Сапа: Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыруды қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
214-қосымша
221 - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
"Орта кәсіптік білімді мамандар даярлау"
деген 007 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 155126 мың теңге (бір жүз елу бес миллион бір жүз жиырма алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: "Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы Заңының 4-тарауы, 5 , 11, 20-баптары; "Қазақстан Республикасы ішкі істер, қылмыстық-атқару жүйесі органдарының тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызмет көрсетулерге ақшалай өтемақы алуға құқығы бар әскери қызметшілері, қызметкерлері лауазымдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 31 наурыздағы № 483 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Әділет органдарының қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлеріне қызметтік міндеттерін немесе қызметтік борышын атқару кезеңінде мертіккен кезде, ал олар қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда оны алуға құқығы бар адамдарға бір жолғы өтемақы төлеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 сәуірдегі № 299 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: қылмыстық-атқару жүйесі үшін орта білім мамандарын даярлау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: қылмыстық-атқару жүйесі үшін орта кәсіби білімді мамандарды сапалы дайындауды қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар-лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 007 | | Орта кәсіп- тік білімді маман- дар даярлау | Қылмыстық-атқару жүйесіне орта білім мамандарын даярлау жөніндегі мекемеге жүктелген функцияларды орындау үшін 218 бірлік штат саны бар Павлодар заң колледжін ұстау (компьютерлер және коммуналдық- тұрмыстық жабдық- тар сатып алу; ғимараттар мен құрылыстарға күрделі жөндеу жүргізу; қолданылатын ғимараттар мен құрылыстардың істегі қабілетін және сейсмикалық тұрақтылығын тексеру жұмыстарын жүргізу; өлшеу жұмыстарын, топографиялық- геодезиялық және инженерлік- геологиялық зерттеулер бойынша жұмыстар, ғимараттарды күрделі жөндеу жөніндегі жобалау-сметалық құжаттамаларды әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізу, оны мемлекеттік сараптамадан өткізу). Курсанттарды күндізгі және сырттай нысаны бойынша оқыту. Қылмыстық-атқару жүйесі органдарына (мекемелеріне) қызметке кандидаттардың және орта және аға басшы құрамның арнайы атағы бар адамдардың алғашқы даярлығы. | Жыл бойы | Қазақстан Республи- касы Әділет министр- лігі, Қазақстан Республи- касы Әділет министр- лігі Қылмыстық- атқару жүйесі комитеті- нің Павлодар заң колледжі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
1. курсанттарды күндізгі нысан бойынша оқыту - 300 адам, соның ішінде бірінші курсқа 150 адам қабылдау;
2. курсанттарды сыртқы нысан бойынша оқыту - 100 адам;
3. 285 адам санында қылмыстық-атқару жүйесі органдарына (мекемелеріне) қызметке кандидаттардың және орта және аға басшы құрамның арнайы атағы бар адамдардың алғашқы даярлығы;
4. курсанттарды күндізгі нысан бойынша шығару - 150 адам, соның ішінде үздік бітіргендер 23 адам;
5. курсанттарды сыртқы нысан бойынша оқыту - 108 адам, соның ішінде үздік бітіргендер 10 адам;
6. курсанттарды күндізгі нысан бойынша оқудан шығару - 6 адам;
7. курсанттарды сыртқы нысан бойынша оқудан шығару - 0 адам.
Соңғы нәтиже: қылмыстық-атқару жүйесін орта кәсіби білімді мамандармен 70% қамтамасыз ету.
Қаржы-экономикалық тиімділік: бір курсантты ұстауға жылына шартты шығындар - 175,9 мың теңге, Павлодар заң колледжінің бір қызметкерін ұстауға жылына - 469,5 мың теңге.
Уақтылылық: қылмыстық-атқару жүйесі үшін сапалы дайындықпен орта кәсіби білімді мамандармен 100% қамтамасыз ету.
Сапа: оқу орнындағы оқу деңгейін 2% арттыру;
жоғарғы оқу орнын үздік бітірген жоғарғы кәсіби білімі бар түлектердің жалпы санынан үлесі 13%.
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 214-1-қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
214-1-қосымша
221 - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
008 "Зияткерлік саланы дамытуды мемлекеттік қолдау"
деген республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 32000 мың теңге (отыз екі миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 30 наурыздағы № 80 жарлығы; «Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардық жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын орындаудық желілік кестесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 наурыздағы № 222 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: зияткерлік меншік құқықтарын қорғау Қазақстан Республикасының бірыңғай патент жүйесін дамытуды қамтамасыз ету саласында мемлекеттік саясатты іске асыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Қазақстанның авторлық құқықтарын және зияткерлік меншікті қорғау кепілі ретіндегі беделін нығайту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары.
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) атауы | Бағдарламаны (кіші бағдарламаны) іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 008 | | Зияткерлік саланы дамытуды мемлекеттік қолдау | | | |
2 | | 100 | Патент жүйесін мемлекеттік қолдау | «Астана қаласында Патент сарайын салу» инвестициялық жобаның жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу | сәуір-желтоқан | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтиже: «Астана қаласында Патент сарайын салу» жобасының жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу;
Соңғы нәтиже: зияткерлік меншік объектілерін қорғауды тиімді қамтамасыз ету, инновациялық белсенділікті арттыруға және инвестицияларды тартуға ықпал ететін патент жүйесін дамытуды жетілдіру.
Уақтылығы: жұмыс өндірісі кестесіне және жасалған шарттарға сәйкес.
Сапасы: құрылыс нормаларына және ережеге сәйкес.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
215-қосымша
221 - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
"Халыққа "жалғыз терезе" қағидаты бойынша қызмет көрсететін
орталықтардың қызметін қамтамасыз ету" деген 010 республикалық
бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Құны: 2408680 мың теңге (екі миллиард төрт жүз сегіз миллион алты жүз сексен мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексі (Салық Кодексі); Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексі; "Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы Заңының 8 , 9 , 18, 19-баптары; "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1127 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 қаңтардағы № 14 қаулысы; "Астана және Алматы қалаларында "жалғыз терезе" қағидаты бойынша халыққа мемлекеттік қызмет көрсету туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 мамырдағы № 501 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
ҚР Үкіметінің 2006.23.12. № 470с Қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: облыстардың, Астана және Алматы қалаларының халыққа қызмет көрсету орталықтарында "жалғыз терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
мүдделі мемлекеттік органдарға жүктелген функцияларды, соның ішінде салық заңнамасы саласында заңды тұлғаларды, жер учаскелеріне құқықтар мен онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу, халықты құжаттандыру мен тіркеу, азаматтық хал актілерін тіркеу және құжаттарды апостильдеу жөніндегі функцияларды барынша тиімді орындалуына қол жеткізу.
ҚР Үкіметінің 2006.23.12. № 470с Қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: халыққа уақытылы және сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету; халыққа мемлекеттік қызмет көрсету кезінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар, төрешілдік, қағазбастылық және өзге де әкімшілік кедергілерді түпкілікті жою үшін жағдайлар жасау; орталық шеңберінде ұсынылатын қызметтер бойынша халыққа ақпараттық көмек көрсету; облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы "жалғыз терезе" қағидаты бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтарын ұстау; облыстардағы халыққа қызмет көрсету орталықтарын материалдық-техникалық жарақтандыру.
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жау- апты орын- дау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 010 | | Халыққа "жалғыз терезе" қағидаты бойынша қызмет көрсететін орталық- тардың қызметін қамтамасыз ету | Халыққа қызмет көрсету орталығының 30-ын ұстау. Тиісті жұмыстар мен қызметтерге ақы төлеумен, әкімшілік ғимараттарды күрделі жөндеу, ағымдағы жөндеу және қайта жаңарту. Өтініш қабылдау мен құжаттар бойынша халыққа "жалғыз терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызмет көрсету. Автокөлік жалдау. Шығыс материалдарын сатып алу. Халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық жүйесін әкімшілік ету. Деректер беру ведомстволық желілеріне қосу, трафик ұсыну, есептеу техникасына техникалық қызмет көрсету, жергілікті желілер құру бойынша қызмет көрсетулерге ақы төлеу. Жиһаз, офистік, тұрмыстық электр жабдықтарын және есептеу техникасын сатып алу. Шағын автобустарды сатып алу. Лицензияланған бағдарламалық өнімдер сатып алу. Іске асыру мерзімі: қаңтар-желтоқсан. | Жыл бойы | Қазақстан Республи- касы Әділет министр- лігі, облыстар- дың, Алматы және Астана қалала- рының Әділет департа- менттері |
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б (бұр. ред. қара); 2006.23.12. № 470с (бұр. ред. қара) Қаулыларымен 7-тармақ өзгертілді
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Облыстарда, Астана және Алматы қалаларында халыққа "жалғыз терезе" қағидаты бойынша қызмет көрсететін 30 орталықтардың жұмыс істелуі; автокөлік жалдау - 30 бірлік; Жиһаз, офистік, тұрмыстық, электр жабдықтарын және есептеу техникасын: дербес компьютерлер, «Жеткізу жүйесі тораптары» үшін дербес компьютерлер, принтерлер, желілік принтерлер, үздіксіз қоректендіру көздері, серверлік жабдықтар, кондиционерлер, көшірме аппараттарын, шағын АТС, маршрутизаторлар, желіаралық экрандар, оңтайландырудың және халыққа қызмет көрсетуді есепке алудың цифрлық жүйесін, дизель генераторлар, телевизорлар, тоңазытқыштар сатып алу; шағын автобустар сатып алу; лицензияланған бағдарламалық өнімдер: желілік вирусқа қарсы шлюз - 24 бірлік, Windows қолданушылар лицензияларын, ДББЖ лицензияларын, МS Windows Server серверлік операциялық жүйесін, деректер базасымен басқару жүйесін сатып алу.
Соңғы нәтиже: халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру, қызмет көрсету ыңғайлығы;
Қаржы-экономикалық нәтиже: халыққа қызмет көрсету орталығының біреуін құруға және ұстауға орташа шығыстар кемінде 69795,0 мың теңге құрайды.
Уақтылылық: облыстарда, Астана және Алматы қалаларында халыққа "жалғыз терезе" қағидаты бойынша қызмет көрсету орталықтарын ұстауды және жұмыс істеуін уақытылы қамтамасыз ету.
Сапа: халыққа мемлекеттік қызмет көрсету кезінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар, төрешілдік, қағазбастылық және өзге де әкімшілік кедергілерді түпкілікті жою үшін жағдайлар жасау.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
216-қосымша
221 - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
"Түзету мекемелерінде СПИД індетіне қарсы іс-қимыл"
деген 011 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 3042 мың теңге (үш миллион қырық екі мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: "ЖҚТБ ауруының алдын-алу туралы" Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 5 қазандағы Заңы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: түзеу мекемелерінде ЖҚТБ-ның таралуын болдырмау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: түзеу мекемелерінде ЖҚТБ-ның таралуын болдырмау және қылмыстық жазасын өтеп жатқан ЖҚТБ-мен ауыратын сотталғандарды ұстау үшін жағдайлар жасау жөніндегі қажетті шаралар кешенін қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 011 | | Түзету меке- меле- рінде СПИД інде- тіне қарсы іс- қимыл | ЖҚТБ-ның таралуын 77 түзеу мекемелерінде болдырмау және қылмыстық жазасын өтеп жатқан ЖҚТБ-мен ауыратын сотталғандарды ұстауға жағдайлар жасау үшін қажетті шаралар кешенін (АИТВ-мен жұқтырылған- дардың симптоматикалық емдеуін жүргізу үшін дәрі-дәрмектер, зарарсыздандыру құралдарын және медициналық мақсатта бір рет және көп рет пайдаланатын өзге де құралдарды сатып алу; плакаттар, брошюралар, бейнефильм көшірмелерін дайындау; медициналық жабдықтарды сатып алуды ұйымдастыру және өткізу) қамтамасыз ету. | Жыл бойы | Қазақстан Республи- касы Әділет министрлі- гі, Қазақстан Республи- касы Әділет министрлі- гінің Қылмыстық- атқару жүйесі комитеті, мемлекеттік түзеу мекемелері. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
1. ЖҚТБ-ның таралуын болдырмау жөніндегі алдын-алу шараларымен қамтылған 50000 сотталғандар;
2. дайындалатын плакаттар саны - 1580 дана;
3. дайындалатын брошюралар саны - 19285 дана;
4. дайындалған бейнефильмдер көшірмелері саны - 34 дана.
Соңғы нәтиже: түзеу мекемелерінде ЖҚТБ-ның таралуын 100% болдырмау.
Қаржы-экономикалық тиімділік: ЖҚТБ-ның таралуын болдырмау және бір сотталғанды ұстауға жағдайлар жасау жөніндегі қажетті шаралар кешенін қамтамасыз ету бойынша жылына шартты шығындар - 0,1 мың теңге.
Уақытылық: ЖҚТБ-ның таралуын түзеу мекемелерінде болдырмау және ЖҚТБ-мен ауыратын сотталғандарды ұстауға жағдайлар жасау үшін қажетті шаралар кешенін 100% қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
217-қосымша
221 - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
"Тергеу-қамауға алынған адамдарды ұстау"
деген 012 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Құны: 2676568 мың теңге (екі миллиард алты жүз жетпіс алты миллион бес жүз алпыс сегіз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 31 желтоқсандағы Қылмыстық-атқару кодексі; "Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы Заңы; "Қылмыстың жасалуына сезіктілер мен айыпталушыларды күзетте ұстаудың тәртібі мен шарттары туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 наурыздағы Заңы; "Қазақстан Республикасы ішкі істер, қылмыстық-атқару жүйесі органдарының тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызмет көрсетулерге ақшалай өтемақы алуға құқығы бар әскери қызметшілері, қызметкерлері лауазымдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 31 наурыздағы № 483 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Әділет органдарының қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлеріне қызметтік міндеттерін немесе қызметтік борышын атқару кезеңінде мертіккен кезде, ал олар қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда оны алуға құқығы бар адамдарға бір жолғы өтемақы төлеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 4 сәуірдегі № 299 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: заңнамада көзделген қылмыстың жасалуына сезіктілердің, айыпталушылардың құқықтарын және заңды мүдделерін сақтауды қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құқықтық тәртіпті және тергеу изоляторындағы тергеу қамауына алынғандарды ұстау режимін қолдауды, олардың құқықтары мен заңды мүдделерінің кепілдіктерін қамтамасыз ету бойынша функцияларды орындау.
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- ламалар- дың атауы | Бағдарла- маны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзі-мі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 012 | | Тергеу- қамауға алынған адам- дарды ұстау | Құқықтың тәртіпті және тергеу изоляторындағы тергеу қамауына алынғандарды ұстау режимін қолдауды, олардың құқықтары мен заңды мүдделерінің кепіл- діктерін қамтамасыз ету бойынша функция- ларды орындау үшін 4131 бірлік штат саны бар 20 тергеу изоляторында 13405 тергеу-қамауға алынған адамдарды ұстау. Арнайы атағы бар адамдар үшін әлеуметтік аударымдар. Тергеу изоляторларын автокөлік, медициналық жабдықтарымен жарақ- тандыру, соның ішінде автокөлік құралдарын, медициналық жабдықтарды сатып алу. Тергеу изоляторлары- ның ғимараттарын, құрылыстарын және коммуникацияның инженерлік желілерін күрделі жөндеу жүргізу; тергеу изо- ляторларындағы инже- нерлік-техникалық құрылыстарды және күзет құралдарын күрделі жөндеу, қайта жаңарту бойынша жұмыстар жүргізу; қолданылатын ғимараттар мен құры- лыстардың істегі қабілетіне және сейс- микалық тұрақтылығына тексеру жұмыстарын, өлшеу жұмыстарын топографиялық-геоде- зиялық және зерттеулер бойынша жұмыстар, тергеу изоляторларының ғимараттарын, инженерлік-геологиялық зерттеулер бойынша жұмыстар, тергеу изо- ляторларының ғима- раттарын, инженерлік- техникалық құрылыста- рын және күзет құралдарын күрделі жөндеу және қайта жаңарту бойынша жобалау сметалық құжаттамаларды әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізу және оны мемлекеттік сараптама- дан өткізу. | Жыл бойы | Қазақстан Республи- касының Әділет министр- лігі. Қазақстан Республи- касы Әділет министр- лігінің Қылмыстық- атқару жүйесі комитеті және оның аумақтық органдары, тергеу изолятор- лары. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: 20 тергеу изоляторларында 13405 тергеу-қамауға алынған адамдарды ұстау.
Соңғы нәтиже: құқықтың тәртіпті және тергеу изоляторындағы тергеу қамауына алынғандарды ұстау режимін қолдауды, олардың құқықтары мен заңды мүдделерінің кепілдіктерін қамтамасыз ету бойынша тергеу изоляторларына жүктелген функцияларды 100% орындау.
Қаржы-экономикалық тиімділік: тергеу изоляторында ұсталынатын бір адамды ұстауға шартты шығындар жылына - 85,8 мың теңге, тергеу изоляторының бір қызметкерін ұстауға жылына - 365,3 мың теңге.
Уақытылық: заңнамада көзделген қылмыс жасаған сезіктілер, айыпталушылардың құқықтарын және заңды мүдделерінің сақталуын 100% қамтамасыз ету.
Сапа: тергеу-қамауға алынған адамдарды ұстау деңгейін 14,4% арттыру.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
218-қосымша
221 - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
"Тергеу изоляторларында СПИД індетіне қарсы іс-қимыл"
деген 013 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1000 мың теңге (бір миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: "ЖҚТБ ауруының алдын алу туралы" Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 5 қазандағы Заңы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: тергеу изоляторларында ЖҚТБ-ның таралуын болдырмау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері:
1) тиімді алдын-алу іс-шараларын, бірінші кезекте ЖҚТБ жұқтыру қаупі бар адамдар арасында жүзеге асыру;
2) бірінші кезекте тергеу қамауындағы адамдарды ЖҚТБ инфекциясының алдын-алу мәселелері жөніндегі ақпаратпен қамтамасыз ету;
3) тергеу изоляторларын медициналық құралдармен және жабдықтармен қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- ламалар- дың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мер- зімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 013 | | Тергеу изолятор-ларында СПИД індетіне қарсы іс-қимыл | Тергеу изоляторында ЖҚТБ-ның таралуын болдырмау (ЖҚТҚ инфекциясымен ауыратындарды симптоматикалық емдеу жургізу үшін дәрі-дәрмектер, зарарсыздандыру құралдарын және медициналық мақсатта бір рет және көп рет пайдаланатын өзге де құралдарды сатып алу) жөніндегі қажетті шаралар кеше- нін қамтамасыз ету. | Жыл бойы | Қазақстан Республи- касы Әділет министр- лігі. Қазақстан Республи- касы Әділет министр- лігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті, тергеу изолятор- лары. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
1. ЖҚТБ-ның таралуын болдырмау жөніндегі алдын-алу шараларымен қамтылған 13405 тергеу-қамауға алынған адамдар;
2. дайындалатын плакаттар саны - 1150 дана;
3. дайындалатын брошюралар саны - 8750 дана.
Соңғы нәтиже: тергеу изоляторларында ЖҚТБ-ның таралуын 100% болдырмау.
Қаржы-экономикалық тиімділігі: ЖҚТБ-ның таралуын алдын-алу және тергеу изоляторында ұсталатын бір адамды ұстау үшін жағдай туғызу бойынша қажетті шаралар кешенін қамтамасыз ету бойынша шартты шығындар жылына - 0,1 мың теңге.
Уақтылық: тергеу изоляторларында ЖҚТБ-ның таралуын болдырмау бойынша қажетті іс-шараларды 100 % қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
219-қосымша
221 - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған
"Қазақстан Республикасы азаматтарының төлқұжаттары мен жеке куәліктерін дайындау"
деген 015 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 810199 мың теңге (сегіз жүз он миллион бір жүз тоқсан тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі:
"Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы Заңының 3 , 18, 19-баптары; "Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру мен тіркеу ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 шілдедегі № 1063 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысы.