«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 ақпандағы № 288 қаулысына
толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 29 желтоқсандағы № 1306 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 887 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсетуге арналған арнайы көлік құралдарын пайдалануды реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 ақпандағы № 288 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарына қызмет көрсетуге арналған арнайы көлік құралдарының тиесілілік табелінде:
"Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі" деген бөлім мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
| «Технологиялық | Автомобиль жолдарында жол-құрылыс, жөндеу және пайдалану жұмыстарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру | Көлік инфрақұрылымын дамыту комитетінің облыстық басқармалары: | |
| Ақмола | 3 |
| Ақтөбе | 2 |
| Алматы | 3 |
| Атырау | 2 |
| Шығыс Қазақстан | 3 |
| Жамбыл | 2 |
| Батыс Қазақстан | 2 |
| Қарағанды | 3 |
| Қызылорда | 2 |
| Қостанай | 2 |
| Маңғыстау | 2 |
| Павлодар | 2 |
| Солтүстік Қазақстан | 2 |
| Оңтүстік Қазақстан | 2 »; |
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсетуге арналған арнайы көлік құралдарының тиесілілік табелінде:
мынадай мазмұндағы "Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі" деген бөліммен толықтырылсын:
| «Арнайы | Автомобиль жолдарын салу, жөндеу және ұстау кезіндегі жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу | Көлік инфрақұрылымын дамыту комитетіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер: | |
| Ақмолажолзертханасы | 1 |
| Ақтөбежолзертханасы | 1 |
| Алматыжолзертханасы | 1 |
| Атыраужолзертханасы | 1 |
| Батысжолзертханасы | 1 |
| Жамбылжолзертханасы | 1 |
| Шығысжолзертханасы | 1 |
| Қарағандыжолзертханасы | 1 |
| Қызылордажолзертханасы | 1 |
| Қостанайжолзертханасы | 1 |
| Маңғыстаужолзертханасы | 1 |
| Павлодаржолзертханасы | 1 |
| Солтүстікжолзертханасы | 1 |
| Оңтүстікжолзертханасы | 1 ». |
2. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
| Премьер-Министрі | Д. Ахметов |