120. "Түпкiлiктi" мәртебесiмен төлеуге берiлген шотты өткiзген кезде қазынашылықтың аумақтық органы 32, 33-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша Хабарламаның (Тапсырыстың) қосымша даналарын қалыптастырады. Хабарлама (Тапсырыстар) 32, 33-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша жауапты орындаушының қолымен және мөртаңбамен куәландырылады, қазынашылықтың аумақтық органының басшысы немесе оған уәкілетті тұлға қол қояды. Хабарлама (Тапсырыс) 32-қосымшаға сәйкес нысан бойынша орындалған және тiркелген міндеттемелерге есеп жүргізу үшін мемлекеттік мекемеге беріледі. Хабарлама (Тапсырыс) 33-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік мекеменiң орындалған мiндеттемелерiн жабу үшiн қазынашылықтың аумақтық органында қалады.
121. Мемлекеттік мекеменiң бюджет қаражатын алушымен үш миллион теңгеден жоғары сомаға жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерiн тiркеу кезiнде 30, 31, 32, 33-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша Хабарлама (Тапсырыс) қалыптастырылады. Барлық даналарына қазынашылықтың аумақтық органының жауапты орындаушысы бұрыштама қояды, оның бірiншi басшысы немесе оған уәкілеттi тұлға қол қояды және мөрмен куәландырылады.
"Сипаттау" алаңында Хабарлама (Тапсырыс) 30-қосымшаға сәйкес нысан бойынша төлемдi тағайындауды сипаттаудан басқа берушiнiң ЖСК да көрсетiледi.
122. Хабарлама (Тапсырыс) 30, 31, 32-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша мемлекеттік мекемеге беріледі. Хабарламаның (Тапсырыстың) алынған даналарына мемлекеттік мекеменiң басшысы немесе оларға уәкiлетті тұлға, бас бухгалтер қол қояды және мөрмен куәландырылады.
123. Мемлекеттік мекеме 30, 31-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша бюджет қаражатын алушыға Хабарламаны (Тапсырысты) бередi.
124. Хабарлама (Тапсырыс) 30-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бюджет қаражатын алушы екiншi деңгейдегi банкке немесе банктiк операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға беріледі, онда бюджет қаражатын алушының банктiк шоты ашылған.
125. Жауапты орындаушының мөртаңбасымен куәландырылған шарт түпнұсқасының екі данасын қоса бере отырып 32-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Хабарлама (Тапсырыс) мемлекеттік мекемеге беріледі, жауапты орындаушының мөртаңбасымен куәландырылған шарттың көшiрмесiн қоса бере отырып 33-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Хабарлама (Тапсырыс) қазынашылықтың аумақтық органында қалады.
5-бөлiм. Төлемдердi жүзеге асыру тәртібi
14-тарау. Ұлттық валютада қолма-қол емес нысанда
төлемдердi жүргiзу
126. Мемлекеттік мекемелердiң төлемдерi тиiстi бюджеттердiң қолма-қол ақшасының бақылау шоттарындағы немесе мемлекеттік мекемелердiң шоттарындағы бос қалдықтардың шегінде жүргiзіледi. Тиiстi бюджеттердiң қолма-қол ақшасының бақылау шоттарының ашылуы және жабылуын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкiмшілiк-аумақтық бірлiктердi құру немесе жою кезiнде бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган жүргізедi. Қолма-қол ақшаның бақылау шоттарының жеке сәйкестендiрме кодтарын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджеттi атқару жөнiндегі уәкілетті органдарға және мемлекеттік мекемелерге тапсырады және жеткізеді.
127. Қолма-қол ақшаның тиiстi бақылау шоттарында ақшаның жетіспеушілiгi болған жағдайда бірiнші кезектегi тәртiппен қазынашылықтың аумақтық органы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң және жергілікті атқарушы органдардың шешiмдерiнде белгіленген бюджет шығыстарының басым бағыттары бойынша төлемдердi жүргізедi, қалған төлемдер кезектi тәртiппен төлеуге берілетiн шоттардың түсуiмен жүргізіледi.
128. Ақша аудару мемлекеттік мекеменiң қазынашылықтың аумақтық органына табыс етілген ақша төлеу туралы нұсқау болып табылатын төлеуге берілетiн шоттың негiзiнде жүзеге асырылады. Мемлекеттік мекеме - ақша аударушы қазынашылықтың аумақтық органына басшының немесе оларға уәкілетті тұлғаның қолымен және төлемнiң негiзділігін растайтын мемлекеттік мекеменiң мөрiмен куәландырған тиiстi құжаттардың көшiрмелерiн оған қоса бере отырып 34-қосымшаға сәйкес екі данада төлеуге берілетiн шотты көрсетедi.
129. Төлеуге берілетін шотты онда көрсетілген күннен он күнтiзбелiк күннiң iшiнде қазынашылықтың аумақтық органы қабылдайды.
"Ағымдағы" мәртебесiмен төлеуге берілетiн шот - ол алдын ала төлеудi қоса алғанда мемлекеттік мекеменiң тиiсті мiндеттемесiнің аралық төлемiн жүзеге асыру үшiн қалыптастырылатын төлеуге берілетін шот.
"Түпкілiктi" мәртебесiмен төлеуге берілетiн шот - ол мемлекеттік мекеменің тиісті мiндеттемесiнiң түпкiлiктi төлемiн жүзеге асыру үшiн қалыптастырылатын төлеуге берілетiн шот.
Мемлекеттік мекеме қазынашылықтың аумақтық органына берiлген төлеуге берілетiн шоттардың негізділігiн және растайтын құжаттардың сенімділiгiн қамтамасыз етедi.
130. Қазынашылықтың аумақтың органы төлеуге берілетін шоттарды толтырудың дұрыстығын және негiздiлiгiн тексергеннен кейiн ұсынылған төлеуге берiлетiн шоттарды енгiзедi және бекiтедi. Осы Ережеде келтiрiлген талаптарға сәйкес келмейтiн мемлекеттік мекеме берген төлеуге берілетін шоттар енгізуге және бекітуге жатпайды.
131. Қазынашылықтың аумақтық органы жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер берген бекiтілген төлеуге берілетін шоттардан пакеттердi қалыптастырады. Бюджет қаражаты есебiнен мемлекеттік мекеменiң кассалық шығыстарды жүргізу күнi 35-қосымшаға сәйкес "Мемлекеттік мекемелер бойынша төлемдер тiзiлiмi" 4-20-нысанына бекітілген төлеуге берілетін шотты енгізу күнi болып табылады.
"Төлемдi тағайындау" бағанында төлеуге берілетін шотта көзделген мәлiметтердiң негізінде үш миллион теңгеден жоғары сомаға төлем құжатын қалыптастыру кезiнде құжаттың атауы, нөмiрi және күнi көрсетіледi, оның негізінде ақшаны аудару, Хабарламаның (Тапсырыстың) нөмiрi және күнi, сондай-ақ "ағымдағы" немесе "түпкілікті" төлемдерінің мәртебесi жүзеге асырылады.
132. Бюджеттi атқару жөніндегi орталық уәкілеттi орган республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер берген бекітілген төлеуге берiлетiн шоттардан пакеттердi қалыптастырады.
"Төлемдi тағайындау" бағанында мiндетті түрде төлеуге берілетін шотта көзделген мәлiметтердiң негiзiнде үш миллион теңгеден жоғары сомаға төлем құжатын қалыптастыру кезiнде құжаттың атауы, нөмiрi және күнi көрсетіледi, оның негiзiнде ақшаны аудару, хабарламаның (тапсырыстың) нөмiрi және күнi, сондай-ақ "ағымдағы" немесе "түпкіліктi" төлемдерінің мәртебесi жүзеге асырылады.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган қалыптастырылған пакеттерден төлем құжаттарын қалыптастырады. БҚШ ақшаны есептен шығару ҚР ҰБ белгiлеген тәртiппен ҚХЕО арқылы бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жiберген төлем құжаттарының негiзiнде жүргiзіледi.
133. ҚХЕО жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша төлемдер жүргiзу кезiнде есептi айдан кейiнгi бeci күнiне дейiн төлем құжатымен бірге екі данада қағаз түрiмен, сондай-ақ магниттiк түрлермен мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің тiзiмдерi беріледі. Мемлекеттік мекеме тiзiмдердiң дұрыс жасалуын қамтамасыз етедi.
134. Қазынашылықтың аумақтық органы ағымдағы айдың жиырма бесі күнiне дейiн, ал ағымдағы қаржы жылының соңғы айында - жиырмасы күнiне дейiн жалақы бойынша төлемдер жүргiзедi.
135. Төлем жүргізгеннен кейiн төлеуге берілетін шоттың екiншi данасы және бір күн бұрын жүргiзілген төлемдер бойынша қалыптастырылған есептер төлем жүргiзу күнін көрсете отырып қазынашылықтың аумақтық органының жауапты орындаушысының қолымен және мөртаңбасымен куәландырылады және мемлекеттік мекемеге беріледі.
136. Субсидиялар төлеу бойынша төлемдер жүргiзу кезiнде бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi қазынашылықтың аумақтық органына Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық кесiмiнде көзделген төлемнің негiзділігін растайтын құжаттарды төлеуге берілетін шотпен бередi.
137. Қазынашылықтың аумақтық органы мен бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган 36-қосымшаға сәйкес "Шоттардағы қалдықтар туралы есеп" 5-34-нысаны бойынша тиiстi бюджеттердiң қолма-қол ақшасының айналымдары мен қалдықтарына бақылау шоттары бойынша ай сайын салыстыру жүргiзедi.
138. Қазынашылықтың аумақтық органы мен қызмет көрсететiн мемлекеттік мекеме арасындағы кассалық шығыстарды салыстыру 35-қосымшаға сәйкес "Шығыстар жөніндегі жиынтық есеп" 4-20-нысаны бойынша тоқсанның соңғы айынан кейiнгі айдың бірінші күні жүргiзiледi. Нысан қазынашылықтың аумақтық органы мен мемлекеттік мекемелер басшыларының қолдарымен және олардың мөрлерiмен куәландырылады.
139. Қазынашылықтың аумақтық органы қазынашылықтың аумақтық органының басшысы бекiткен мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсету кестесiне сәйкес жалақы төлеу жөніндегі операцияларды жүзеге асырады.
15-тарау. Ұлттық валютада қолма-қол ақшасыз
нысандағы төлемдер жүргiзудiң негiзділігiн
тексеру кезiнде қойылатын талаптар
140. Мемлекеттік мекеме қазынашылықтың аумақтық органына Төлеуге берілетін шоттың тiзiлiмiн қоса бере отырып төлеуге берілетін шотты бередi. 37-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Төлеуге берiлетiн шоттың тiзiлiмi - құжат, онда қазынашылықтың аумақтық органына шығыс операцияларын жүргiзу үшін мемлекеттік мекеме берген олардың орындалуын бақылау және жүргізу үшiн төлеуге берілетін шоттар көрсетіледi.
141. Мемлекеттік мекеме жасаған азаматтық құқықтық мәмілелер жөніндегі төлемдер қазынашылықтың аумақтық органында мәмілелер тiркелгеннен кейiн ғана жүзеге асырылады. Аванстық (алдын ала) төлем жүргізу үшiн мемлекеттік мекеме төлеуге берілетін шотты бередi. Берiлген тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) төлеу үшiн төлеуге берілетін шотқа берушінің тауарларының (жұмыстарының, қызметтерінің) немесе бюджет қаражатын алушының шот-фактуралары, тауарларды жеткізу туралы жүкқұжаттары (кесiмдер), жасалған шартқа сәйкес орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің актілерi қоса берiледi. 147 "Үй-жайды жалдауға ақы төлеу", 141 "Коммуналдық қызметтерге ақы төлеу", 144 "Электрэнергиясына ақы төлеу", сондай-ақ отын сатып алудан басқа 145 "Жылуға ақы төлеу" ерекшелiктерi бойынша төлемдер жүргiзу кезiнде ақы төлеу жүргізілетін есептi тоқсаннан кейiнгі айдың бірi күнi берушімен дебиторлық берешектiң болмауын растайтын салыстыру актісінің осы тармағында көрсетілген растайтын құжаттарға қосымша төлеуге берілетін шотқа беру қажет.
142. Қазынашылықтың аумақтық органы:
Төлеуге берілетін шоттардың тiзiлiмiне сәйкес мемлекеттік мекеменiң төлеуге берілетін шотын және растайтын құжаттарын қабылдайды;
төлеуге берілетін шоттарды ресiмдеудiң және растайтын құжаттардың дұрыстығын тексередi;
мемлекеттік мекеменiң қолдары мен мөрлерінің үлгiлерi бар құжатқа төлеуге берілетін шоттың қолдары мен мөрлерінің сәйкестігін
тексередi;
мемлекеттік мекеменің тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) берушімен немесе бюджет қаражатын алушымен жасаған тiркелген азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша Хабарламаның (Тапсырыстың) тиiстi деректерiмен төлеуге берiлетiн шоттың деректерiн салыстырады;
тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) берушiнiң немесе бюджет қаражатын алушының деректерiн салыстырады;
төлеуге берілетін шотта көрсетілген мәлiметтердiң растайтын құжаттардың деректерiмен сәйкестігiн тексередi.
143. Талаптар деректерi сәйкес келген кезде төлеуге берілетін шотты үш жұмыс күнiнiң iшiнде Төлеуге берілетін шоттардың тiзілiмiне сәйкес мемлекеттік мекемеден оларды қабылдау күнiнен бастап қазынашылықтың аумақтық органы орындайды. Талаптардың деректерi сәйкес келмеген кезде төлеуге берілетін шот үш жұмыс күнінің ішінде қателерiн көрсете отырып оларды жою үшін қазынашылықтың аумақтық органы басшысының қолы бар ресми хатпен қайтарылады.
16-тарау. Төлеуге берілетiн шотты ресiмдеу
144. Төлеуге берілетін шот мемлекеттік мекеме басшысының немесе оларға уәкілетті тұлғалардың қолдарын және қолдар мен мөр бедерiнiң үлгiлерi бар құжаттарға сәйкес мемлекеттік мекеме мөрiнiң бедерiн қамтуы тиiс.
145. Төлеуге берілетін шотта "ағымдағы" немесе "түпкілікті" мәртебесi көрсетiлуi тиiс. "Ағымдағы" төлеуге берілетін шот аванстық (алдын ала) төлемдi қоса алғанда Мiндеттемелердi тiркеу туралы тиiстi хабарламаны (тапсырысты) алдын ала төлеу кезiнде беріледі. "Түпкiлiктi" мәртебесi бар төлеуге берілетін шот мемлекеттік мекеменiң тиiстi мiндеттемесiнiң түпкiлiктi төлемiн жүзеге асыру үшін беріледі.
Төлеуге берілетін шоттарда нөмiрi мен күнi көрсетіледi.
146. Төлеуге берілетін шот қазынашылықтың аумақтық органына мемлекеттік мекеме берген күннен бастап үш жұмыс күнінің iшiнде орындалады.
147. "Мемлекеттік мекеме" бөлiмiнде "Атауы", "Коды", "CTH" бағандарында мемлекеттік мекеменiң атауы, тиiсiнше мемлекеттік мекеме салық төлеушiсiнiң коды және тiркеу нөмiрi толтырылады.
148. "Аумақтық қазынашылық" бағанында: облыстар, Астана, Алматы қалаларының, аудандардың қазынашылық департаменттерi, БСК 195301070, бюджеттің қолма-қол ақшасы бақылау шотының жеке сәйкестiрме коды (ЖСК) немесе мемлекеттік мекеменiң шоттары көрсетiледi, ол бойынша төлем жүргiзіледi.
149. "Қаржыландыру көзi" бағанында өзiнiң есебiнен төлем жүргiзілетін қаржыландыру көзi мынадай нышанмен көрсетiледi:
1 - үкiметтік сыртқы қарыз қаражатынан басқа бюджет есебiнен,
2 - үкiметтiк сыртқы қарыз есебiнен,
3 - мемлекеттік мекеменiң иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан түсетiн ақша есебiнен,
4 - мемлекеттік мекеменiң демеушілiк және қайырымдылық көмектен алатын ақша есебiнен,
5 - мемлекеттік мекемелердiң депозит шоттарына есептеген ақша есебiнен,
8 - айырықша шығыстар есебiнен,
I - бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкiлетті органның қазынашылық жүйесiнде ашылған аккредитив есебiнен.
150. "Бюджеттiң түрi" бағанында өзiнiң есебiнен төлем жүргiзiлетiн мынадай белгі қоя отырып, бюджет көрсетіледi:
01 - республикалық бюджет,
02 - облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерi,
03 - аудандық (облыстық бюджеттiң қалалары) бюджет.
"Шығыстардың БСК" бағаны бюджеттен немесе мемлекеттік мекеменiң иелiгінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түсетін ақша есебiнен шығыс операцияларын жүзеге асыру кезiнде толтырылады, онда дәйектi түрде мыналар көрсетіледi:
бюджеттік бағдарлама әкiмшісiнiң коды (үш белгi),
бюджеттік бағдарламаның коды (үш белгi),
бюджеттік кiшi бағдарламаның коды (үш белгi),
шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшелігінiң коды (үш белгi) - бюджет қаражаты есебiнен төлемдердi жүзеге асыру үшін мемлекеттік мекеменiң иелігiнде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан түсетiн ақша есебiнен төлемдердi жүзеге асыру кезiнде ақылы қызметтер түрiнiң коды (екі белгi) көрсетіледi.
151. "Кiрiстердiң БСК" бағаны бюджетке төлемдердi жүзеге асыру кезiнде толтырылады.
"КОд", "БЕК", "TTК" бағандарын толтыру банктiк заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.
152. Хабарламаға (Тапсырысқа) сәйкес төлем жүргiзу кезiнде тиісті өтiнiмнiң, Хабарламаның (Тапсырыстың) және тиiстi Хабарлама (Тапсырыс) бойынша соңынан төленген төлемге берілетін шоттың нөмiрi мен күнi көрсетiледi.
"Беруші" бөлiмiнде "Атауы", "Коды", "СТН" бағандарында тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) берушінің немесе бюджет қаражатын алушының атауы, салық төлеушінің немесе бюджет қаражатын алушының коды және тiркеу нөмiрi толтырылады.
153. "ЖСК", "БСК", "Банк" бағандарында тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) беруші немесе бюджет қаражатын алушы жеке сәйкестірме коды және тиiсiнше қызмет көрсететін банктің атауы көрсетіледi. Қажет болған жағдайда "Делдалдың ЖСК, БСК" бағанында қызмет көрсететiн банк нөмiрi, банктік сәйкестірме код, делдал банк шотының жеке сәйкестірме коды көрсетіледi.
154. "Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) атауы" бағанында төлемдi тағайындау, төлем жүргiзу үшiн негiз болып табылатын құжаттың атауы, нөмiрi және күні, Хабарлама (Тапсырыстың) нөмiрi және күнi, төлемнiң (ағымдағы, түпкілiкті) мәртебесi көрсетіледi. Азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша берілген тауарлар (орындалған жұмыстар, көрсетiлген қызметтер) үшiн төлемдер бойынша шартты және оның негiзiнде мемлекеттік мекеме қабылдаған тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) - жүкқұжаттарды, жасалған шартқа сәйкес орындалған жұмыстардың (көрсетiлген қызметтердiң) кесiмдер құжатын көрсету қажет. Төлемнiң аккредитивтi нысаны кезiнде аккредитивтiң ашылуы туралы өтiнiмнің нөмiрi мен күнi және "ағымдағы" немесе "түпкіліктi" төлеуге берілетiн шоттың мәртебесi көрсетіледi.
155. "Өлшем бірлiгi", "Саны", "Бағасы", "Сомасы" бағандарында тиiсiнше өлшем бірлiгі, бірлiктегi саны, теңгемен тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) құны көрсетiледi. Жұмыстар мен қызметтердiң бірыңғай өлшеуiшi болмаған кезде "Өлшем бірлiгі" бағаны толтырылмайды, "Саны" бағанына бірлiк қойылады.
"Өлшем бірлiгі", "Саны", "Бағасы" бағандары:
қайтарымсыз негізде мемлекеттік мекеме және жеке тұлғалар-бюджет қаражатын алушылар арасындағы еңбек қатынастарының негiзiнде жүзеге асырылатын;
заңды және жеке тұлғалардың ресми трансферттер бойынша; ресми трансферттер және кредиттер;
сыйақы төлеу бойынша және iшкi мен сыртқы борыштың негiзгі сомасын өтеу;
инкассалық өкiмдердi орындауға арналған шығыстар бойынша төлемдер бойынша төлеуге берілетін шоттарда толтырылмайды.
156. Тiркелген азаматтық-құқықтық мәмілелердi төлеу бойынша төлеуге берілетін шотта көрсетiлген шығыстардың бюджеттік сыныптамасының коды өтiнiмде көрсетілген шығыстардың бюджеттік сыныптамасының кодына ұқсас болуы тиiс.
157. Бюджетке түсетiн түсiмдердi және жинақтаушы зейнетақы қорына мiндетті зейнетақы жарналарын аудару жөніндегі төлеуге берілетін шотта теңгемен тұтас сома көрсетiледi, тиындарымен түпкілікті есеп айырысу жылына бір рет желтоқсан айында жүргiзiледi.
17-тарау. Шетелдiк валютада төлемдер жүргізу
158. Шетелдiк валютада төлемдердi жүргiзу бюджеттік бағдарламаның паспортында сипатталған мемлекеттік мекеменiң халықаралық қызметімен және ынтымақтастығымен байланысты iс-шараларға сәйкес жүзеге асырылады.
159. Шетелдiк валютада төлемдердi жүзеге асыру үшiн қазынашылықтың аумақтық органы мемлекеттік мекеме берген төлеуге берілетін шоттың және осы Ережеге 38-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шетелдiк валютаны сатып алуға арналған өтiнiштiң негiзiнде ұлттық валютаны шетелдiкiне айырбастауды жүргiзедi. Шетелдiк валютаны айырбастауға төлеуге берілетін шотта тауардың (жұмыстың, қызметтiң) әрбір түрінің бірлiгiнiң бағасы, құны және жалпы сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен белгiлi төлеу күнiне валютаны айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша ұлттық валютада қайта есептеледі.
Мемлекеттік мекеме отыз күнтiзбелiк күннiң iшiнде iшкi валюталық рынокта айырбасталатын валюталық қаражатты пайдаланбаған кезде қазынашылықтың аумақтық органы кейіннен бюджетке қалпына келтiре отырып тиісті бюджеттің қолма-қол ақшасының бақылау шоттарына қаражатты қалпына келтiру және аудару жөнiнде шаралар қабылдайды.
160. Шетелдiк валютаны аудару мемлекеттік мекеме өтiнімінiң негiзiнде осы Ереженiң 39-қосымшасына сәйкес нысан бойынша шетелдiк валютаны аударуға жүргiзiледi.
Шетелдiк валютаны сату кезiнде мемлекеттік мекеме қазынашылықтың аумақтық органына 40-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шетелдiк валютаны сатуға өтiнім бередi.
18-тарау. Инкассалық өкiмдердi орындау
161. Инкассалық өкiмдердi орындау мемлекеттік мекеме тиісті төлеуге берілетін шотты бергеннен кейiн жүргiзіледi.
Мемлекеттік мекеменiң шотынан ақшаны алу инкассалық өкiмдердi көрсеткеннен кейiн жүргiзiледi. Инкассалық өкiм орындаушы парақтардың немесе соттардың шешiмдерi, үкiмдерi, анықтаулары және қаулылары бойынша берілген бұйрықтардың немесе ақшаны өндiрiп алу туралы сот бұйрықтарының негізінде және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да негiздер бойынша орындауын көрсете отырып талап етіледi.
Салық (кеден) органдары берешегiнiң сомаларын өндiріп алуға арналған орындаушы құжаттар бойынша инкассалық өкiмдi мемлекеттік мекеменiң орналасқан жерi бойынша қазынашылықтың аумақтық органдарына орындауын көрсете отырып талап етіледi.
162. Инкассалық өкiм салық қызметi органдарының және кеден органдарының инкассалық өкiмдерiнiң беру жағдайларын қоспағанда Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде көзделген нормалардың негiзiнде орындаушы құжаттардың түпнұсқаларын немесе осы өндiрiп алудың негізділігiн растайтын көшiрмелерiн қоса бере отырып қазынашылықтың аумақтық органына беріледі. Инкассалық өкiмде төлемдi тағайындау көрсетіледi және ақшаны жіберушінің келісімiнсiз ақшаны алу құқығын көздейтiн заңнамалық кесiмге мәміле жасалады.
Мемлекеттік мекемелер көрсеткен атқарушы құжаттар бойынша талаптарды қанағаттандыру ағымдағы жылға бөлiнген бюджет қаражаттары, сондай-ақ шығыстардың функционалдық сыныптамасының бағдарламасы, кiшi бағдарламасы және бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасының тиiстi ерекшелігі бойынша мемлекеттік мекеменiң иелігінде қалған тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан алынған ақша есебiнен соңында жүргізіледi.
163. Қазынашылықтың аумақтық органы орындаушы құжаттар бойынша инкассалық өкiмдердi алған күнi инкассалық өкiмнiң көшiрмелерін қоса бере отырып хат-хабарламаны қалыптастырады және оның атына өкiм (бұдан әрі - Борышқор) шығарылған мемлекеттік мекемеге бередi. Мемлекеттік мекеме өзiнiң жоғары тұрған мекемесiн-бюджеттік бағдарламаның (егер Борышқор бюджеттік бағдарламаның әкімшісі болып табылмаса) әкімшісін хабардар етеді.
Мемлекеттік мекеме хат-хабарламаны алғаннан кейiн екі жұмыс күнiнiң iшiнде қазынашылықтың аумақтық органына инкассалық өкiм түскеннен кейiн тиісті төлемдi жүргізу үшін төлеуге берiлетін шотты қалыптастырады. Тиiсті ерекшелік бойынша жоспарлы соманың қалдығы жетпеген немесе болмаған кезде мiндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына өзгерістер енгізіледі және осы Ережеде белгiленген тәртiппен шығыстардың экономикалық сыныптамасының тиiстi ерекшелiктерi бойынша рұқсат беру жүргiзiледi.
Мемлекеттік мекеме тиісті ерекшелiк бойынша сомалар болмаған жағдайда хат-хабарламаны алған сәттен бастап үш жұмыс күнінің iшiнде шығыстардың бюджеттік сыныптамасының кодын көрсете отырып хатты қазынашылықтың аумақтық органына бередi, ол бойынша қазынашылықтың аумақтық органы шығыс операцияларының жүргiзiлуiн тоқтатады. Көрсетілген хатты мемлекеттік мекеме бермеген кезде қазынашылықтың аумақтық органы 110 "Жалақы", 120 ""Жұмыс берушілердің жарналары" кiшi сыныптарын қоспағанда "Әкiмшiлiк шығыстары" бағдарламасы бойынша шығыс операцияларын жүргізудi сап тияды.
Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiне сәйкес атқарушы құжаттар бойынша инкассалық өкiмдердi уақытылы орындауды қамтамасыз етедi. Қазынашылықтың аумақтық органы мемлекеттік мекеменiң қаржыландырудың жеке жоспарын тиiсті өзгерткеннен және төлеуге берiлетін шотты соңынан бергеннен кейiн инкассалық өкiмдi орындайды.
164. Берешек сомасын өндiрiп алуға арналған салық қызметі органдарының және кеден органдарының инкассалық өкімі шығыстардың бюджеттік сыныптамасының тиiстi коды бойынша берiлген рұқсаттар қалдығының шегiнде орындалады. Соманы өндiрiп алуға арналған салық қызметi органдарының және кеден органдарының инкассалық өкімін аумақтық салық органдары мемлекеттік мекеменің орналасқан жерi бойынша қазынашылықтың аумақтық органдарына орындауын көрсете отырып талап етеді.
Мемлекеттік мекемеге талап етiлетiн салық қызметі органдарының және кеден органдарының инкассалық өкімдерiн қанағаттандыру Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шығыстардың бюджеттік сыныптамасының тиісті кодтары бойынша жүргiзiледi.
Салық қызметі органдарының және кеден органдарының инкассалық өкімін ала отырып қазынашылықтың аумақтық органы бір жұмыс күнінің ішінде инкассалық өкiмнiң көшiрмелерiн қоса бере отырып хат-хабарламаны қалыптастырады және мемлекеттік мекемеге жiбередi.
Мемлекеттік мекеме хат-хабарламаны алған күнi шығыстардың бюджеттік сыныптамасының тиiсті коды бойынша төлеуге берілетін шотты қазынашылық аумақтық органына қалыптастырады және бередi.
Осы тармақта белгіленген нормалар орындалмаған жағдайда қазынашылықтың аумақтық органы салық (кеден) органдарының инкассалық өкiмдерiнiң орындалу кезеңiне мемлекеттік мекеменiң әкiмшілiк шығыстарын жұмсауды тоқтатады.