бәсекелi орта жағдайларында Қордың тұрақты жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету және көрсетілетiн зейнетақы қызметтерiнiң сапасын арттыру мақсатында Қорда маркетингтiк бөлiмшесiн құра отырып, маркетингтiк жұмысты күшейту;
салымшыларға арналған ақпараттық материалдардың саны мен сапасын арттыру;
салымшылардың, олардың жеке зейнетақы шоттарындағы зейнетақы жинақтар есебiнiң сенімдiлiгiн қамтамасыз ету және зейнетақы қызметтерi көрсетуiн жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана отырып ұсыну мақсатында негізгі бизнес-процессорларды автоматтандырып, Қордың бағдарламалық-техникалық жағынан қамтамасыз етiлуiн жаңғырту жөнiнде басталған жұмысты аяқтау.
Қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу жолдары
Қор 2005-2007 жылдары мiндеттердi негiзгi төрт кезеңде iске асыруды жоспарлап отыр:
ИСО 9001-2000 халықаралық стандарттарына сәйкес сапаның менеджмент жүйесiн енгізу;
енгiзiлген сапаның менеджмент жүйесiн ИСО 9001-2000 стандарт талаптарына сәйкес жоғары деңгейде ұстап тұру;
қызметкерлердiң сапаның әзiрленген менеджмент жүйесiне сәйкес жұмысқа кәсiби дайындығы;
салымшының Қордың қаржылық орнықтылығын және оның тұрақты табыс беретiн қазiргi заманға сай сапалы қызмет көрсету мүмкiндiктерiне деген сенімiне ие болып, оны тұрақты сақтап қалу арқылы Қордың рыноктық бәсекеге жарамдылығын сақтау және жетiлдiру.
"KEGOC" ААҚ
Мақсаттары мен мiндеттерi
Қоғамның негiзгi мақсаты тұтынушыларды энергиямен сапалы және кiдiрiссіз жабдықтауға, Қазақстан экономикасының электр энергиясымен өзiн өзi қамтамасыз етуiне жету болып табылады.
Осыған байланысты 2005-2007 жылдары кезеңiне мынадай мiндеттердi шешу қажет:
"KEGOC" ААҚ-тың көлiк жүйесiн оңалтуға және энергия жүйенiң диспетчерлiк басқарылуын жетілдiруге бағытталған "Қазақстан Республикасының ұлттық электр торабын жаңғырту" жобасын аяқтау ХЖДБ мен ЕЖДБ алдындағы негізгi борышты төлеуге кiрiсу;
құрылысқа қажеттi қарыз қаражатын тарта отырып, "Қазақстанның Солтүстiк-Оңтүстiгi" транзитiнiң 500 кВ-тық екiншi электр беру желісін салуды бастау. Осы жобаны iске асыру қолданыстағы транзиттiң сенімдiлiгiн арттыруға, сондай-ақ Солтүстiк өңiрдегі iрi электр станцияларынан арзан электр энергиясын беру есебiнен Оңтүстiк Қазақстанда электр энергиясы мен қуат тапшылығын жабуға мүмкiндiк бередi;
электр тораптық объектiлердi жөндеу мен пайдалану жөнiнде қажеттi жұмыстарды жүргiзу;
Қоғамның шығынсыз қызметiн қамтамасыз ету.
Қойылған мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткізу жолдары
Қоғам қойылған мiндеттердi шешу үшiн:
көрсетiлетiн қызметтердiң сапасы мен республиканың Бiртұтас энергетикалық жүйесiнiң жұмыс iстеу сенімдiлігін қамтамасыз ету мақсатында Қоғамды басқару құрылымын және Қазақстан Республикасының Бiртұтас энергетикалық жүйесiн жетiлдiру жөніндегі жұмыстар жүргiзу;
"Қазақстанның Солтүстiк-Оңтүстiгi" 500 кВ-тық транзитiнiң екiншi электр беру желісін салу үшiн қажеттi қарыз қаражатын алуды жүзеге асыру; әдiснаманың тарифтiк саясатын жетiлдiру бойынша жұмысты жалғастыру.
2005 жылы техникалық диспетчерлендіру жөніндегі қызметтер көлемi 62,1 млрд. кВт.сағатқа, ал 2006 жылы - 64,3 млрд. кВт.сағатқа, 2007 жылы 67,0 млрд. кВт.сағатқа дейiн деңгейде жоспарланып отыр.
Электр энергиясын беру көлемi 2006 жылы 747 млн.кВт.сағатқа ұлғаяды және 30,98 млрд.кВт.сағат, 2007 жылы - 32 млрд.кВт.сағатты құрайды.
Қоғам негiзгi қызметiнен кiрiстердi: 2005 жылы 17,2 млрд.теңге (2004 жылға 14%-ға ұлғаю), 2006 жылы 18,5 млрд.теңге және 2007 жылы 19,9 млрд.теңге мөлшерiнде алуды жоспарлап отыр.
Қоғам қарастырылған кезеңде мынадай жобаларды iске асыруды жоспарлайды:
1. Ұлттық электр торабын жаңғырту жобасы. 2005 жылы жоба бойынша инвестициялар сомасы 5,9 млрд.теңге мөлшерiнде, оның iшiнде ХЖДБ мен ЕЖДБ қаражаты есебiнен - 4,5 млрд.теңге, Қоғам қаражатынан - 1,3 млрд.теңге жоспарланып отыр.
Тұтастай алғанда 2005-2006 жылдары барлық көздерден осы жобаға 10,8 млрд.теңге жұмсау көзделiп отыр.
2. "Қазақстанның Солтүстiк-Оңтүстігi" 500 кВ-тық транзитiнiң екiншi желісін салу жобасы.
"Қазпочта" ААҚ
Мақсаттары мен міндеттері
Қоғамның таяу перспективада дамуының негiзгі мақсаты жоғары сапалы деңгейде ұсынылатын почта-жинақтау қызметтерге еркiн қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз ете алатын өңiрлiк инфрақұрылымды дамыту болып табылады.
Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшiн мынадай мiндеттердi шешу қажет:
Қоғамның материалдық-техникалық базасын жаңғырту және қазiргi заманғы технологияларды енгізу;
почта-жинақтау қызметтерiн ұсыну сапасын арттыру;
ауыл тұрғындары үшiн почта-жинақтау жүйесiнiң базалық қызметiне қол жетiмдiлiктi және қоғамға лайықты сапаны қамтамасыз ету;
көрсетіліп отырған қызметтер көрсету аясын кеңейту және қазiргi заманғы банктiк өнiмдердi және Интернетке бағдарланған қызметтер көрсетудi енгізу үшiн технологиялық база құру;
басқарудың қазiргі заманғы технологияларын енгізу.
Қойылған мiндеттерге қол жеткізу мынадай iс-шараларды жүзеге асыруды болжайды:
қалалық, аудандық және ауылдық деңгейлерде өңiрлiк желiнi дамыту;
корпорациялық ақпараттық жүйенi құру негiзiнде қазiргі заманғы технологияларды енгізу;
нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру, жаңа қызметтердi көрсету жөнiндегі Қоғам қызметiн регламенттейтiн әдiснамалық базаны қалыптастыру. Шетелдiк ұйымдармен және почта әкiмшiлiктерiмен халықаралық ынтымақтастықты дамыту саласында Қоғам мынадай бағыттарды айқындады:
біртұтас почта аумағын сақтау, сала қызметкерлерiн оқыту үшiн Дүниежүзiлiк почта одағының органдарымен, өңiрлiк почта одақтарымен, шетелдiк почта әкiмшiлiктерiмен ынтымақтастықты дамыту;
Қазақстан Республикасы мен шетел мемлекеттерiнiң арасында авиа және жерүсті көлiктерiмен жіберілетін почта жөнелтілімдерiнiң жүрiп өтетiн бақылау мерзiмiн әзiрлеу және енгізу.
Қойылған мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткізу жолдары
Қазiргi заманғы технологиялар мен жабдықтарды пайдалану қызметтердi ұсыну сапасын арттыруға және олардың аясын кеңейтуге мүмкiндiк бередi. Мынадай iс-шаралар басым болып айқындалған: почта байланысын пайдаланудың сапалық көрсеткiштерiн бағалау нормативтерiн және почта жөнелтiмдерiн жеткізудiң бақылау мерзiмдерiн қысқарту мақсатында қайта қарау, өңiрлiк желiнi және магистралдық бағыттарды оңтайландыру.
Алға қойылған мақсаттарға табысты қол жеткізу үшiн таяу перспективада көрсетiлетiн қызметтер аясын кеңейтуге, олардың жаңа түрлерiн енгізуге көп назар аударылады, оның iшiнде:
тапсырыстар бойынша сәлемдемелiк сауда жүйесiнiң шегінде сервистiк қызмет көрсету арқылы "Тауар-Почтамен" каталогтары бойынша почталық сауданы ұйымдастыру және дамыту, оның iшiнде Интернет арқылы;
трансфер-агенттiк қызметтердi ұсыну;
зейнетақы қорларына зейнетақы жинақтары туралы хабарламаларды жеткiзiп беруге байланысты салымшыларды шарт жасасуға тарту жөнiнде агенттiк қызмет көрсету саласын кеңейту;
жасасқан шарттар бойынша сақтандыру ұйымдарымен агенттік қызметтер көрсетудi дамыту.
Қазақстан экономикасының индустриялық-инновациялық дамуына жәрдемдесу үшiн Қоғам 2005-2007 жылдары біртұтас ақпараттық кеңiстiкке қол жетiмдiлiктi қамтамасыз ететін және технологиялық дамудың базалық тұғыры болатын технологиялық процестердiң жаңғырту және автоматтандыру процесiн жалғастыру жоспарланып отыр. Негізгi iс-шаралар ретiнде мыналар айқындалды:
корпорациялық ақпараттық жүйенi енгізудi аяқтау;
Қоғамның ауылдық өңiрлiк желісін компьютерлендiру;
Қоғамның материалдық-техникалық базасын жаңғыртуды жүзеге асыру және қазiргi заманғы технологияларды енгізу;
жоғары технологиялық қызметтердi енгізу үшiн техникалық және әдiснамалық негіз құру.
2005-2007 жылдары шығатын жазбаша хат-хабардың көлемін 17,2 млн. бірлiкке дейiн немесе 2003 жылға қарағанда 6,2%-ға ұлғайтуды қамтамасыз ету және 2005-2007 жылдары сәлемдемелерді қабылдау деңгейiн 1,4 млн. бірлiкке дейiн немесе 2003 жылмен салыстырғанда 16,7%-ға арттыру, мерзiмдi баспа басылымдарының көлемiн 2003 жылмен салыстырғанда 2007 жылы 8,1 %-ға өсуiн қамтамасыз ете отырып, 2007 жылы 98,4 млн. бірлiкке дейiн жеткізу жоспарланып отыр. 2007 жылы қабылданған жеделдетiлген почта жөнелтілімдерiнiң санын 350 мың бірлiкке немесе 2003 жылмен салыстырғанда 9,4%-ға арттыру жоспарланады.
"Қазақтелеком" ААҚ
Мақсаттары мен мiндеттерi
Жоспарланып отырған кезеңге "Қазақтелеком" ААҚ жұмысының негiзгi мақсаты қоғамның және мемлекеттік басқару органдарының телекоммуникациялық қызметтер көрсетудiң барлық түрлерiн алудағы қажеттіліктерiн қанағаттандыру болып табылады.
"Қазақтелеком" ААҚ мiндеттері:
рынокта өзiнiң ұстанымын нығайту;
бизнеске бағдарланған iшкi және сыртқы саясатты қалыптастыру;
бәсекеге қабiлеттi әрi қазiргi заманғы телекоммуникациялық инфрақұрылымды қалыптастыру болып табылады.
Қойылған мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткізу жолдары
қазiргi заманғы телекоммуникациялық инфрақұрылымды қалыптастыруды аяқтау;
жоғары табысты сегменттерде бизнестi жандандыру;
клиенттерге қызметтер көрсетумен қызмет көрсету сапасын арттыру.
Негiзгi телефон аппараттарының саны 2006 жылы 2004 жылмен салыстырғанда 5,9%-ғa өседi және 2,4 млн. бірлiктi құрайды. Қалааралық, халықаралық телефон трафигі 13% өседi және 1,5 млрд. минутты құрайды.
Жай акцияларға дивидендтердi төлеу заңдарда белгiленген тәртiппен жүргiзiледi. 2005-2007 жылдары жай акцияларға дивидендтердi төлеуге таза пайданың 20%-ғa дейін бағыттау көзделуде.
Инвестициялық бағдарлама мынадай басым жобаларды iске асыруға бағытталады:
Ұлттық ақпараттық супермагистральдiң (ҰАСМ) құрылысын жалғастыру;
жергiлiктi телекоммуникациялар желісін жаңғырту және дамыту;
деректер беру желісін дамыту;
коммерциялық жобаларды дамыту.
2007 жылы ҰАСМ-ның құрылысы аяқталады, жергiлiктi желiлердi цифрландыру деңгейiн құрастырылған сыйымдылықтың 60%-ына дейiн қамтамасыз ету көзделiп отыр. Сандық жабдықтар базасында жергілiктi телекоммуникациялар желiлерiн жаңғырту мен дамыту, желiлер мен оны пайдалану бойынша жұмыстар жалғасуда. "Қазақтелеком" AAҚ алдағы уақыттағы қызметiнде озық технологияларды пайдалану негізiнде телекоммуникациялық қызметтер аясын кеңейтуге басым мән беретiн болады.
"Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" ЖАҚ
Мақсаттары мен мiндеттерi
"Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" ЖАҚ негізгі мақсаты техникалық өсу деңгейiнiң негізiнде темір жол көлiгiнiң тұрақты жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету және ұсынылатын қызметтердiң сапасын арттыру болып табылады.
Темір жол көлiгiн дамытудың негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
жолаушылар мен жүктердi тасымалдау кезiнде қозғалыс қауiпсіздiгiн қамтамасыз ету;
одан әрi тұрақты дамуды қамтамасыз ететiн, саланың сапалы жаңа техникалық деңгейге көшуі;
баламалы көлiк дәлiздерi бойынша ұдайы нығайып отыратын бәсекелестік тасымалдау жағдайында Қазақстанның транзиттiк әлеуетiн арттыру;
темір жол көлiгiнiң жұмыс iстеуiнiң экономикалық қауiпсіздiгiне қол жеткізу.
Қойылған мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткізу жолдары
өндiрiс қуаттарын оңтайландыру, темір жол көлігінiң тиiмдiлiгiн арттыру;
темір жол көлiгiн қайта құрылымдау бағдарламасын iске асыру;
жоспарландыру және бюджеттендiру жүйесiн жетiлдiру;
жеке секторды тарту есебiнен бәсекелестiк ортаны құру;
инвестициялық бағдарламаны iске асыру.
2005 жылы болжамды жүк айналымы 170355 млн. т-км (2004 жылға қатысты 7,1%-ға арттыру), 2006 жылы - 182318 млн.т-км (2005 жылға қатысты 7%-ға арттыру), 2007 жылы - 195 627 млн. т-км (2006 жылға қатысты 7,3%-ға арттыру) құрайды.
2004 жылдың қорытындылары бойынша оң қаржылық нәтиже 12 000 млн. теңге, 2006 жылы тиiсiнше 14244 млн. теңге, 2007 жылы - 15141 млн. теңге болады деп күтілуде. 2005-2007 жылдары акциялардың мемлекеттік пакетiне дивидендтерді төлеуге таза табыстың 10% үлесі күтілуде.
2005-2007 жылдары инвестициялар көлемi 107823 млн.теңге мөлшерiнде болжанады, оның iшiнде 2005 жылы 31851 млн.теңге, 2006 жылы 37150 млн.теңге және 2007 жылы - 38822 млн.теңгені құрайды. Осы жылдары инвестициялық саясаттың негiзгi бағыттары - жолдың жоғарғы құрылысын жаңғырту, байланысты ақпараттандыру және дамыту, жобалық-iзденiс, ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстар, ресурс үнемдеушi технологияларды енгізу, жол және жүк шаруашылығын жаңғырту әрi дамыту болып табылады.
"Астана халықаралық әуежайы" ЖАҚ
Мақсаттары мен мiндеттерi
Болжанған кезеңдегi Компанияның басты мақсаты - тұрақты өсудi, халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес әуе кемелерi мен жолаушыларға қауiпсіз және жүйелi қызмет көрсетудi қамтамасыз ету.
Жоспарланатын кезеңге арналған негiзгі мiндеттер:
халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес әуежайдың инфрақұрылымын құру және техникалық жарақтандырылуын арттыру;
әуе кемелерi мен жолаушыларға қызмет көрсетудегi сапаның жоғары стандарттарына қол жеткізу транзиттiк әлеуеттi дамыту.
Қойылған мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткізу жолдары
астаналық әуежайдың жаңа қуаттарын неғұрлым көп пайдалануды қамтамасыз ету. Әуежайдың жаңа объектілерін 2005 жылы толық iске қосу оның өткізу қабiлетiн екi есеге ұлғайтады, бұл авиатасымалдар көлемiнiң тиiстi ұлғаюын талап етедi;
Үкiметаралық келісімдер мен оған толықтырулар бекіту жолымен авиатасымалдау үшiн қолайлы жағдайлар жасау бойынша қажеттi шаралар қабылдау, сондай-ақ авиакомпаниялармен келісімдер, қажеттi жағдайда "еркiн әуе" түрлi деңгейлерiн пайдаланудың коммерциялық функцияларын шетелдiк авиатасымалдаушыларға беру;
пайдаланатын әуежайларға, сол сияқты әлеуеттi клиенттерге қатысты агрессивтi маркетингтiк стратегияны жүргiзу арқылы өңiрде бәсекелестiк ұстанымды күшейту;
Еуропа мен Оңтүстiк Азия арасындағы бағытта шетелдiк авиакомпаниялар орындайтын жүк тасымалдау бойынша транзиттiк рейстердi тарту жөнiнде жұмыстар жүргiзу.
"Қазақпарат" ҰК" ААҚ
Мақсаттары мен мiндеттерi
Қоғамның басты мақсаты қоғам мен мемлекет мүддесіндегі ақпараттық қызмет көрсетулердiң ауқымды спектрiнiң ұсынысын қамтамасыз ететiн, озат aқпapaттық технологиялар негізiнде жұмыс істейтін және дамитын ұлттық ақпараттық агенттiк құру болып табылады.
Болжанған кезеңнiң басым мiндеттерi болып мыналар табылады:
рыноктағы ұстанымды нығайту;
бағдарланған iшкi және сыртқы саясаттың бизнесiн қалыптастыру;
қазiргi заманғы бәсекеге қабiлеттi ақпараттық инфрақұрылым қалыптастыру.
Қойылған мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткізу жолдары
2005-2007 жылдардағы Қоғамның алдына қойылған мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткізуi үшiн мынадай iс-шараларды жүргізу жоспарланады:
қазiргі заманғы ақпараттық және техникалық инфрақұрылымды қалыптастыруды аяқтау;
жоғары табысты сегменттердiң бизнесiн жандандыру;
клиенттерге қызмет көрсету мен қызмет көрсетудiң сапасын көтеру;
ұсынылатын қызметтердi iске асыру өсiмi;
өнiмдер мен қызметтер көрсетулердiң түр-түрiн кеңейту, оның iшiнде шетел тiлдерiнде;
қоғамның тұрақты өсуiн қамтамасыз ету, жекелеген бизнес процестерi бойынша тиiмдi еншiлес кәсiпорындар құру;
қазiргi заманғы менеджмент деңгейiн қамтамасыз ету, консультанттарды тарту, әрiптестiк ұйымдармен өзара iс-әрекет;
Астана қаласының сол жағалауында ұлттық ақпараттық орталық салу, тiлшiлiк желiлер мен меншiктi радиостанциялар және фотозертханалар құру сияқты iрi инвестициялық жобаларды iске асыру.
Көрсетiлген iс-шараларды iске асыру 2005-2007 жылдар iшiнде мемлекеттік бюджеттік қаржыландырудан рыноктық қызметке біртiндеп көшуге мүмкiндiк бередi.
Осылайша жаңа қызметтерден түсетiн табыстар озық қарқынмен өсетiн болады. 2006 жылы 2000-нан астам жазылушылар үшiн клиенттердiң назарына өнiмдердiң 10 түрi ұсынылатын болады. Өнiмнiң түр-түрiн ұлғайту өндiрiстiң әртараптандырылуын көрсетедi, яғни бұл қосымша пайданы алуды бiлдiредi. Бұл ретте 2005-2007 жылдар болжамы Қоғамның шығынсыз деңгейге біртiндеп шығуды және белгiлi бір тұрақты нәтижелерге жетудi көздейдi. Мәселен, негізгі қызметтен алынатын табыс көлемi 2007 жылы 2003 жылмен салыстырғанда 3,6 есеге өседi (99,7-ден 356,5 млн. теңгеге дейiн).
"Қазақстан инжиниринг" ҰК" ААҚ
Мақсаттары мен мiндеттерi
Компания қызметiнiң мақсаты өнiмдi әртараптандыру iшкi рынокты өз өндiретін өнiммен толтыру, экспортқа бағдарланған өнiмнiң үлесiн ұлғайту болып табылады.
Көрсетiлген мақсатқа қол жеткізу үшiн мынадай мiндеттердi шешу көзделiп отыр:
кәсiпорындардың оңтайлы мөлшерге қол жеткізу үшiн жағдайлар жасау;
кәсiпорындардың өндiрiстік әлеуетiн тиiмдi пайдалану;
менеджменттiң, маркетингтiң, қаржылық есепке алудың iлгерiндi әдiстерiн енгізу;
мемлекеттік, шетелдiк, отандық инвестицияларды тарту;
ИСО 9000 халықаралық стандарты бойынша сапаның менеджмент жүйесiн енгізу.
Қойылған мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткізу жолдары
Қойылған мiндеттердi шешу үшін мынадай iс-шараларды iске асыру қажет:
өндiрiстiк алаңдар бойынша, сол сияқты жабдықтар бойынша да өндiрiстiк қуаттарды оңтайландыру;
техникалық, технологиялық және кадрлық жағынан барынша жарақтандырылған кәсiпорындарда қажеттi жұмылдыру қуаттарын сақтау және әскери өнiмнiң өндiрiсiн оқшауландыру;
өнімнің өзiндiк құнын төмендету;
бірыңғай маркетингтік саясатты әзірлеу.
2005 жылы өндiрiлетiн өнімнің көлемiн 10,4 млрд.теңгеге дейiн ұлғайту жоспарланып отыр, бұл 2004 жылғы деңгейден 39%-ғa артық.
2006 жылы өнiм өндіру 12 млрд.теңгеге дейiн ұлғаяды.
2005 жылы Компания 11,4 млрд.теңгеге дейін, 2006 жылы 13,2 млрд.теңге табыс алуды жоспарлап отыр.
Компания кәсiпорындарының инвестициялық жобалары.
1. "Петропавл ауыр машина жасау зауыты" ААҚ-тың инвестициялық даму жоспары. Мақсаты: мұнай-газ және темір жол салалары үшін жабдықтардың перспективалық түрлерiн игеру (жобаның құны: 1258 млн.теңге);
2. "Тыныс" АҚ-та композиттік баллондарды (1030,4 млн.теңге) және полиэтилен тұрбаларын (189 млн.теңге) өндiру;
3. "ЗИКСТО" АҚ-ты 2005-2007 жылдарға арналған жаңғырту және техникалық қайта жарақтау бағдарламасы (210 млн.теңге);
4. "Қазақстан Республикасының радиоэлектроника және байланыс жөнiндегі ұлттық орталығы" ААҚ-тың инвестициялық бағдарламасы. Мақсаты: бір-көптарифтi электрондық есептегiштердiң жаңа буындарын өндiру, сату және сервистік қызмет көрсету. Құны - 37,8 млн.теңге;
5. "Зенит" Орал зауыты" АҚ-тың инвестициялық бағдарламасы. Бағдарламада жаңа сыныпты теңiз кемелерiнiң өндiрiсiн игеру көзделген. Құны - 569 млн.теңге;
6. "Мұнаймаш" АҚ-тың инвестициялық бағдарламасы. "Мұнаймаш" АҚ-тың мұнай өндiретін кәсiпорындарға штангалы тереңдiк сораптарды жасау үшін технологиялық базасын жаңарту. Құны - 387,4 млн.теңге;
7. "Семей машина жасау зауыты" АҚ-тың инвестициялық бағдарламасы. Тракторларға трансмиссияларды, қосалқы бөлшектердi жасауды, "КАМАЗ" автомобильдерiне демультипликаторларды жасауды көздейді. Құны 2135 млн.теңге.
Ұлттық компанияларды дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған негiзгi
көрсеткiштерi
Орташа айлық жалақының көрсеткiштерi
(мың.теңге)
┌──────────────────────┬────────┬────────┬────────┬─────────┬───────┐
│ Компаниялардың │ 2003 ж.│ 2004 ж.│ 2005 ж.│ 2006 ж. │2007 ж.│
│ атауы │ факт │ бағалау│ болжам │ болжам │ болжам│
├──────────────────────┼────────┼────────┼────────┼─────────┼───────┤
│"KEGOC" ААҚ │ 45,7 │ 46,8 │ 48,8 │ 50,5 │52,3 │
├──────────────────────┼────────┼────────┼────────┼─────────┼───────┤
│"ҚазМұнайГаз" ЖАҚ │ 89,7 │ 95 │ 96,6 │ 99,3 │102,6 │
├──────────────────────┼────────┼────────┼────────┼─────────┼───────┤
│"Қазатомөнеркәсiп" ЖАҚ┤ 36,2 │ 43,1 │ 44,9 │ 48,6 │52,8 │
├──────────────────────┼────────┼────────┼────────┼─────────┼───────┤
│"Астана халықаралық │ │ │ │ │ │
│әуежайы" ЖАҚ │ 29,9 │ 36,8 │ 42,4 │ 44,7 │46,9 │
├──────────────────────┼────────┼────────┼────────┼─────────┼───────┤
│"Қазақтелеком" ААҚ* │ 35,6 │ 36,8 │ 38,7 │ 40,7 │ │
├──────────────────────┼────────┼────────┼────────┼─────────┼───────┤
│"Қазпочта" ЖАҚ │ 14,1 │ 15,5 │ 23,5 │ 30,4 │ 40 │
├──────────────────────┼────────┼────────┼────────┼─────────┼───────┤
│"Қазақстан темір │ │ │ │ │ │
│жолы" ЖАҚ* │ 29,8 │ 37,8 │ 39,6 │ 41,6 │ │
├──────────────────────┼────────┼────────┼────────┼─────────┼───────┤
│"ҰАТ" ЖАҚ │ 50,6 │ 42,2 │ 46,1 │ 49,8 │ 54,5 │
├──────────────────────┼────────┼────────┼────────┼─────────┼───────┤