандыру қызметiне араласуына тыйым салынады.
42-бап. Уәкiлеттi орган
1. Уәкiлеттi орган - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сақтандыру рыногын реттеу және сақтандыру қызметiн қадағалау жөніндегі функциялар мен өкiлеттiктi жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
Уәкiлеттi органның құқықтық мәртебесi Қазақстан Республикасының заң актілерімен белгiленедi.
2. Лауазымды адамдардың немесе меншiгiнде не басқаруында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының дауыс беретiн акцияларының бес проценттен астамы бар адамдардың және сақтандыру брокерлерiнiң жақын туыстары уәкiлеттi органның сақтандыру iсiн қадағалайтын құрылымдық бөлiмшесiнiң қызметкерлерi бола алмайды.
ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 11.06.04 ж. № 562-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 43-бап өзгертілді
43-бап. Уәкiлеттi органның функциялары және өкiлеттiгi (құқықтары)
Уәкiлеттi орган:
1) Қазақстан Республикасында сақтандыру жүйесiнiң жұмыс iстеуiн және ұлттық сақтандыру рыногының инфрақұрылымын қалыптастыруды, сақтанушылардың және сақтандыру рыногының өзге де қатысушыларының заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты жүргiзедi;
2) сақтандыру рыногын реттеу принциптерi мен әдiстерiн, сақтандыру қызметiн қадағалауды ұйымдастыру тәртібін белгiлейдi;
3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын құруға, оларды бақылап отыру құқығын иемденуге, олардың өз еркiмен қайта құрылуына және таратылуына рұқсат, Қазақстан Республикасының аумағында да, оның аумағының шегiнен тыс жерлерде де сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары мен өкiлеттiктерiн ашуға келісім бередi;
4) сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметiн, сақтандыру брокерiнiң қызметiн, сақтандыру рыногындағы актуарий қызметiн, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының аудитiн жүзеге асыру құқығына лицензиялар бередi;
5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшiн пруденциялық нормативтердi және өзге де сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттердi, жарғылық және меншiктi капиталдың ең аз мөлшерiн қоса, белгiлейдi және олардың сақталуын бақылауды қамтамасыз етедi;
6) таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын тарату комиссияларының қызметiне бақылау жасауды жүзеге асырады;
7) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының басшы қызметкерлерiн және сақтандыру брокерлерiн сайлауға (тағайындауға) келісім бередi;
8) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жағынан тұрақтылығы мен төлем қабiлетiне талдау жасауды, баға берудi және бақылауды жүзеге асырады;
9) сақтандыру ұйымының сақтандыру шарттарын (сақтандыру полистерiн) есепке алу тәртібін белгiлейдi;
10) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерiнiң, актуарийлердiң және уәкiлеттi аудиторлардың тiзiлiмiн жүргiзедi;
11) 11.06.04 ж. № 562-II Заңымен алынып тасталды
12) 10.07.03 ж. № 483-II Заңымен алынып тасталды
13) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру рыногының басқа да қатысушылары орындауға мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлер қабылдайды;
14) сақтандыру қызметi субъектiлерiн инспекциялау (тексеру) iсiн жүргiзедi;
15) сақтандыру рыногының кәсiби қатысушыларына санкция қолданады;
16) сақтандыру рыногының кәсiби қатысушыларына берiлген лицензиялардың қолданылуын тоқтата тұру және лицензияларды керi қайтарып алу туралы шешiмдер қабылдайды;
17) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметiн Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiздемелер бойынша тоқтату туралы сот органдарына талап қойып жүгiну жөнiнде шешiм қабылдайды;
18) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметi туралы, оның құрылтайшыларының құқықтық мәртебесi мен қаржылық жай-күйi туралы, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және оның құрылтайшыларына қатынасы жөнiнен еншiлес ұйымдар немесе оқшауланған бөлiмшелер болып табылатын тұлғалар туралы мәлiметтер алуға құқылы;
19) сақтандыру қызметi субъектiлерi мен сақтандыру брокерiнен және олардың бiрлестiктерiнен өзiнiң бақылау және қадағалау қызметiн жүзеге асыру үшiн қажеттi сақтандыру статистикасы бойынша ақпарат алуға құқылы;
20) 11.06.04 ж. № 562-II Заңымен алынып тасталды
21) мемлекеттік органдар мен ұйымдардан өзiнiң бақылау және қадағалау қызметi үшiн қажеттi мәлiметтердi, оның iшiнде қызметтiк немесе коммерциялық құпия болып табылатын мәлiметтердi алуға құқылы;
22) мiндеттi сақтандырудың жекелеген түрлерi бойынша полистердiң нысаны мен мазмұны жөніндегі талаптарды белгiлейдi;
23) сақтандыру қызметi субъектiлерi мен сақтандыру брокерiне анықталған сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi туралы заңдарды бұзушылықты жою туралы жазбаша нұсқамалар беруге құқылы;
24) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын мәжбүрлеп сатып алу жөнiнде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен шаралар қолданады;
25) Қазақстан Республикасы қаржы рыногының субъектiлерiн қадағалайтын басқа да уәкiлеттi органдармен ынтымақтастықты және қажеттi ақпарат алмасуды жүзеге асырады;
26) басқа мемлекеттердiң сақтандыруды қадағалау органдарымен, сондай-ақ халықаралық ұйымдармен сақтандыру рыногын реттеу және сақтандыру қызметiн қадағалау мәселелерi бойынша қатынастарда Қазақстан Республикасының мүдделерiн бiлдiредi;
27) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес өзге де функцияларды, өкiлеттiктер мен құқықтарды жүзеге асырады.
44-бап. Инспекциялау (тексеру)
1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру брокерiнiң қызметiн инспекциялауды (тексерудi) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен уәкiлеттi орган жүргiзедi.