Жолдың жоғарғы құрылысын оңалту, барлық тасымалдау бөлімшелерін бірыңғай диспетчерлік орталыққа біріктіре отырып, толық автоматтандырылған диспетчерлік басқару жүйелерін енгізу, электрмен жабдықтау, белгі беру және байланыс құрылғыларын жаңғырту, инженерлік құрылыстарды қайта жаңғырту, бағыттамалы бұрмаларды ауыстыру және т.б. сияқты жолаушыларды, жүктерді, багажды, жүк-багажды және почта жөнелтілімдерін тасымалдау кезінде қозғалыс қауіпсіздігін арттыру жөніндегі іс-шаралар бір мезгілде бірнеше бағыт бойынша жүргізілетін болады.
Темір жол көлігінде өндірістік процестің барлық кезеңдерін қадағалауға мүмкіндік беретін ықпалдастырылған ақпараттық жүйе құру жоспарлануда.
Транзиттік тасымалдар көлемін арттыру, бұл үшін МТЖ құрылымын халықаралық стандарттарға сәйкес дамыту, қызмет көрсету сапасын жақсарту қажет.
Осы бағыт шеңберінде орта мерзімді кезеңде мынадай іс-шараларды іске асыру:
1) Алтынсарин - Хромтау жаңа темір жол желісін салуды аяқтау;
2) шекарадағы Достық станциясының өткізу қабілетін жылына 10 млн. тоннаға дейін ұлғайту;
3) жаңа темір жол желілерін салу жөніндегі, оның ішінде Трансқазақстандық темір жол магистралын салу жобасы жөніндегі жұмысты жалғастыру жоспарланып отыр.
Экологиялық ахуалды жақсарту және темір жол көлігінің экономикалық тиімділігін арттыру мақсатында жоспарланып отырған кезеңде Екібастұз - Павлодар учаскесін электрлендіруді аяқтау.
Темір жол көлігі саласын дамыту Қайта құрылымдау бағдарламасына сәйкес жүргізілетін болады. Темір жол көлігін қайта құрылымдаудың негізгі бағыттары саланы біртіндеп, экономикалық негізді түрде монополиясыздандыру және нормативтік құқықтық база тиісінше қамтамасыз етілген жағдайда тасымалдау және қамтамасыз ету қызметінде бәсекелі ортаны қалыптастыру болып табылады.
Жүк тиеу көлемінің өсуі есебінен болжамды жүк айналымы 2006 жылы 183 040 млн. т-км (2005 жылға қатысты 6,0%-ға ұлғаю) құрайды.
Жүк тиеу көлемінің өсуі есебінен болжамды жүк айналымы 2007 жылы 194 022 млн. т-км (2006 жылға қатысты 6,0%-ға ұлғаю) құрайды.
Жүк тиеу көлемінің өсуі есебінен болжамды жүк айналымы 2008 жылы 205 663 млн. т-км (2007 жылға қатысты 6,0%-ға ұлғаю) құрайды.
2006 жылы "ҚТЖ" ҰК" АҚ-тың негізгі қызметінен түсетін, тұрақты өндірістік-қаржылық қызмет пен Компанияның инвестициялық қажеттіліктерін жабу үшін қажетті кірістер кемінде 291 123 млн. теңгені құрауға тиіс, 2007 жылы кемінде 155 166 млн. теңгені құрауға тиіс, 2008 жылы кемінде 167 082 млн. теңгені құрауға тиіс.
Компанияның негізгі қызметі бойынша шығыстар (өткізілген өнімнің өзіндік құны) 29637 млн. теңге мөлшерінде болжанып отыр. 2005 жылдың деңгейіне қатысты 2006 жылы шығыстардың өсуі 12,3 %-ды құрайды, 2007 жылы 20318 млн. теңге мөлшерінде, 2008 жылы 21361 млн. теңге мөлшерінде болжанып отыр.
2006 жылдың қорытындылары бойынша таза табыс 666 млн. теңге, 2007 жылы тиісінше - 7044 млн. теңге, 2008 жылы - 9225 млн. теңге мөлшерінде қаржылық оң нәтиже болжануда.
"Қазақстан инжиниринг" ҰК" АҚ
"Қазақстан инжиниринг" ҰК" АҚ (бұдан әрі - Компания) қызметінің мақсаты шығарылатын өнімді әртараптандыру, станок паркін жаңарту, ішкі рынокты өз өндірісінің өнімдерімен толтыру, инвестициялық және инновациялық жобаларды іске асыру, Компания кәсіпорындарының инвестициялық тартымдылығын арттыруға және стратегиялық инвесторларды іздеуге бағытталған іс-шаралар кешенін жүргізу, экспортқа бағдарланған (соның ішінде әскери) өнімді игеру және шығару, сондай-ақ әскери өнімдер шығаруды және қазақстандық армияға көрсетілетін қызметтерді ұлғайту болып табылады.
Көрсетілген мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді шешу:
кәсіпорындардың өндірістік әлеуетін тиімді пайдалану;
менеджменттің, маркетингтің, қаржылық есепке алудың прогрессивтік әдістерін енгізу;
мемлекеттік, шетелдік, отандық инвестицияларды тарту;
ИСО 9000 халықаралық стандарты бойынша сапа менеджменті жүйесін енгізу;
франчайзинг және мемлекетаралық кооперация жүйесі арқылы технологиялар трансферті мақсатында әлемдік машина жасау өнімдерін шығарушыларды тарту;
ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жұмыстар жүргізу және өнім өткізудің жаңа рыноктарын игере отырып, жаңа жоғары технологиялық өнім түрлерін шығару көзделіп отыр.
Қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу жолдары:
Алға қойылған 2006-2008 жылдарға арналған міндеттерді шешу үшін мынадай іс-шараларды іске асыру:
қосарлы қолданылатын базалық технологияларды кеңінен пайдалану негізінде әскери және азаматтық өндірістерді ықпалдастыру;
техникалық, технологиялық және кадрлық жағынан барынша жарақтандырылған кәсіпорындарда қажетті жұмылдыру қуаттарын сақтау және әскери өнімнің өндірісін оқшауландыру;
қолданыстағы және жоспарланатын мемлекеттік және салалық бағдарламалар шеңберінде жұмыс істеп тұрған өндірістер мен технологияларды жаңғыртуға және жаңаларын енгізуге белсенді жәрдем көрсету;
өндірістік алаңдар бойынша да, жабдықтар бойынша да өндірістік қуаттарды оңтайландыру;
Компания ішінде кәсіпорындардың ықтимал кооперациясы бойынша зерттеулер жүргізу және машина жасау кластерін құру;
мемлекеттік қорғаныс тапсырысының Компания кәсіпорындарына орналастырылуын қамтамасыз ету;
меншікті және қарыз қаражаты есебінен ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру көлемін ұлғайту;
шығарылатын өнімнің өзіндік құнын төмендету;
материалдар мен құрамдауыштарды орталықтан сатып алуды қалыптастыру, сондай-ақ оларды Компания кәсіпорындарында өндіруді ұйымдастырудың орындылығына талдау жүргізу;
бірыңғай маркетингтік саясатты әзірлеу қажет.
2006 жылы өндірілетін өнімнің көлемін 9700 млрд. теңгеге дейін, 2005 жылдың деңгейінен 119,5% ұлғайту жоспарланып отыр.
2007 жылы өнім өндіру 11100 млн. теңгеге дейін ұлғаяды, бұл 2006 жылға 114%-ды құрайды.
2008 жылы 12900 млн. теңге көлемінде өнім өндіру жоспарланып отыр, бұл 2007 жылдың деңгейіне 116,6 %-ды құрайды.
2006 жылы Компания 11000 млн. теңгеге дейін, 2006 жылы 12600 млн. теңге кіріс алуды жоспарлап отыр, 2008 жылы Компанияның кіріс бөлігі 14300 млн. теңгені құрайды.
Компания кәсіпорындарының инвестициялық жобалары.
1. "Мұнаймаш" АҚ-тың инвестициялық бағдарламасы. Мұнай өндіретін кәсіпорындарға штангалы тереңдік сорғыларды жасау үшін "Мұнаймаш" АҚ-тың технологиялық базасын жаңарту. Құны - 468,5 млн.теңге;
2. "Семей машина жасау зауыты" АҚ-тың инвестициялық бағдарламасы. Тракторларға трансмиссияларды, қосалқы бөлшектерді жасауды, "КАМАЗ" автомобильдеріне демультипликаторларды жасауды көздейді. Құны - 2255,0 млн.теңге;
3. "Тыныс" АҚ-та композиттік баллондарды (956,8 млн.теңге) және полиэтилен құбырларын (199,0 млн.теңге) өндіру;
4. "Киров атындағы зауыт" АҚ-ты жаңғырту және техникалық қайта жарақтандыру бағдарламасы, жобаның құны - 123,5 млн. теңге;
5. Қазақстан Республикасының байланыс желілеріне арналған қазіргі заманғы цифрлық телекоммуникациялық жабдық жасау үшін "Омега" прибор жасау зауыты" АҚ-тың инвестициялық бағдарламасы (жобаның құны - 379,9 млн. теңге);
6. "Қазақстан патроны" инвестициялық бағдарламасында жауынгерлік және спорттық-аңшылық патрондарды өндіру көзделеді (2470 млн. теңге);
7. "КамАЗ" шассиі базасында автобустарды, самосвалдарды, арнайы автотехниканы, тіркемелер мен жартылай тіркемелерді автожинау өндірісін ұйымдастыруды көздейтін "Қазақстан - КамАЗ" автомобиль консорциумы.
"Астана халықаралық әуежайы" АҚ
"Астана халықаралық әуежайы" АҚ (бұдан әрі - Компания) болжанып отырған кезеңдегі басты мақсаты әуежайдың кірістілігін ұлғайту, тұрақты өсуді, әуе кемелері мен жолаушыларға қауіпсіз және жүйелі қызмет көрсетуді қамтамасыз ету болып табылады.
Жоспарланатын кезеңге арналған негізгі міндеттер:
авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету деңгейін арттыру;
транзиттік әлеуетті дамыту және пайдалану;
халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес әуежай инфрақұрылымын құру және техникалық жарақтандыруды жоғарылату;
әуе кемелері мен жолаушыларға қызмет көрсетудегі сапаның жоғары стандарттарына қол жеткізу болып табылады.
Қойылған міндеттерді іске асыру мақсатында негізгі бағыттар болып:
Еуропа мен Оңтүстік-Шығыс Азия арасындағы бағытта ұшатын шетелдік авиакомпанияларды Астанаға тарту;
әуежайдың инфрақұрылымын құру және халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес оның техникалық жарақтандырылуын жоғарылату. Астаналық әуежайдың жаңа қуаттарын барынша пайдалануды қамтамасыз ету. Әуежайдың жаңа объектілерін 2005 жылы толық пайдалануға енгізу оның өткізу қабілетін екі есе ұлғайтты, бұл авиатасымалдар көлемін тиісінше ұлғайтуды талап етеді;
көрсетілетін авиациялық, сондай-ақ авиациялық емес қызметтерді үнемі жетілдіру жолымен қолайлы жағдайлар жасау жөнінде қажетті шараларды қабылдау, қосымша кіріс түсіретін жоғары технологиялық қызметтердің жаңа түрлерін әзірлеу және көрсету;
әуежайды пайдаланып жүрген, сондай-ақ әлеуетті клиенттерге қатысты белсенді маркетингтік стратегия жүргізу жолымен өңірдегі бәсекелік позицияны күшейту айқындалды.
Компания 2006 жылы 5193,0 млн. теңге, 2007 жылы 5556,5 млн. теңге, 2008 жылы 5889,9 млн. теңге таза табыс алуын жоспарлауда.
"Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы" АҚ
"Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы" АҚ (бұдан әрі - Компания) негізгі мақсаты Ұлттық электр желісінің жұмыс істеу сенімділігін одан әрі арттыру және көрсетілетін қызметтер сапасын жоғарылату болып табылады.
Осыған байланысты 2006-2008 жылдар кезеңінде мынадай міндеттерді шешу:
"KEGOC" АҚ-тың көліктік жүйесін оңалтуға бағытталған "Қазақстан Республикасының Ұлттық электр желісін жаңғырту" жобасын аяқтау және энергия жүйесін диспетчерлік басқаруды жетілдіру;
қолданыстағы транзиттің сенімділігін арттыруға, сондай-ақ Оңтүстік Қазақстандағы электр энергиясының тапшылығы мен қуатын жабуға мүмкіндік беретін "Қазақстанның Солтүстігі-Оңтүстік" жобасын іске асыруды қоса алғанда, Ұлттық электр желісін одан әрі дамытуды қамтамасыз ету;
Ұлттық электр желісін жаңғырту жобасын және "Қазақстанның Солтүстігі-Оңтүстігі" жобасын іске асыру үшін тартылған қарыз қаражаты бойынша Компания міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету;
Компания теңгеріміндегі электр желілері объектілерін жөндеу және пайдалану жөніндегі қажетті жұмыстарды жүргізу, сондай-ақ жабдықтардың ескіргендерін жаңартуға және жаңа жабдық орнатуға қажетті инвестицияларды жүзеге асыру.
Алға қойылған міндеттерді шешу үшін Компания:
Компанияның және Қазақстан Республикасының Біртұтас энергетикалық жүйесінің басқару құрылымын жетілдіру, Ұлттық электр желісінің қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының Біртұтас электр желісі көрсететін қызметтердің сапасы мен жұмыс істеу сенімділігін арттыру үшін электр желілерін дамыту, осы заманғы жаңа технологияларды енгізу жөнінде жұмыстар жүргізуді;
"Қазақстанның Солтүстігі-Оңтүстігі" транзитінің 500 кВ екінші электр беру желісін салуды жүзеге асыруды;
Компанияның қызметіне байланысты негіздемелі шығындарды ұлғайту кезінде, сондай-ақ қарыз қаражаты бойынша міндеттемелерді төлеуді қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігіне тарифтер деңгейін өзгертуге арналған өтінімдер ұсынуды;
2006 жылы электр энергиясын техникалық диспетчерлендіру жөніндегі қызметтер көлемі 65,8 млрд. кВт.с., 2007 жылы 67,1 млрд. кВт.с., 2008 жылы 69,5 млрд. кВт.с. деңгейінде жоспарланып отыр.
Компания желілері бойынша электр энергиясын беру көлемі 2006 жылы 34,1 млрд. кВт.с. мөлшерінде жоспарлануда. 2007 жылы көлем 1,19 млрд. кВт.с.-ға ұлғаяды және 35,3 млрд. кВт.с. құрайды, ал 2008 жылы электр энергиясын беру көлемі 36,5 млрд. кВт.с. көлемінде жоспарланып отыр.
Компания негізгі қызметтен:
2006 жылы 19500 млн. теңге (2005 жылға қатысты 6,2 %-ға ұлғаю), 2007 жылы 21000 млн. теңге және 2008 жылы 23800 млн. теңге кіріс алуды жоспарлап отыр.
"Қазақ ақпарат агенттігі" ҰК" АҚ
2006-2008 жылдар кезеңінде "Қазақпарат" ҰК" АҚ (бұдан әрі - Компания) мақсаты мықты корреспонденттік жүйесі бар, Қазақстан Республикасы мен Орталық Азия және Каспий жағалауы елдерінің ақпараттық қажеттілігін қамтамасыз ететін, ақпарат алу, беру және өңдеу саласындағы жоғары мемлекетаралық ақпараттық технологияларды қолдана отырып жұмыс істейтін ақпараттық-талдамалық агенттікті қалыптастыру болып табылады.
Компанияның алдағы кезеңге арналған негізгі міндеті ақпараттық сипаттағы хабарларды қалыптастыру мен таратудың сапалық және сандық көрсеткіштерін жақсарту, сондай-ақ Компанияның өндірістік-шаруашылық қызметін жақсарту болып табылады.
Компанияның міндеттері:
бизнеске бағдарланған даму стратегиясын қалыптастыру және дамыту;
ақпарат өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату;
ақпараттық және техникалық инфрақұрылымды жетілдіру;
ақпараттық материалдардың сапасын жақсарту;
Қазақстан мен шетелдік тұтынушылар резиденттеріне ақпарат жаңалықтарын беру жөніндегі жедел және толық ауқымды сервисті қамтамасыз ету;
корреспонденттік желіні кеңейту, сондай-ақ республика ішіндегі және шетелдердегі корреспонденттік пункттердің қызметін жақсарту үшін жағдайлар жасау;
Компания қызметінің қаржы-экономикалық көрсеткіштерін жетілдіру болып табылады.
Компанияның инвестициялық бағдарламасы шеңберінде 2006-2008 жылдары шетелдік корреспонденттік пункттерді құру және материалдық-техникалық жарақтандыру жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыруды жүзеге асыру көзделіп отыр. Осы жоба шеңберінде 10-нан астам алыс және жақын шет елдерде компанияның корреспонденттік пункттерін ашу көзделуде. Аталған проблемаларды шешу үшін қажетті компьютерлік, коммуникациялық және басқа да техникалық жабдық сатып алуды жүзеге асыру ұйғарылып отыр. Бұл жобаны іске асыруға арналған болжамды шығыстар 55000 мың теңгені құрайды. Жобаны іске асыру мерзімі - 2006-2008 жылдар. Инвестициялық жобаны қаржыландыру көзі компанияның меншікті қаражаты болып табылады.
Ұлттық компанияларды дамытудың 2006-2008 жылдарға
арналған негізгі көрсеткіштерi
Орташа айлық жалақының көрсеткіштер
(мың теңге)
Компаниялардың атауы | 2004 ж. факт | 2005 ж. бағалау | 2006 ж. болжам | 2007 ж. болжам | 2008 ж. болжам |
"KEGOC" АҚ | 52,1 | 58,6 | 60,5 | 62,2 | 63,9 |
"ҚазМұнайГаз" АҚ | 108,3 | 124,9 | 127,9 | 130,6 | 133,6 |
"Қазатомөнер- кәсіп" АҚ" | 48,8 | 48,9 | 49,1 | 51,2 | 53,4 |
"Астана халықаралық әуежайы" АҚ | 40,5 | 52,3 | 42,1 | 44,2 | 46,4 |
"Қазақтелеком" АҚ | 43,1 | 47,8 | 50,9 | 54,6 | 56,7 |
"Қазпочта" АҚ | 19,1 | 24,6 | 28,9 | 31,9 | 35,8 |
"Қазақстан темір жолы" АҚ | 37,5 | 45,9 | 48,9 | 48,2 | 50,3 |
"ҰАТ" АҚ | 59,1 | 56,6 | 81,3 | 81,3 | 88,8 |
"Азық-түлік корпорациясы" АҚ | 74 | 111,48 | 136,4 | 139,8 | 143,4 |
"Қазақпарат" АҚ | 43,7 | 66,5 | 66,1 | 76,3 | 91,1 |
"Қазақстан инжиниринг ҰК" АҚ | 22,4 | 27,9 | 31,1 | 34,1 | 37,9 |
"Қазғарыш" ҰК" АҚ* | | | | | |
* - "Қазғарыш" Ұлттық Компания" АҚ даму жоспарын табыс еткен жоқ, өйткені Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 17 наурыздағы № 242 қаулысымен құрылған
Қызметкерлердің саны
(адам)
Компаниялардың атауы | 2004 ж. факт | 2005 ж. бағалау | 2006 ж. болжам | 2007 ж. болжам | 2008 ж. болжам |
"KEGOC" АҚ | 3835 | 3951 | 4110 | 4308 | 4350 |
"ҚазМұнайГаз" АҚ | 32751 | 34856 | 35947 | 36104 | 36275 |
"Қазатомөнер- кәсіп" АҚ | 16446 | 17143 | 18222 | 18382 | 18761 |
"Астана халықаралық әуежайы" АҚ | 804 | 1100 | 1436 | 1436 | 1436 |
"Қазақтелеком" АҚ | 33220 | 32720 | 32220 | 31720 | 31220 |
"Қазпочта" АҚ | 13720 | 14376 | 14400 | 14700 | 14700 |
"Қазақстан темір жолы" АҚ | 78872 | 79293 | 80369 | 75089 | 76109 |
"ҰАТ" АҚ | 274 | 381 | 460 | 550 | 600 |
"Азық-түлік корпорациясы" АҚ | 310 | 320 | 340 | 350 | 360 |
"Қазақпарат" АҚ | 102 | 154 | 155 | 155 | 155 |
"Қазақстан инжиниринг ҰК" АҚ | 7082 | 6601 | 6953 | 7099 | 7174 |
"Қазғарыш" ҰК" АҚ* | | | | | |
Барлығы | 187416 | 190895 | 194612 | 189893 | 191140 |
* - "Қазғарыш" Ұлттық Компания" АҚ даму жоспарын табыс еткен жоқ, өйткені Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 17 наурыздағы № 242 қаулысымен құрылған
Жалақы қоры
(млн.теңге)
Компаниялардың атауы | 2004 ж. факт | 2005 ж. бағалау | 2006 ж. болжам | 2007 ж. болжам | 2008 ж. болжам |
"KEGOC" АҚ | 2398,9 | 2776,1 | 2984,6 | 3213,8 | 3333,8 |
"ҚазМұнайГаз" АҚ | 42254,8 | 52032,1 | 54963,4 | 56379,1 | 57950,1 |
"Қазатомөнер- кәсіп" АҚ | 9241,6 | 10056,5 | 10729,3 | 11285,9 | 12019,6 |
"Астана халықаралық әуежайы" АҚ | 390,6 | 690,1 | 724,6 | 760,8 | 798,9 |
"Қазақтелеком" АҚ | 17200,9 | 19492,9 | 19713,6 | 20768,9 | 21259,3 |
"Қазпочта" АҚ | 3292,6 | 4242,1 | 4995,3 | 5641,9 | 6318,9 |
"Қазақстан темір жолы" АҚ | 35529 | 43700 | 47195 | 43418 | 45906 |
"ҰАТ" АҚ | 194,2 | 258,8 | 448,9 | 536,3 | 639,5 |
"Азық-түлік корпорациясы" ЖАҚ | 275,3 | 428,1 | 556,5 | 587,1 | 619,4 |
"Қазақпарат" АҚ | 53,5 | 123 | 123 | 141,9 | 169,4 |
"Қазақстан инжиниринг ҰК" АҚ | 1903,9 | 2209,9 | 2597,6 | 2906,7 | 3261,7 |
"Қазғарыш" ҰК" АҚ* | | | | | |
Барлығы | 112735,3 | 136009,6 | 145031,8 | 145640,4 | 152276,6 |
* - "Қазғарыш" Ұлттық Компания" АҚ даму жоспарын табыс еткен жоқ, өйткені Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 17 наурыздағы № 242 қаулысымен құрылған
Негізгі қызметтен түсетін кіріс
(млн.теңге)
Компаниялардың атауы | 2004 ж. факт | 2005 ж. бағалау | 2006 ж. болжам | 2007 ж. болжам | 2008 ж. болжам |
"KEGOC" АҚ | 16835,7 | 18386,6 | 19520,8 | 20978,2 | 23813,1 |
"ҚазМұнайГаз" АҚ | 461372,9 | 449141,9 | 454885,6 | 457110,9 | 445956,3 |
"Қазатомөнер- кәсіп" АҚ | 3713,6 | 5076,0 | 4737,8 | 6776,1 | 13593,6 |
"Астана халықаралық әуежайы" АҚ | 2981,3 | 4852,9 | 5193,0 | 5556,5 | 5889,9 |
"Қазақтелеком" АҚ | 80096,4 | 83466,3 | 85452,3 | 87255,0 | 89351,2 |
"Қазпочта" АҚ | 6456,4 | 7421,9 | 8470,2 | 9528,9 | 10624,5 |
"Қазақстан темір жолы" АҚ* | 224237 | 259267 | 291123 | 155166 | 167082 |
"ҰАТ" АҚ | 541,5 | 673,6 | 859,7 | 959,7 | 1058,3 |
"Азық-түлік корпорациясы" АҚ | 28512,9 | 28799,5 | 27581,6 | 29236,5 | 30698,3 |
"Қазақпарат" АҚ | 129,5 | 201,7 | 227,8 | 259,1 | 282,5 |
"Қазақстан инжиниринг ҰК" АҚ | 6850,8 | 9611,8 | 10896,9 | 12467,5 | 14210,2 |
"Қазғарыш" ҰК" АҚ* | | | | | |
Барлығы | 831728 | 866899,2 | 908948,7 | 785294,4 | 802559,9 |
* - "Қазғарыш" Ұлттық Компания" АҚ даму жоспарын табыс еткен жоқ, өйткені Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 17 наурыздағы № 242 қаулысымен құрылған
Таза пайда
(млн.теңге)
Компаниялардың атауы | 2004 ж. факт | 2005 ж. бағалау | 2006 ж. болжам | 2007 ж. болжам | 2008 ж. болжам |
"KEGOC" АҚ | 1613,2 | 92,9 | 126,9 | 350,0 | 2252,5 |
"ҚазМұнайГаз" АҚ | 74936,4 | 54874,8 | 55420,8 | 53874,9 | 42491,7 |
"Қазатомөнер- кәсіп" АҚ | 2647,9 | 10503,8 | 3735,2 | 6332,9 | 11482,0 |
"Астана халықаралық әуежайы" АҚ | 587,9 | 139,6 | -1452,3 | -1481,3 | -1553,7 |
"Қазақтелеком" АҚ | 26917,6 | 27823,8 | 27143,6 | 27012,7 | 27058,7 |
"Қазпочта" АҚ | 158,8 | 172,3 | 174,2 | 175,7 | 177,5 |
"Қазақстан Темір жолы" АҚ* | 10250 | 0 | 666 | 7044 | 9225 |
"ҰАТ" АҚ | 50,4 | 51,9 | 47,9 | 48,1 | 52,6 |
"Азық-түлік корпорациясы" АҚ | 549,0 | 550,9 | 588,6 | 647,5 | 699,2 |
"Қазақпарат" АҚ* | -59,5 | 0,5 | 15 | 27,6 | 35,0 |
"Қазақстан инжиниринг ҰК" АҚ | 235,9 | 366,9 | 549,9 | 643,6 | 1048,2 |
"Қазғарыш" ҰК" АҚ* | | | | | |
Барлығы | 116274,4 | 94577,4 | 87015,8 | 94575,7 | 92968,7 |
* - "Қазғарыш" Ұлттық Компания" АҚ даму жоспарын табыс еткен жоқ, өйткені Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 17 наурыздағы № 242 қаулысымен құрылған
Мемлекеттік акциялар пакетіне дивидендтер
(млн.теңге)
Компаниялардың атауы | 2004 ж. факт | 2005 ж. бағалау | 2006 ж. болжам | 2007 ж. болжам | 2008 ж. болжам |
"KEGOC" АҚ | 191,0 | 161,3 | 9,3 | 12,7 | 35,0 |
"ҚазМұнайГаз" АҚ | 2949,2 | 2000 | 2000 | 2000 | 2000 |
"Қазатомөнер- кәсіп" АҚ | | | | | |
"Астана халықаралық әуежайы" АҚ | | | | | |
"Қазақтелеком" АҚ | 1910,1 | 2451,7 | 2560,3 | 2496,1 | 2483,7 |
"Қазпочта" АҚ | | | | 50,00 | 55,00 |
"Қазақстан темір жолы" АҚ | | | 67 | 704 | 923 |
"ҰАТ" АҚ | | | 14,5 | 15,0 | 15,8 |
"Азық-түлік корпорациясы" АҚ | 274,5 | 275,5 | 294,3 | 323,8 | 349,6 |
"Қазақпарат" АҚ | | | | | |
"Қазақстан инжиниринг ҰК" АҚ | 31,8 | 32,1 | 38,2 | 45,7 | 64,1 |
"Қазғарыш" ҰК" АҚ* | | | | | |
Барлығы | 5356,6 | 4920,6 | 4983,6 | 5647,3 | 5926,2 |
* - "Қазғарыш" Ұлттық Компания" АҚ даму жоспарын табыс еткен жоқ, өйткені Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 17 наурыздағы № 242 қаулысымен құрылған
Инвестициялар
(млн.теңге)
Компаниялардың атауы | 2004 ж. факт | 200 5ж. бағалау | 2006 ж. болжам | 2007 ж. болжам | 2008 ж. болжам |
"KEGOC" АҚ | 10966,9 | 14837,5 | 11043,0 | 19754,0 | 19465,4 |
"ҚазМұнайГаз" АҚ | 105616,4 | 142896,2 | 125483,2 | 87195,5 | 80541,7 |
"Қазатомөнер- кәсіп" АҚ | 9162,3 | 33987,0 | 36160,9 | 36572,5 | 36600,8 |
"Астана халықаралық әуежайы" АҚ | 15339 | 2905 | 901 | 0 | 0 |
"Қазақтелеком" АҚ | 16894,7 | 30712,1 | 26986,0 | 23763,0 | 20860,0 |
"Қазпочта" ЖАҚ | 875,7 | 3032,6 | 4359,6 | 7174,7 | 292,0 |
"Қазақстан темір жолы" АҚ | 38816 | - | 34987 | 38675 | 36499 |
"ҰАТ" ЖАҚ | 18,3 | 36,0 | 93,0 | 74,00 | 125,0 |
"Азық-түлік корпорациясы" АҚ | | 1292,8 | 258,1 | 259,9 | 278 |
"Қазақпарат" АҚ | | | 10 | 15 | 30 |
"Қазақстан инжиниринг ҰК" АҚ | 147,4 | 3791,4 | 89,9 | 94,9 | 46,2 |
"Қазғарыш" ҰК" АҚ* | | | | | |
Барлығы | 197836,7 | 233490,6 | 240371,7 | 213578,5 | 194738,1 |
* - "Қазғарыш" Ұлттық Компания" АҚ даму жоспарын табыс еткен жоқ, өйткені Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 17 наурыздағы № 242 қаулысымен құрылған