2005 ж. 15 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылған 7 тармақтың редакциясы
7-бап. Жәрдемақы мөлшері
Жәрдемақы Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген жеңілдіктер тізбесін негізге ала отырып, арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алуға құқығы бар азаматтарға тағайындалады.
Жәрдемақы тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңда бекітілген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің өзгерісін ескере отырып төленеді.
Жәрдемақы мынадай:
1) Ұлы Отан соғысына қатысушыларға - 15 айлық есептік көрсеткіш;
2) Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне - 15 айлық есептік көрсеткіш;
3) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдарға - 2,4 айлық есептік көрсеткіш;
4) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлты Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдарға - 2,7 айлық есептік көрсеткіш;
5) Ұлты Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге отырған жесірлеріне - 2,7 айлық есептік көрсеткіш;
6) қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) әскери қызметшілердің отбасыларына; Чернобыль АЭС-дағы апаттың зардаптары және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі және басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жою кезінде қаза тапқан адамдардың отбасыларына; сәуле ауруы салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектердің, сондай-ақ қайтыс болуы Чернобыль атом электр станциясындағы апат және басқа да радиациялық апаттар, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілерде болған авариялар және ядролық сынақтар әсеріне белгіленген тәртіпте байланысты болған азаматтардың отбасыларына - 2,8 айлық есептік көрсеткіш;
7) қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және оларға теңестірілген мүгедектердің әйелдеріне (ерлеріне), сондай-ақ қайтыс болып соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын әрекет жасаушылардың, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинградтың тұрғынына" белгісімен марапатталған азаматтардың, жалпы ауру-сырқаудың, жұмыста мертігудің немесе басқа да себептердің (құқыққа қарсыларын қоспағанда) салдарынан мүгедек деп танылғандардың екінші рет некеге отырмаған әйелдеріне (ерлеріне) 0,9 айлық есептік көрсеткіш;
7-1) Кеңес Одағының Батырларына, Социалистік Еңбек Ерлеріне, үш дәрежелі Даңқ, үш дәрежелі Еңбек Даңқы ордендерінің иегерлеріне - 9,0 айлық есептік көрсеткіш;
8) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталған адамдарға - 1,0 айлық есептік көрсеткiш, мемлекеттік наградалармен марапатталмаған, соғыс жылдарында 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығындағы кезеңде кемiнде алты ай жұмыс iстеген тыл еңбеккерлеріне - 1,0 айлық есептiк көрсеткіш;
8-1) 1988-1989 жылдары Чернобыль АЭС-сындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысушылар, қоныс аудару күнiнде құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймағынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылғандар (өз еркімен кеткендер) қатарындағы адамдарға - 0,5 айлық есептік көрсеткiш;
9) біріншi және екiншi топтардағы мүгедектерге - 1,4 айлық есептік көрсеткіш;
10) үшiншi топтағы мүгедектерге - 0,6 айлық есептік көрсеткіш;
11) он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға - 0,9 айлық есептік көрсеткіш;
11-1) он алтыдан он сегіз жасқа дейiнгi мүгедек балаларға:
бірінші - екінші топтағыларға - 1,4 айлық есептік көрсеткiш;
үшiншi топтағыларға - 0,6 айлық есептік көрсеткiш;
12) "Алтын алқамен", "Күміс алқамен" марапатталған немесе бұрын "Ардақты ана" атағын алған, біріншi және екiншi дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға, бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары (оның ішінде олар кәмелетке толғаннан кейін жоғары және арнаулы орта оқу орындарында оқитын балалары - олар оқу орнын аяқтаған уақытқа дейін) бар көп балалы отбасыларына - 1,9 айлық есептік көрсеткіш;
13) жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына, саяси қуғынсүргіннен зардап шеккен, мүгедектігі бар немесе зейнеткерлер болып табылатын адамдарға - 1,0 айлық есептік көрсеткіш;
14) Қазақстан Республикасына ерекше сіңіргені үшін зейнетақы тағайындалған адамдарға - 1,0 айлық көрсеткіш мөлшерінде тағайындалады.