09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
3) дәйектеме ақпараттық мақсатта жүзеге асырылатын жағдайда, орындаушылықтан, фонограммадан, эфирлiк немесе кәбiлдiк хабар тарату ұйымының хабарынан шағын үзiндiлер түрiнде дәйектеме келтiруге жол берiледi. Бұл ретте, эфирлiк немесе кәбiлдiк хабар тарату ұйымының коммерциялық мақсатта жарияланған фонограмма даналарын эфирге беру, жалпы жұрттың назарына кәбiл арқылы хабарлау үшiн немесе жалпыжұрттың назарына жеткiзу үшiн пайдалануының қандайы болса да осы Заңның 39-бабындағы ережелердi сақтаған жағдайда ғана мүмкiн болады;
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
4) осы Заңның 18-26-баптарының ережелерiнде белгiленген ғылым, әдебиет және өнер туындылары авторының мүлiктiк құқықтарын шектеуге қатысты өзге де жағдайларда жол берiледi.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Осы Заңның 37-40-баптарының ережелерiнен тыс орындаушының, фонограмма жасаушының, эфирлiк немесе кабельдiк хабар тарату ұйымының келісімiнсiз хабарлар мен эфирлiк немесе кәбiлдiк хабар тарату ұйымының хабарларын және олардың жазбаларын таратуға, сондай-ақ фонограмманы тек қана жеке мақсат үшiн қайташығаруға жол берiледi. Осы Заңның 26-бабына сәйкес сыйақы төленген жағдайда фонограмманы көшiрмелеуге жол берiледi.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Егер қысқа мерзiмге пайдаланылатын жазба немесе көшiрме эфирге хабар тарату ұйымының өз жабдықтары көмегiмен және өзiнiң жеке хабары үшiн жүзеге асырылса, орындаушының, фонограмма жасаушының және эфирлiк немесе кәбiлдiк хабар тарату ұйымының орындаушылықты, қойылымды немесе хабарларды қысқа мерзiмге пайдалануға жазып алуды жүзеге асыруға, мұндай жазбаларды көшiрмелеуге және коммерциялық мақсатта жарияланған фонограммаларды көшiрмелеуге рұқсат алуына қатысты осы Заңның 37, 38, 40-баптарындағы ережелер мынадай жағдайларда:
1) эфирге хабар тарату ұйымы осы тармақ ережелерiне сәйкес қысқа мерзiмде пайдалануға жасалатын жазбаны немесе сондай жазбаның фонограммасын көшiрмелеудi жүзеге асыруға қатысты қойылымның өзiн, орындаушылықты немесе хабарды эфирге беруге алдын-ала рұқсат алғанда;
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
2) эфирге хабар тарату ұйымы осы Заңның 25-бабының ережелерiне сәйкес ғылым, әдебиет және өнер туындыларының қысқа мерзiмге пайдалануға жасайтын жазбасына қатысты белгiленетiн мерзiм iшiнде, оның тек құжаттық сипатының негiзiнде ресми мұрағаттарда сақталуы мүмкiн жазбасын қоспағанда, оны жойғанда қолданылмайды.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
4. Осы бапта көзделген шектеулер фонограмманы, орындаушылықты, қойылымды, эфирлiк немесе кәбiлдiк хабар тарату ұйымының хабарын және олардың жазбаларын, сондай-ақ соларға енгiзiлген ғылым, әдебиет және өнер туындыларын қалыпты пайдалануға зиянын тигiзбей, сондай-ақ орындаушының, фонограмма жасаушының, эфирлiк немесе кабельдiк хабар тарату ұйымының және аталған туындылар авторларының заңды мүдделерiне нұқсан келтiрмей қолданылады.
42-бап. Сабақтас құқықтардың қолданылу мерзiмi
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Осы тарауда көзделген орындаушыға қатысты құқықтар алғашқы орындалудан немесе қойылымнан кейiн елу жыл бойы күшiн сақтайды. Осы Заңның 37-бабында белгiленген орындаушының есiмiн, орындаушылықты немесе қойылымды кез-келген бұрмалаудан немесе орындаушының ар-намысына және қадiр-қасиетiне нұқсан келтiруi мүмкiн өзге де қолсұғушылықтан қорғау құқықтарының қорғалуына шек қойылмайды.
2. Осы тарауда көзделген фонограмманы жасаушыға қатысты құқықтар фонограмма алғаш жарияланғаннан кейiнгi елу жыл бойына, егер осы мерзiм iшiнде фонограмма жарияланбаған болса, ол алғаш жазылып алынғаннан кейiнгi елу жыл бойы күшiн сақтайды.
3. Осы тарауда көзделген эфирде хабар тарату ұйымына қатысты құқықтар мұндай ұйым эфирде алғашқы хабар таратуды жүзеге асырғаннан кейiн елу жыл бойы күшiн сақтайды.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
4. Осы тарауда көзделген кабельдiк хабар тарату ұйымына қатысты құқықтар мұндай ұйым кабель арқылы жалпы жұрттың назарына арналған алғашқы хабарлауды жүзеге асырғаннан кейiн елу жыл бойы күшiн сақтайды.
5. Заңды түрде жария болған немесе жасалған кезiнен бастап, егер олар жарияланбаған болса, осы Заң күшiне енген күннен бастап елу жыл мерзiм өтпеген радио және телехабарлар (эфирге хабар тарату) қалған мерзiмде сабақтас құқықтар объектiсi ретiнде қорғалады.
6. Осы баптың 1, 2, 3, 4-тармақтарында көзделген мерзiмдердi есептеу оның басталуына негiз болатын заңды жәйт орын алған жылдан кейiнгi жылдың бірiншi қаңтарынан басталады.
7. Егер орындаушы қуғын-сүргiнге ұшырап, қайтыс болғаннан кейiн ақталған жағдайда, осы бапта көзделген құқықтарды қорғау мерзiмi ол ақталған жылдан кейiнгi жылдың бірiншi қаңтарынан бастап күшiне енедi.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
8. Осы баптың 1, 2, 3, 4-тармақтарында аталған орындаушылықты, қойылымды, фонограмманы, эфирлiк немесе кәбiлдiк хабар тарату ұйымдарының хабарларын пайдалануға рұқсат ету және мерзiмдердiң қалған бөлiгi шегiнде сыйақы алу құқығы орындаушының, фонограмма жасаушының, эфирлiк немесе кабельдiк хабар тарату ұйымының мұрагерлерiне (заңды тұлғаларға қатысты құқық мұрагерлерiне) ауысады.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 9-тармақпен толықтырылды
9. Орындаушылыққа, қойылымға, фонограммаға, эфирлiк немесе кәбiлдiк хабар тарату ұйымдарының хабарына сабақтас құқықтардың қолданылу мерзiмiнiң өтуi олардың қоғам игiлiгiне айналғанын бiлдiредi.
Қоғам игiлiгiне айналған сабақтас құқықтар объектілеріне қатысты осы Заңның 34-42-баптарының ережелерi ескерiле отырып, осы Заңның 29-бабының ережелерi қолданылады.
IV Тарау. Мүліктік құқықтарды ұжымдық басқару
43-бап. Мүлiктiк құқықтарды ұжымдық басқарудың мақсаттары
1. Ғылым, әдебиет және өнер туындыларының авторлары, орындаушылар, фонограмма жасаушылар немесе өзге де авторлық және сабақтас құқықтар иелерi өздерiнiң мүлiктiк құқықтарын iс жүзiне асыру мақсатында олардың мүлiктiк құқықтарын ұжымдық негiзде басқаратын ұйымдар құруға құқылы.
2. Мүлiктiк құқықтарды ұжымдық негiзде басқаратын ұйымның коммерциялық iспен айналысуға, сондай-ақ ұжымдық негiзде басқару үшiн алған туындыларды және сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануды жүзеге асыруға құқығы жоқ.
3. Әртүрлi құқықтар мен құқық иелерiнiң түрлi санаттары бойынша жекелеген ұйымдар, не құқық иелерiнiң бір санатының мүдделерiне сай түрлi құқықтарды басқаратын ұйымдар, не құқық иелерiнiң түрлi санаттарының мүдделерiне сай құқықтардың бір түрiн басқаратын ұйымдар құруға жол берiледi. Мұндай ұйымдарды тiкелей авторлық және сабақтас құқықтар иелерi құрады және олар солардан алған өкiлеттiк шегiнде, жарғы негiзiнде әрекет етедi.
4. Мүлiктiк құқықтарды ұжымдық басқаруға өкiлеттiктi тiкелей авторлық және сабақтас құқықтар иелерi жазбаша шарттар негiзiнде ерiктi түрде, сондай-ақ осындай құқықтарды қарайтын шетелдiк ұйымдармен жасалған тиiстi шарттар бойынша бередi.
5. Мүлiктiк құқықтарды ұжымдық негiзде басқаратын ұйымдардың жарғылары осы Заңның талаптарына сай келетiн ережелерден тұруға тиiс. Авторлардың мүлiктiк құқықтарын ұжымдық негiзде басқаратын ұйымды тiркеуден бас тартуға осы Заңның талаптары, сондай-ақ қоғамдық ұйымдарды тiркеу тәртібін белгiлейтiн заңдар бұзылған жағдайда жол берiледi.
6. Аталған ұйымның қызметiне басшылықты мүлiктiк құқықтарын оның өзi басқаратын авторлық және сабақтас құқық иелерi жүзеге асырады. Сыйақының мөлшерiне және пайдаланушылармен лицензиялық шарт жасасу ережелерiне, жиналған сыйақыны бөлу және төлеу әдiсiне және мұндай ұйым қызметiнiң өзге де принциптi мәселелерiне қатысты шешiмдер қабылдауды тек қана авторлық және сабақтас құқық иелерi жалпы жиналыста алқалы түрде жүзеге асырады.
7. 09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
44-бап. Мүлiктiк құқықтарды ұжымдық негiзде басқаратын ұйымдардың қызметi
1. Кез келген автор, оның мұрагерi немесе осы Заңның III тарауына сәйкес қорғалатын авторлық және сабақтас құқықтардың өзге де иесi өздерiнiң мүлiктiк құқықтарын мүлiктiк құқықтарды ұжымдық негiзде басқаратын ұйымға беруге құқылы, ал ұйым, егер құқықтардың мұндай санатын басқару осы ұйымның жарғылық қызметiне жататын болса, бұл құқықтарды ұжымдық негiзде жүзеге асыруды өз мойнына алуға мiндеттi. Аталған ұйымдардың ұжымдық негiзде басқару үшiн алынған туындыларды және сабақтас құқықтардың объектілерін пайдалануға құқығы жоқ.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2. Осы Заңның 43-бабының 3-тармағына сәйкес алынған өкiлеттiктер негiзiнде мүлiктiк құқықтарды ұжымдық негiзде басқаратын ұйым туындыларды және сабақтас құқықтар объектілерін пайдаланудың тиiстi тәсiлдерiне пайдаланушылармен лицензиялық шарттар жасасады. Мұндай лицензиялық шарттар оларда көзделген тәсiлдермен, осы Заңның 43-бабының 3-тармағына сәйкес ұйымға басқаруға берiлмегендерiн қоса алғанда, барлық туындылар мен сабақтас құқық объектілерін пайдалануға рұқсат бередi. Мұндай лицензиялық шарттардың талаптары бір санаттағы барлық пайдаланушыларға бірдей болуға тиiс. Аталған ұйымдардың пайдаланушыға лицензиялық шарт жасасудан жеткiлiктi негiздерсiз бас тартуға құқығы жоқ.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
3. Лицензиялық шарт жасасқан пайдаланушылар уәкiлеттi органда мемлекеттік тiркеудi жүзеге асыруға және тиiстi үлгiдегi мемлекеттік тiркеу куәлiгiн алуға мiндеттi.
4. Авторлық және сабақтас құқықтар иелерiнiң туындылар мен сабақтас құқықтардың объектілерін осындай лицензиялық шарттар бойынша пайдалану мен байланысты пайдаланушыларға қоятын барлық ықтимал мүлiктiк талаптарын лицензиялық шарттар жасасқан ұйым реттеуге тиiс.
5. Мүлiктiк құқықтарды ұжымдық негiзде басқаратын ұйым талап етiлмеген сыйақыны бөлiнетiн сомаға қоса отырып немесе ұйым есепшотына түскен күннен бастап үш жыл өткенше өзi өкiлi болып табылатын авторлық және сабақтас құқықтар иелерiнiң мүдделерiне сай басқа мақсаттарға айналымға сала отырып сақтауға құқылы.
45-бап. Мүлiктiк құқықтарды ұжымдық негiзде басқаратын ұйымдардың атқаратын қызметтерi
Мүлiктiк құқықтарды ұжымдық негiзде басқаратын ұйым өзi өкiлi болып табылатын авторлық және сабақтас құқықтар иелерiнiң атынан әрi олардан алынған өкiлеттiк негiзiнде мынадай қызметтердi атқаруға:
1) мұндай ұйым басқарып отырған құқықтарды пайдалануға пайдаланушылармен лицензиялық шарттар жасасуға;
2) сыйақы мөлшерiн және лицензиялық шарттар жасалған басқа да жағдайларды пайдаланушылармен келiсуге;
3) бұл ұйым лицензиялық шартын жасаспай, осындай сыйақы жинаумен шұғылданатын жағдайларда сыйақы мөлшерiн пайдаланушылармен келiсуге (осы Заңның 26-бабы және 39-бабының 2, 3-тармақтары);
4) лицензиялық шартта көзделген сыйақыны және (немесе) осы баптың 3-тармағында көзделген сыйақыны жинауға;
5) осы баптың 4-тармағына сәйкес жиналған сыйақыны өзi өкiлi болып табылатын авторлық және сабақтас құқықтар иелерiне бөлуге және төлеуге;
6) осындай ұйым басқаратын құқықтарды қорғауға қажеттi кез-келген заңды әрекеттердi жасауға тиiс.
46-бап. Мүлiктiк құқықтарды ұжымдық негiзде басқаратын ұйымдардың мiндеттерi
1. Мүлiктiк құқықтарды ұжымдық негiзде басқаратын ұйымның қызметi мұндай ұйым өкiлi болатын авторлық және сабақтас құқықтар иелерiнiң мүддесiне сай жүзеге асырылады. Бұл мақсатта ұйым төмендегi мiндеттерi атқаруға:
1) авторлық және сабақтас құқықтардың иелерiне сыйақы төлеумен бірге олардың құқықтарын пайдаланғаны туралы мәліметі бар есептер берiп тұруға;
2) осы Заңның 45-бабындағы 1-тармақтың ережелерiне сәйкес жиналған сыйақыны авторлық және сабақтас құқықтардың иелерiне бөлу және төлеу үшiн пайдалануға тиiс. Бұл орайда ұйым жиналған сыйақыдан өзiнiң мұндай сыйақыны жинауға, бөлуге және төлеуге кеткен нақты шығының өтеуге қажеттi соманы, сондай-ақ өзi өкiлi болып табылатын авторлық және сабақтас құқықтар иелерiнiң келісімiмен және солардың мүддесiне сай сол ұйым құрған арнайы қорларға жіберілетін соманы ұстап қалуға құқылы;
3) туындыларды және сабақтас құқықтар объектілерін нақты пайдалануына қарай осы тармақтың 2)-тармақшасында аталған соманы шегерiп отырып, жиналған сыйақыны бөлуге және ұдайы төлеп отыруға тиiс.
2. Осы Заңның 45-бабының 1-тармағында көзделген сыйақыны ұйымның жинауына өкiлеттiк бермеген авторлық және сабақтас құқықтар иелерi жүргiзiлген бөлуге сәйкес ұйымнан өздерiне тиесiлi сыйақының төленуiн талап етуге, сондай-ақ бұл ұйым пайдаланушыларға берген рұқсаттардан өз туындылары мен сабақтас құқықтар объектілерін шығарып тастауға құқылы.
47-бап. Мүлiктiк құқықтарды ұжымдық негiзде басқаратын ұйымдардың қызметiн бақылау
1. Авторлардың мүлiктiк құқықтарын ұжымдық негiзде басқаратын ұйым өз қызметiне бақылау жасайтын уәкiлдiк берiлген орынға өз қызметi туралы мынадай ақпарат беруге мiндеттi:
1) мұндай ұйымның жарғысына және өзге де құрылтай құжаттарына енгiзiлген өзгерістер туралы;
2) мұндай ұйымның осыған ұқсас құқықтарды басшылыққа алған шетелдiк мекемелермен жасасқан екiжақты және көпжақты келісімдерi туралы;
3) жалпы жиналыстың шешiмдерi туралы;
4) талап етiлмеген сыйақылар туралы мәлiметтердi қоса алғанда, осындай ұйымның жылдық балансы, жылдық есебi және оның қызметiн аудиторлық тексеру туралы;
5) осындай ұйымның атынан уәкiлдiк берiлген адамдардың тектерi туралы.
2. Мүлiктi құқықтарды ұжымдық негiзде басқаратын ұйымдардың жұмысын бақылайтын уәкiлдiк берiлген орган мұндай ұйымнан оның қызметiнiң осы Заңға, қоғамдық бірлестiктер туралы заңға және өзге де заңдарға, сондай-ақ мұндай ұйымның жарғысына сәйкестiгiн тексеру үшiн қосымша қажеттi ақпарат талап етуге құқылы.
V Тарау. Авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау
48-бап. Авторлық және сабақтас құқықтардың бұзылуы
Осы Заңда көзделген авторлық және сабақтас құқықтарды бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес азаматтық, қылмыстық және әкiмшiлiк жауаптылық туындайды.
09.07.04 ж. № 586-II ҚР Заңымен 48-1-баппен толықтырылды
48-1-бап. Авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілерін пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың қызметiне бақылау жасау
1. Авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілерін пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың қызметiне бақылау жасауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
2. Осы баптың 1-тармағында аталған тұлғалар уәкiлеттi органның сұратуы бойынша пайдаланылған туындылар немесе сабақтас құқықтар объектiлерi, авторлық құқық немесе сабақтас құқықтар объектілерін пайдалану нәтижесiнде түскен табыстар туралы мәлiметтер, сондай-ақ авторлық сыйақы төлемдерiне қатысты мәлiметтер мен құжаттар беруге мiндеттi.
49-бап. Авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау
1. Авторлық және сабақтас құқықтарды қорғауды сот:
1) құқықтарды тану;
2) құқық бұзылғанға дейiнгi жағдайды қалпына келтiру;
3) құқықты бұзатын немесе оның бұзылуына қауiп төндiретiн әрекеттердi тыю;
4) айырылып қалған пайданы қоса алғанда, шығындардың орнын толтыру;
5) құқық бұзушы авторлық және сабақтас құқықтарды бұзу салдарынан тапқан табысты өндiрiп алу;
6) Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген, жалақының жиырмадан елу мыңға дейiнгi ең төменгi мөлшерi, ал ЭЕМ-ға арналған бағдарламаның немесе деректер базасы авторларының құқығын бұзғаны кезде жалақының бес жүзден елу мыңға дейiнгi ең төменгi мөлшерi сомасында өтем төлеу арқылы жүзеге асырылады. Зиянның орнын толтырудың немесе табысты өндiрiп алудың орнына өтемақы мөлшерiн сот белгiлейдi;
7) олардың құқықтарын қорғауға байланысты заң актілерінде көзделген өзге де шаралар қолдану арқылы жүзеге асырады.
Осы тармақтың 4), 5), 6)-тармақшаларында аталған шаралар авторлық және сабақтас құқықтар иелерiнiң таңдауына қарай қолданылады.
2. Iс қаралғанға дейiн судья туындылар мен фонограммалардың контрафактілік деп жорамалданған даналарын жауапкердiң дайындауына, көшiрмелеуiне, сатуына, пайдалануына тыйым салу туралы жеке-дара ұйғарым шығаруға құқылы. Судья туындылар мен фонограммалардың контрафактілік деп жорамалданған даналарын, сондай-ақ оларды дайындау мен көшiрмелеуге арналған материалдар мен жабдықтарды пайдалануға тыйым салу және алып қою туралы ұйғарым шығаруға да құқылы.
3. Сот туындының немесе фонограмманың контрафактілік даналарын, сондай-ақ оларды көшiрмелеуге пайдаланылатын материалдар мен жабдықтарды тәркiлеу туралы шешiм шығаруға құқылы. Туындының немесе фонограмманың контрафактілік даналары оның талап етуi бойынша авторлық немесе сабақтас құқықтардың иесiне берiлуi мүмкiн не соттың шешiмi бойынша жойылуға тиiс. Оларды көшiрмелеуге пайдаланылған материалдар мен жабдықтар соттың шешiмi бойынша жойылуға не мемлекет кiрiсiне берiлуге тиiс.
Қазақстан Республикасының