Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1295 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 23 қарашадағы № 1157 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 қазандағы № 870 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Карантиндiк объектілер және ерекше қауiптi зиянды организмдер тiзбелерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1295 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 44, 440-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекiтілген Қарсы күрес жүргiзу iсi республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын карантиндiк объектілер тiзбесiнде:
"Қазақстан Республикасының аумағында жоқ карантиндік маңызы бар, өсiмдiктер зиянкестерi, ауруларын қоздырғыштар және арамшөптер" деген бөлiмде:
"А. Өсiмдiктер зиянкестерi" деген кiшi бөлiмде:
"Нурhаntria cunea Drury." деген жол алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"Viteus vitifolli (Fitsch).
Callosobruchus maculatus F.";
"Қазақстан Республикасының аумағында таралуы шектелген карантиндік объектілер" деген бөлiмде:
"А. Өсiмдiктер зиянкестерi" деген кiшi бөлiмде:
"Leptinotarsa decemlineata Say.", "Viteus vitifolli (Fitsch).", "Callosobruchus maculatus F." деген жолдар алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Нурhаntria cunea Drury.";
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Ерекше қауiптi зиянды организмдер тiзбесiнде:
"1. Өсiмдiктер зиянкестерi" деген бөлiм мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
"10) колорадо картоп қоңызы.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |