«Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң резервiнен қаражат бөлу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 қазандағы № 1025 Қаулысы
Осы редакция 2005 ж. 21 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртiппен 2005 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шұғыл шығындарға арналған резервiнен:
Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігіне Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының лауазымды адамдарын шетелге iссапарға жiберу жөнiндегі шығыстарды төлеу үшін 35000000 (отыз бес миллион) теңге сомасында және өкілдiк шығындарды талап ететiн халықаралық iс-шараларды өткізу жөніндегі шығыстарды төлеу үшiн 30000000 (отыз миллион) теңге сомасында;
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Бәсекелестiкті қорғау комитетiне жүктелген мiндеттер мен функцияларды орындау үшiн 5000000 (бес миллион) теңге сомасында;
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне агроөнеркәсiптiк кешен мәселелерi бойынша республикалық кеңес өткізуге 7097500 (жетi миллион тоқсан жетi мың бес жүз) теңге сомасында қаражат бөлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзіледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |