экспорттық қызмет саласындағы бiрлескен iс-әрекеттердi үйлестіру деңгейiн жақсартумен бiрыңғай мемлекеттік сауда саясатын жүргiзудiң тиiмдiлігін арттыру.
Бүгiнгi күнi "Сауда-өнеркәсiп палаталары туралы" заң жобасы бойынша және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанынан Сарапшылар кеңесiн құру жөнiнде жұмыстар жүргiзілiп жатыр.
Бұдан басқа, елдердің сыртқы экономикалық қызметi өкiлдерi арасындағы сауда-экономикалық байланысты кеңейту қажеттігі бар. Бүгiнгi күнi бұл Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда Өкiлдігінiң (бұдан әрi - Өкiлдiк) қызметiмен iске асырылуда. Өкiлдiк қызметiнiң шеңберінде Индустрия және сауда министрлігінiң бастамаларының бiрi жақын арадағы перспективада ресей рыногында жұмыс iстейтiн қазақстандық компаниялардың бизнес-клубын құру мүмкiндiгi болып табылады. Өйткенi көпжақты iскерлiк байланыстарды жандандыру мақсатында осындай көмекшi құрылымдарды құру бизнес қауымында жағымды қабылдануда.
9. Адами капиталды дамыту
9.1. Білім берудi дамыту және
жоғары білімдi мамандарды даярлау
Білім беру саласындағы негiзгi мiндеттер:
барлық деңгейдегi білiм беру ұйымдарының жұмыс iстеуiнiң нормативтiк құқықтық базасын жетілдіру;
12 жылдық білім беруге көшу үшін нормативтік құқықтық және ұйымдық жағдайлар жасау;
"Бiлiм беру" мемлекеттік бағдарламасын, "Ауыл мектебi" салалық бағдарламаларын iске асыру;
оқыту сапасының өлшемдерi мен оқушылардың білiмi мен педагогтардың қызметін бағалаудың өлшемдері жүйесін енгізу, білім беру бағдарламаларының сапасын жақсарту, білім беру қызметтер көрсетуiн таңдау құқығын беру;
білім сапасын тәуелсiз бағалау жүйесiн жетілдіру, оның ішiнде бiрыңғай ұлттық тестілеу жүйесін және жоғары оқу орындарында білім алушыларды аралық аттестаттауды енгізу.
Жалпы орта білім беру жүйесін дамыту мынадай бағыттарда жүзеге асырылады:
базистік оқу жоспарларының және білiм берудiң тиiсті деңгейлерi үшін экологиялық, экономикалық, азаматтық білім берудi, оқудың барлық сатылары үшін оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендердi, бiрiншi кезекте, мемлекеттік тілде бiрдей даярлауды ескеретiн пәндiк оқу бағдарламаларының жаңа түрлерiн әзiрлеу мен енгізу;
ауылдық жердегі білім берудiң материалдық-техникалық базасын және кадрлық әлеуетін кезекпен нығайту;
білім беру ұйымдарының қолданыстағыларын сақтау және жаңа түрлерi мен типтерiн дамыту, әсiресе, мүмкіндiктерi шектеулi балалар үшiн, мамандандырылған білім беру ұйымдары желiлерiн дамыту;
ауылдық және шағын комплектілі мектептiң тиiмдi моделін әзiрлеу және кезең-кезеңмен енгізу;
оқу процесiне қашықтықтан оқыту әдiстерiн әзiрлеу және енгізу;
ауыл халқының білім беру қызметтерiмен қамтамасыз етiлу деңгейiн теңестіру;
мамандандырылған білім беру ұйымдары желiсін дамыту және талантты және дарынды балаларды дамыту үшін жағдайлар жасау;
білім беру ұйымдарын қазiргі заманғы жабдықтармен және аспаптармен, компьютерлiк техникамен жарақтандыру және 2005 жылға мектептердiң кемiнде 75%-ын Интернетке қосу;
білім беру ұйымдарына арналған оқулықтарды түгендеу және оларға сапалы сараптама жасау.
Жоғары оқу орнынан кейiнгi білім беру жүйесін одан әрi дамыту мақсатында iс-шаралар мынадай бағыттарда:
мамандарды даярлау жүйесін халықаралық талаптарға сәйкес жетілдiру;
жоғары білім мамандықтары бойынша жалпыға міндетті мемлекеттік стандарттарды әзiрлеу және енгізу;
жоғары оқу орнынан кейiнгi білім берудiң (магистратура, докторантура) білім беру бағдарламаларын әзiрлеу;
педагогикалық мамандықтар бойынша мемлекеттік тапсырысты 5 мың бiрлiкке ұлғайту;
магистратурада кадрлар даярлауға мемлекеттік тапсырысты ұлғайту;
ғылыми кадрлар (PhD докторлары) даярлау;
жастарға мемлекеттік білім гранттары мен мемлекеттік білім кредиттерін беру тетігiн жетілдіру;
жоғары оқу орындарына қойылатын талаптарды қатаңдату және олардың желілерiн оңтайландыру жөнiнде шаралар қабылдау;
студенттердi даярлаудағы, оқытушылардың білiктілігін арттырудағы және оларды қайта даярлаудағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ бiрлескен ғылыми зерттеулер жүргізу iске асырылатын болады.
9.2. Кәсiптiк орта білімді мамандар мен
жұмысшы кадрларды даярлау жүйесін дамыту
Кәсіптік орта білімдi мамандар мен білiктi жұмысшы кадрларды даярлау саласындағы негізгі мiндеттер:
оқу орындарының оңтайлы желісін құру және өндiрiстің ең жаңа талаптарына сәйкес сапалы білім берудi қамтамасыз ету жолымен кәсіптiк және техникалық білім берудi дамытудың концептуалдық жолдарын айқындау;
кәсiптiк білім берудi және елдiң әлеуметтік-экономикалық дамуының сұраныстарына сәйкес кадрларды даярлауды қаржыландыру жүйесiн жетілдіру;
кәсіптiк орта және бастауыш білім беретін оқу орындарының оқу-материалдық базасын жаңарту және дамыту;
орта және бастауыш кәсіптiк білім берудiң, ортадан кейiнгi кәсіптік білім берудiң, бiрiктiрiлген курстардың, оқытудың электрондық құралдарының арнайы пәндерi бойынша оқулықтарды және оқу-әдiстемелiк кешендердi әзiрлеу;
ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша мемлекеттік тапсырысты ұлғайту;
жаңа технологиялар мен ғылыми-техникалық прогресс жетiстіктеріне сәйкес оқу орындарының инженер-педагог кадрларын отандық және шетелдік жұмыс берушiлердiң инвестициялары есебiнен даярлау, қайта даярлау және олардың біліктiлігін арттыру;
базалық колледждерде агроөнеркәсіптік кешен үшiн мамандар даярлау, қайта даярлау және білiктiлігін арттыру жөніндегі өңiрлiк орталықтар құру;
мамандар даярлау, қайта даярлау және олардың білiктілiгін арттыру мәселелерi бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамыту болады.
Бұл бағыттарды iске асыру үшін:
кәсiптік орта және бастауыш білім, ортадан кейiнгі кәсіптік білім беретiн оқу орындарының оқу-материалдық базасын жаңарту және дамыту, кәсіптік орта және бастауыш білім берудiң, ортадан кейiнгi кәсiптiк білім берудің, бiрiктiрiлген курстардың, оқытудың электрондық құралдарының арнайы пәндерi бойынша оқулықтарды және оқу-әдiстемелiк кешендердi әзiрлеу көзделедi.
Техникалық және кәсiптiк білім, ортадан кейiнгi кәсіптік білім берудiң жалпыға міндетті мемлекеттік стандарттарын әзiрлеу.
Кәсіптік орта және бастауыш білім, ортадан кейiнгі кәсіптiк білім берудiң мамандықтары бойынша білім беру бағдарламаларын әзiрлеу.
Кәсіптік бастауыш және орта білім беру саласында әлеуметтік әрiптестiктi жандандыру жөнiнде шаралар қабылдау.
9.3. Ғылым мен инновацияларды дамыту
Ғылыми-техникалық және инновациялық саясаттың мақсаты ғылым мен техниканың жетiстiктерiн пайдалану, теңдестірiлген инновациялық-өндiрiстік инфрақұрылымды қалыптастыру және елдiң жалпы iшкi өнiмiнде шикiзат құрайтын бөлiгi жоғары технологиялық экспорттық өнiмге ауыстыру негiзiнде елдің экономикасын дамыту үшiн қажетті жағдайлар мен қолайлы орта жасау болып табылады.
Ғылым мен технологиялардың iлгерілеген бағыттарының қатарында көлiк және коммуникация, биотехнология, электроника мен ақпараттық технология, жаңа материалдар, ядролық және ғарыштық технологиялар, басқарудың автоматтандырылған өндiрiстiк модулдерi және басқа салаларда ғылымды қажетсінетiн өндiрiс құрған жөн.
Осыған байланысты бiрiншi кезектегі мiндеттер:
республиканың әлеуметтiк-экономикалық дамуының қажеттілiктерiне және әлемдiк ғылымның дамуының үрдiстерiне сәйкес iргелi зерттеулер бағдарламаларының басым бағыттарын қалыптастыру және iске асыру;
қолданбалы зерттеулердiң экономиканың базалық салаларының қажеттіліктерiн ғылыми-технологиялық қамтамасыз етуге бiріншi кезекте бағытталуы, экспорттық әлеуетті және импорт алмастыруды арттыру;
ұлттық инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру;
ғылыми-техникалық саладағы және инновациялық қызметтегі халықаралық ынтымақтастықты кеңейту;
өндiрушілердiң оларға берiлген әртүрлi жеңiлдiктер мен преференциялар арқылы ғылыми жетiстiктердi енгізуге мүдделілігін арттыру; өңiрлерде ғылымды дамыту жөнiнде жүйелi шаралар қабылдау;
ғылым саласындағы шағын және орта кәсiпкерлiкті, оның iшiнде венчурлық бизнестi дамыту, осы үшiн зейнетақы қорларының, жеке тұлғалардың және басқа да инвесторлардың қаражатын тарту;
ғылыми-технологиялық саланы ресурстық қамтамасыз ету, өнеркәсiп пен білім берудi бiрiктiру болып табылады.
Бюджеттiң қаржылық қаражатын, кадрлық және ғылыми-техникалық әлеуеттi ғылымның басты бағыттарына, бiрiншi кезекте - өндiрiсте тиiмдi дамыту, ел экономикасы нақты секторының мұқтаждарын қамтамасыз етуге республикада iске асырылатын ғылыми-техникалық және инновациялық бағдарламаларды пәрмендi үйлестірудi қамтамасыз етуге жұмылдыру мақсатында ғылымды басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру қажет.
Күш-жiгердi Қазақстанның бәсекеге қабiлетi салаларына шоғырландыру қажет.
Орта мерзімдi кезеңнің ерекше сипаты жаңалықтарға жедел ден қоятын икемдi, ұтқыр технологиялар мен өндiрiстер құруға бағдар алу болуы тиiс. Ғылыми зерттеулер мен әзiрлемелердің негiзгi бағыттары дамушы салаларға барынша бағдарлануы тиiс.
Ғылыми әзiрлемелердi коммерцияландыру, оларды шаруашылық айналымға енгізу, зияткерлiк меншiктi бағалау жүйесiн қалыптастыру және ғылыми-техникалық өнiмдер мен инновациялар рыногы үшiн жағдай жасау қажет.
Ғылыми зерттеулер нәтижелерiн коммерцияландырудың ықтимал жолдарының бiрi ғылыми-техникалық саладағы шағын кәсiпкерлiктi дамыту болып табылады. Әлемдiк тәжiрибе көрсеткендей шағын инновациялық бизнестiң қалыптасуы кезеңiнде оған мемлекеттік қолдау көрсету қажет.
Қазақстанның стратегиялық мүдделерiн негiзге ала отырып, мыналарды жүзеге асыру қажет:
ғылымды қаржыландыруды кезең-кезеңiмен ұлғайту;
экономиканың индустриялық-инновациялық дамуын қамтамасыз ететiн қолданбалы ғылыми зерттеулер мен тәжiрибе-конструкторлық әзiрлемелердiң басым бағыттарының тiзбесiн қабылдау;
қазақстан экономикасының технологиялық артта қалуын еңсеру және құрылымдық жағынан қайта құру үшін бiрiншi дәрежелi маңызы бар ғылым салаларына мемлекеттік қолдау көрсету және ғылыми кадрлар даярлауды басымдықты түрде жүргізу;
оларға қызметiнiң бастапқы кезеңiнде мемлекет тарапынан қаржылық және ұйымдастырушылық қолдау көрсету жолымен жоғары оқу орындарын, ғылыми-зерттеу ұйымдарын, өнеркәсiп орындарын бiрiктіретiн, ғылымды өндiрiспен бiріктіретiн өнеркәсiп пен білім берудің жаңа ұйымдастыру формаларын (технопарктер, технополистер, инновациялық орталықтар, технологиялық инкубаторлар, ғылыми-технологиялық аймақтар және т.б.) дамыту және қолдау;
жаңа әзiрлемелердi өнеркәсіпте игеруге, технологиялық жабдықтарды жаңалауға әрi халықаралық стандарттар талаптарына сай өнiмдер шығаруға iрi кәсіпорындардың мүдделілiгін арттыру жөніндегі экономикалық және ұйымдастыру тетiктерін iске қосу;
зияткерлiк меншiктi қорғау, патенттердi пайдалану олар ғылыми зерттеулердiң соңғы жетiстiктерін пайдаланған кезде шетелдiк және отандық инвесторлармен құқықтық қатынастар орнату саласындағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіру;
отандық және шетелдiк қаржы институттарымен бiрлесіп венчурлық инновациялық қорлар құру, инновациялық жобаларды венчурлық қаржыландыру тетіктерін әзiрлеу және iске асыру;
инновациялық сала үшін мамандар даярлау мақсатында республика жетекшi университеттерiнің және Қазақстан Республикасы Президентінiң жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясының базасында инновациялық жобаларды басқару жөніндегі менеджерлер, инновациялық кәсiпорындар үшін инженерлiк-техникалық мамандар даярлауға, сондай-ақ мамандарды қайта даярлауға бағдарланған кешендi білім беру бағдарламасын әзiрлеу;
шетелдiк озық технологияларды тарту жүйесін құру;
отандық ғылым мен технологиялар жетiстiктерін жылжыту мақсатында технологиялар, менеджмент, жаңа тауарлар мен қызметтер көрсету және нақты сектордың ғылыми техникалық әзiрлемелермен қамтамасыз ететін талдау саласындағы отандық әзiрлемелердің деректер банкiн жасау жөніндегі жұмысты жалғастыру.
9.4. Халықтың әл-ауқатын арттыру
9.4.1. Халықтың кiрiстерi
Мемлекеттік табыс саясатының мақсаты еңбекақы төлеудің жалпы деңгейін көтеру, ең төменгi еңбекақы мөлшерін ұлғайту, зейнетақы және басқа да әлеуметтiк төлемдер мөлшерiн арттыру болып табылады. Аталған мақсатты iске асыру үшiн мынадай мiндеттердi шешу көзделедi:
еңбек етуге көтермелеудi, кәсiпкерлiк қызметтен түсетін табыстарды арттыру;
әрбiр азаматтың экономикалық қызметтiң әрбiр түрiнде еңбек етуiне мүмкiндiк жасауды қамтамасыз ететін заңнамалық базаны жетілдіру;
мемлекеттік мекемелердiң мемлекеттік қызметшілер және қазыналық кәсiпорындардың жұмыскерлерi болып табылмайтын қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесін жетiлдiру;
азаматтар тұрмысының сандық әрi сапалық өлшемдерін көрсететін әлеуметтiк қамсыздандыру және әлеуметтік қызмет көрсету нормативтерін әзiрлеу.
Еңбекақы төлеудi одан әрi арттыруға, ең төменгi еңбекақы мөлшерін көбейтуге, зейнетақы және әлеуметтiк төлемдер мөлшерін арттыруға, әлеуметтiк нормативтердi жетілдіруге бағытталған бiрқатар нормативтік құқықтық актілер қабылданады. Ең төменгi еңбекақы мөлшерінің өсуi зейнетақының ең төменгi мөлшерінiң өсуiнен озып отырады.
Мемлекеттік қызметшi болып табылмайтын мемлекеттік мекемелер және қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесін жетілдіру жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады.
Еңбек бойынша нормативтiк база жасау (еңбек нормалары, қызметшiлер лауазымдарының білiктілiк сипаттамалары, жұмысшы кәсiптерiнiң тарифтiк-біліктілiк сипаттамалары) жөніндегі жұмыс жалғастырылады.
9.4.2. Шағын кәсіпкерлiктi дамыту және орташа тапты құру
Мақсат - шағын кәсіпкерлікті дамытуға, оның негiзiнде мемлекеттiң жетекшi тiрегi және мемлекеттің негізгі тұрақтандырушы факторы - орташа тапты қалыптастыруға бағытталған институционалдық жағдайларды жетiлдiру.
Мыналар:
шағын кәсiпкерлiк үшін салық ауыртпалығын жеңiлдету;
лицензияланатын қызмет түрлерін және заңдарда көзделген басқа да рұқсат беру рәсiмдерін қысқарту, сондай-ақ оларды беру тәртібін жеңiлдету;
шағын кәсіпкерлiктің кредит ресурстарына қол жеткізуiн қамтамасыз ету;
шағын кәсiпкерлiктi қолдаудың мемлекеттік және мемлекеттік емес институттары қызметінің тиімдiлiгiн арттыру;
кәсiпкерлiкті мемлекеттік реттеу жүйесін оңтайландыру негiзгi мiндеттер болып табылады.
Орта мерзiмдi кезеңге арналған негiзгі бағыттары:
шағын кәсiпкерлiкті салықтық әкiмшiлiктендiру жүйесiн жетiлдiру;
шағын кәсiпкерлiктi қаржылық-кредиттік және инвестициялық қолдау жүйесiн дамыту;
шағын кәсiпкерлiк инфрақұрылымын дамыту;
оқыту, шағын кәсiпкерлiктi ақпараттық, ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз ету және насихаттау;
нормативтік құқықтық базаны кәсiпкерлiк мәселелерi бойынша жүйелеу және жетiлдiру болып табылатын Қазақстан Республикасында шағын кәсiпкерлікті дамытудың және қолдаудың 2004-2006 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын және оны iске асыру жөніндегі Iс-шаралар жоспарын iске асыру жалғасады.
Жүргiзiлген зерттеулер негiзiнде шағын бизнеске салық салу, оны қаржылық қолдау жүйесін одан әрi жетілдiруге бағытталған шаралар жүйесiн әзiрлеу, шағын бизнестiң "көлеңкеден" шығуын ынталандыру, шағын бизнес саласындағы халықаралық сапа стандарттарын енгізу, инновациялық бизнестi дамыту, қысқарту, өңiрлік деңгейге беру және оларды беру рәсiмдерін жеңiлдету арқылы лицензияланатын қызмет түрлерiн оңтайландыру көзделуде.
Тауарлар мен қызметтердiң ішкi рыногы өндiрiсi қуаттарды дамыту бөлiгiнде шетелдiк капитал үшiн айтарлықтай шағын әрi тартымдылығы жеткіліксiз екендігін ескере отырып, мемлекет қаржылық даму институттары арқылы басты инвестор болуға тиiс.
Осыған байланысты шағын бизнесті даму институттарымен бiрiктiру, атап айтқанда перспективалық инновациялық жобаларды қаржыландырудың тиiмдi тетiктерiн әзiрлеу қажет.
9.5. Кедейшілiк пен жұмыссыздықты азайту
Кедейшілік пен жұмыссыздықты азайту саласындағы негiзгi мақсат экономикалық өсу, жұмыспен қамтудың өнiмдiлiгi, еңбек рыногындағы белсендi саясат және халық табысын көбейту, кедейлердiң денсаулық сақтау және білім беру қызметтерiне қол жетімділігін арттыру, әлеуметтік қорғаудың атаулылығын жақсарту және шешiмдер қабылдауға қоғамдық институттарды тарта отырып, мемлекеттік басқарудың тиiмділігін арттыру үшін жағдайлар жасау болып табылады.
Аталған мақсатқа жету үшiн мынадай мiндеттердi шешу көзделедi:
елдiң тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз ету;
шағын бизнесті қоса алғанда кәсіпкерлiкті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау;
қосымша жұмыс орындарын құру, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және шағын кредит беру, жұмыссыздарды кәсіптік оқыту, білiктілігін арттыру және қайта даярлау есебiнен еңбек рыногындағы белсендi шараларды одан әрi дамыту және жетілдіру;
денсаулық сақтау, білім беру секторларындағы мемлекеттік қызмет көрсетудің тиiмдiлігін әрi қол жетiмдiлігін арттыру;
халықтың кедей және осал топтарының мүдделерiнде атаулы әлеуметтiк көмек көрсету тетiктерiн жетілдiру;
елдегi кедейшiлiктi азайтуда мемлекеттік басқарудың тиiмдiлігін арттыру;
жұмыспен қамтудың белсендi нысандарын дамыту бағытында нормативтік құқықтық базаны жетiлдiру, ішкi еңбек рыногын қорғау, елдің еңбек ресурстарын тиiмдi пайдалануды қамтамасыз ету арқылы жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету;
еңбек рыногының икемдiлiгiн арттыру, мақсатты халық топтарына кiретiн адамдарды тиiмдi қолдауды қамтамасыз ету;
азаматтардың еңбек және кәсiпкерлік бастамашылығын қолдау;
жұмыс орындарын құру мониторингi бойынша ақпараттық базаны жасау, республикаға шетелдiк жұмыс күшiн тарту кезiнде қазақстандық азаматтарды даярлау және қайта даярлау;
еңбек қатынастарын заңдастыру, жұмыс орындарын құру және еңбек рыногында азаматтарды кәсіптік даярлауды арттыру;
халықты жұмыспен қамту саласындағы нормативтік құқықтық және әдiстемелiк базаны, халықты жұмыспен қамту саласындағы қолданыстағы заңнаманы жетiлдiру, халықты жұмыспен қамту саласындағы XEҰ-ның негізгі конвенцияларын бекіту жөніндегі шараларды iске асыру;
еңбек рыногының негiзгi көрсеткiштерiнiң тұрақты мониторингін, сондай-ақ орталық және жергіліктi органдардың жұмысын жұмыссыздық проблемаларын шешу тұрғысынан бағалауды жүзеге асыру;
жұмыссыздық проблемалары бойынша зерттеу жұмыстарын жүргiзу;
еңбек көшi-қонын реттеу жолымен еңбек ресурстарының ұтқырлығын қамтамасыз ету.
Аталған проблеманы жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыру жолымен шешуге кешендi көзқарасты, базалық білім мен денсаулық сақтау қызметтерiне қол жетiмдiліктi жақсарту, әлеуметтік көмектiң атаулылығын арттыру және басқа да шараларды iске асыруды көздейтiн Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 26 наурыздағы № 296 қаулысымен бекiтілген Қазақстан Республикасында кедейлiктi азайту жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламаны iске асыру жалғасады.
Бағдарлама шеңберiнде халықтың әлеуметтік осал топтарын мемлекеттік қолдау жөнiнде мынадай шаралар көзделген:
зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерлерін жыл сайын ұлғайту және оларды уақтылы төлеу;
отбасының жан басына шаққандағы кiрiсiне байланысты атаулы әлеуметтiк көмек көрсету;
жетiм балаларды білім алуы және жұмысқа орналасуы үшiн жағдайлармен қамтамасыз ету;
мүгедектердi қоғамға бiрiктiру, мемлекеттік тапсырыстарды жұмысшыларының көпшілігін мүгедектер құрайтын, мамандандырылған кәсіпорындарға орналастыру, протездік-ортопедиялық бұйымдарды шығаруды ұйымдастыру, жәрдемақыларды уақтылы төлеу.
Баланың тууына байланысты берiлетін бiр жолғы жәрдемақыны енгізуден басқа бiр жасқа толғанға дейiн бала күтімiне байланысты берiлетiн жәрдемақыны көздейтін балаларды қорғаудың тұтас жүйесiн құру ұйғарылып отыр. Отбасының жан басына шаққандағы кiрiсiне байланысты балалар жәрдемақысын қосымша енгізу көзделуде.
Атаулы әлеуметтiк көмек беру тетіктерiн де, сондай-ақ кiрiс деңгейiн бағалау әдiстемесін де жетілдіру жалғасатын болады. Еңбекке жарамды халыққа сондай-ақ қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру, қайта оқыту және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу бағдарламалары арқылы да әлеуметтік көмек көрсетiлетін болады.
2005 жылдан бастап әлеуметтiк тәуекелдер туындаған: еңбек ету қабілетiнен айрылған, асыраушысынан айрылған немесе жұмысынан айрылған жағдайға мiндеттi әлеуметтік сақтандыру жүйесiн енгізудi көздейтiн "Мiндетті әлеуметтiк сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізіледi.
Әлеуметтік нормативтердi: ең төменгi күнкөрiс деңгейiн, ең аз еңбекақыны, ең аз зейнетақыны айқындау әдiстемесiн одан әрi жетілдіру жоспарлануда. Әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерi мен өсуi нақты әлеуметтік-экономикалық табиғаты бар нормативке сүйене отырып есептелетін болады. Бiрыңғай және тұрақты әлеуметтiк нормативтер еңбекақыны да, әлеуметтік төлемдердi де кезең-кезеңмен арттырудың негізi болады.
Институционалдық көмектiң дәстүрлi нысандары - қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйлерiн ұстаумен қатар, белгілi бip тұрғылықты жерi жоқ азаматтарға арналған әлеуметтік бейiмдеу орталықтарын, әлеуметтік қонақүйлердi, аз қамтамасыз етiлгендерге арналған асханаларды және т.б. ашу сияқты атаулы институционалдық көмек түрлерiн де дамыту көзделіп отыр.
Мыналарды:
медициналық-әлеуметтік сараптама институтын одан әрi жетілдірудi;
протездiк-ортопедиялық бұйымдарды өндiру индустриясын дамытуды;
мүгедектердi оңалту және оларды қоғамға бiрiктiру үшін қолданылатын мамандандырылған әлеуметтік қызметтер саласын дамытуды көздейтін Мүгедектердi оңалтудың 2002-2005 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жалғасады.
Халықтың тұрған үй проблемалары, бiрiншi кезекте оны арзандату тұрғысында шешiледi. Осы саясатты iске асыру үшін 2005-2007 жылдар iшiнде тұрғын үй салуға өзге көздерден басқа, 150 миллиард теңгеге жуық мемлекет қаражаты инвестицияланатын болады.
Еңбек заңнамасын одан әрi жетiлдiру еңбекшiлердiң құқықтарын қорғауға, азаматтардың еңбек еркiндігіне конституциялық құқығын iске асыру үшiн жағдайлар жасауға бағытталатын болады. Жеке және ұжымдық шарттар жасасу тетiгін жетілдіру, қысқа мерзiмдi жеке еңбек шарттарын жасауды, нормадан тыс жұмыстарды, шектеу, еңбек жағдайларын жақсарту жөнiнде шаралар қабылдау ұйғарылып отыр.
Гендерлiк тең құқылылыққа қол жеткізу үшін әйелдердiң еңбек жағдайларын жақсартуға бала туу функциясын және елдегi демографиялық ахуалды жақсартуды ескере отырып, олардың құқықтарын қорғауға бағытталған арнайы нормалардың негiзi қаланады.
Жастар мен халықтық әлеуметтік осал топтарының мүдделерiн қорғау жөнiнде шаралар қабылдау жоспарлануда.
Әлеуметтік әрiптестіктiң рөлi артып, аясы кеңейедi. Әлеуметтік диалог еңбек дауларының алдын алуға және оларды шешуге, сондай-ақ жұмыспен қамту мен әлеуметтiк қорғау мәселелерiн шешуде жәрдемдесуге бағытталатын болады.
2004 жылы Халықты жұмыспен қамтудың 2005-2007 жылдарға арналған кешендi бағдарламасы қабылданады.
9.6. Халықты әлеуметтік қамсыздандыру
Қаржылық тұрақтылық және мемлекет, жұмыс берушi мен жұмыскер арасында жауапкершілiктi бөлу негiзгi сипаты болып табылатын әлеуметтік қамсыздандырудың үш деңгейлi жүйесін құру.
Көрсетілген мақсатты iске асыру үшін мынадай міндеттердi шешу керек: мемлекеттік әлеуметтік стандарттарды еуропалық стандарттарға кезең-кезеңмен жақындату;
негiзгi әлеуметтiк тәуекелдердi (еңбекке жарамсыздық, асыраушысынан айрылу, жұмысынан айрылу) әлеуметтік сақтандыруды дамыту;
әлеуметтік қызметтерге қол жетімділiктi кеңейту және олардың сапасын арттыру;
халықты әлеуметтiк қамсыздандырумен қамту үшін жағдайлар жасау және әлеуметтiк қамсыздандыру схемаларын жеке таңдау үшін мүмкіндiктер беру;
әлеуметтiк қамсыздандыру жүйесінiң жұмыс істеуін қамтамасыз ететiн институттарды одан әрi дамыту.
2005 жылы мемлекеттік әлеуметтiк жәрдемақы мөлшерi бiріншi топтағы мүгедектерге 3 айлық есептік көрсеткiшке (АЕК), екіншi топтағы мүгедектерге 2,5 АЕК-ке, үшіншi топтағы мүгедектерге 2 АЕК-ке, 16 жасқа дейiнгi мүгедектерге 3 АЕК-ке және асыраушысынан айрылу жағдайына байланысты жәрдемақы бiр айлық есептiк көрсеткiшке дейін ұлғайтылады.
"Қазақстан Республикасындағы арнайы мемлекеттік жәрдемақы туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуiрдегі Заңына Ұлы Отан соғысының мүгедектерi мен қатысушылары жәрдемақысының мөлшерін 15 АЕК-ке дейiн ұлғайту жөнiнде өзгерістер енгiзіледi.
9.7. Денсаулық сақтау
Денсаулық сақтаудың орта мерзiмдi жоспарының мақсаты медициналық қызметтер сапасы мен қол жетiмдiлiгін жақсартуға бағытталған жүйелi шараларды жүзеге асыру болып табылады.
Мыналарды:
бастапқы медициналық-санитарлық көмектi;