7) 18-бапта:
1-тармақ «тек өз мақсаты үшін» деген сөздерден кейін «және табыс алмай» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақтың 4) тармақшасы «репродукциялауға» деген сөзден кейін»(репрографиялық қайта шығаруға)»деген сөздермен толықтырылсын;
8) 26-баптың 1-тармағында:
«орындаушының» деген сөзден кейін», дыбыс-бейнежазу туындысын шығарушының» деген сөздермен толықтырылсын;
«жеке мақсатта» деген сөздерден кейін «және табыс алмай» деген сөздермен толықтырылсын;
9) 28-баптың 1, 4, 5, 6, 9-тармақтарындағы «елу» деген сөздер «жетпіс» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 35-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Егер өзгеше дәлелденбесе, фонограммада және (немесе) оның қорабында есімі немесе атауы көрсетілген жеке немесе заңды тұлға фонограмма шығарушы болып танылады.»;
11) 37-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасында «орындаушының» деген сөздің алдынан «орындаушылықты немесе қойылымды» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақта:
бірінші абзац, 1) - 4) тармақшалар «орындаушылықты», «орындаушылықтың», «орындаушылық» деген сөздерден кейін тиісінше «немесе қойылымды», «немесе қойылымның», «немесе қойылым» деген сөздермен толықтырылсын;
5) тармақшада:
«орындаушылық» деген сөзден кейін «немесе қойылым» деген сөздермен толықтырылсын;
«жазу туралы» деген сөздер «жазуға» деген сөзбен ауыстырылсын;
6-тармақта «дайындаушы» деген сөз «шығарушы» деген сөзбен ауыстырылсын;
12) 38-баптың 2-тармағының 5-тармақшасы «жеткізуді» деген сөзден кейін «жүзеге асыру,»деген сөздермен толықтырылсын;
13) 40-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Хабарды пайдалануға айрықша құқықтар мынадай іс-әрекеттерді:
1) хабарды эфирге беруді;
2) жалпы жұрт назарына жеткізу үшін хабарды кәбіл арқылы хабарлауды немесе хабарды эфирге беруді;
3) хабарды жазып алуды;
4) хабардың жазбасын көшірмелеуді;
5) жалпы жұрт назарына жеткізу үшін хабарды ақы төлеп кіретін жерлерде хабарлауды;
6) хабарды жалпы жұрт назарына жеткізуді жүзеге асыру, мұндай іс-әрекеттерді жүзеге асыруға рұқсат ету немесе тыйым салу құқықтарын білдіреді.»;
3-тармақтың 1) тармақшасында «және» деген сөз «немесе» деген сөзбен ауыстырылсын;
14) 41-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы «орындаушылықтан,»деген сөзден кейін «қойылымнан,»деген сөзбен толықтырылсын;
15) 42-бапта:
1-4-тармақтардағы «елу» деген сөздер «жетпіс» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтағы «елу» деген сөз «жетпіс» деген сөзбен ауыстырылсын;
16) 48-бапта орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
17) 49-баптың 1-тармағының 6) тармақшасындағы «жалақының жиырмадан елу мыңға дейінгі ең төменгі», «жалақының бес жүзден елу мыңға дейінгі ең төменгі» деген сөздер тиісінше «ең төмен жалақының жиырмадан елу мыңға дейінгі», «ең төмен жалақының бес жүзден елу мыңға дейінгі» деген сөздермен ауыстырылсын.
8. «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 19, 655-құжат; 2004 ж., № 17, 100-құжат):
1) мынадай мазмұндағы 17-1-баппен толықтырылсын:
«17-1-бап. Бұрынғыша пайдалану құқығы
1. Селекциялық жетістікке басымдық берілген күнге дейін автордан тәуелсіз жасалған селекциялық жетістікке ұқсас өсімдік сортын немесе жануар тұқымын Қазақстан Республикасының аумағында адал пайдаланған немесе осыған қажетті әзірліктер жасаған тұлғаның осындай пайдалану көлемін кеңейтпей оны өтеусіз пайдалану құқығы (бұрынғыша пайдалану құқығы) сақталады.
Бұрынғыша пайдалану құқығы басқа тұлғаға ұқсас өсімдік сорты немесе жануар тұқымы пайдаланылған немесе осыған қажетті әзірліктер жасалған өндіріспен бірге ғана берілуі мүмкін.
2. Басымдық берілген күннен кейін, бірақ патент беру туралы мәліметтер жарияланған күнге дейін селекциялық жетістікті пайдалануды бастаған тұлға патент иесінің талабы бойынша одан әрі пайдалануды тоқтатуға міндетті. Бірақ, мұндай тұлға патент иесіне осы пайдаланудың нәтижесінде келтірілген шығындарды өтеуге міндетті емес.»;
2) 25-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Уәкілетті органның патент беру, шарттарды тіркеу жөніндегі іс-әрекеттер жасағаны үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мемлекеттік баж алынады.».
9. «Қазақстан Республикасының патент заңы» туралы 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 20, 718-құжат; 2004 ж., № 17, 100-құжат):
1) 35-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«35-бап. Мемлекеттік баж және сараптама ұйымының
іс-әрекеттеріне ақы төлеу
Уәкілетті органның күзет құжаттарын беру, шарттарды тіркеу, патенттік сенім білдірілген өкілдерді аттестаттау және патенттік сенім білдірілген өкілді тіркеу туралы куәлік беру жөніндегі іс-әрекеттер жасағаны үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мемлекеттік баж алынады.
Сараптама ұйымының осы Заңда көзделген, күзет құжаттарын беруге өтінімдер қабылдауды, оларды тіркеуді, өнеркәсіптік меншік объектілеріне сараптама жүргізуді және оларға қатысушылар үшін құқықтар мен міндеттер туындататын өзге де іс-әрекеттерді қамтитын іс-әрекеттерді жүзеге асырғаны үшін сараптама ұйымы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақы алады.»;
2) 36-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі «және тіркеу» деген сөздер», тіркеу және патенттік сенім білдірілген өкілді тіркеу туралы куәлік беру» деген сөздермен ауыстырылсын.
10. «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» 1999 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 21, 776-құжат; 2004 ж., № 17, 100-құжат):
1) 45-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«45-бап. Мемлекеттік баж және сараптама ұйымының
іс-әрекеттеріне ақы төлеу
Уәкілетті органның куәліктерді, сертификаттарды беру, шарттарды тіркеу, патенттік сенім білдірілген өкілдерді аттестаттау және патенттік сенім білдірілген өкілді тіркеу туралы куәлік беру жөніндегі іс-әрекеттер жасағаны үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мемлекеттік баж алынады.
Сараптама ұйымының осы Заңда көзделген, тауар таңбасын тіркеуге өтінімдер, тауар шығарылған жерлердің атауларын пайдалану құқығын тіркеуге және беруге өтінімдер қабылдауды, сараптама жүргізуді және оларға қатысушылар үшін құқықтар мен міндеттер туындататын өзге де іс-әрекеттерді қамтитын іс-әрекеттерді жүзеге асырғаны үшін сараптама ұйымы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақы алады.»;
2) 46-баптың 1-тармағында «және тіркеу» деген сөздер», тіркеу және патенттік сенім білдірілген өкілді тіркеу туралы куәлік беру» деген сөздермен ауыстырылсын.
11. «Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы» 2001 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 13-14, 181-құжат; 2004 ж., № 17, 100-құжат, № 23, 142-құжат):
11-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Уәкілетті органның куәліктер беру және шарттарды тіркеу жөніндегі іс-әрекеттер жасағаны үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мемлекеттік баж алынады.».
2-бап. Осы Заң, 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 5 және 6-тармақтарды қоспағанда, ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2005 жылғы қарашаның 22-сі.
№ 90-III ҚРЗ