Осы редакция 2005 ж. 22 қарашадағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
7-тарау. Түсімдерді бюджеттер деңгейлері арасында бөлу
46-бап. Республикалық бюджетке түсетiн түсiмдер
1. Республикалық бюджетке түсетiн салықтық түсiмдер:
1) корпорациялық табыс салығы;
2) қосылған құнға салынатын салық, соның iшiнде Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген тауарларға, орындалған жұмыстар мен көрсетiлген қызметтерге және Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға қосылған құн салығы;
3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға акциздер;
ҚР 13.12.04 ж. № 11-III Заңымен 4) тармақша өзгертілді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді )
4) шикi мұнайға, газ конденсатына акциздер;
ҚР 13.12.04 ж. № 11-III Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді )
5) экспортталатын шикi мұнайға, газ конденсатына салынатын рента салығы;
ҚР 13.12.04 ж. № 11-III Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді )
6) үстеме пайдаға салынатын салық;
7) бонустар;
8) роялти;
9) Қазақстан Республикасының жасалған келісім-шарттар бойынша өнiмдi бөлу жөніндегі үлесi;
ҚР 13.12.04 ж. № 11-III Заңымен 9-1) тармақшамен толықтырылды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді )
9-1) қызметiн өнiмдi бөлу туралы келісім-шарт бойынша жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемi;
10) жергiлiктi маңызы бар мемлекеттік ақылы автомобиль жолдары арқылы автокөлiк құралдарының жүрiп өткенi үшiн алынатын алымнан басқа, Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп өткенi үшiн алым;
11) телевизиялық және радиохабар ұйымдарына радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсат бергенi үшiн алынатын алым;
12) теңiз, өзен кемелерi мен шағын көлемдi кемелердi мемлекеттік тiркеу үшiн алынатын алым;
ҚР 22.10.04 ж. № 601-II Заңымен 46-баптың 1-тармағы 12-1) тармақшамен толықтырылды
12-1) кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын мемлекеттік тiркеу үшiн алынатын алым;
13) дәрiлiк заттарды мемлекеттік тiркегенi үшiн алынатын алым;
14) азаматтық әуе кемелерiн мемлекеттік тiркегенi үшiн алынатын алым;
15) радиоэлектрондық құралдарды және жиiлiгi жоғары құрылғыларды мемлекеттік тiркегенi үшiн алынатын алым;
16) қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын бергенi үшiн төленетiн төлем;
17) радиожиiлiк спектрiн пайдаланғаны үшiн төленетiн төлем;
18) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшiн төленетiн төлем;
19) жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төленетiн төлем;
20) кеме жүретiн су жолдарын пайдаланғаны үшiн төленетiн төлем;
21) республикалық маңызы бар жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастырғаны үшiн төленетiн төлем;
22) әкелiнетiн және әкетiлетiн тауарларға кеден баждары;
23) кеден бақылауын және кеден рәсiмдерiн жүзеге асырудан түсетiн түсiмдер;
24) отандық тауар өндiрушiлердi қорғау шаралары ретiнде алынатын баждар;
25) консулдық алым;
26) Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартқа сәйкес, Қазақстан Республикасында жасалған ресми құжаттарға мемлекеттік органдардың апостил қойғаны үшiн мемлекеттік баж;
27) Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары мен жеке куәлiктерiн бергенi үшiн мемлекеттік баж;
28) жүргiзушi куәлiктерiн бергенi үшiн алынатын мемлекеттік баж;
29) көлiк құралдарын мемлекеттік тiркеу туралы куәлiктер бергенi үшiн алынатын мемлекеттік баж;
30) мемлекеттік тiркеу нөмiрiнiң белгiлерiн бергенi үшiн алынатын мемлекеттік баж;
31) мемлекеттік нотариат кеңселерi нотариустарының нотариаттық iс-әрекет жасағаны үшiн алынатын мемлекеттік баж болып табылады.
2. Республикалық бюджетке түсетiн салықтық емес түсiмдер:
1) республикалық меншiктен алынатын кiрiстер:
республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың таза табысы бөлiгiнiң түсiмдерi;
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің таза табысы бөлiгiнiң түсiмдерi;
республикалық меншiктегi мемлекеттік акциялар пакеттерiне дивидендтер;
республикалық меншiктегi заңды тұлғаларға қатысу үлесiне кiрiстер;
республикалық меншiктегi мүлiктi жалға беруден алынатын кiрiстер;
екiншi деңгейдегi банктердiң шоттарында мемлекеттік сыртқы қарыздардың қаражатын орналастырғаны үшiн және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінiң депозиттерi бойынша сыйақылар (мүдделер);
республикалық бюджеттен берiлген кредиттер бойынша сыйақылар (мүдделер);
қару-жарақ пен әскери техниканы сатудан түсетiн кiрiстер;
республикалық меншiктен түсетiн басқа да кiрiстер;
2) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзуден түсетiн түсiмдерi;
3) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуларды өткiзуден түсетiн ақша түсiмдерi;
4) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетiнен (шығыстар сметасынан) қамтылатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсiмпұлдар, санкциялар, өндiрiп алулар;
5) республикалық бюджетке түсетiн салықтық емес басқа да түсiмдер болып табылады.
3. Негiзгi капиталды сатудан республикалық бюджетке түсетiн түсiмдер:
1) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітілiп берiлген мемлекеттік мүлiктi сатудан түсетiн;
2) мемлекеттік материалдық резервтен тауарлар сатудан түсетiн;
3) мемлекетке тиесiлi материалдық емес активтердi сатудан түсетiн ақша болып табылады.
4. Республикалық бюджетке ресми трансферттердiң түсiмдерi:
1) облыстық бюджеттерден, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерiнен түсетiн ресми трансферттер;
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке түсетiн нысаналы трансферттер болып табылады.
5. Республикалық бюджеттен берiлген кредиттердi өтеуден, мемлекеттің республикалық меншiктегi қаржы активтерiн сатудан, үкiметтiк қарыздардан түсетiн түсiмдер республикалық бюджетке есептеледi.